Байырғы төл сөздер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақтың байырғы төл сөздері арқылы сөздік құрамның толығуы

Орындаған: Джолмурзаева А.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Ырсымбетова Н.

Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
I. Кіріспе
1. Байырғы төл сөздер
1.1. Зат есімдерден тума сөз пайда болуы
1.2. Сын есімдерден тума сөз пайда болуы
1.3. Етістіктерден тума сөз пайда болуы
1.4. Үстеуден тума сөз пайда болуы
II. Қорытынды
III. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді.
Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі - негізгі сөздік қор. Ал, сөздік қор өзіміздің байырғы төл сөздерімізден жинақталған.
Байырғы төл сөздер - қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпыхалықтық сипатта қалыптасқан, оның өзіне тән сөздері.
Бұл жұмыста Мұхтар Әуезовтің ең танымал еңбегі Абай жолы роман эпопеясының бірінші кітабынан зерттеу жүргізіле отырып, байырғы төл сөздеріміз ізделінді.

1. Байырғы төл сөздер.
Байырғы төл сөздер сөздік құрамның сан жағынан ең мол, құрылымдық-стилистикалық және грамматикалық сипаты жағынан алуан түрлі қабатына жатады. Байырғы лексиканың негізінде түркі тілдеріне ортақ сөздер жатыр. Оған қазақ тілінің негізгі сөздік қорына кіретін сөздер түгелдей дерлік кіреді. Бірақ байырғы лексика ол екеуінен ғана тұрмайды. Байырғы лексикаға олардан басқа сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған мыңдаған тума сөздер, қазіргі кезде көнеріп кеткен сөздер мен тұрақты сөз тіркестері, әбден халықтық сипат алып кеткен бірқатар кірме сөздер кіреді. Мысалы, араб-парсыдан ауысқан әуен, қорек, әрекет, орыстан ауысқан самауыр, рет, бәтіңке т.б. Сол себепті байырғы лексиканың көлем-мөлшері жалпытүркілік лексикадан және негізгі сөздік қордан әлдеқайда кең, әрі көп салалы. Қазақтың жалпыхалықтық байырғы сөздеріне кейін пайда болған неологизмдер мен терминдерді, тек жергілікті сипаты бар диалектизмдер мен кәсіби сөздерді жатқызуға болмайды. Неологизмдер мен терминдерде байырғылық сипат жоқ болса, ал соңғылары тарихи көне тіл құбылыстарымен ұштасып жатқанымен, жалпыхалықтық қолданыста жоқ. Бірақ диалектизмдер мен кәсіби сөздерде белгілі бір жердің тұрғындары үшін байырғылық сипат болуы мүмкін.
Сөйтіп, байырғы төл сөздер дегеніміз қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпыхалықтық сипатта қалыптасқан, оның өзіне тән сөздері.
Байырғы төл сөздер, бір жағынан, бұрынғы, ескі, көнелік, екінші жағынан, тілдің өзіне тән, меншікті, етене қасиеттерімен сипатталады. Осындай сипаттағы қазақтың байырғы төл сөздері, негізінен қазақ тайпаларының қыпшақ қауымынан бөлініп шығып, 15-16 ғғ. мен 19 ғ. арасында өз алдына халық болып біріккен кезінде пайда болған.
Байырғы төл лексиканың құрамындағы жалпытүркілік сөздер мен негізгі сөздік қордан тыс мол қабаты тіліміздегі тарихи тума сөздермен байланысты. Тарихи тума сөздер тіліміздің сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған. Олардың ішіндегі ең өнімдісі - сөзжасам жұрнақтары арқылы туған сөздер. Тума сөздер сөз таптарының бәрінде де кездеседі. Әр сөз табының өзіне тән сөзжасам жұрнақтары бар. Олардың ішінде көп сөз жасаған өнімділері де, аз сөз жасаған өнімсіздері де бар [1].
1.1. Зат есімдерден тума сөз пайда болуы.
-шы-ші: Қиқулап айғай салып, мал қайырған малшылар, жас-кәрiлер үндерi әлсiн-әлi келедi, Өзгеге жеңiл болса да, осылайша болған көшу қойшы, қозышы, жылқышыларға аса бiр тынымсыз бейнет, масыл күндер болушы едi, Үш жерге үлкен ағаш келiнi орнатып алып, жұмысшы қатындар келi соғып, бидай түйiп жатыр.
-шылық-шілік: Абайға бұл ананың мейрiмi тiптi бiр қымбат адамшылық, шын рақымшылық боп танылды, Молшылық, сый-сипат, рет сыпайылық, барлығы да үлгi-өнеге берерлiк бопты, Жұт деген жоқшылық, қысталаң, апат деген осындай боп қақ қасына келгенде, Абай ел тiрлiгiнiң барлық қайғылы сорын көрдi.
-лық-лік: Абай өзiнiң балалық, шалалық мiнезiнiң бiрiн, мынадай суық пiшiндi үлкендердiң ортасына салғалы келе жатқан Қаратайға тiптi ырза емес едi, Жақыптың екiншi сөзi: жер берiп паналық етсе, қысылып отырған малды-басты ауылдар бар, соған ету керек, Бұл ауылдағы осындай барлық бейiл, бар ажар Абайға дәл бiр өз туысының, жақын жанының үйiне келгендей жылылық, достық, белгiсiн бiлдiрдi.
-ма-ме: - Ақылдаспаса да соның көмген көмбесiн сен табасың, Өз анасына жаны бiр түрлi қатты ашып, үлкен бөлменiң тап ортасында тапжылмай қатып, тұрып қалыпты.
-ыс-іс: Соғыс болса, мұндайда бұрынғы көпке мәлiм әдет бойынша тұрысатын жерiн айтсын десiп ап, содан кейiн қол жиюшы едi, Татулықтары сәл болса, ұрыс-таластары күн ұзын айықпайды, Жалғыз айтыс-талас сөздер емес, елдiң мұңын-шерiн айтқан ойшыл ақындардың сөздерiн де Қуандық жақсы ұққан екен, Аралықта белге соққандай бiр дағдарыста қалған сияқты.
-қ-к: Қорықтың шетiне iлiнер-iлiнбесте, барлық жұрт күрек, шоттарын омбы қарға салып, шидiң түбiн, қорық үстiн аршуға кiрiседi, Бұдан басқа оң жақта, жер төсектiң үстiнде бала уатқан Зере бар, Сол арада қазыққа бұйдалап байлап, шөгерiп қойған бiр үлкен, биiк қара атан жатыр, Жыға сала, сол қолымен кеңiрдектен буындырып жатып, оң қолын қынына сермеп, өткiр сап пышақты жарқ еткiзiп жұлып алды.
-ым-ім: Елсiз болғандықтан осы өңiрде тау сыртында күшiктеген қасқыр, ел келгенше тышқан, суыр аңдумен күн көрiп жүрсе, ендi мал қаптаған уақытта, түн баласында тыным бермей құйындай соғатын, Және айтам десе де, өзi сөз бiлмейтiн, сөзiн кiсiге ұғымды қып айта алмайтын аса бiр орашолақ адам едi.
-ыш-іш: Барлық пәтерлерде бүгiн әбiгермен қатар, күлкi, қалжың, қуаныш та көп, Түс шiркiн жұбаныш па, тәңiр-ай!, Бiрақ көптен асықтырған сағыныштың өзi де Абайдың жаңағы ауыр сезiмiн айықтыра алмады.
1.2. Сын есімдердің жасалуында мынадай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кірме сөздер
Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі пәнінен дәрістер
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Медициналық терминдердің қалыптасуы мен дамуы
Сөздік құрамның кірме сөздер арқылы толығуы
Тілімізге араб, парсы тілдерінен ертеректе енген сөздер бұған дәлел
Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
Пәндер