Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
Топтық жоба
Тақырыбы: Шешендік сөздердің зерттелуі, мазмұны мен құрылысы
Орындағандар: Жолдасбек Д., Алдабек Ә.,
Камалова М., Бошан Н., Балатай А.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Тұрдалиева Р.
Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
A) А.Байтұрсынұлы зерттеулері
B) Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиет
Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Баласағұни А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік өнердің бастауымен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты. 7 жарғы заңы Салон заңымен ұқсас. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол. Шешендік сөздерді халық әдетте белгілі бір аяулы аруының, ардагер асыл азаматтың есімдерімен қабыстыра қозғайды. Олардың санатына Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы болып табылады.
Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:
1.Майқы би мен Аяз биден басталады.12-13 ғасыр.
2. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі.14-16 ғасыр.
Осы екі дәуірдің шешендерін Ел құрасқан шешендер деп атайды.
3.17-18 ғасыр Ел қорғасқан шешендер Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын атайды.
4.18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ.
5.19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым батыр шешендіктері.
Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер бір ғана кезең, яғни ХYІІ - ХІХ ғасырлар арасын қамтиды да, осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздері тарихи әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талданады.
Өз кезінде жырау-шешендер, би-шешендер, ақын-шешендер артына ғибратты сөздер қалдырғанымен, шешендік сөздерді теориялық жағынан тұжырымдаған жоқ.
Ал А.Байтұрсынұлы зерттеулері - қазақ шешендік сөзінің сипаты мен түрлері, тілдік көркемдік белгілері туралы жазылған алғашқы еңбек. 1926 жылы жарық көрген Әдебиет танытқыш деген еңбегінде шешендік өнерді сөз өнеріне жатқызып, сөз өнерінің ішкі және тысқы қалпын теориялық жағынан толық негіздеп береді.
Гректер мен римдіктер өнердің патшасы ретінде санаған шешендік өнердің қазақ елінде де қасиеті саналғанын түсінген ғалым қазақ шешендік сөздерін зерттеп зерделеуде де алғашқы болады. Әдебиет танытқыш деген еңбегінде ол өнердің түрлі-түрлі болатындығын, солардың ішіндегі ең алды сөз өнері екендігін Өнер алды - қызыл тіл деген халық мақалымен растады. Бұл мақалды шығарған қазақтың сөз баққан, сөз күйттеген, сөз қадірін білген халық болғандығын айтты. Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы атын шығарма сөз деп атады да, ғалым шығарманың мазмұнына қарай үш түрге: әуезе, әліптеме, байымдамаға бөлінетіндігіне тоқталады. Болған оқиғаны бастан аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру-әуезе болады. Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару - әліптеме болады. Көсем сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма байымдама деп аталады. Сондықтан шығарманың асылы - байымдама дей келіп, оларды негізгі белгілеріне қарап бірнеше түрге бөледі де, шешен сөз бен көсем сөзді байымдауға жатқызады. Шешендік сөздің байымдамасы басқа түрлерінен өзгешелігі - шешен сөзде айтушының мақсаты баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру екендігін айтады. Оны істеу үшін, - дейді А.Байтұрсынұлы, - шешендер жай байымдаушыларша айтқан сөзі адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді. Сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып, билеп алып кетуге ыждағат етеді. Сондықтан шешен сөздің қыздырма яки қоздырма деген айрықша бөлімі болады. Оның қызметі - адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру. А.Байтұрсынұлының шешендік сөзге берген осы анықтамасын әлемдік дәрежеге көтерілген әйгілі шешендердің берген анықтамаларымен салыстырғанда, пікір ортақтығымен үндестікті табуға болады.
Мәселен, көне Грецияның атақты шешені Демосфеннің айтуы бойынша, шешеннің міндеті: 1) түсіндіру; 2) ояту; 3) ләззатқа бөлеу болса. А.Ф.Кони Сот және саясат тақырыптарындағы шешендік деген шығармасында: Шешендік дегеніміз - тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдарының жарқындығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет, тума қасиет, - деп жазған.
А.Байтұрсынұлы да өзге ғұламалар тәрізді шешендік сөздің құрылымын белгілеп береді. Ежелгі Рим дүниесіндегі шешендіктің теоретигі Цицерон нені айтуды білу үшін, шешендік сөздің құрылым жағынан үш бөліктен тұратынын білу керек, олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды екенін нұсқаса, А. Байтұрсынұлы: Шешен сөздің зор мүшелері бесеу: 1.Бастамасы. 2. Ұсынбасы. 3. Мазмұндамасы. 4. Қыздырмасы. 5. Қорытпасы - дейді. Ұлы ғалым әр бөліктің айтылу мақсатына қарай қажетті атауларды таңдап қоя білген.
Ұлттық шешендіктанудың ғылыми негіздерін жасап, методологиялық арналарын белгілеп берген А.Байтұрсынұлын қазақ шешендік сөздерінің алғашқы теоретигі деуге әбден болады. А.Байтұрсынұлы шешендік сөздерді шешендіктің тақырыбымен мазмұнына, айтылу орнына қарай бес түрге бөледі: а) шешендер жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде - саясат шешен сөзі деп аталады; б) шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау я қаралау мақсатпен сөйлеп сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздері - билік шешен сөзі деп аталады; в) біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі - қошемет шешен сөзі деп аталады; г) білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені - білімір шешен сөзі деп аталады; ж) дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі - уағыз деп аталады.
Ол демек шешендік сөздерді алғаш айтушы жеке адамдар болғанмен оны кейін өңдеп жөндеуші сақтаушы халық. Сондықтан оның шын иесі авторы да халық дейміз деген ой айтады. Ал оның шешендік сөздерден құрылысына қатысты бірен-саран өңдеу, жөндеу жасау кез келген кісінің қолынан келе бермейді - дейтін пікір де шешендік сөздердің халықтығын паш етіп тұрмағанын баяндауға болады.Шындығында М.Әуезов есте қалмаған ескі заманда шыққан Алдар көсе, Жиренше, шешен әңгімелерін, халықтық аңыздарды ғана қалың бұқара туындысы деп бағалаған. Демек тарихи таңба бедері бар шешендік сөздердің жолы басқаша. Олардың белгілі бір би шешенге тән екенін нақтылы тарихи оқиғалар шеңберінде айқындауға болады. Айталық Алты Емен дауына дауа сөзінің тек Бөлтірік шешен атынан айтылуының мәнісі осында. Көп нұсқалы болуын мұраны жеткізушінің шығармашылық құрамы деп түсінген жөн. Сонымен қатар шешендік сөздердің авторлығына қатысты мәселенің бірі - дәстүрлі шешендік сөздердің би шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі. Өйткені оларды айтушы адам сөзі өтімді болу үшін көнеден қалған сөзді өз елінің беделді би шешендерінің атынан айтқан.
Әйткенде, бұл кемшіліктердің сөзге ұйытудың тәсілі екені рас. Алайда дәстүрлі тарихи деректер мен шежірелер, жазба мұрағаттар айғақ болмақ жағдайларда да дәстүрлі шешендік сөздердің алғашқы шығарушысын айқындау қиын. Дейтұрғанмен де ауызша сақталып жеткен дәстүрлі шешендік сөздердің билер сөзі екенін жоққа шығара алмаймыз. Ал дәстүрлі шешендік сөздердің би шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі ауызша тарағандығымен байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпесе керек.
Олай болса, ұлы М.Әуезов пікірін қазық ете отырып, жаңаша таным тұрғысынан шешендік өнердің авторлы шығарма екенін танытатын еңбектің бірі - Бөлтірік Әлменұлының Шешендік сөздер жинағы.
Белгілі ғалым Ж.Дәндібаев Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері атты оқу құралында Бөлтіріктің Төленің шешендік сөздерін олардың төл туындысы ретінде қарастырады. Сондай-ақ белгіл би-шешендерінің өнер туындысының көркем шығарма екендігіне көз жеткізеді.
Сонымен қатар ұлы жазушы М.Әуезов аталмыш еңбегінің Билер айтысы деген тараушасында бұл жанрлық түрдің толық жиналмағандығы зерттеу ісінде қиындық келтіретінін, сондықтан оны сол кезеңде түгел жіктеп бөліп қоюға болмайтынын айта отырып: Бірақ бұл жіктеу уақытша ғана жіктеу және ылғи ішкі мағынасына қарай жасалған жіктер болады - деп ескертеді.
Шындығында М.Әуезовтің алғашқы жіктемелері кейінгі зерттеушілер - Ә.Қоңыратбаев, С.Садырбаев, Б.Искакова, С. Қасенов еңбектеріне ғылыми негіз болып, одан әрі дамытылды.
Жалпы М.Әуезов тұжырымдарының шешендік сөздері бүгінгі жаңаша таным көкжиегімен бағалауда айтарлықтай мәні бар.
Бұлардан басқа А.Байтұрсыновтың шешендік сөзді 5 түрге бөледі:
1.саясат шешендік сөзі.
2.билік шешендік сөзі.
3.қошемет шешендік сөзі.
4.білмір шешендік сөзі.
5.молдалардың уағыз сөзі.
Рабиға Сыздықова 4-ке бөлген:
1.әлеуметтік саяси мазмұнды шешендік сөз.
2.әлеуметтік тұрмыстық мазмұндық шешендік сөз.
3.білім, ғылымдық мазмұнды шешендік сөз.
4.сотта қолданатын шешендік сөз.
Г.З.Апесян 5 түрге бөледі:
1.әлеуметтік саяси шешендік.
2.академиялық шешендік.
3.сотта айтылатын шешендік.
4.әлеуметтік тұрмыстық шешендік.
5.діни қызметке қолданатын шешендік.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзбен басталады. Түсінік сөздің көркем болуы шарт емес, қысқа әрі нұсқа болуы шарты.
Қазақтың шешендік сөздері бата-тілектен бастап, бүкіл айшықты, өнегеліъөсиет сөздерді қамтиды. Шешендік сөздерді атадан балаға қайталап, ұропақтар сабақтастығы басынан кешірген алуан түрлі оқиғалардың нәтижесінде туған көрегні мен тергені көп терең ойдың қортындысы.
"Өнер алды - қызыл тіл" деп түсінген ата-бабамыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz