Сөздік құрамның кірме сөздер арқылы толығуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сөздік құрамның кірме сөздер арқылы толығуы

Орындаған: Жолдасбек Д.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Ырсымбетова Н.

Шымкент қ., 2019 ж.

Жоспар:
I. Кіріспе
1. Түркі тілдеріне ортақ сөздер
2. Сөздік құрамның кірме сөздер арқылы толығуы
2.1. Орыс тілінен енген сөздер
2.2. Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
II. Қорытынды
III. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді.
Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі - негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады. Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар: а) төл (тума) сөздер арқылы, ә) кірме сөздер аркылы жүзеге асады,
1. Қазақ лексикасының тума сөздер арқылы баюы. Туынды сөздер ана тілінің сөз тудыру тәсілдерінің негізінде пайда болған. Әдетте сөз тудыру тәсілі деп әрбір тілдің өзіне лайық қалыптасқан сөз жасау амалдарын айтамыз. Қазақ тілінің де өзіндік сөз жасау заңдары мен ережелері бар. Сөздік құрамдағы сөздердің басым көпшілігі сөз тудырудағы заңдар мен ережелер арқылы келіп шыққан. Қазақ тілінде сөз тудыратын негізінен екі түрлі тәсіл бар: а) морфологиялық немесе аффистік тәсіл; ә) синтаксистік тәсіл.
2. Қазақ лексикасының кірме сөздер арқылы баюы. Әрбір тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдсрден де ауысып алу арқылы да өз тілін байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертеде даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғандығын көреміз.

1. Түркі тілдеріне ортақ сөздер
Түркі тілдеріне ортақ сөздерге бір кездегі жалпытүркілік көне лексикадан сақталып қалған, осы күнгі түркі тілдерінің бәрінде кездесетін сөздер жатады. Сондықтан олар жалпытүркілік сөздер деп те аталады. Жалпытүркілік сөздерден түркі тілдерінің туыстығын, бір тектен шыққандығын көреміз. Түркі тілдерінің туыстығы, сайып келгенде сол тілдерде сөйлейтін халықтардың шыққан тегінің бір екендігіне байланысты. Түркі тектес тілдер бір кездегі көнетүркілік ататілдің (негіз тілдің) диалектілерінен тараған.
Алайда, түркі тілдерінің өзара жақындығы бірдей емес. Әрқайсысының өзіне тән даму ерекшелігі болған. Мәселен, қазақ тілі бастапқы негіз тілден бірден шықпаған, онымен тікелей байланысты емес. Қазақ тілі негіз тілмен қыпшақ қауымына ортақ тіл арқылы ғана байланысады,жалпы түркілік сөздер әрбір түркі тілі лексикасының ең көне түріне жататындықтан, олардың негізгі сөздік қорының ұйытқысы болып табылады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы бір буынды сөздер мен олардың негізінде туған байырғы сөздердің шығу төркіні түркі тілдеріне ортақ осындай сөздерде жатыр. Жалпытүркілік сөздердің мән мағынасы үйлес келгенімен, жеке түркі тілдеріндегі айтылуы,түр-тұлғасы бірдей бола бермейді. Бұл - әрбір түркі тілінің дыбыс жүйесіндегі ерекшелігіне байланысты. Мысалы: қаз. - тіс, өзб. - тиш, тат. - теш, ұйғ. - тиш, чеш, тувада - диш; қаз. - жыр, қырғ. - алт. - ыр, тат. - иыр. т.б. Сол сияқты сөздердің түр тұлғасы үйлес келгенімен, мағынасы бірдей бола бермейді. Мысалы: бауыздау сөзінің түбірі бауыз қазақ тілінде жеке айтылмайды, ал башқұртта богоз, өзбекте бугуз, тамақ, мойын мағынасында жеке айтылады. [1]
Түркі тілдеріне ортақ сөздердің түрлері мынадай:
1.Адамның дене мүшелерінің атаулары: Олар дүниежүзілік есімдердің қожасындай оның төбесіне шығып отырып алады да, мынау ананыкі екен, мынау мынаныкі екен деп бас қатырып жатпай, қайсысы аузына түссе сонысын алып баласына жапсыра салады[2]
2.Мал атаулары: Осы бай бізге не қыл дей береді; ұсақ-ұланы мен сексен сиыр, елу шақты арық-тұрақ жабағы-тай, бес жүз қойды қарауға екеуіміздің шамамыз келе ме? [3]
3.Туыстық атаулар: Сау ете қалды да ал кеп бұның аты-жөнін, әкесінің атын, қайдан шыққанын, кімнен туғанын, кіммен тұратынын, саяси көзқарасын, бала-шағасын түп-түгел сұрап шықты
4.Жан-жануар, жәндік атаулары: Ол мана шай ішкесін ойық оямын деп кетіп еді, әлі жоқ, қақпандарын ала кетіп еді, тышқан, күзен аулап жүрген шығар
5.Табиғат құбылыстарының атаулары: Қызболған су жылытып бермегесін, мен қар тастап жүрмін
6.Түр-түсті,сапа санды білдіретін атаулар: Байғұстың екі бөлмелі балшық үйі бар екен үйін балшық деп не қыласың, езі жылы, шамалы ағаш үйден таза
7.Сан есімдер: Бес қанат қара үйдің алдында қатпа қара кемпір жайбарақат жабағы жазып отырған, екі атты жерден шыққандай табан асты сау ете қалды
8.Есімдіктер: Ерігіп жүрген ешкім жоқ, жұрттың бәрінің шаруасы бар, сондықтан той болатын күнді жұртқа күні бұрын хабарлау қажет болды
9.Қимыл атаулары: Сонда да сеанс құдіреті ауруды өзі іздеп табады. Мен жайлы не ойласаңыздар да еріктеріңізде. Мен оны көңіліме алмаймын. Өйткені мен сіздерге жақсылық қана тілеймін
10.Үстеулер: Арада екі сағаттай уақыт өткенде операция басталып кетті: киіз үйдің ішінде Рәт ақсақал Бонапартты сүндетке отырғызып, бастырма астында Масақбай мен Дөржан қара қошқардың терісін сыпырып жатты
11.Шылау сөздер: Жас жағынан алғанда ол Әбдәшімнен бес жас кіші, бірақ, әкесі Әбдәшімнің әкесінен үлкен, сондықтан ол бұлардан өзін биік ұстауға, ақыл-кеңес беруге, керек жерінде дауыс көтеруге, тіпті, азаматтық право жағынан төмен тұрған бұлардың кейбір шектен шығыңқырап бара жатқан тентектеріне ауық-ауық қол жұмсап қоюына, тіпті, шешелерінен боқтауға да қақысы бар
2. Сөздік құрамның кірме сөздер арқылы толығуы
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуін бір ғана өзіндік ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзіндік жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік кұрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғандығын көреміз.
Ел мен елдің арасындағы ежелгі достық қарым - қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты заттарды ғана алмастырып қоймаған, соған қоса рухани байлық та, бір-біріне молынан ауысқан. Соған байланысты бір тілден екінші тілге көптеген сөздер кірген.
Қазақ халқының басынан кешкен ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым-қатынастар жасағандығы мәлім. ертеде тәжік , өзбек , татар халықтары арқылы 8-11 ғасырда араб-парсы елдерімен, 12-13 ғасырларда моңғол халқымен күшті байланыста болса, 18 ғасырдан, яғни Қазақстанның Ресей қарамағына ене бастаған кезеңінен бастап күні бүгінге дейін орыс халқымен тікелей үздіксіз қарым-қатынас жасап келеді. Осындай ұзақ ауыс-түйіс мол байланыстан кейін қазақ тілінің сөздік құрамында қыруар шетел сөздері пайда болған.
Кірме сөздер дегеніміз - тілдің өзіндік сөзжасам тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді - кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ғ.Мұсабаевтың пікірінше, аң атаулары, әсіресе, құс атауларының көпшілігі иран ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары)»
Лексикология
Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы
Байырғы төл сөздер
Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Қазақ тілінің семантикасы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арнасы
Туыс халықтарға қазақ тілін ортақ сөздер арқылы үйрету
Газет тілінің лексикалық ерекшелігі
Пәндер