Асан қайғы - аңыз кейіпкері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Асан қайғы - аңыз кейіпкері
Орындаған: Жолдасбек Д.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Омаров Н.
Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
* Кіріспе
* Негізгі бөлім
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиет
Кейінгі ұрпақ əулие танып, аты аңызға айналған, Шоқан Уəлиханов көшпелілер философы атаған Асан қайғы ХV ғасырда өмір сүрген. Өз заманының үлкен ойшылы болған.
Асан қайғы (Хасан Сəбитұлы) 1361 - 1370 жж. шамасында Еділ бойында туса керек. Қазақтың данышпан ақылгөй ақын-жырауы, өз дəуірінің бас биі Асан қайғы -- Шыңғыс хан тұсында жасаған Үйсін Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Майқы Алтын Орданың қырағы данышпан адамы болған. Бірнеше хандарды қолынан өткізген.
Қазақстан Ғылым академиясының Қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды салыстырғанда мынаны аңғарамыз [1; 242]: Асанның əкесі -- саятшы Сəбит, шешесі -- Салиха, ал оның əйелінің аты Күлжазира-сұлу, баласы Абат батыр екені көрінеді. Асанның енді бір баласы Жетім Жаңалы атаныпты. Ол əз-Жəнібекпен бірге қалмақ хақында бірнеше жыл кепілдікте жүрген. Оның жетім атануы, асылы, ол Асанға өкіл бала боп кеткен аға, інілерінің баласы болса керек.
Асан жасынан жұртының мұң-мұқтажын армандап, болашағын ойлаумен, болжап толғанумен боп, шерменде бола беріпті. Осыдан жұрт оны, қайғы деген лақап есім қосып, Асан қайғы деп атап кеткен.
Асанның (Хасанның) əкесі Сəбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Шежіре - аңыздардың айтуынша, ол ұзақ жасаған. Он сегіз мың ғаламның: құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел, əулие, атақты саясатшы болса керек. Ал баласы Асанды ес білгеннен осы қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тəрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқының қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да өз тұсындағы хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосады. Ой, пікір жарыстырып, тайталасып ер жетеді. Сол бозбала кезінен-ақ ақындық, жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, əдет-ғұрып мəселесін шешерде оның ақылдығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді.
Ақынның қанша жасағаны мəлімсіз. Халық аңызында ол - көпті көрген көне. Бір аңызда Асан 95 жасқа келген қарт, енді бір аңызда оның жасы 120-да еді делінеді.
Қазіргі таңда Асан қайғы туралы екі түрлі болжам бар. Бірі -- оны аңыздардың жиынтығы ретіндегі бейне десе, екіншісі -- Хасан Сəбитұлы -- қазақ халқының мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ екендігі. Қазіргі ғалымдарымыз мен тарихшыларымыздың зерттеулері екінші болжамның дұрыстығына саяды. Себебі Асан қайғының қазақ жеріндегі Жерұйықты іздегенін, оның табаны тимеген жер біздің Отанымызда жоққа тəн екендігін өткен ғасырларда да ақын-жыраулар өз еңбектерінде айтып кеткен. Тіпті, Асан қайғы есімі туыстас халықтарға да (қарақалпақ, қырғыз, т.б.) кеңінен таныс.
Асан қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас тарасты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді.
Асан қайғының Алтын Орда ханы Ұлық-Мұхаммедтің ықпалды билерінің бірі болуы Атақты Берке хан (Жошының үшінші ұлы, Батудың інісі) дүниеден қайтқан соң (1266) Алтын Орданың тағына таласқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлық- Мұхаммед (Ұлұғ-Мұхаммед) болған.
Ұлық-Мұхаммед -- Алтын Орда ханы (1419 - 1420; 1427 - 1438), Тұқай Темірдің сегізінші ұрпағы, атақты Тоқтамыс ханның немересі. Хан тағы үшін бір мезгілде Мұхаммед есімді екі хан күрес жүргізгендіктен, жазба деректерде олардың бірін Ұлұғ -- Үлкен, екіншісін Кішік -- Кіші Мұхаммед деп атаған.
Асан қайғының ерен зор талантын ерте байқаған Ұлық-Мұхаммед оны өзіне ақылгөй бас би етіп, Сарайында ұстайды. Асан жырау сол Алтын Орда ханымен бірге ел басқаруға араласады.
Дала философы, ойшылы, ақыны, данышпаны, көріпкелі, абызы -- сонау Алтын Орданың жер жүзін тітірентіп, жарты əлемді бауырына басып жатқан кезде-ақ, оның басына күн туатынын, əр түрлі ұлыс пен ұлттан құрылған алып мемлекеттің ыдырайтынын сол кезде-ақ білген сұңғыла саясатшы еді. Халық басына нəубет қайдан келетінін, отарлық кіріптарлыққа түспес үшін қандай қимыл қаракет жасау керек екенін алғаш көре білген сұңғыла көріпкел еді.
Асан Атаның Жерұйықты іздеп аралаған жерлеріне қойған сындары мен анықтамалары. Асан қайғының негізгі арманы - халыққа жайлы қоныс іздеу. Ол - сонау Қорқыт заманынан келе жатқан əлеуметтік сарын. Дала философы Асан қайғы өз заманындағы қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын - аш-жалаңаштық, жұт, апат, өзара қырқысқан жаугершілік, əлеуметтік теңсіздікті көріп назаланды, қайғырды. Оның арман еткен Жерұйығы - суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жұрт қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс, оған жеткен елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды, - деп санады.
Фольклорлық мəліметтер бойынша, Асан қайғы Қазақстан жəне Орта Азия жерлерін желмаясына мініп көп кезген ақылгөй дана болып суреттеледі. Оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ десе болғандай. Жолда көп жыл жүреді. Жол бойында кездескен жер-суды сипаттап, оның сынын айтады.
Данышпан жыраудың жер туралы сындары терең философиялық мағынасымен халық есінде қалған. Көптеген сындары əлі күнге дейін өз мағынасы мен маңызын жоймаған. Сондағы Асан қайғының желмаяны желдіртіп жүріп əр жерге, суға, тауға айтқан сындары мынадай:
Шығыста ұзын аққан Ертісті көргенде: Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас, сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен, - депті.
Шыңғыстау мен Семейтауын көргенде: Мына шіркіннің топырағы құтырады екен, оған шыққан шөп құтырады екен, оны жеген мал құтырады екен, оның етін жеп, суын ішкен адам құтырады екен, қаны үзілмейтін, кісі өлтіру, ұрыс-төбелес көп болатын жер екен, - деп түйіндейді. Осы арада Семей ядролық полигонының экологиялық зардаптары еріксіз еске түседі.
Үш Алматы жеріне келгенде: Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей, сол жерді қимадым, - дейді.
Жуалының қара топырақты, қыртысты, құнарлы жерін көргенде: Жерің семіз, қарың мол, қадіріңді егін салған ел білер, - дейді.
Балқаш көлі туралы: Балығы тайдай тулаған, құстары қойдай шулаған несібелі көл екен. Кедейін аш қылмайтын, балығы азық болғанымен, суы ащы, іргесі шөлге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz