Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық мені арқылы танимыз


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Шалкиіз Тіленшіұлы»

Орындаған: Жолдасбек Д.

Тобы: Фи-17-1к1

Қабылдаған: Омаров Н.

Шымкент қ., 2019 ж.

Жоспар:

  • Шалкиіз (Шалгез) жырау Тіленшіұлы өмірінен мәлімет.
  • Мұрасының зерттелуі.
  • Шалкиіздің өзінен кейінгі ой мен сөз шеберлеріне әсері.
  • Пайдаланылған әдебиет

Қазақ поэзиясының атасы - Шалкиіз жырау 1465 жылдар шамасында Жайық бойында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылса да, арабша оқып, хат таныған. Өзге түркі тілдес халықтарға қарағанда шығармалары қазақ арасында ең көп сақталған жырау есімі «Шалгез» аталып кеткен. (Сал - кез, Шәлі - киіз аталуы туралы аңыздар) . Шын аты Телағыс екен. Қазір бізге белгілі Шалкездің мұрасы 760 жолдай. Оның 500 жолдайы қазақ арасынан, 260 жолдайы ноғайлар арасынан жиналған. Жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаларға жатады. Шалкиіздің бір шоғыр жыры Темір биге арналады. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Тор балаң құсты қолға алып», «Арық хан», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» т. б.

Оның барлық толғаулары - заман, өмір, мораль туралы дидактикалық шешендік туындылар. Шалкиіз шығармаларынан айқын аңғарылатын сыр -оның логикалық жағынан жүйелі келуі. Жырау туындыларына ұйытқы болған оқиғалар аса көп емес, әйтсе де оның өмір кезеңдерін, дәуірге көзқарасын өлең-толғауларына қарап мол сезінуге болады. Шалкиіз жырларында суреттелетін адамдар -Темір, Азике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық «мені» арқылы танимыз. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермеген, турашылдығынан танбаған. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді. Шалкиіз - көбі мақалға айналып кеткен талай афористік сөздердің авторы. (Жаман туған бар болса, жаман жолдас көп болса, жазаны содан көрерсің т. б. )

Ел әңгімелерінің айтуынша, Шалгез батыр болған. Жауынгер, жорықшы жырау болғандығы оның өз шығармаларынан да көрінеді. Шалгез поэзиясы белгілі дәрежеде жаугершілік поэзиясы. Мұның куәсі жыраудың ескілік қаруы имек садақ пен қайқы қылыштан тым аулақ тұрмағанын көрсететін өлеңдерінен-ақ байқауға болады. («Аспанды бұлт құрсайды», «Балпаң-балпаң басқан күн», «Асқар, асқар, асқар тау» т. б. ) .

Қазақ батырларының өзіндік орын-үлесін, белгі-ерекшеліктерін көрсететін «Ер Шобан» жырында Шалкиіз елдік, ерлік мәселелерін көтереді. Шын мәнісіндегі жыраулық поэзияны жасаушы болған Шалгез дидактикасын кейінгі жыршылар да азық етті.

Сондықтан да жыраулық поэзияның гүлдену дәуірі Шалкиізбен байланысты, өйткені ол - қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.

Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның «Асқар, асқар, асқар тау…», «Қоғалы көлдер…», «Арғымақ ару аттар…», «Ор, ор қоян, ор қоян…», т. б. шығармаларында орта ғасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикалық түсініктер көрініс тапқан. Ал «Алаштан байтақ озбасы…», «Жапырағы жасыл жаутерек», «Ер шобан», т. б. жырлары ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы. Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары ? «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан» толғаулары.

Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Оның шығармалары 19 ғасырдан бері қарай қағаз бетіне түсе бастады. Қазан төңкерісінен кейін 1875 жылы орыс және қазақ тілдерінде «Императорлық орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің жазбалары» жинағында жарияланды. Кейін аталған жинақта, «Астараханский вестник» газетінде, Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясында» және басқа да жинақтарда, ал кеңес дәуірінде «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18 ғасырлар қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында жарық көрді. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 9 том

Қазақ жыраулық поэзиясының атасы Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Жыраудың әкесі, сірә, сахара ақсүйектерінің бірі болса керек, ал шешесі кейін Кіші жүздің ұйытқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда (Заяицкая Орда) аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы екен. Болашақ жырау үш айлығында анасынан айрылады да, нағашы әжесінің қолына беріледі. Сөйтіп, Дәшті-Қыпшақ жерін жайлаған түркі руларының бірінен екіншісіне көшкен бір ғасырға жуық сапары жөргектен басталады. Мұсылманша жақсы білім, сахара салтымен тамаша тәрбие алған ол қай атырапта өсіп, ержетті - бұл жағы белгісіз. Тек айдынды аламан ғана емес, арқалы жырау ретінде де даңқы шыққан Шалкиізді 1490 жылы Ноғайлы әміршісі Темір бидің төңірегінен көреміз. Шығармаларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскери жорықтар сапында, бірде әміршісінің нөкері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шығады. Алайда тәкаппар жырау Темірмен үнемі жарастық таба бермеген. Темір өлгеннен соң жырау (тәрізі, осы уақытқа дейін өзімен қырбай болып жүрген) Мұса ұрпақтарымен қайта табысады. Өз заманындағы саяси күрестердің ешқайсысынан сыртқары қалмаған Шалкиіз Ноғайлыда XVI ғасырдың 40-жылдары басталған Жүсіп пен Исмайылдың әйгілі тартысы кезінде Жүсіпті жақтайды. Алайда дұшпандары тарапынан қуғынға, достары тарапынан күндеуге ұшыраған жырау көп ұзамай нағашыларымен біржола араздасып, Қазақ Ордасына қайта өтеді.

Шалкиіздің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шалкиіз әке-шешесі белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы - Мұсаның қолында тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Ғасырдан ғасырға көшіп, аңызға айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтас бұл әңгімелер жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты деректер бермегенмен, атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан шындық сілемін аңғартқандай. Ол шындық - Шалкиіздің Орақ, Мамай мырзалармен не өзі қасына көп ерген Темір бимен бірге тумағандығы. Сондықтан да қанша айбарлы батыр, айдынды жырау болса да, өмір тәлкегін көп көргендігі. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қорындағы Әкіш ақсақал тапсырған қолжазбада: «Шалкиіз Мұсаның қызынан, Орақпен тетелес апасынан туған», - делінеді. Осы деректер негізінде бұл пікірді М. Мағауин өз зерттеулерінде келтіреді. Ғалым Ә. Дербісалин Шәлгезді Мұса бидің жиені санау жансақ пікір дейді. Ә. Дербісалин пікірінше, Шәлгез Орақ, Мамаймен замандас, жасы қатар адам. Сондықтан оның қызынан тууы мүмкін емес. Бұл әлі де анықтай түсуді қажет етеді.

Шалкиіз жыраудың өмір сүрген дәуірі мен мекені туралы ел аузынан жазылған қолжазбалар мен жыраудың өз шығармалары ғана хабар береді. Ертелі-кешті жырау шығармалары жарияланған жинақтарда, қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлы жырлаған «Шалкиіз» толғауында, сондай-ақ ел аузынан жазылған материалдарда Шалкиіздің «ноғайлы» екендігі айтылады. Біздің қолымыздағы «Шалкиіз батырдың Орақ, Мамайға айтқаны» деген қолжазбада жыраудың балалық, жігіттік шағы Орақ, Мамай маңында өткендігі, бірақ батырдың Ноғай ордасындағы бедел, құрметін күндегендер оны елден кетірмек болып, жауға жалғыз жұмсағаны, батырдың жауды жеңіп келіп, аттан түспестен, Орақ, Мамай мен жиналған жұртқа жыр толғап - өкпесін айтып, жапан-түзге кеткені айтылады. Аталмыш материалдарға қарағанда, Шалкиіздің Ордада - Орақ, Мамай маңында өсіп, бедел-даңқы сол кезде белгілі болғаны көрінеді.

Шалкиіз Темір биге Орақ, Мамай ордасынан кеткесін барғанға ұқсайды. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» деген толғауларына қарағанда, оның Темір бидің қолбастар батыры, жұртты аузына қаратқан аталы сөз айтар ақылшы жырауы болғандығы аңғарылады. Өкпелеп, ажырап кетіп барып қайта табысады. Бұл жайды аталмыш толғаулар мазмұнынан және В. В. Радлов ноғайлар арасынан жазып алған «Шалкиіз» деген материалдан, «Шайыр» жинағындағы жырау шығармаларына берілген түсініктерден айқын көреміз.

Соңғы жылдарда табылған, яки ноғайлар арасынан жазылған Шалкиіз өлеңдері де жырау өмірі туралы жаңа деректермен толықтыра түседі. Ноғайлар арасынан филология ғылымының кандидаты А. Сиқалиев жазып алып, жариялаған «Мен иемнің күнінде», «Алай жаным» деген өлеңдеріне, Үпі (Уфа) архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дәптеріндегі «Әжікам, сен Мансұрұлы Тоқусан» деген өлеңіне қарағанда, Шалкиіз бірқатар уақыт Әзике (Әжіке) сырза қарамағында болады.

«Біздің қолымызда бар деректерден», -деп жазады М. Мағауин, - Шалкиіздің Темір би өлгеннен соңғы өмірі Мамайдың және оның інісі Жүсіптің төңірегінде өткендігі көрінеді.

Мен жоғарыда баяндап өткен жайларға қарағанда, Шалкиіздің ХV ғасырдың ІІ жартысы мен ХVІ ғасырдың 70-жылдары аралығында өмір сүргені аңғарылады. Ел аузынан жиналған материалдарда Шәлгездің сәби кезінде Орақ, Мамай аты белгілі батырлар. Зерттеушілер мәліметіне сүйенсек, Алшағырұлы Орақ 1496-1548 жылдарда өмір сүрген. Мамай 1549 жылы өледі. Шамамен Орақ 20-25-терде батыр атанды десек, Шалкиіз 1516-1520 жылдар дүниеге келген болады. Бірақ бұл жоба тарихи деректерге қайшы келеді. Себебі, Шалкиіз ұлығылай жырлайтын Темір би 1480 жылы Угре жорығына қатысады, ХV ғасырдың 90-жылдары тарих сахнасынан кетеді, Ноғай Ордасын 1504 жылы оның ұлы Тәуекел билейді. Демек, Шалкиіздің Темір дүниеден өткесін тууы шындыққа сәйкес келмейді. Бұған қарағанда, дәл сол тұста ел аузынан жазылған деректерге сүйенудің жөні жоқ. Себебі, тарихи деректерде Орақ, Мамай Шалкиізбен тұрғылас, тіпті бірқатар жас кіші боп та шығады.

Шалкиізді Хақназарға кетуге мәжбүр еткен Жүсіп 1554 жылы өледі. Бұл кезде жырау Орақ, Мамай, Би Темір, Тәуекел, Әзике, Жүсіп маңында болып, Қазақ хандығына барған, егдерген кезі еді. Шалкиізді ХV ғасырдың ІІ жартысы мен ХVІ ғасырдың орта кезі аралығында өмір сүрген деу орынды.

Ел аузынан жиналған қолжазбалар мен ХХ ғасыр бас кезінде баспа жүзін көрген кітаптарда Шалкиіз ноғайлының жырауы еді делінеді.

«Шайыр» жинағындағы Шалкиіз толғауына берілген түсінікте оның Қояс руынан екені айтылады. Бұл деректі ел аузынан жазылған шежірелер де бекіте түседі. Алшын ішіндегі «ноғайлы» құрамындағы Қояс руының қариясы Ақбаев Елеш өзін Шалкиіз батыр ұрпағы санайды.

Шалкиіз шыққан Қояс руы қазіргі ноғай халқы құрамындағы тайпалар мен ру аттары арасында кездеспейді. Бұған қарағанда, Ноғай Ордасының көптеген рулары Еділдің Кавказ бетіне көшенде, Қояс руы түгелдей Алшын арасында қалса керек. Немесе Қояс руы Ноғай батыр дәуірінен (ХІІІ ғ-дан бері) Алшын арасында жүрген түрік-моңғол руларының бірі, кейін барып «ноғайлы» не «ноғай-қазақ» руы құрамына кіруі мүмкін. Демек, Қояс руы бағзы «ноғайлы» руы болсын әлде Ноғай Ордасы сарқыншағы болсын, қалай болғанда да, Шалкиіз Ноғайлы елінде, Ноғайлы аймағында - Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келіп, бар өмірін Еділ, Жайықтан Қазан мен Түменге, Жемнен Сыр сағасына дейінгі Қыпшақ даласында өткізгендігі аңғарылады.

«…Өз заманы үшін қадірлі де құрметті кейбір шығармалары ауызша ғана тарап қоймай, жазбаша да тарағандығы туралы болжам жасауға итермелейді. Мүмкін, бізге жеткен М. Османов, Ғ. Мұштах (Ғ. Қараш) жинақтарына негіз болған ел ішіндегі қолжазбалар, Үпі архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» сол дәуірдегі жазбалардан біреу көшіру арқылы жеткен мұралар болар. Мұндай жазбалар ертелі-кешті архив қазыналары мен сол кезде ноғайлы аталған аймақтан тараған түркі тілдес халықтар арасынан табылуы мүмкін.

Шалкиіздің «Ғизмет иәм би Темір», «Бәйтерек», «Арық хан», «Қатынасы биік көлдерден», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» өлеңдері мен кейбір жыр жолдары қазақ, ноғай арасынан жиналған жырау мұрасының қай-қайсысында да кездеседі. Ал Шалкиіз мұрасының ең маңызды әрі көлемдісі саналатын «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауларының қазақ арасынан жиналып, алды бұдан бір ғасыр бұрын (1875) жарық көрген.

Шалкиіздің бізге жеткен жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаға жатады. Ол өз көңіл күйін толғайтын бірділі-екілі толғауының өзінде де өмір заңдылығын, заман үлгісін қатар суреттей отырады. Жырау - «отбасы, Ошақ қасының» қарапайым пендешілік халіне айналмай, өзіне дейінгі Һәм өз заманындағы қилы-қилы сырларға көз жібереді, өмірде көрген көп жайларын көңіл таразысына салып, қорыта толғайды, көсем көңілмен, өнегелі сөзбен ізгілікке үндейді.

Шалкиіз шығармалары ой, мазмұны жағынан қисынды, жүйелі келеді. Мысалы, өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір тирададан тұратын «Би Темірге айтқаны» толғауын алайық. Кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы «күйбеңдескен көп жаман» жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті Һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орғыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды. Шалкиіз нөсер алдындағы түнерген аспанды, көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып отырған жоқ.

Көп ішінде бір жалғыз

Көп мұңайып жылайды.

Күйбеңдеген көп жаман

Сөзі тигенге ұқсайды.

Міне, алғашқы тираданың соңғы төрт жолының өзінде де жанама хабар айтқандай, жай жоспармен, меңзей толғайды. Ал екінші шумақта өзі үшін Темір би кім еді, үшіншіде өзі Темір үшін кім еді, - соны жырлайды.

Кемел ақыл, кенен ой, бұлтартпас биік, тепсінген тегеурінмен Темір биді тізгіндеп, жуасытып алған жырау кейінгі бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы шумақтарында ақыл, ғибратқа көшеді. Шалкиіз бұл тұста «шамаңды біл, жасық жима, асыл жи» дегендей. Тек толғау соңында ғана тағы да бәсік көңілмен үшінші шумақта айтқан Темірге ақ адалдығын дамыта, тереңдете түседі.

Шалкиіз жырларында суреттелетін адамдар - Темір, Әзике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Жыраудың өзін біз көбінесе лирикалық «Мені» арқылы танимыз. Осылардың ішінде жыраудың Темір би мен өзін бейнелеуінен сөз зергерлігін анық аңғарамыз.

Темірді құдіретті етіп көрсетуде жырау оны сахара аспаны астында көздеген жеміне жасындай ойнап, жайдай жарқ етер сұңқардың тегеурініне балайды. Жырау «қу сұлтаны - саһар, саһарды сайлап қаусырған боз сұңқар» - Темірді құс азғыны құладынға қарама-қарсы қойып, шендестіре суреттейді. Шалкиіз бейнелеуінің әсерлілігі сол - әлгі сұңқардың сұмдық қайрат-қуаты мен қимыл-әрекетін көріп отырғандай сезінесің. Демек, бұл жырау сөзінің эмоциялық әсер-қуатының күштілігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалкиіз жырау
Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету
Олжас Сүлейменов өмірбаяны
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Ортағасырлық мәдениет және мемлекет қайраткерлері: асан қайғы, қазтуған, шалкиіз және жиембет жыраулар
Жыраулар поэзиясы туралы
Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz