Сөз және мағына


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІС МӘТІНДЕРІ

1. Лексикологияның зерттеу обьектісі. Сөз мағыналарының зертте луі. Семасиология. Сөз және мағына. Сөз мағыналарының түрлері

Лексикология - сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Тілімізде қанша сөз болса, солардың жиынтығы лексика немесе сөздік құрам делінеді. Ендеше лексикология тілдік сөздік құрамын тексеретін ғылым болып табылады.

Лексикологияның зерттейтін объектісі - сөз. Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр - түстің және тағы да басқа ұғымның атауын сөз дейміз.

Сөз белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың барлығына бірдей ортақ түсінікті болып табылады. Адам өзі түсінген таныған заттарына, ұғымдарына атау тағады, оны күнделікті тұрмыста қарым - қатынас жасау, пікір алысу үшін қолданады. Тілдей әрбір сөз белгілі бір ұғымның, түсініктің атауы болады. әрбір сөздің білдіретін ұғымы сөз мағына сы делінеді.

Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу тәртібін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым - қатынаста ғы көрінісі, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін лексикология (гректің exxikos - сөздік + logos - ілім сөздерінен) дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы - қазақ тілінің сөздік құрамын тексеретін ғылым.

Қазақ тілінің сөздік құрамы - халқымыздың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, замандар бойы біртіндеп қалыптасқан, ұ заң дамуының жемісі.

Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап жан -жақты зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды - синхронды жай күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Р. Сыздық, Т. Жанұзақов, Ғ. Қалиев, Б. Хасанов, Айтбаев, К. Хұсайын, Б. Қашиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Оразбаева, Ж. Манкиева т. б ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.

Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан қарастыра отырып, әр халықтың өткен тарихымен де байланыстырады. Тіл құбылыстарын диахронды және синхронды тұрғыдан зерттейді.

Лексикология тіл білімінің фонетика, грамматика сияқты салаларымен тығыз байланысты. Тілдің даму барысында лексикалық бірліктердің грамматикалануы өріс алып жатса, енді бірде сөз тіркестерінің бір бүтін лексикалық единицаға ауысу процесі қабат жүріп жатады. Мысалы, шығу төркіні жағынан о баста септік жалғауынан жасалған туынды үстеулер (таңға, күнде, түнімен т. б) қазірде түбір мен қосымшаға бөліп жаруға келмей, жылдасып кеткен. Бұның өзі лексикалық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың бір - біріне ықпалының күшті екендігін байқатады.

Тілде белгілі бір дыбыс өзгере, сөздің де мағынасы түгел өзгеріске ұшырайтын әй, ол, өл, оң, аң, ау, сияқты сөздердің орт алуы, жоғарыда айтылғандай, лексикологияның тіл білімінің фонетика саласымен де байланысты екендігін көрсетеді.

Сөз мағынасын тек дамуымен, яғни жақсара түсу сипатында ілгері жылжуымен түсіндіру жеткіліксіз, сонымен қатар сөз мағынасының күңгірттенуі не мүлде ұмытылуы, ауысуы, кеңеюі, тарылуы т. с. құбылыстар да сөз табиғатының қозғалысын танытады. Лексикология сөздердің шығу тегін қаратыратын этимологиямен де байланысты.

Лексикология ономастика ғылымымен де байланысып жатады. Ол кісі, жер су атауларын жеке объектісі ретінде қарастырады. Ол іштей кісі аттарын зерттейтін антропонимика мен географиялық жер су атауларын анықтайтын топонитика сияқты екі салаға бөлінеді.

Тіл қаттауларының ішінде сыртқы, яғни экстралитьистикалық факторлардың әсеріне ұшырағаны, өзгерімпазы - лексика саласы.

Лексиканың экстрелитвистикалық факторлардың әсерінен ғана емес, сол тілдің өзінің табиғи даму заңдылықтарына қарай, яғни ішкі лингвистикалық өзгерісі де болады. Бұлардың екеуінде диахрондық (тарихи) лекикология деп аталатын жалпы тіл білімінің сүбелі саласы зерттейді.

Синхрондық лексикология тілдің лексика қаттауының нақты бір кезеңдегі, дәлірек айтсаң, қазіргі кездегі статикалық қалып керін сипаттайды: Қазақ лексикологиясындағы синхронды - сипаттаманы бағыт қазақ тілі лексикалық жүйесінің осы заманғы даму барысын, сөздік құрамның баю, толысу жолдарын, сөздердің мағыналық және құралуын түрлері, экспрессивті стилистикалық мәнін, қолданылу сипаты мен аясын тексереді.

Пайдалынатын әдебиеттер

1. Ф. Оразбаева, Г. Сағидолда, Б. Қасым, «Қазіргі қазақ тілі», Алматы - 2005 ж

2. М. Ә. Қараев, «Қазақ тілі», Алматы - 1993 ж

3. К. Аханов, «Тіл біліміне кіріспе» Алматы 2002 ж

4. Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» Алматы - 1997

2. Сөздің лексикалық мағынаның негізі типтері. Сөздің негізгі және туынды мағыналар. Тура және ауыспалы мағына, нақты (деректі) дерексіз мағыналары. Еркін және фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына, узалды (дағдылы) және оккозионалды (бір қолданар сөздердегі) мағыналары.

Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектенбей түбір ретінде танылатын дербес сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағына алғашқы не бастапқы мағына ретінде қабылданады. Түпкі мағыналардың пайда бол у себебі көп жағдайда белгісіз болып келеді. Мысалы, от, су, күн, таң, жылқы, бар, теңіз сияқты сөздердің осы күнгі белгілі мағыналары тарихи қалай қалыптасқанын дәл басып айту қиын.

Туынды мағына түпкі мағынадай емес, басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда болу себебін түсіндіруге болатын, сөздің кейінгі мағынасы болып табылады. Туынды мағына өзін тудырған сөздің мағынасынан байланысын үзбейді. Мысалы, түбір қон сөзінің түпкі мағынасы қонақ, қоныс, қонақтау, қонаға, қоналқа сөздерінің туынды мағыналарында қашанда сезіліп тұрады. Туынды мағыналы сөздер қазақ тілінде өте мол. әсіресе, сөзжасам жұрнақтары арқылы туған сөздердің қазақ тілінің лексикасында алатын орны ерекше.

Сөздердің тіркесу сипатына қарай : сөздің еркін мағынасы, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына болып бөлінеді. сөздің еркін мағынасы оның атауыш (тура) мағынасының негізінде пайда болады. Сөйтіп, атауыш мағынадағы сөздердің басқа сөздермен тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағына еркін мағына деп аталады. Мысалы, жаңа сын есімі жаңа киім, жаңа ай, жаңа ұрпақ, жаңа жыл, жаңа үй т. б. ; қатты сөзі қатты қыс, қатты адам, қатты сөз т. б. тіркестерде еркін мағынада қолданылып тұр.

Фразеологиялық байлаулы мағына - сөздің белгілі ғана сөздермен тіркесуі арқылы, яғни фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы. Фразеологиялық байлаулы мағыналарда кез келген сөзбен емес, санамалы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданылады. Мысалы, марғау кетті, мидай дала, мойыны жар бермейді т. б. фразеологизмдердің құрамындағы марғау, мидай, жар сөздері атауыштық мағынада емес, фразеологиялық байлаулы мағыналарда қолданылып тұр.

Синтаксистік шартты мағына. Сөздің сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туатын ауыс мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады. Синтаксистік шартты мағына сөздің ауыс мағынасының бір түрі. Мысалы, Жәрмеңке жастық уақыт өтіп кетіп, бұл күнде тоқталып тұр сол базарым (Ақан сері)

Қазақ тіліндегі сөздер бұл тәрізді ауыс мағынаға өте-мөте бай. Олар жағымды мағынада да, жағымсыз мағынада да қолданылады. Мәселен, «Ыдысысың параның қотара құйса тоймайтын» (Дулат) дегендегі параның ыдысы тіркесі де жемқорлықты білдіріп, шартты мағынада қолданылып тұр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988.

2. . Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.

4. . Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.

5. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.

3. Сөздің көп мағыналығы. Сөздердің көпмағыналығы, олардың пайда болу жолдары: Метафора. Метанимия, синекдоха. Қазақ тілінде сөз мағыналарының зерттелу жайы.

Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік кұрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқанда, тілдін дамуы сөздік құрамдағы сөздердін санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі - сөздің көп мағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуынан сөздің көп мағыналығы (полисемия) пайда болады. Сөздің көп мағыналығы - негізгі сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Неге десеңіз, бұлар - ұзак жылдар бойы өмір сүріп, тілде жана сөз, тың мағыналар жасауға ұйтқы болып келе жаткан байырғы тума сөздер. Сонын нәтнжесінде сөздік қордағы сөздер сан жағнан да, сапа жағынан да тұрақтанып әбден калыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі. Сөздік кордагы сөздер ен алғашқы пайда болған кезінде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін талай заман өткен сайын, олар бұрынғы меншікті бір мағынасының үстіне жанадан бір я бірнеше косымша туынды мағыналарға ие болған. Мәселен, қанат алғашында кұстар мен шыбын-шіркейлердін ұшып-конатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балытың жузу мүшесін, киіз үйдін керегелерін (алты қанат ақ орда), Кеңес өкіметі тұсында ұшақтың қонатын және белгілі бір нэрсенін орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары т. б. ) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды.

Сөзге қосылған жаңа мағына басқа жақтан келіп, өз-өзінен жамала қалмайды. Әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасынын айрыкша касиетінен, түрліше сыр-сипатынан келіп шыгады. Сөз өзінің білдіретін затын, едбылысын барлық касиегімен толык бірден камтып, суреттеп бере алмайды. Егер сөз өзінің білдірегін ұгымын барлык ерекшеліетерімен түгел жинақгап, бірден көрсеткен болса, онда сөз ауыспалы мағынада айгылмаған болар еді. Ал сөз ауыспалы магынада жұмсалмаган болса, онда тілде көп мағыналы сөздердін кездеспеуі мүмкін. Адам өмір шындығын уакыт озған сайын біртіндеп тани берген. Затгың бойындағы барлык ерекше белгілерді біліп болганнан кейін барып, ұғым дерексізденеді. Оларды білмей, менгермей тұрып, белгілі сөздер ауыспалы мағынада колданылмайды. Адам бір затты алғаш көргенде, ен алдымен, онын сыртқы қасиетгерімен танысады. Сол касиеттер кісінің сезім мүшелеріне әсер етіп өзінің ізін калдырады. Адамның санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсасып, байланысып тұрады. Сонын нәтижесінде екі заттың не сапасында я болмаса аткаратын кызметінде жалпы ұксастық пайда болады. Сол ұксастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі я бірнеше затгы бір атаумен атайтын болған.

Мәселен, судың асты мағынасындағы түп сөзінің казіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: І. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі)

2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (томардың түбін қопардық. З. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отыргыздық) . 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр) . 5. Адамныи шыққан тегі, арғы заты (Мен сол керей ішінде сіңген атаның баласы едім, түбім қазақ) (М. Әуезов) . Бір нәрсенің жаны, қасы (Мәскеу түбінде фашистер талқан болды) .

Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шындыкка байланысты жалпы тарихи практиканын негізінде жасалады. Сөздін туынды косымша магыналары тілдік фактілердің негізінде ойлау қабілетіне сүйеніп қолданудан кейін шығады. Өмірдегі танылған әрбір ұғым жана атаумен атауды керек етеді. Ен алғашқыда бір сөз бір гана ұғымды я құбылысты білдіру үшін жұмсалган болса, кейіннен ол әлденеше ұғымды білдіру үшіи қолданылады. Бұган, біріншіден, адам баласынын өмір зандылыгын терен тануы, білуі, сезінуі әсер еткен болса, екіншіден, онын мағына жағынан колданып дамуына, оның алгашқы тура мағынасы негіз болған. Мәселен, адамзат пен жан-жануарлардык көру мүшесін көз деп атаймыз. Сонымен қатар иненің көзі, есіктің көзі, терезенің көзі, күннің көзі деп те колданамыз. Түптеп келгенде, осылардын семантикалык жағынан байып көбеюіне себеп болған сөздін ең алғашқы атауыш (еркін) мағынасы екендігі даусыз.

Сөздің семантикалық құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардын (көп мағыналы сөздердің) тілдегі атқаратын кызметі де күшейе бермек. Әсіресе көп мағыналы сөздер сөздік құрамдағы синонимдердін көбеюіне үлкен ыкпал етіп отырады.

1. Метафораның тілдегі қолдану сипатына қарай: 1. Тілдік метафора. 2. Поэтикалық метафора деп аталатындығы.

2. Поэтикалық метафораның өз ішінен 1. Тұрақты метафора, 2. Жеке қолданыстағы метафора болып екіге бөлінетіндігі.

3. Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша да өзгеретіндігі. Бұл ретте заттар мен құбылыстардың атқаратын қызметтерінің ұқсасатығы негізге алынатындығы.

4. Заттар мен құбылыстар уақыт немесе кеңістік жағынан іргелес, шектес болуы да ықтимал. Олар осы негізде бір атауға ортақтасып, көп мағына тудырады.

Метафора . Сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, қимылындағы не атқаратын қызметіндегі т. б. ) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метаофра (гр. metaphora ауысу) деп аталады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқ-сату заңы жатыр. Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі түрге бөлі-неді: а) тілдік (сөздік) метафора, ә) поэтикалық (сөйлеу кезінде туатын кон-текстік) метафора.

Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантика-лық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тілдік метафора жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те айтылады. Мысалы:

  1. Боржабай орта бойлы, жуантық денелі, қалың ерінді кісі (С. Мұқанов)
  2. Қалың жұрттың алдында сөйлеп көрген пенде емес едім (М. Иманжанов)
  3. Тасада өскен балапан қарағайлар мен шоғыр бұталар да нық көрінеді (Т. Ахтанов)
  4. Жарасбай кіреді. Өлмес тура келіп Жарасбайдың тымағын, белбеуін алып керегенің бас жағына қояды (М. Дулатов)
  5. Қазір дәл осы ой созыла түсіп, тізесіне салып қойған кітап ашулы бетімен елеусіз қалған бір кезектеп, камераның есігі шапшаң ашыла бастады (М. Әуезов «Абай жолы») .

Тілдік метафора мынадай ұқсастықтар негізінде тууы мүмкін:

а) тұлға ұқсастығы. Мысалы: қанат - құстың қанаты, ұшақтың қанаты, құл-ақ - адамның құлағы, қазанның құлағы, домбыраның құлағы, жон - малдың жоны, таудың жоны;

ә) қимыл ұқсастығы. Мысалы: аяқ - адамның аяғы, үстелдің аяғы, серік - адамның серігі (жолдасы), жерсерігі;

в) ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туатын ұқсастық. Мысалы: жіңішке - жіңішке жіп, жіңішке бел, жіңішке өзен, сұлу - сұлу адам, сұлу табиғат , ащы - ащы тұз, ащы зар, ащы өмір, өткір - өткір пышақ, өткір ой, құлау - аттан құлау, емтиханнан құлау, қану - шөлі қану, айызы қану, ұйқысы қану т. б.

Тілдік метафора уақыт өткен сайын күңгірттеніп, атауыш мағынаға ие болып кетеді.

Мысалы: адамның беті - кітаптің беті; адамның көзі - иненің көзі деген-дегі бет, көз сөздері қай қолданыста болсын атауыш мағыналарға ие болып тұр.

Поэтикалық (контекстік) метафора ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізу үшін қажет. Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты. Метафораның бұл түрі көркем шығармаларда кездеседі.

Мысалы: Ойламай біздің қазақ текке жатыр,

Бір іске жанаса алмай шетте жатыр.

(М. Жұмабаев)

2) Беріспейсің бермейсің,

Жауға алмас сермейсің.

(Н. Байғанин)

Бір кезде мақтаны ақ алтынға, көмірді қара алтынға, астықты сары алтынға балап жай қолданған болсақ, бүгінгі таңда осы метафоралық теңеу-лер әдеби тілімізге әбден сіңісті болып, біржола орнығып алды. Жекелік қолданыстан гөрі, қазір жалпыхалықтық қолданысқа актив болып ауысты. Бірақ мұндай метафоралар барлық жанрда жалпылама кездесе бермейді, көбінесе белгілі бір жанрға телінді болады. Әсіресепоэзияда жиі кездеседі. Сондықтан метафораның бұл түрін поэтикалық метафора деп айтамыз.

Жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора белгілі бір ақынның я жазушының туындысында өмір сүреді. Бұлар сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгілі конексте ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан да келтірінді мағына әрдайым құбылмалы болады. Мысалы:

Жастықтың оты жалындап,

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың аты арындап,

Әр қиынға салған шақ.

(Абай)

Жақсылық ұзақ тұрмайды,

Жамандық әр кез тозбайды.

Үміттің аты елеріп,

Қос тізгінді созбайды.

(Абай)

Осындағы жастықтың оты, жас жүрек, талаптың аты, үміттің аты, деген метафоралық қолданыстар әр ақынның өзіндік қолтаңбасын танытады. Сондықтан да бұл тәрізді метафоралар жалпыхалықтық емес, жеке қолдныстағы (индивидуалды) метафора деп аталады.

Бақылау сұрақтары:

Сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуының бір тәсілі - метонимия.

Өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағына метонимия деп аталады.

Метонимия мынадай іргелестік, шектестіктер негізінде тууы мүмкін:

а) қимыл, әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі. Мысалы, бояу, егеу, сайлау, жайлау, жабу, ою сияқты сөздер әрі қимыл атаулары, әрі зат атаулары болып екіжақты қызмет атқарады. Бұлар алдымен іс-әрекет атауы болып қолданылған да, кейін соның нәтижесі ретінде заттық сипат алған. Мысалы: Өз үйінде ою оюламаған адам кісі үйінде кесте тігеді (мақал) дегендегі ою сөзінің заттық ұйымы сол сөз білдіретін іс-әрекеттің нәтижесінде туғаны сөзсіз. Сол сияқты түйеге қыста жабу жабу керек дегендегі алғашқы жабу деген сөз соңғы етістіктен кейін жасалған;

ә) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі. Мысалы: Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті (Ғ. Мұстафин) дегендегі қазан тамақ (ет) орнына жұмсалып тұр. Мектеп сөзі бастауыш, орталау, орта дәрежелі білім беретін оқу орнын да, сонымен бірге сол оқу орны орналасқан үйді де білдіреді. Мысалы, Штаб қыстақ шетіндегі бұзылған мектепке орналасқан еді. (Б. Момышұлы) ;

б) материал мен одан жасалған заттың шектестігі. Мысалы: алмас сөзі қатты асыл металл ұғымын да, содан жасалған "өткір қару - қылыш " дегеңді де білдіреді. Құндыз деп өзен-көлде тіршілік ететін кішкентай аңды да, сонымен бірге осы аңның бағалы терісін де айтамыз. Құлан қырда, құндыз суда (мақал) ;

в) жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл-әрекет атауларымен байланыстылығы. Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен жер-су атаулары есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретінде жұмсалады. Мәселен, Қарабай, Шығайбай, Қарынбайлар сараңдықтың бейнесінде айтылады. Асанқайғы - сарыуайымға салынушылықты білдіреді. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлегендер - шынайы сүйіспеншіліктің бейнесінде қолданылады. Белгілі контексте Алдаркөсе - айлакер, қу дегеннің, Қожанасыр - аңқау, аңғырт дегеннің синонимі ретінде жұмсалады. Сондай-ақ, Жерұйық, Жиделібайсын, Мысыр шаһары тәрізді жер-су атаулары да белгілі контексте жайлы қоныс, құтты мекен ұғымын білдіреді;

г) сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының байланыстылығы. Мұны түсті білдіретін кқызыл, ақ, көк, қара сияқты сапалық сын есімдердің заттанған мағыналарымен шектестігінен айқын көреміз. Мысалы, қара сын есімінің заттанған мағыналары мынадай: "қарайып көрінген нәрсе, зат" - Ұрғызбаған соң алыста көрінген бір қараны қайыра қуды (Ғ. Мұстафин) ; "тірек, сүйеу" мәнінде - Алды-артында қара жоқ. Бұл кедей бізден көп пе еді (Қамбар батыр) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің семантикасы: лексикалық, грамматикалық мағыналар
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі
Грамматикалық нөлдік форма және оның тілдік жүйедегі түрі
Сөздің лексикалық мағынасы
Сөз мағынасы
Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамындағы үшіншілік туынды мағынаның жасалу жолдары
Лексикалық мағынаның құрылымы
Тіл біліміндегі морфология саласындағы грамматикалық мағына және сөзжасамның тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz