Дауысты дыбыстардың алмасуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Диалектілердегі фонетикалық ерекшеліктер»

Орындаған: Джолмурзаева А.

Тобы: Фи-17-1к1

Қабылдаған: Бескемпірова Г.

Шымкент қ., 2019 ж.

Жоспар:

  • Дауысты дыбыстардың алмасуы
  • Дауыссыз дыбыстардың алмасуы
  • Тұрақсыз дауыссыз дыбыстар
  • Метатеза
  • Пайдаланылған әдебиет

Дауысты дыбыстардың алмасуы.

о/ұ. Бұл алмасу батыс сөйленістеріне тән: құлдану - қолдану, құрытынды - қорытынды, тұмалау//дұмалау, жұмалау - домалау, ұяну - ояну, сұрақы - сорақы, сұпы - сопы, ар - ождан - ар - ұждан, онжырғасы түсу - ұнжырғасы түсу, орпақ - ұрпақ, марқом - марқұм, арық - торық - арық - тұрық, оқсайды - ұқсайды т. б. Мысалдар: Біздің мейманымыз жаңа ғана ұянды (Шымкент, Сарыағаш) . Мені оқсатқан олар зарплат бермей (Орын.,
Ад. ) . Пәленшенің орпағымыз , түгеншенің орпағымыз деп атаңның есімін атай аласың ба? ( Орын., Ад. ) . Осы елде Иса Досаннан қалған орпақ аз емес ( Гур., Маңғ. ) . Біздің жақта көп сөздерді басқаша құлданады ( Орын., Ад. ) . Жалпы құрытындыда жылқы былтырғы жылмен салыстырғанда артып отыр (Орал, Қазт. ) . Баласы әкесіне оқсайды . Оқсат бөлемнің өзін. (Гур.,
Маңғ. ) . Мына теректерді таудан дұмалаған тас қиратып кетіпті (Қарақалпақ қаз. ) . Доп дұмаланып суға түспесін( Шымк., Сарыағ. ) . Сонша сұрақы іске баруға бола ма екен (Қарақалпақ қаз. ) .

ө/ү. Бұл алмасу да батыс сөйленістеріне тән: дүнен - дөнен, үгей - өгей, үнебойы - өнебойы, нүсерлеу - нөсерлеу, күміскі - күмескі, төнеру - түнеру, мүңіреу - мөңіреу т. б. Мысалдар: Үгей шеше (Гур., Маңғ. ; Ақт., Байғ. ) . Бұлар үнепойы ауылда жүреді (Қызылорда, Ар. ) Нүсерлеп құйған жаңбыр суы жыра, сайларға сыймай, жер бетін сел ғып қаптап, қатты ағынмен сарқырап
жатты (Ә. Нұрпейісов) .

ы/і: тірнектеп - тырнақтап, пысқан - піскен , чір - шыр, зәлім - залым, іләж - ылаж т. б. Мысалдар: Тірнектеп жиған малымыз бар еді (Алматы, Талдықорған) . Іләжі болса, сол балаға соғып кетсеңіз, жақсы болар еді. (Шымкент, Сайрам) . Қарап келші барып, пысқан чығар (Сем., Мақ. ) .
Фонетикалық ерекшеліктерді сөз еткенде, кейбір сөздердің не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылуы ерекше атауды керек етеді. Солтүстік - батыста көбіне жуан айтылатын біраз сөздер оңтүстік - шығыста жіңішке айтылады. Мысалы: жәутеңдеу - жаутаңдау, әбәржу - абыржу, шілдахана - шілдехана, тірнектеп жию - тырнақтап жию; жәудіреп - жаудырап, әсілі - асылы, ажым - әжім, шетінеп - шатынап, кәртеміш - қартамыш, егіл - тегіл - ағыл - тегіл, жәпірейген - жапырайған, кәйерде (қайерде ) - қай жерде. Жылысбайдың кәйерде екенін ешкім білмейді (Шымк., Сайр. ) . Кетпенін иығына асып, кәрия үлкен атыздың басымен ілгері аяңдады («Арайлы Ақтөбе») . Әсілі , бақыт дегеннің өзі осы емес пе екен. Көздері жәудіреген бес балапан жібермеді оны ( Шымк., Ленг. ) . Осы сахарада мына
тұрған шыбықтан да кәтті ағаш өскенін көресің деп соқты - ау. Іләжі бар дүние ме екен соның? Ол сол уақытта жүде әбіржіп қалды (Шымк., Сарыағ. ) .

ү-ұ/ ы-і: бызау - бұзау, қыбыла - құбыла, тымақ - тұмақ, тыман - тұман, былақ - бұлақ, пышық - пұшық, бұлғары - былғары, шыбыр - шұбар, індемеу - үндемеу т. б.

а/е: кемпір - сампыр - кемпір - семпір , лапырып (сөйлеу) - лепіріп (сөйлеу), бабау қағу - бебеу қағу т. б.

ы/а: айқыра құшақтау - айқара құшақтау, арқалы - арқылы, қажарлы - қажырлы, топшалады - топшылады т. б.

е/і: кесертке - кесіртке, ерегісу - ерегесу, керпіш - кірпіш,
елеген - ілеген т. б.

е/ә: кесіп - кәсіп, кеп//кәп - гәп, бекі - бәкі, кәсе - кесе, ләгән -
леген, терте - тәрте, зәмбәл - зембіл.

Дауыссыз дыбыстардың алмасуы.

Д/л. Д мен л дыбыстарының алмасуы - оңтүстік жҽне шығыс говорларына тҽн құбылыс. Бұл алмасу төмендегі жағдайларда кездеседі. С/ш. Мышық - мысық, машқара - масқара, сайқымазақ - шайқымазақ, тұрмыш - тұрмыс, ешек - есек, мұрса - мұрша, сама - шама, қышқаш - қысқаш, қауысу - қауышу т. б. Мысалдар: Біздің үйде екі мышық бар (Шымк., Сар. ) . Біз кейде есек, кейде ешек дейміз (Шымк., Ленг. ) . Біз онымен жолда қауыстық. Әйтеуір, өлмей аман қауысқаның жақсы болыпты. Оңтүстік және батыс сөйленістеріне тән. Тұрмыш - тұрмыс, мүшәпір - мүсәпір, тышқары - тысқары, беш - бес, машқара - масқара, ауышқан - ауысқан, шәрт - серт . Қырманы бірдің шамалы бір.

Д/т. Тоғару - доғару, тиірмен - диірмен, томалау//тұмалау - домалау, әтейі - әдейі, тоға - доға, дізгін - тізгін, тілмар - ділмар, дізе - тізе, томалақ - домалақ, тушар-душар, дым-тым, дұрбат - тұрпат, дермен - тиірмен, даярланбау - таярланбау (Орынбор обл. ) Мысалдар: Ұйымдастыру жұмысының дұрыстығын 20 шілдеге дейін тергеп шығу, кемшіліктерді орнында дүзеу ЖШС директорына міндет етілсін. Жаңа дүние жасалды, Тұрмысын халық дүзетіп (Н. Байғанин) . Арқабаев Сұлтан екеуміз Саға ауылында тушар болдық (Орын., Ад. ) .

П/м. Мейіл - пейіл//бейіл, мұрсат - пұрсат, меш - пеш, сақманшы - сақпаншы, пақта - мақта, пашақ - масақ, панай - манай. Жаптың панайы қалың тоғай. Бес сақманшы төлдің есебін жүргізді (Алм., Алак. ) . Мал төлдету кезінде маған 2 сақпаншы бөліп берді (Орал, Чап. ) . Шопандарға қой қоздату науқаны кезінде көмекке сақманшылар бөлінді.

Б/п. Беш - пеш, балау - палау, бапа - папа, бұт - пұт, бейіл - пейіл, пияз - бияз, пейнет - бейнет, пітіру - бітіру, пал - бал, пида - бұйда, кепе - кебе, полат - болат, пұл - бұл, байда - пайда, бұтақ - пұтақ. Сөз басындағы б дыбысын п дыбысымен айту - әсіресе оңтүстік говорлар тобына тән. Батыс өлкесінің тұрғындары жоғарыдағы сөздерді б-мен айтып дағдыланған.
Оңтүстік-шығыста Палуан шолақ десе, солтүстік-батыста Балуан шолақ дейді. Мысалы, Біржан сал, Ақан, Әсет, Палуан шолақ, солардың жолын қудың әнін салып (Шашубай ақын) . Қонаққа балау жасап берші (Орал., Чап. ) . Тапамызды кеше балалар алып кеткен еді (Алм., Шел. ) . Сенің қанша пұлың бар? (Шымк., Сар. ) . Оның істеп жүргені бендешілік қой (Орын., Ад. ) . Әне бапаң келе жатыр (Орал., Чап. ) .

К/г. Бөтеге - бөтеке, теңке - теңге, нөгер - нөкер, гіл - кіл, шөңге - шөңке, гүләбі - күләбі, гіналау - кіналау . Мысалдар: Есберген, Жылыбай мен Қалабайдың, білемін көрмегенмен оның жайын. Қаладан бір теңкеге сатып алса, таратат үш теңкеге шекер - шайын (Орын., Ад. ) . Қырық күндей той қылып, дәурен етті, қырық қара нар арттырып қыз жөнелтті. Шырағым, жұрттан жалғыз шықпасын деп, Қырық нөгерді баланың қасына ертті («Қозы Көрпеш - Баян сұлу») .

Г/к. Гүрес - күрес, гешір - кешір, гілем - кілем, гөбелек - көбелек, күзет - гүзет, бөтеке - бөтеге, теңке - теңге. Гүресте атаң да болса жық .

Ш/ч. Бұл алмасу әдетте оңтүстік-шығыс говорларына тән. Батыс говорлар тобында бұл құбылыс Маңғыстау говорында және түрікмен мен қарақалпақ қазақтарының тілінде кездеседі. Бұл алмасу көбіне сөздің басында байқалады. Мысалы: чал - шал, чапан - шапан, чақыру - шақыру, чегара - шекара, чатақ - шатақ . Кейде -шы, -ші, -ыншы, -інші, -ша, -ше жұрнақтарының құрамындағы ш дыбысы сонор дыбысқа аяқталған түбірлерге жалғанғанда, ч дыбысына аяқталады. Мысалы: бойынча -
бойынша, бірінчі - бірінші, малчы - малшы, сауынчы - сауыншы т. б. Ш және ч дыбыстарының алмасуы моңғол халық республикасында тұратын қазақтардың тілінде де кездеседі. Мысалы: чатақ - шатақ, чөп - шөп, чикі - шикі т. б. Әдетте оңтүстік шығыс сөйленістеріне тән. Чатақ - шатақ, чапқы - шапқы, малчы - малшы, мұнча - мұнша, екінчі - екінші, чикі - шикі. Дөң басында чалдар әңгімелесіп отыр.

Ж/д. Ұлы дүз - ұлы жүз, дүз сом - жүз сом, дүзік - жүзік, жұмалау - домалау, суда дүзу - суда жүзу. Мысалы: Бұлар Ұлы дүздің адамдары ғой (Орал. Жымп. ) . Бір тапалтақ, мұртты капитан жұмаланып жетіп келді (Ә. Нұрпейісов. ) . Өзің жоқ жерде үйіңді бар жанымен өртеп жіберуге бұлардың дүзі жанбайды (Х. Есенжанов) .

Ж/ш. Келемеш - келемеж, ырғалып - шырғалып - ырғалып - жырғалып, жаппа пышақ - шаппа пышақ, еждеңе - ештеңе, жымылдықтың шаршауы - шымылдықтың балдағы, қиқа - шиқа - қиқа - жиқа. Мысалы: Егінді жинау жұмысы ырғалу - шырғалуды көтермейді (Орал, Жән. ) . Жымылдықтың
шаршаулары түсіріліп, форточкалары жабылыпты.

Ж/й. Ол, сол, бұл, қай, кей есімдіктері жер, жақ сөздерімен
тіркесіп келсе, олар кейбір оңтүстік говорларда бұяқ (бұл жақ), сояқ (сол жақ), сөйерде (сол жерде), кәйерде (қай жерде), бүйерде (бұл жерде) болып, ж дыбысы й-ге ауысып айтылады. Мысалы: Сен қайаққа баратын едің? (Шымк., Түрк. ) . Сойерде газеттер бар шығар (Шымк., Сайр. ) . Бұяқта егін жақсы шықты (Оңт. обл-да) .

Б/м. Мұрнағы күні - бұрнағы күні, мауыздау - бауыздау, мейіл - бейіл, пейіл, мәйіт - бейіт, мекіре - бекіре, меш - беш, қамыр - қабір, мойы - бойы. Бауыздау - мауыздау, матырк - батыру, мекіре - бекіре, бейнет - мейнет, мүгін - бүгін, құрман - құрбан, мәртеме - мәртебе, мейірман - мейірбан. Ол мұрнағы күні келді (Шымк., Түлк. ) . Сайрам суының мойында бұлақ көп (Шымк., Сайр. ) . Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Маңғыстау облыстарында кездеседі. Күніңді отбасыңда күймеңдеумен өткізетін болдың-ау. Егер есімдік дауыстыға бітсе, ол дауысты дыбыс түсірілмей ашық айтылады. Мысалы: Осы йерден сен қателестің ғой деймін. Ана йақта ойнап жүрген болар (Қызылорда, Қарм. ) . Ат үстінде аударылып, сілтейді ойақ-бұйағынан (А. Тоқмағамбетов) . Бара жатыр, келе жатыр сияқты күрделі етістіктер кейде бара йатыр, келе йатыр түрінде айтылады немесе баратыр, келатыр болып, екінші сыңарындағы ж дыбысы түсіп қалып айтылады. Ж-ның түсіп қалуы тек -а, -е көсемшелі күрделі етістіктерге ғана тән
емес, -ып, -іп, -п көсемшелі тұлғалы етістіктермен тіркескенде де түсіріліп айтылуы мүмкін. Мысалы: сатып атыр, салып атыр, айтып атыр т. б. Бұл құбылысты өткен ғасырда Н. И. Ильминский де байқаған болатын. Сөз басындағы ж дыбысын аффрикат ж (дж) дыбысына бейімдеп айту - шығыс говорларына тән. Мысалы: жылқы - джылқы, жоқ - джоқ, жігіт - джігіт, жаман - джаман, олжа - олджа .

З/ж. Нәжік - нәзік, зәбір - жәбір, нажағай - назағай, төжу - төзу, жыту - зыту т. б.

Н/ң. Өлен айту - өлең айту, көбен - көбең, ертен - ертең, барасын - барасың, көленке - көлеңке т. б. Қыздар өлендете жөнелді (Шымк., Түлк. ) .

Қ/у. Сылақ - сылау, бояқ - бояу, жамақ - жамау т. б. Бұл құбылыстар әсіресе дауыссыз дыбыстардың құрамында жиі кездеседі. Сөз ішінде тұрақсыздығымен сипатталатын дыбыстардың жүйелілігі дәйекті түрде кездесуі бірдей емес. Кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы бір-екі
мысалдан аспай, дәйекті түрде кездесетін құбылыстардың қатарына жатады.

Тұрақсыздығы дәйекті түрде және сан жағынан да басым түрде кездесетін дыбыстардың қатарына төмендегі дыбыстарды жатқызуға болады.

Р. Берку - беку, әбіргер - әбігер, жоңыршқа - жоңышқа т. б. Мысалдар: Ол өзіне беркілген тапсырманы мінсіз атқарып келеді. (Орал, Чап. ) . Сауыншыларға беркіліп берілген сиыр бар (Орал, Жән. ) . Жақында қалалық әкімшілік күзде ағаш егу жоспарын қарап беркітті. Бізде жоңұрышқаны көп егеді (Шымк, Ленг. ) .

Л . Еш нәрсе қамады - еш нәрсе қалмады, олай боса - олай болса, кемей қалды - келмей қалды, сатамай жүр - сата алмай жүр. Бұл құбылыс әсіресе оңтүстік-шығыс сөйленістеріне тән. Мысалдар: Алған товарларын біразға дейін сатамай жүрді (Алм., Нар. ) . Диқаншылық қысаңыз білер едіңіз (Шымк., Сарыағ. ) . Малымды берамаймын, әуре болма (Шымк., Түркіс. ) . Әртістер кеп ойын қойған екен, көрамадық (Жамбыл, Георг. ) . Қасап босаң
соярсың, әділ босаң қоярсың (мақал) . Телевидениенің іші, құдай самасын, адам адасатын бұлың-бұлың жер екен. Бұл құбылыс Монғолияда тұратын қазақтардың тілінде де бар: қаса - қалса, кесе - келсе, саса - салса т. б. Мысалы: Тезірек кесең қайтеді. Осында қасаң, балам, қой жаясың.

Н . Бешпент - бешпет, бақтаншы - бақташы, екенсаяқ - некенсаяқ, ажағай - найзағай. Мысалдар: Төлепбергенов жылқы малының белгілі бақтаншысы. Н. К. Дмитриев сонор р, л жҽне н дыбыстарының тұрақсыздығын өте ерте заманнан келе жатқан көне құбылыстардың қатарына жатқызады.

Ғ . Шылғи - шыли, туару - доғару, құмған - құман, суғару - суару, шаңырақ - шаңғарақ, аңызғақ - аңызақ . Мысалдар: От
басында құмған, екі көзін жұмған (жұмбақ) . Кет, мынауың шылғи өтірік (Қ. Аманжолов) . Осыларға шыли сөз қатып жүретінім не екен (М. Әуезов) . Мал құдықтан суғарылды. Аңызаққа шыжыған Асқардың да аңқасы кеуіп, ақ таңдай бола бастағасын ауылға беттеді (С. Мұқанов) . Үсеновтің отарлары қазір осы моторлы құдыққа сауғарылады. Біз шаңырақ демейміз, шаңғарақ дейміз (Шымк., Сарыағ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фонетика. Фонетикалық ерекшеліктер
Сөз позициясындағы дауыссыз дыбыстар және олардың морфонологиясы
Фонетика
Жуан және жіңішке дауыстылардың алмасуын морфонологиялық тұрғыдан қарастыру
Фонетикалық ерекшеліктер
Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
Бір сөзге тиянақты болмай палуан
Буынның жасалуы, түрлері
Буынның жасалуы, түрлері Екпіннің түрлері. Бунақ-ритмикалық топ.Дыбыстардың алмасуы.Сингармонизм заңы
Қазақ тілі дыбыстарының Ахмет Байтұрсыновқа дейін зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz