Пайдаланылған әдебиет



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Ежелгі Рим шешендік өнерінің өкілдері

Орындаған: Камалова М.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Тұрдалиева Р.

Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
* Кіріспе
* Негізгі бөлім
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиет

Ежелгі Римде есті сөзді жоғары бағалай білген. Әсіресе, соғыс өнері мен шешендікті аспандатып бағаласа керек. Республикалық Рим өзінің көптеген мемлекеттік мәселелерін халық мәжілістерінде, сенатта, сотта шеше беріпті. Сөз өнері әсіресе, ер азаматтар үшін бағасы биік қазына болыпты. Содан бастап, римдіктердің ұлттық мінездері қалыптаса бастаған. Саясат пен құқық рим азаматтарына әдебиет пен өнерден гөрі жақынырақ болған.Рим республикасының қоғамдық өмірінің өзі шешендік өнерге өріс алып беруге игі ықпал еткен, өйткені, сөз өнері-дертпен тең деп, Абай айтқандай, Римде сөзді қадірлей, қастерлей білудің үздік үлгісі бар еді. Шешендік өнерге ешқандай тыйым салынбаған, ол бірте-бірте халық мінезімен бірге өрбіген. Қарапайым халық шешендердің соттағы сапасы жоғары сөздеріне лайықты бағаларын беріп, ең сәттілерін аңыздай таратып отырса керек.
Әсерсіз, қатынас болмай, ештеңе өздігінен дамып кетпейді, әр нәрсенің өзінің шарықтау шегі боп жатады. Рим сөз өнеріне осы орайда Эллиндік грек мәдениетінің игі ықпалын айта кеткен орынды. Гректің риторикалық өнері Римнің реуішті сөзінің сапалы бола түсуіне әдемі әсерін тигізді. Грек және латын мектебінің арасында толассыз күрес жүріп жатқан кез еді.
Екі риторикалық мектептің арасындағы тартыс Рим қоғамына да қозғалыс тудырды, яғни, ақсүйектер мен демократтық топтар арасындағы кереғарлықты күшейте түсті. Әрине, Цицерон ғұмыр кешкен заманда рим шешендік өнерінің өте асқақ дәрежеге жеткенін атап өту ләзім. Неге десеңіз, Цицерон шешендіктің шыңы да, соңы да еді. Цицерон тұсында ғана Рим қызыл сөзі Рим республикасымен бірге сахнадан көшеді.
Императорлық кезеңінде сөз оты мүлдем сөніп қалмағанмен, бұрынғыдай жалын мінезінен, қалпынан ажырайды, саяси лепірме сөз азая бастады. Азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын сот сөздері саяси мәнінен алыстайды. Сол уақыттың дәуірі салтанатты, салихалы сөзді тудыра бастайды. Сөйтіп, қызыл сөз көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына айналды. Бұл сыпат латынның әдеби тілінің дамуына әкеліп соғады.
Жарқылдақ қызыл сөз әдебиеттің барлық жанрларына жақындайды да, шешендер мен ақындар бірдей, бірегей риторикалық мектептен өтеді. Вергилий мен Овидии секілді ірі ақындарға риториканың бергені көп еді. Әсіресе, Овидии әсіреқызыл сөздерге әуес боламын деп, оқырмандар мен зерттеушілердің сындарына ұшырайды. Сөз өнері Тациит пен Ливий сынды майталман тарихшыларға аз сабақ болған жоқ. Олар тарихи фактілердің ішінен таңдаулыларын тебіренте білді. Шындықты шынайы шешендікпен бере білген соң да, кейде тарихи шындықтан ауытқып кеткен жерлері де жоқ емес.
Сонымен, қызыл сөз бертін келе антикалық романның дүниеге келуіне себепші болды. Романның композициясы, стилистикасы, оның ішінде, болып жататын керағарлықтардың түп-тамырында риторикалық диалогтар жататын еді. Мұндай риториканың кейде әдебиетке де зияны тимей қалған жоқ, айталық, поэзияға әсері зор еді, алайда, поэзия тек қана жүректі тебірентетін шындықтан туатын құбылыс қой. Ендеше, оған оқта-текте айтылатын көтерме, лепті сөздер келмей қалады, яғни, өлеңді өмірден аулақтатып әкетеді. Дей тұрсақ та, риториканың көркем әдебиетке бергенін алып тастауға болмайды.
Енді Рим шешендік өнерінің ең алғашқы қадамдарына оралатын болсақ, тағы да Цицерон шығармаларын шеткері қалдыра алмаймыз. Атап айтқанда, оның Шешен, Шешендік өнер, Шешеннің қалыптасуы атты еңбектері Рим республикасы дәуірлеген жағдайында ерекше қызмет атқарған еді. Өкінішке қарай, көптеген Рим шешендерінің туындылары біздің заманымызға толық, таза қалпында жете бермегенін ескерген жөн. Бұл орайда біздің қазақ шешендігі қазынасының халық көкірегінде жатталып, бізге жеткеніне шүкіршілік етеміз. Цицерон өзінің Бруит деген еңбегінде Римнің саяси өмірінде орындары бөлек шешендерді атап өтеді.
Рим қызыл сөзінің басталуы 3-ғасыр деседі, өйткені, алғашқы жазбалар осы ғасырдан бастау алды. Біздің эрамызға дейінгі 3-ғасырда соттағы айтылатын сөздер белгілі бола бастаған еді, адвокаттық институт алға шыққан еді. Цицерон тұсында және бір сөз түрі - қабыр басында айтылатын көңіл білдіру, көңіл айту сөзі туған еді. Сөздің мұндай түрін Цицерон жақсы бағалай қойған жоқ еді, өйткені, мұнда шындық шынтақтай ғана болып, мақтау көл-көсір боп кететін. Кейін қағазға түскенде де, көп анық жайларды көлегейлеп көрсеткендей тұрушы еді.
Ескі Рим шешендердің ішінен Катонды (234-149ж.б.э.д.) ерекше бөліп айтады. Рим мемлекетінің және Рим әдебиетінің тарихында оның орны өзгеше екені белгілі. Катон, сонымен бірге, ірі әскери қолбасшы да болған. Өте ақылды, қатал, айтқанынан қайтпайтын, ескі дәстүрді бұлжытпай ұстанған, батыл кісі екен. Бұл жағынан Катон біздің 15-18 ғасырлардағы ақын, жырауларымызды, әсіресе, Ақтамбердіні еске оралтады. Аузында алғыр сөзі, қолында оттай жарқылдаған найзасы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев – әдебиет сыншысы
ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Тарих сабағында көркем әдебиеттер және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету
Көркем әдебиет стиліндегі диалектизм
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы жайлы
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу
Жұмысқа керек материалдар
Фольклор және әдебиет
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
XIX ғасыр әдебиеті жырау және тарих ғылыми сипаттаны мақал әзірлеу
Пәндер