Қазақ шешендік өнерінің зерттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қазақ шешендік өнерінің зерттелуі

Орындаған: Жолдасбек Д.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Тұрдалиева Р.

Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
* Кіріспе
* Негізгі бөлім
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиет

Шешендік өнер - ұлы даланың тіршілігімен өмірге келген табиғи туындысы, ұлттық рухымыздың биігі, ауыз əдебиетінің ерекше бір жанры. Шешендік - талай ғасырлар бойы халық сынынан өткен, екшелген, сұрыпталған аса құнды мұра, адамзаттың өзімен бірге жасасып келе жатқан көне өнер түрі. Ертеде халық шешендікті өнер падишасы деп атап, шешенді аса жоғары бағалаған. Ежелгі грек, римде шешендік жеке риторика пəні ретінде оқытылған. Шешендік өнер қазақ халқы үшін де ұлттық мəдениеттің құнды саласы болып табылған. Қазақ халқы асыл сөздің қадірін бағалап, сөз қадірі - өз қадірім деп, от ауызды, орақ тілді сөз ділмарларын ерекше құрметтеген, мойындаған. Қазақ халқының саяси-əлеуметтік, қоғамдық өмірі əр кезеңде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқан шешендерді тудырып отырған. Қазақ шешендік сөз өнерінің тарихы тереңде, көне замандарда жатыр. Ол Майқы, Аяз билерден (XII - XIII) бастау алады да, Жиренше шешен, Қарашаш, Асан қайғы есімдерімен (XIV-XV) ары қарай толыса түседі. Шортанбай, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Əйтеке бабаларымыз шешендік өнердің өркендеуіне өз үлестерін ерекше қосты.
Шешендік өнер - мемлекет басқару, ел түзу, қоғамдағы адами қатынастарды реттеу, ұрпақ тəрбиесі сияқты өзекті мəселелермен байланысты туып, дамып отырған. Ел мен жер, ұрпақ тағдыры шешілер тұста төрелік айтып, шешім шығарудың əлеумет алдындағы салмағы ауыр. Шешендіктің қыр-сыры, шешеннің болмысы, қоғамдағы рөлі, орны мен тұлғасы, шешен сөйлеудің əдіс-тəсілдері ерте кезден-ақ зерттеу еңбектеріне арқау болып келе жатыр. Шешендік өнер табиғатын назарға алу сонау көне Демосфен, Цицерон, Квинтилиан, əл-Фараби, Ы. Алтынсарин, В.В. Радлов, А. Левшин, А. Янушкевич, А. Байтұрсынұлынан бастап қазірге дейін зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ. Баса назар аудара айтатынымыз қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың ғалымдары жоғары бағалаған. Мысалы академик В.В. Радлов: Қазақтар мүдірмей, кідірмей ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дəл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлегеннің өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың дейді. Ғалым қазақ тілінің тазалығы мен қазақтардың тапқырлығына ерекше тəнті болған.
Сондай-ақ қазақ шешендік сөздерін жинап, жариялағандардың бірі - Ыбырай Алтынсарин болды. Ыбырай Алтынсарин халық даналығының өскелең ұрпақты тапқырлыққа, адамгершілікке тəрбиелеудегі рөлін жете түсініп, өз еңбектерінде пайдаланып отырған. Ұстаз Ізбасты, Байұлы, Жəнібек батыр, Жиренше шешен сияқты даналардың даналық сөздерін сол кезде-ақ оқуға ұсынған. Аталы сөздің құнын сол кезде-ақ түсінген.
1883 жылғы Дала уəлаяты газетінің 24 санында ұлт көсемдерінің бірі Əлихан Бөкейханов ескі билердің шешендік сөздеріне аса ілтипат көрсетіп, оларды жинау, саралау, насихаттау идеясын көтеріп мақала жазған.
Қазақ шешендік өнер тарихы тым əріде жатқанмен оны ғылым ретінде теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады [2]. Ш.Уəлиханов, С.Сейфуллин, М.О.Əуезов, шешендік өнерді ауыз əдебиетінің бір жеке саласы ретінде қарастырып, ғылыми тұрғыдан зеттеулер жүргізген. Шешендік сөздердің жинастырып, билер сөзінің тəрбиелік мəнін, философиясын, бишешендердің қазақ қоғамындағы орнын түсіндіріп берді. Ə.Мəметова, Б.Адамбаевтар шешендік сөздерді алғаш рет зерттеу нысаны ретінде ала отырып қарастырған. Кандидаттық диссертация қорғаған.
А.Байтұрсынұлы - қазақ шешендігінің сипаттаған алғашқы ғалым. 1926 жылғы Əдебиеттанытқыш атты еңбегінде арнайы Шешен сөз деген тарау арнап, шешендік сөздерді бес түрлі жанрлық үлгілерге жіктеп көрсеткен. Ауыз əдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп, онын орны мен сипатына ғылыми тұжырымдама берген. Əр топқа қолданыс орнына қарай қысқаша түсініктер мен анықтамалар беріп кеткен. Ғалым: Əділ билер қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дəрі еді, - деп, қасиетті билер сөзінің ұмытылмайтын халық мұрасы екеніндігін баса айтады.
Ұлттық шешендіктанудың ғылыми негіздерін жасаған А. Байтұрсынұлын шешендік сөздердің алғашқы теоретигі деуге толық негіз бар. Ғалым шешендіктің амал-тəсілдерін терең түсінген жəне атауларын қазақтың төл атауларымен қалыптастырған.
М.О.Əуезов 1927 жылғы Қазақ əдебиетінің тарихы атты еңбегінде Билер айтысы деген тақырыппен шешендік сөздердің кей түрлеріне тоқталған.
Ал ғалым Халел Досмұхамедов Қазақ халық əдебиеті атты зерттеу еңбегінде халық əдебиетін қырық алты түрге жіктей отырып, соның бір үлгісін Билік сөз деп атап, шешендік сөздерді жатқызған. Əр түрлі сот істері кезіндегі билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр жауаптары, əдетте, ұйқасты мəтел не өлең түрінде айтылады. Поэзияның бұл түрі билік сөз деп аталады - деп көрсетеді аталмыш еңбегінде.
С.Сейфуллин шешендік өнер аясында пайда болған шешендік сөздердің əдебиет тарихынан алатын орнына тоқталып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік өнердің зерттелуі
Қазақ шешендері
Шешендік сөздер
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Актер өнерінің шығу тарихы
Кәсіби тіл, оның ерекшеліктері. Кәсіби тілдің стильдік ерекшеліктері
Күлтегін жазбалары- түркі халықтарының баға жетпес байлығы
Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
Доспамбет жыраудың толғаулары
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Пәндер