Азаулы және Доспамбет жырау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Доспамбет жырау өмірінен мәлімет
Орындаған: Джолмурзаева А.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Омаров Н.
Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
* Доспамбет жырау өмірінен мәлімет
* Озушылар, озмаңыз!
* Азаулы және Доспамбет жырау
* Пайдаланылған әдебиет
Доспамбет жырау (1490-1523) -- жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады.
Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. Айнала бұлақ басы таң, Тоғай, тоғай, тоғай су, Азау, азау дегенің, Арғымаққа оқ тиді, Қоғалы көлдер, қом сулар, Айналайын, Ақ Жайық т.б шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.
Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен.
Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М.Османовтың Ноғай уа құмық шығырлары атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы В.Радловтың Халық әдебиетінің үлгілері деген жинағына басылды. Оның жырлары Ертедегі әдебиет нұсқалары, Алдаспан, XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Бес ғасыр жырлайды, т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.
Озушылар, озмаңыз!
Доспамбет жыраудың соңғы демі жарық дүниенің ең соңғы бір сабақ жібіндей болып үзілгелі жатқан сәтте, бұ дүния мен о дүния ақын көкірегінде түйісіп қалған сәтте, ақынды ала қашуға келген ажалдың алдынан жасын жырлар от шашқан сәтте ажал да адамға тәуелді болып қалған сияқты. Отты жырлар ақынның оққағарларындай ажалды аластап, оны көпке дейін өз иесіне маңайлатпағандай әсер береді.
Ақынның қысқа ғана өмірбаянында оның соңғы сөздері делінетін өлеңдері ажал алдындағы адамның асыққан сөздеріндей емес, ғұмыр философиясының теориялары болып тереңнен, дәуірдің деректерін екшегендей баппен, жүз жасаған адамның сөзіндей байсалдылықпен айтылады. Бұл сөздер - өз иесінің өмірін ұзарта түсуге қызмет еткен киелі сөздер.
Жарық дүниеден озарында соңғы сөзін айтып қалуға мүмкіндігі болған адам Жаратушы иеміздің аса зор рахымшылығы түскен адам шығар. Егер солай болса, мұндай рахымшылыққа бөленген жанның бірі - Доспамбет жырау. Ол 1523 жылы қазіргі Астрахань маңында ұрыс үстінде опат болған көрінеді.
Доспамбет жырау сонда отызға да жеткен жоқ екен.
- Озушылар, озмаңыз, - деп басталатын жолдар жыраудың отызға да тола алмай, бар мен жоқтың арасында жатқан сол сәтінің куәгерлері. Бұл ақынның қайғылы қазаны естірткелі оза шауып бара жатқандарға қарата айтқаны еді. Осы бір жолдар көкіректен асыға шығып, хабаршыларды тоқтатпаққа олардың артынан аһ! ұра ұша жөнелгендей. Бірақ бабалар салтында қазаның хабарын тоқтатуға болмайтын еді. Озушылар қайдан тоқтасын. Бұл сөздер де өз иесінің енді бұ дүниянікі емес екендігін сезіп барып, ауырлай кері қайтып, әр сөздің жаны қиналып, қара жерге сіңіп кетердей болып тұрған жоқ па?!
- Озушылар, озмаңыз!
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз.
Ол өзінің шаһит кешкендігі туралы хабардың елге жеткенін қаламады. Еліне барып, қақ төрге шығып отырып алар қаралы хабардың жолын кесудің амалын іздеп жыраудың алас ұрғанын көреміз. Бір ғажабы - бар мен жоқтың арасында жатқан ақынның сөзінде орда бұзар жасында қиылып бара жатқанына қиналғандай бір ишара сөз жоқ. Тек озушыларды тоқтатпаққа ұмтылады. Бірақ енді олардың да тоқтамасын түсінген соң, озсаң оз, тек бізім бетке бармаңыз! деп өтініп жатыр. Барса, олармен бірге өзінің Доспамбет батыр! Доспамбет жырау! болып емес, Доспамбетке уақыт болды! деген қаралы хабарға айналып жететінін көріп, қиналды. Көмекей мен көңілді қара жамылған сөздердің иеленбегенін қалады. Өйткені қара жамылған сөз де өзіндік қаралы энергия. Бұл - бізге көне дәуірден Доспамбеттің сөзімен жеткен, бәлкім, Доспамбет ашқан психологиялық-философиялық жаңалық десек болады. Бірақ оның қаралы энергия екендігін Доспамбеттің түсіндіріп жатуға уақыты болмай жатты және ғұлама адам әр сөзін тәптіштеп түсіндіре беруге құлықты да болмайды ғой. Өйткені оны өзі көріп тұрған шексіз ауқымда немесе қалпында түсіндіріп беру мүмкін де емес. Сол сөздердің ішкі кеңістігі, яғни, сол сөз тіркестерінің қанатын жайғандағы құлашы тым алыстарды орағытып барып келіп тұрады. Жаһұт тасты көріп пе едіңіз?
Көрдіңіз. Соған дәл қазір ойша қарасаңыз, не көрер едіңіз? Сіздің көріп тұрғаныңызды бір ғана сөзбен құбылып тұр дейміз. Құбылып тұруы - сол тастың күллі ғұмырында бойына жинақтаған байлығы, турасын айтқанда - ақпараты. Ол ақпарат миллион жаққа қарай таралып, миллион бағытты көрсетіп тұр. Ол су мен ауаның және түрлі тіршілік иелері қалдықтарының ең құнарлы атомдары мен молекулаларының өз заңдылықтары бо-йынша аса көркемдікпен және белгілі бір тартылу тәртіптері арқылы дәлдікпен үйлесуі. Дәл сол сияқты ақынның айтатын сөзі де - ой-шексіздігінің шыңырауларынан алып шыққан табиғи түрде үйлескен жаһұты. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz