Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

Баяндама
Тақырыбы: Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры

Орындаған: Жолдасбек Д.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Ырсымбетова Н.

Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Негізгі сөздік қор
2. Негізгі сөздік қордың басты белгілері
3. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам деп атайды. Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана енеді.

1. Негізгі сөздік қор
Негізгі сөздік қор - тілдің негізін құрайтын, сөздік құрамның қалыптасуы мен сөзжасамда маңызды рөл атқаратын, жалпыхалықтық сипатқа ие бір буынды сөздер[1]. Негізгі сөздік қордың жалпы саны аса көп емес. Қазақ тіліндегі негізгі сөздік қорға енетін тұлғалар көне дәуірден жалғасып келе жатқан барлық түркі тілдеріне ортақ сөздер. Мысалы: ал, ар, ас, ана, отыр, бар, мен, бес, жан, жас, т.б. Осы тұрғыдан негізгі сөздік қор сөздік құрамнан ерекшеленеді. Сөздік қорға тек көне түркілік атаулар ғана енсе, сөздік құрамға тіліміздегі барлық сөздер - диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. жатады. Мысалы: Таң анық атқан жоқ. Айдың аяққы қараңғысы... Бұл өзі тепсе темір үзеді. Осы қайратының үстіне түк ерінбейді, бала-шағаға дейін оны жұмсайды, қойды да бағады, отынды да ала келеді, қиды да ояды, құдық та қазады. Қонақ келсе мал да сояды, қазанға су құйып, отынды да жағады. Қысқы боранда жылқыға кетеді, жазда бие де сауады, самаурын да қояды. Ел көшсе Сағындықтың жүгін түйеге жалғыз артып, елден бұрын жөнелтеді. [2].
Келтірілген мысал бойынша аңғаратын жәйт, бқл сөйлем жолдары халыққа түсінікті, әрі халық аузында жүрген төл сөздер болып саналады.
Негізгі сөздік қор -- сөздік құрылымның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы шығу арналарының ең маңызды бөлігі. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп мағынапы сөздер: тау, көл, жер, тас, үй, күн, тун, ай, жыл, айт, бар, кел, жүр, сен, мен, ол, бір, екі, уш, төрт, көк, ақ т.б. Сонымен бірге негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді. Мысалы:
* туыстық атаулар: ата, ана, қарындас, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, жеңге;
* мал атаулары: түйе, жылқы, сиыр, бота, құлын;
* хайуан атаулары: қасқыр, түлкі арыстан, қоян, қарсақ;
* ағаш атаулары: қайың, қарағай, мойыл, емен, тобылғы, шырша;
* киіз үй атаулары: шаңырақ, туырлық, кереге, уық, бақан;
* жұмыс құралдарының атаулары: күрек, балта, балға, ұршық, құрық, пышақ, біз;
* сапалық, сындық, атаулары: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жұмсақ, жылы, суық т. б.
Ежелден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кейбір кірме сөздер жатады. Мысалы, дастарқан, астар, жеке, жәрдем, жанжал, жануар, сыпайы, қорек, қошемет, зиян, орамал, ораза, намаз, нан, кітап, базар, мектеп, ғылым, рет, самауыр, бөтелке, бәтіңке т. б.
2. Негізгі сөздік қордың басты белгілері
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады. Бұл белгілер арқылы негізгі сөздік қордың сөздік құрамынан өзіндік ерекшелігін көрсетумен бірге, оған қандай сөздер енетінін анықтауға болады.
1) Негізгі сөздік қорға тән басты белгі -- тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздік қордағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, V ғасырдан қалған Талас ескерткіштерінде: ат, ер, сіз, тул, отыз, уғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, кішіг, оң, теріс, ат, күн, қыз, бар, кел, оқы, біл, оң, алты, отыз т. б.; XI ғ. Қашғаридың сөздігінде: мен, сен, ол, екі, үш, алты, тоғыз, ат, өгіз, қой, ай, күн, тун, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар, кел, оқы, өкін т. б. сөздер сақталып қалған. Негізгі сөздік қордың тұрақтылығы жайында сөз болғанда, мынандай жайт есте болуы керек. Негізгі сөздік қордың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту
Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту
Баланың сөйлеу тілінің дамуында жаңылпаш пен жұмбақ қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту тақырыбын зерттеп теориялық негіздеу
Табу және эвфемизмдер жайлы
ҮІІІ типтегі арнайы түзету мектебіндегі ақыл-есі кем кіші сынып оқушыларының тіл дамыту сабағында сөздік қорын байыту
Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқыту жолдары
Оқушылардың қазақша тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
Пәндер