Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Портфолио
Орындаған:
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Молдаханова М.
Шымкент қ., 2019 ж.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Луи Брайль
Луи Брайль зағип жандарға оқуға және жазуға мүмкіндік беретін шрифтті 19 ғасырдың басында ойлап тапты. Ол 1809 жылы қолөнершінің үйінде дүниеге келді. Жаңадан жүруді үйреніп жүрген кезінде күнін әкесінің шеберханасында өткізетін. Үш жасында шеберханада көзін жарақаттап алады. Бес жасында баланың көзі мүлдем көрмей қалды. Ата-анасы баласына білім беруге және оның дамуы үшін қолдарынан келгеннің барлығын істеуге тырысты. Луи ауылдық мектепке барды. Өзінің ақылы мен ерекше есте сақтау қабілетінің арқасында жақсы оқыды. Әкесі оған тақтайға шегелерді қағу арқылы әріптердің кескінін шығарып, оқуды үйретті. 10 жасында әртүрлі жастағы балалар оқитын Париждегі зағиптерге арналған Корольдік институтқа жіберді. Луи Брайль 12 жасынан бастап, зағиптерге арналған алфавитін әзірлеу үшін тәжірибелерін бастады. Күндіз сабаққа барып, ал кешке өзінің жүйесін ойластырды. 15 жасында бұл жұмысын аяқтады. Луи Брайль үштен екі бағанада орналасқан алты рельефті нүктенің әртүрлі комбинациясынан өз алфавитін құрастырды. «Оқырман» мәтінді оқу үшін басылған жолдарды саусақтарының ұшымен жүргізеді. Кейін Брайль жүйесін тыныс белгілерімен, сандармен және ноталармен толықтырды. Оның рельефті-нүктелі шрифтінің соңғы нұсқасы 1837 жылы пайда болды. Бүгінгі таңда Брайль әдісі бүкіл әлемде қолданылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы
Осы Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
4) әлеуметтік бейімсіздік - жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;
6) әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;
7) әлеуметтік орта - адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы;
8) өмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал.
2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
4-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен міндеттері
2-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ
5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері
6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер
3-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы құзыреті
8-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
8-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
10-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
4-тарау. ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН АДАМҒА (ОТБАСЫНА) АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ12-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері
13-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруі
14-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау
15-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
16-бап. Әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері
17-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
18-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
19-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау
21-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м. а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14235 болып тіркелді.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (сөйлеу тілі жалпы дамымаған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (көру қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (есту қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz