Идея Құдайдың ойлары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ» КАФЕДРАСЫ
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Августин Аврелий және Әл Ғазали»
Орындаған: Жолдасбек Д.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Балтабаев Н.
Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Августин Аврелий мен әл-Ғазали философиясының ұқсастықтары.
- Августин Аврелий мен әл-Ғазали философиясының айырмашылықтары.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиет
Бұл баяндамада орта ғасырлық христиан философиясының көрнекті өкілі Августин Аврелий мен орта ғасырлық мұсылман философиясының өкілі Әл Ғазали жайлы сөз етемін.
Теологияның негізгі қағидалары жалпы алғанда мыналар екені белгілі:
- Әлеуметтік дәрежесінің қандай екеніне қарамастан, кез-келген адам Құдайдың жердегі көрінісі болып табылады;
- Адамзаттың шыққан түбі бір;
- Адам баласы жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс.
Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философиясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен анық көрінеді.
Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, еуропоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың салқыны салдарынан орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде қарастырылды. Ал шындыққа көз ашып қарайтын болсақ, сонау антика заманы мен оның бер жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шығыстағы мұсылман философиясы еді.
Августин Аврелий (Блаженный) - 354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Христиан шіркеуінің дінбасысы және августизм ілімінін негізін салушы. Ол батыс философиясы мен католиктік теологияға үлкен ықпалын тигізді. Ол христиан дінінің ең атақты ойшылы мен жазушысы, ең беделді және белгілі шіркеудің әулиесі. Ол бірінші болып системалық христиан сенімшілдігін ашты, сондықтан оны римдік - католиктік те проваславтық шіркеуі де мойындайды да еңбегін аса жоғары бағалайды. Августиннің өмірлік жолы «Исповедь» деген шығармасында толық түрде жазылған. Еңбектері өте көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры», «Шындық».
Ол өзінің дүниетанымын христиандық діншіл - мифологиямен бірге философиялық қоршаған ортада болып жатқан әрекеттерді философиялық тұрғыда қабылдауды ұсынады. Августиннің пікірінше, философия тек нағыз діннің дәлелі. «Философия ол даналық емес, ол даналыққа деген махабатты білдіреді», - деп сөзін аяқтады. Оның ойынша тек дін ғана адамның небір жақсы тіпті керемет қасиеттерін аша алады, сол кезде ғана адам құдайдың құдіретін көре алады. Философиялық фундамент ретінде Августин Платонның еңбегін бағалады және оны Платон және Неоплатон деп екіге бөлді. Және де Платонның «Идеясына» жүгіне отырып, Құдай концепциясын түсіндірмек болады [1, 43] . Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
- Идея Құдайдың ойлары;
- Құдай таза Болмыс ретінде басқа заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
- Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратты;
- Consensus gentium - табиғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай дүниені Жаратушы деп мойындайды.
- Ең жоғарға бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.
Адамзаттың дамуын Августин үш сатыға бөледі:
- Бірінші жамандықтың пайда болуына дейін;
- Адамзаттың даму тарихынан бастап соңғы сот күніне дейінгі кезең;
- Соңғы сот күнінен кейін жақсылар Құдайдың қаласына, жамандар тозаққа мәңгі қиналуға түскенге дейінгі кезең.
Соған қарағанда Құдайдың жасаған әлемі адамзат тарихында ең бірінші және соңғы әлем болады.
Адамзаттың даму тарихын да үш кезеңге бөлді:
- Адамның пайда болуы мен жер бетінен жоғалып кетуі;
- Христостың келуі;
- Соңғы сот күні.
Августиннің ойынша, философиялық ойлау Құдайға сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойларына көз жүгіртетін болсақ, нағыз философ тек Құдайға жүгініп, қоршаған ортаға жүгінбеуі арқылы ғана нағыз философ бола алады деп есептеген. Августиннің дәл осы пайымдаулары оны басқа орта ғасырлық христиан өкілдерінен ерекше бөліп көрсетеді.
Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали (1059-) - мұсылман дүниесінде беделі мықты, Мұхаммед пайғамбардан кейінгі екінші мұсылман деген атаққа ие болған ойшыл. Европада туып-өсіп өмір сүрмеді демесе осы аймақтарда кең атақ болған адам. Ислам әлемі оған көзінің тірісінде «Шейх-ул-ислам» деген құрметті атақ берген.
Әл-Ғазалидің Ислам философиясының дамуына қосқан үлесі қандай болса, сопылық ғылымының да белгілі бір жүйеге келіп, қалыптасуына еңбегі сондай сіңген.
Әл-Ғазалидің сопылық дүниетаным бойынша қалдырған еңбектері суфизмнің теориясы мен тәрбиенің өзекті мәселелеріне арналған. Айта кетер болсам, бірқатар сондай еңбектерінің қатарына «Нұрды орын алу тәртібі», «Жұмыс өлшемі», «Інжілді бұрмалаушыларға нақтылы жауап» және төрт томдық «Діни ғылымдардың қайта өрлеуі» енеді.
Кезінде Ғазалиді христиан дініне іш тартты дегендер де болды. Оның себебі ол сопылық ілімнің барлық діндерге іштей жақындығы барын айтты. Осы пікірін «Інжілді бұрмалаушыларға нақтылы жауап» атты еңбегінде келтірген. Мұнда ол Інжілді түсіндіруші христиан ғалымдарын сынаған. Ғазалиді жете түсінбегендер, оның сөзі мен ісінің арасында алшақтық бар, іштей өзгеше пейілде болуы мүмкін деп жорамал жасаған.
Ғазали кәміл адам (инсан-и-кәмил) туралы «Мизан әл-амал» яғни «Жұмыс өлшемі» деген кітабында жан-жақты айтқан. Онда ол кәмілетті жан бір мезгілде бірнеше өлшемде /кеңістікте/ өмір сүруі ықтимал деген батыл ой айтқан. Тегінде кәмілетті адам идеясына соқпай өтпеген ғұлама болмаған. Себебі, мәселе адам және оның мүмкіндігі туралы сөз болғанда, адам - пенде, адам - Жаратушының құлы; адам - Құдай немесе Құдайдың ұлы сияқты ұғымдардың барлығын мойындау емес, осылардың діни қағидалар барын естен шығаруға болмайды. Сондықтан кәмілетті адам қандай жан деген сұрақ бүгінге дейін күн тәтібінен түскен жоқ. [2]
Суфизмнің көптеген идеяларын мұсылман әлемінің әл-Ғазали сияқты ірі теолог қостады. Әл-Ғазалиге дейін өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттік құрылым мәселесін айналып өте алмады. Әл-Ғазали өзінің бірқатар жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде сұлтанға ұсыныстар береді, сұлтанның нақты билігін заңдастыру негізінде оны нығайту мәселесін көтеріп, халифты сынайды. Ғазали халиф пен сұлтан арақатынасы мәселесін жан-жақты сипаттап, имамат теориясын дайындайды. Ғазалидің пікірінше, мемлекет ислам мен мұсылманша өмір сүру тәртібін қорғауға тиіс. Ол «Философтарды терістеу» деген еңбегінде Фарабиді, Ибн Синаны сынап, оларға «әлемнің ешнәрседен жаратылысы» туралы өз идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол бүкіл қоршаған әлемге өзінің ықпалын жүргізетін Құдайдың шексіз еркі туралы ойды негіздейді.
Әл-Ғазали рухпен бірге денені де адамның болмыс бітімінің бір бөлшегі, табиғи шындық деп есептеуі өмірде адамның денесіне баға берілу керектігі түріндегі көзқарасын назарға алып осы тұрғыдан оның дуалист болғанын айта кеткен де орынды болар. Яғни дін туралы білімді тек ақылмен қорытып шығару мүмкін емес. Оның табиғаты - мистикалық мәнде. Дін туралы мұндай ғылымның аты - ғалам. Бұл еңбек туралы ойды қоғамдау жеңіл емес. Ғазали өмірде кездесетін әр түрлі мәндегі күнәлар адам затының төрт сипатына қатысты дейді: бірінші - хайуан инстинкті, екінші - тағылық инстинкті, үшінші - Құдайға қарсылық, надандық, төртінші өзінің жоғары күшке ие екендігі туралы жалған сана. Ғұлама осылардың қасиеттерін толық таратады.
Августин Аврелий мен әл-Ғазали философиясының ұқсастықтары.
Өз ғасырындағы философияның көрнекті өкілдеріне айналған бұл екі ғалымның арасында айтарлықтай ұқсастықтар бары көрінеді. Олар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz