Стильаралық бейтарап лексика



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

Топтық жоба
Тақырыбы: Сөздердің стильдік қызметіне қарай түрлері

Орындағандар: Жолдасбек Д., Джолмурзаева А., Алдабек Ә.,
Абдіқаппарқызы А., Әзімбай А,
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Ырсымбетова Н.

Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
I. Кіріспе
1. Сөздердің стильдік қызметіне қарай түрлері
1.1 Стильаралық бейтарап лексика
2. Сөйлеу тілінің лексикасы
2.1 Тұрмыстық-қарапайым лексика
2.2 Ауызша әдеби сөйлеу лексикасы
3. Кітаби лексика
3.1 Ескі дәуірдегі кітаби лексика
3.2 Қазіргі кітаби лексика
4. Экспрессивті-эмоционалды лексика
II. Қорытынды
III. Пайдаланылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Жүсіпбек Аймауытов сынды іргелі қаламгердің "Ақбілек" романы да шабытты шақ пен талантты қолтаңба жемісі әрі халық өмірі мен тұрмысынан алынғаны шындық.
"Ақбілекті" оқып-танумен бірге, ғылыми тұрғыдан да зерттеп, бағалаудың мәні зор.
Алдымен еске аларымыз: жазушы талантты, шығармадағы өмір оқиғалары мен әлеуметтік мәселелер, жеке адамдар тағдыры кім-кімді болса да бей-жай қалдырмайды. Романның композициялық, образдар жүйесіндегі айқындық, тіл бедері, оқиға мен айнала-әлемнің көрініс, суреттері т.б. қуатты қалам қайратын, қалыптасқан қолтаңба мәнерін көрсетері хақ. Сонымен бірге бұл романда автор қазіргі таңдағы лексикология ғылымындағы өзекті тақырыптардың бірі - кітаби лексиканы да ұшқыр пайдаланған. Зерттеу жұмысы барысында көптеген сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері табылды.
Зерттеу жұмысының нысаны: Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романындағы сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ақбілек романындағы сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлерін тауып, оларды жіктеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлеріне анықтама беру
2. Аталмыш романнан мысалдар келтіре отырып, тақырыпты жан-жағынан ашу.
Зерттеудің жаңалығы: Романда тек тұрмыстық лексикадан бөлек кітаби лексика да орын алуы. Сонымен қатар эмоционалды-экспрессивті лексиканың көркем әдебиеттегі орнын бөліп көрсету.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебеттер тізімінен тұрады.

1. Сөздердің стильдік қызметіне қарай түрлері
Сөйлеу я жазу үстінде сөз қалай болса солай қолданылмайды. Адам қашанда өзінің айтайын деген ойына, мақсатына лайық сөздерді халықтық лексикадан іріктеп, талғап-таңдап қолдануға тырысады. Мысалы, сөздердің күнделікті ауызекі сойлеу тілінде айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой әр стильдің өзіне тән, оған телінді сөздерімен жүйеленіп, бірбеткей баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушьшарға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады. Сол сияқты қарапайым заттық-логикалық ұғымы бар сөздер мен адамның сезіміне әсер ететін бояулы-мәнерлі сөздердің стильдік қызметі де бір-бірінен ерекше. Осыдан барып сөздердің функционалдық-стильдік қызметіне байланысты түрлері пайда болады. Сөздердің қызметіне қарай жіктелуі функционалдық стильдердің түрлерімен үйлес келіп отырады. Стильдің әр саласында сөзді қолданудың қалыптасқан үйреншікті орны, үлгісі болады. Әр сөз өзінің дағдылы орнында тап басып қолдануды талап етеді.
Тілдегі функционалдық стильдер іштей сараланып, әлденешеге бөлінгенімен, тілті де бір-бірінен алшақ жатқан, кереғар дүние емес, олар өзара байланысты, аражігі жылжымалы. Стильдің бір түрінен басқа стильдерге тән сөз қолданыстарды кездестіруге болады. Функционалдық-стильдік салалардың негізінде жалпыхалықтық лексика жатыр. Мәселе сол жалпыхалықтық лексиканың қалай, қандай мақсатта қолданылуына байланысты.

1.1 Стильаралық бейтарап лексика
Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына да жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Мысалы:
oo нақты заттар мен кұбылыстарды білдіретін: еңбек, күнкөріс, кемшілік, көпшілік, ауа райы, банк, базар, келісім, сауда-саттық, көше, кітап, жаратылыс, трамвай, машина, жәрдем, пенсия, қоғам, ғылым. Қаратау елінде партия тақырыпты кедей ауылнайларға еңбек, көлік салығы аудара салынса керек, Жалпы қазақтың кемшілік мінездерін бұлдыратып суреттеп келіп, аяқ кезінде сөзінің бетін Әбен жаққа бұрды, Ол сиездердің қаулысын, жаңа шыққан кітаптарды көп оқушы еді т.б.;
oo белгі, сапа, қасиетті білдіретін: байыпты, икемді, пайдалы, зиянды, сулы, таулы, малды, даусыз, білімді, қоғамдық, азаматтық, пікірлес, қызметтес, жатық, ширақ, ортақ, өнерпаз, мәдени, алғыр, білгір. Кедейшілі, байшылы, адалы, арамы қайсы?, Өзінше қумын, жұрттың бәрін алдап жүрмін деп ойлар еді. Төлеген екеуінің мінездерінде бір ұқсастық бар секілді еді, бірақ Төлегеннен гөрі, бұл өтімді, тартымды, білімді, беделді, алғыр еді т.б.;
oo қимыл-әрекетті білдіретін: көтеру, аудару, күресу, қуану, ренжу, мойындау, жүгендеу, есептеу. Жалпы қазақтың кемшілік мінездерін бұлдыратып суреттеп келіп, аяқ кезінде сөзінің бетін Әбен жаққа бұрды т.б.
Жалпыхалықтық сөздердің стильаралық сипаты бар. Бұл тәрізді сөздер функционалдық стильдердің бәрінде де қолданылады, олардың қолданылуына стиль жағынан шек қоюға болмайды. Керісінше, көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болады да, қолданылуы жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді, түсініктеме - ресми іс қағаздар стилінде; ағымдағы істер, ақпарат хабарлар, ресми сапар, алдыңғы қатардағы, көпшілік қолды - публицистикалық стильде; гербарий, жылу энергиясы, сингармонизм, дифтонг, қатты дене, гамма-сәуле, молекула, ерітінді - ғылыми стильде қолданылатын сөздер болып табылады.
Бұл айтылғандардан стильаралық лексиканың жалпылық, ал функционалдық стильдердің шектеулі сипаты бар екенін көреміз. Стиль-аралық сөздер нақты бір стиль дәрежесінде емес, стильдердің бәріне қатысты болғандықтан, бейтарап лексика деп те аталады. Стильаралық бейтарап лексика өзінің осындай қасиеттеріне байланысты функционалдық стильдерден ерекшеленіп отырады.
Стильаралық сөздер сөйлеу тілінде болсын, жазба тілде болсын қолданылатын лексиканың негізін қалайды. Оларсыз ауызша, болмаса жазбаша қарым-қатынас жасау мүмкін емес. Функционалдық стильдердің қай-қайсысы болсын тек өздеріне тән, қолданылуы шектеулі сөздерден тұрмайды, керісінше, олардың сөздігі стильаралық лексикаға негізделеді. Ал кейбір функционалдық стильдерде, мысалы, осы күнгі ауызекі сөйлеу стилі мен публицистикалық стильде, бейтарап лексика жиі қолданылады.
Стильаралық лексиканың басқа функционалдық стильдердің лексикасынан негізгі айырмашылығы зат, құбылыс, сапа, қасиет, іс-әрекет атауларын қарапайым, нақты қалпында білдіретіндігінде. Негізінен алғанда, зат, кұбылыстарды, олардың қасиеттерін бейнелеп, мәнерлеп қолдану стильаралық стильге тән емес. Дегенмен, сөздің негізгі заттық-логикалық мағынасына байланысты оның кейбір экспрессивті сипатын білдіруі мүмкін. Мысалы, дәулет "байлық, қазына, дүние, мүлік" сияқты негізгі заттық мағынасынан басқа "бақ, ырыс" деген қосалқы мағынаға да ие. Дәуір сөзі "тарихи кезең" деген негізгі мағынасынан басқа "дегені болып, билігі жүріп тұрған кез" деген туынды мағынаға ие [1, 163].
2. Сөйлеу тілінің лексикасы
Сөйлеу тілі лексикасына функционалдық сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Сөйлеу лексикасының өзіндік ерекшелігі бар. Оған қатысты сөздер: 1) адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұқбат әңгіме үстінде қолданылады, 2) алдын ала ойланылып сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып отырады, 3) тақырыптық аясы өте кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін.
Сөйлеу стилінің лексикасы лексика-семантикалық, экспрессивтік стилистикалық сипаты жағынан өз ішінде бірыңғай емес. Сондықтан іштей мынадай топтарға бөлінеді: 1) тұрмыстық-қарапайым лексика, 2) варваризмдер 3) ауызша әдеби-сөйлеу лексикасы.

2.1 Тұрмыстық-қарапайым лексика.
Бүгінгі лингвистикада әбден зерттелген, бір жүйеге түскен деп жүрген лексика саласының ішінде де шешімін таппай жүрген жайлар аз емес. Олардың қатарында диалектілік лексика мен кәсіби сөздердің межесі, тілдегі жаргон сөздердің жайы, тіліміздегі термин сөздердің жайы секілді бірқатар жайларды атауға болады. Осындай күрделі мәселенің бірі - тіліміздегі тұрмыстық-қарапайым лексика мәселесі деуге болады.
Алдымен, тұрмыстық-қарапайым лексика дегеніміздің өзі не, нақты қандай ұғымды білдіреді, көлемі мен шегі бар ма, күңгірт қалған тұстары әлі де айқындап алуды қажет етеді.
Әдетте, бұл ұғым аясына адамның күнделікті өмірінде қолданылатын заттарының, бұйымдарының атаулары сондай-ақ тұрмыспен тікелей байланысты күнделікті үй жағдайына, үй шаруашылығына байланысты сөздер жатқызылып жүр. Сондықтан да зерттеу еңбектерінде бұл мәселеге қатысты көптеген терминдер де кездеседі. Мәселен, этномәдени лексика, этнографиялық лексика, кәсіби лексика, тұрмыстық лексика, материалдық және рухани мәдениет лексикасы, заттық мәдениет лексикасы, тұрмыстық терминдер, кәсіби-тұрмыстық лексика т.б.
Тұрмыстық-қарапайым лексика жайлы екінші бір түсінік оның қолданыс аясына байланысты. Бұл жерде тұрмыстық-қарапайым лексика күнделікті сөйлеу тілі лексикасына байланысты қарастырылады. Бұл жайлы Ә. Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиұлының еңбектерінен кездестіреміз. Күнделікті сөйлеуде қолданылатын лексиканы тұрмыстық лексикаға жатқызудың да айқындап көрсете түсетін жақтары бар. Ол - тұрмыстық қатынаста қолданылатын лексикалық бірліктер. Осы тұрғыдан алғанда ауызекі сөйлеу түрінің барлығы, онда қолданылатын лексикалық бірліктердің барлығы тұрмыстық-қарапайым лексикаға жатпайды. Сөйлеу тілі лексикасындағы күнделікті үйде, туыстармен, достармен сөйлесу барысында тұрмыстық қарым-қатынасқа байланысты сөйлеуде қолданылатын лексиканы жатқызады [1, 164].
Тұрмыстық-қарапайым лексика өзінің ауқымды әрі кеңінен қолдануына байланысты, тіл сөздігінің ең негізгі әрі ең жылжымалы бөліктерінің бірін білдіреді. Себебі ол, бірінші кезекте, сол тілдің сөздік құрамының дамуындағы болмашы өзгеріске жауап қатады. Қай тілде болмасын, тұрмыстық сөздер лексиканың өте ауқымды бөлігін қамтиды.
Сондықтан да ол әр тілдің өзегі деуге болады. Оны ең қажетті, өмірлік маңызы бар ұғымдар болып табылатын сөздер құрайды. Осынау топқа кіретін сөздерді пайдалану кәсіпке, аумақтық және әлеуметтік шектеулерге байланысты емес.
Тұрмыстық-қарапайым лексиканы лексиканың кез-келген өзге тобынан ажыратуға мүмкіндік беретін нақты критерийлер жоқ десе де болады, себебі кейде тұрмыстық сөздер адам өмірінің күнделікті тұрмыстан алшақ жатқан салаларында да кездесе береді. Осы тектес сөздерді тұрмыстық-қарапайым лексиканың құрамында зерттеу мүмкін бе, әлде олар өзге жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады ма? Е. А. Дворникова тұрмыстық лексиканың мынадай бір анықтамасын береді: Тұрмыстық-қарапайым лексика - бұл тұрмыспен байланысты күнделікті және іскерлік тілге тән жалпылама көпшіліктің пайдаланатын әдеби лексикасы [2, 15].
Тұрмыстық-қарапайым лексиканың семантикалық қабаттары адам тұрмысының, тіршілігінің көптеген тұстарын қамтиды. Бұл әшекей заттарды қосқандағы киім-кешектер, сондай-ақ оны дайындаумен және қолданумен байланысты әрекеттер; азық-түліктер, сондай-ақ асты дайындаумен және оны жеумен байланысты әрекеттер мен үдерістер; бұл сондай-ақ үйде қолданылатын заттар мен әртүрлі құрылыстар, тұрғын жайлар; бұл ұйқымен және оянумен, сонымен бірге, қандай да бір мазасызданулармен және т.б. байланысты сөздер [2, 15].
Тұрмыс ұғымын анықтау да біздің тұрмыстық лексика жайлы түсінігімізді кеңейте түседі. С. И. Ожегов өзінің сөздігінде былай деп атап көрсетеді: Тұрмыс - ортақ өмірлік қалып (ырғақ), күнделікті өмір [2, 16].
Социалистік тұрмысқа былайша анықтама берілуі мүмкін: Тұрмыс - бұл өндірістік емес тіршілік әрекеті саласының, материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері мен формалары саласының жиынтығы, сондай-ақ әртүрлі дәстүрлер, салттар мен рәсімдер, жөн-жоралғылар, әдеттер және бірлесіп өмір сүру нормалары [3].
Тұрмыстық ұғым - өз ішіне күнделікті тіршіліктің, белгілі бір ұжым қабылдаған қоршаған заттар мен құбылыстардың, олардың елеулі белгілерін бейнелей бермейтін түсінігі деп жазады А. Гундавичюс [3].
Ә. Хасенов еңбегінде тұрмыстық лексика жайлы: Тұрмыстық лексика - күнделікті жиі қолданылатын аса қажетті, сондай-ақ халықтың тұрмыс жайы, салт-сана, әдет-ғұрпына, өмір тіршілігіне қатысты сөздер. Бұлар, негізінен, күнделікті ауызекі сөйлеу тіліне тән жалпылама лексикамен астасып жатады. Тұрмыстық-қарапайым лексика - халық өмірінің айнасы есепті, - деп анықтама бере келіп, оларды былайша топтастырады:
* үй-баспанаға байланысты сөздер: жаппа, жеркепе, кереге, уық. Не мал жоқ, не үй жоқ, не тамыр-таныс жоқ, жаппаның астында жаттық т.б.;
* құрал-сайман атаулары: мама ағаш, қамшы, жүген, құрық. Мылтық қолда, қамшы жонда, ат таппасқа әдді не?, Атты да алды, шідерді алды, жүген де алды, кілем, көрпе, қоржын, шалбар... бәрі кетті т.б.;
* киім-кешек аттары: саптама етік, кәмшат бөрік, түлкі тымақ, күпі. Басымда барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстімде орысшалау бенжек-шалбар. Березе сұр шапан, cap сапиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғымда көнелеу қисық табаным бар т.б.;
* ыдыс-аяқ аттары: таба, табақ, жанан, тостаған, қазан. Бір қолын шошайтып, шүу-шүулеп сиырларын қорадан аулағырақ айдап салған соң, Алтынай үйге келіп, шелектегі екі сиырдың сүтін қарақ табақ пен ескі сары тегенеге бөліп құйды т.б.
Тұрмыстық-қарапайым лексикаға жататын сөздердің бұлай топтастырылуы ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын тұрмыстық қатынасқа қатысты қолданылатын сөздер деп тұрмыстық лексиканы түсінуімізді, оған берілген түсініктемені нақтылай түседі.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде (авторы Ғ.Қалиев) қарастырып отырған мәселеміз - тұрмыстық сөздер деп беріліп, былайша түсіндіріледі: күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер. Мысалы: төсек, ас, нан, тұз, шам, терезе, сағат, бос белбеу, бетім-ай, жолың болғыр, о тоба, тілеуің берсін т.б. [2, 17].
Жұмыста біз қолданған термин халық өмірінің рухани айнасы іспетті мәдени, рухани және материалдық заттарының атауларын түсінеміз. Сондай-ақ бұл термин этномәдени және этнографиялық атауларымен синонимдес.
Тұрмыстық-қарапайым лексика жайлы деректерді А.Төлегеновтің Түркістан уалаяты газетінің лексикасы атты мақаласынан кездестіреміз. Аталған мақалада зерттеуші газет тілінде кездесетін тұрмыстық лексика тобына жататын сөздерді шығу тегі мен тұрмыста атқаратын қызметтеріне қарай былайша топтастырған:
а) үй жиһаздары, тағам атаулары, ыдыс-аяқ: үй, ағаш үй, киіз үй, шатыр, жүк, орындық, сандық, ошақ, қазан, темір қазан, мыс қазан, шойын құман, күбі, саба, қонақ асы, ет, сорпа, сүр, қалжа, көже, тоқаш. Толып жатқан абдыра-сандық бәрін тастап, жеңіл-желпі киім-кешек, төсек-орынды алуға мұршамыз әрең келді.
ә) киім, мата және матадан жасалған материалдар: ішік, тон, шапан, етік, бөрік, жейде, кебін, жіп, жібек, жүк, шыт, көк шыт, бөз, дәке, шұға, кебін, кенеп, кендір, тері былғары, қызыл былғары, қара сүрік былғары, елтірі, шылбыр, арқан, кендір арқан. Жадағайлау жеріне келіп белін, шапан, камзолын шешіп, көйлекшеңденіп, білегін түрініп жуынды, су ішті т.б.
б) мал атаулары: түйе, бура, нар, інген, жылқы, айғыр, бие, құлын, ат, сиыр, бұзау, тоқты, қозы. Бұрын бір байдың, осы күні орта шарқы үйдің ортаншы баласымын, бұрын қой бес жүзге, жылқы екі жүзге, сиыр алпысқа, түйе жиырмаға шарпыған еді, осы күні сол малдың төрттен бірі де жоқ т.б. [2, 17].
Бұдан кейінгі зертттеулерден Ж. Досқараевтың Үй және там туралы, олардың диалектілік мағынасы мен басқа түркі тілдеріндегі қолданысы туралы мақаласынан, Б.Сүлейменованың шана сөзінің тарихи қалыптасуына байланысты мақалаларынан кездестіруге болады. Сондай-ақ Ә.Байжоловтың Қостанай облысы қазақтарының тілдік ерекшеліктері атты кандидаттық диссертациясында Торғай, Тобыл қазақтарының говорларында қолданылатын тұрмыстық лексикаға қатысты сөздер заттар мен құбылыстардың аттары деп топтастырылып, үй шаруашылығына байланысты сөздер мен ыдыс-аяқ аттарына қатысты - 12, азық-түлік, тағамға байланысты - 11, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ойын-сауықпен байланысты жұмсалатын - 8, ер-тұрман және транспорт жабдықтарына жұмсалатын - 17, еңбек құралдарына және жабдықтарына байланысты - 13, киім-кешек, мата, сәндік бұйымдарға қатысты - 16 сөздің мағыналары, олардың жергілікті қолданылу ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданып, сөз етіледі [2, 16].
Қазақ тіл біліміндегі бұл саладағы ең іргелі еңбек - Б. Абдығалиеваның Бытовая лексика казахского языка деп аталатын зерттеу жұмысы. Бұл жұмыста халықтың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын заттар атауларына талдау жасалынады. Олар төмендегідей топтарға жіктелінеді:
1)тұрғын үй және оның бөліктері;
2)үй іші тұрмысында қолданылатын заттар, үй аспаптары;
3)ыдыс-аяқ атаулары, киім-кешек атаулары, аяқ киім, бас киім атаулары, ат әбзелдері, тоқыма атауларына толық семантикалық талдау жасалынған. Сөйтіп тұрмыстық лексиканы алғаш рет зерттеу нысанына айналдырған [3].
Тұрмыстық лексика жайлы құнды деректерді Ж.А.Манкеева еңбектерінен кездестіреміз. Ғалым тұрмыстық лексикаға былайша баға береді: Сонымен, көне тамырлы этнолексика халықтың этномәдени тарихы және тілдік шығармашылығы туралы баға жетпес ақпарат көзі болып табылады. Оның негізін құрайтын тұрмыстық лексиканың дені - ұлттық материалдық мәдениеттің реликті, әрі рухани байлығымыздың түбірі. Себебі, бұл жүйедегі сөздер тек атауыштық қана қызмет атқармайды. Қазақ тіліндегі заттық мәдениетке қатысты атаулар немесе тұрмыстық лексика қазақ халқының материалдық өндірісінің деңгейін, сипатын, түрлерін және шаруашылық пен тұрғын үй мүліктері, киім мен тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қажет мұқтаждықты қамтамасыз етуге бағытталған қазақтың халықтық қолөнер бұйымдарын бейнелейді. Ал олар - қазақ халқының материалдық қана емес, рухани да байлығының көрсеткіші [2].
Кейбір зерттеушілер тұрмыстық лексиканы кәсіби лексикаға жақындата түсетіндігін атап көрсету қажет. Осыған белгілі бір негіздемелер бар, мәселен ол белгілі бір қолөнермен немесе шаруашылық үдеріспен байланыстылық, стилистикалық бейтараптылық және бірқатар атаулардың бірмағыналылығы және т.б. Алайда, жалпылама тұрмыстық лексика кәсіби лексикаға қарағанда шұғылданатын кәсібі біріктіретін белгілі бір топқа ғана тиесілі емес, - ол тіл иелерінің көпшілігіне тиесілі және де тұрмыс саласына жатады; ол белгілі бір грамматикалық категориялармен, жанрлық-стильдік бойынша қабаттарға бөлінумен, семантиканың диффузиялылығымен; полисемиямен және синонимдердің болуымен сипатталады.
Тұрмыстық лексика - халықтың материалдық өндірісінің деңгейін, сипатын, түрлерін және шаруашылық пен тұрғын үй мүліктері, киім мен тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қажет мұқтаждықты қамтамасыз етуге бағытталған қазақтың қолөнер бұйымдарын бейнелейтін кең көлемді сала.
Сонымен, ғалымдар топтастыруындағы, пікірлеріндегі тұрмыстық лексика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік, стилистикалық сипаттама
Сөз және мағына
Диалог түрінде сөйлеуге үйрету
Қазақ фразеологиясы
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі пәнінен дәрістер
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Пәндер