Қожаберген жыраудың шығармашылығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Батыр жырау - Қожаберген»
Орындаған: Жолдасбек Д.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Омаров Н.
Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
- Кіріспе
- Қожаберген жыраудың шығармашылығы
- Қожаберген жыраудың шығармашылығы туралы зерттеулер
- Пайдаланылған әдебиет
Ақындықта Қожаберген жырауға Дәстем сал, Бұқар, Ақтам-бердi, Үмбетей, Тәтiқара, Жанкiсi (Көшебе керей) жыраулар шә-кiрт болып, одан үлгi-өнеге алса, батырлықта Бақсары, Бөгенбай, Жәнiбек (Кiшi Арғын) үшеуiнен бастап, Бөкенбай Мергенұлына (1717-1758ж. ж. ) дейiнгi батыр атаулы сол Толыбай сыншыұлы ордабасыға шәкiрт болып, одан тәлiм-тәрбие алыпты.
Қожабергеннiң бар айыбы сол, оның өмiрi мен қоғамдық қызметiнiң, шығармаларының дер кезiнде жиналмай-зерттелмей қалғандығы, iздеушiсi болмағандығы. Қожаберген шығармаларының кейбiреуi қазақ халқының ХIХ ғасырда өмiр сүрген педагог жазушысы, ағартушы-демократы Ыбырай Алтынсарин құрастырып, 1879 жылы Орынбор баспасында жарық көрген “Қазақ хрестоматиясынан” (жинақ) және оның 1896 жылы Қазанда жарық көрген “Мәктубат” деген кiтабынан орын алған, ол жинақтарда ақынның бiрнеше өлеңдерiнен үзiндiлер берiлген. Соңғы жиырма бес жылда Толыбайсыншыұлы ақынның өмiрi мен шығармашылығы бiр шама зерттелiп, ол 1983 жылы “Ғылым” баспасынан жарық көрген. “Ерте дәуiрдегi қазақ әдебиетi” атты жинаққа ендi және онда Қожаберген жыраудың “Елiм-ай” әнi мен күйiн, жыр-дастанын шығарғандығы айтылып, сол зерттеуде талданып жазылды.
Қожаберген ақынның өмiрi мен қоғамдық қызметi туралы деректер және оның “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” тарихи жырын шығарғандығы туралы республикалық газет-журналдарда, облыстық, аудандық газеттерде бiрталай зерттеу мақалалары жарияланды. Атап айтқанда, филология ғылымынын кандидаты М. Жармұхаммедов “Қазақ әдебиетi” газетiнде 1981 жылы 15 мамырда “Елiм-ай” жыр-дастаны” атты, ғылыми қызметкер Г. Тұрсынова “Мәдениет және тұрмыс” журналының 1981 жылғы 6-санында “Қаратаудың басынан көш келедi” деген, белгiлi драматург-жазушы Н. Әбутәлиев “Жұлдыз” журналының 1984 жылғы 3-санында Қожаберген жырау атты, осы жолдардың авторларының бiрi “Мәдениет және тұрмыс” журналының 1988 жылғы 6-санында “Елiм-ай” деген, 1988 жылы 27 қыркүйекте жазушы Н. Әбуталиев пен әдебиетшi-ғалым М. Жармұхамедов “Алматы ақшамы” газетiнде ““Елiм-айдың” аторы кiм?” атты, шежiрешi М. Болатов “Жезқазған туы” газетiнiң 1982 жылғы 22 қантардағы санында ““Елiм-ай” жыр-дастанының авторы Қожаберген жырау хақында” деген, белгiлi әдебиетшi-ғалым Т. Сүлейменов “Еңбек таңы” журналының 1989 жылғы 2-санында “Қазақ есiмi хақында” атты, шежiрешi, қарт мұғалiм Е. Қалданов “Қызыл ту” газетiнiң 1990 жылғы 23-24 қазандағы сандарында “Елiм-ай” атты деректi де көлемдi мақалаларын жариялатқан едi. Бұлардан басқа да Қожа-берген жырау туралы бiрнеше автордың 1982-2001 жылдар аралығында газет-журналдарда отызға тарта зерттеу мақалалары жарық көрдi және сол Толыбайсыншыұлы ақынның есiмiн атап оның шығармаларынан үзiндiлер келтiрiлген бiрнеше автордың жиырма шақты мақалалары 1988-2001 жж. аралығында республикалық газет-журналдарда, облыстық, аудандық газеттерде жарияланды. Олардан басқа Ш. Смағұлов, Қ. Омаров, Қ. Биғожин, Қ. Мұқанов, Ғ. Қадрәлi, С. Жұмабаев сияқты жергiлiктi зерттеушiлердiң ғылыми мақалалары және жергiлiктi жазушы Ожан Қалиевтiң Қожабергенге арнаған дастаны жарық көрдi.
Солтүстiк Қазақстан облысының (Қызылжар аймағының) топырағында бұрынғы - соңды дүниеге келген ақын-жыраулардың (Кеңес дәуiрiне дейiнгi) өмiрлерi мен қоғамдық қызметтер туралы деректер мен шағармаларының дер кезiнде жиналмай - зерттелмей қалуына, бiрiншiден, облысқа 1936 жылға дейiн де, одан кейiн де әдеби-тарихи экспедицияның сапарларға шықпауы себеп болды. 1936 жылы жазда жазушылар: Iлияс Жансүгiров, Бейiмбет Майлин, Ғабит Мүсiрепов - үшеуi бастаған бiр топ әдебиетшiлер мен тарихшылар экспедиция жасаған. Олар облыстан Қожаберген жыраудан бастап, Бiржан Берденұлы ақынға дейнгi ақын-жыраулардың өмiрлерi мен қоғамдық қызметтерi туралы деректер мен олардың шығармаларын жинапты. Алайда аталмыш экспедициялық топтың жинаған мұралары 1937 жылғы зобалаңда құрып кетiптi. Екiншiден, облыстан не әдебиет зерттеушiсi, не тарих зерттеушiсi, не ән-күй зерттеушiсi шықпауы да ақын-жырау, шешен бабаларымыздың еңбектерiнiң зерттелмей қалуына тағы себепкер болды. Қожаберген жырау шығармалары, әсiресе, “Елiм-ай” тарихи жырының бiрiншi бөлiмi және екiншi, үшiншi бөлiмдерiнiң үзiндi-лерi, “Баба тiл” дастаны және басқа өлеңдерi туған республика-мыздың әр облысында тұратын жекелеген азаматтардың абдыра-сының түбiнде сақталып, бiздiң кезеңге жеткен. Ел iшiнде “Ата тек”, “Қойлыбай әулие”, “Қызылжар” дастандарының үзiндiлерi, “Үш би”, “Үш Тәуке”, “Үш құрдас”, “Күлдiрмамай”, “Едiге биге”, “Жетi жарғы” және басқа өлеңдерi ұшырасып қалып жүрдi.
Толыбайсыншыұлы ақын “Бағылан баба”, “Фархад баһадұр”, “Ғадыл Танаш”, “Едiге баба”, “Балға-Балта батырлар”, “Ер Аббас”, “Ер Көшебе”, “Ата тек”, “Баба тiл”, “Алтай батыр”, “Елiм-ай” және басқа көптеген дастан, “Қойлыбай әулие”, “Бiлерсiң”, “Күлдiрмамай”, “Жетi жарғы”, “Үш би”, “Қайран, жастық”, “Едi-ге биге”, “Жастық”, “Ақсауыт”, және басқа бiрталай өлеңдер, “Бүркiт қонған”, “Көк Есiл”, “Айша”, “Қызылжар”, “Қайран, Арқа”, “Елiм-ай”, “Қалмақ қырылған”, “Ел айырылған” және бiраз күйлер шығарса да, оның толып жатқан шығармаларының басым көпшiлiгi бiздiң кезеңге келiп жетпедi. Қожабергеннiң әндерi мен күйлерiнiң соңғы орындаушысы Iргебай Қоржынкөлұлы (1891-1966 жж. ) осыдан отыз жетi жыл бұрын Ресейге қарасты Қорған облысының Макушин ауданындағы Күмiскөл (Қожаберген жыраудың Күмiс көлi атанған көл ғой) деген селода ауырып қайтыс болды.
Сонымен қатар, 1723 жылғы аса iрi апаттың халық ұғымында қалған атауы “Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама” деген сөз тiркестерi де Қожабергеннiң “Елiм-ай” жыр-дастанының бiрiншi бөлiмiнiң аяқ жағында келетiн мына шұмақта әдемi зерленген:
«Атсыз қап жұрт жүрiсi шабан болды,
Халқыма аштық, соғыс жаман болды.
Басталып ел сұлауы Алакөлден,
Ақтабан шұбырынды заман болды».
Алакөлдi кейiн бiреулер жаңылысып Алқакөл деп керi ұғынған сияқты. Өйткенi, Алқакөл деген атақты үлкен көл қазақ даласында арғы-бергiде болған емес. Баба жырау бәйбiшесi Айшаны ертiп, сол 1723 жылдың қараша айында (бас кезiнде) өз елiне келе жатып, орталық Сарыарқадағы Қорғалжын көлi аймағында ағайын-туғандарымен, ұлдарымен, қызымен аман табысады. Өйткенi, Қожабергеннiң елi Керей-Уақ та, оған көшiп келiп паналаған Барабы, Барын, Ескер атты Сiбiр татарының рулары да, Шалабай Башқұрттары да 1723 жылы ала жаздай жоңғар қалмақ басқыншыларымен соғысып, ақыры жеңiлген соң, көше қашып, сол жылы жаздың аяғында Қорғалжын аймағына келiп қоныстаныпты. Оны Толыбайсыншыұлы батыр-ақын “Елiм-ай” жырының екiншi бөлiмiнiң басында айқын суреттеп кеткен.
Қожабергеннiң бәйбiшесiнiң есiмi - Айша, ол Кiшi жүз iшiнде Он екi ата Байұлыға жататын Есентемiр елiнiң басшысы Қабылан бидiң қызы екен. Толыбай сыншыұлы жыраудың Айшадан туған Әди, Әли, Әсет, Есет, Әбет, Науан, Мәди, Нәби, Ақыл, Бағдат, Мамай, Ноғай, Сағади, Тоқтамыс, Бектемiс, Бекет, Балқан есiмдi он жетi ұлы, Зейнеп есiмдi жалғыз қызы болыпты. Ақынның аттары аталған он жетi баласының жетеуi және ер жеткен он бiр немересi ұзақ жылға созылған ұлт-азаттық соғыста жау қолынан мерт болған екен.
Қожаберген жырау өмiр сүрген заманда Керей-Уақ бытырамаған, қалың ауылды, адам саны көп ел болыпты. 1723-1759 жылдары аралығында болған қанды айқастарда көп жауынгерлерiнен айырылса да, Орта жүз Керей-Уақ 1795 жылдың наурыз айына дейiн ара жiгi ажырамаған, ауыз бiрлiктi жұрт болыпты.
Қожаберген жыраудың “Елiм-ай” эпопеялық жыры қазақ халқының сыртқы жауларға қарсы бағытталған жарты ғасырлық әрi әдiлеттi, әрi азаттық соғысын суреттеуге арналған маңызы кесек тарихи шығарма. Жырдың бiрiншi бөлiмi де, жыр мен аттас келетiн Толыбайсыншыұлы өнерпаздың “Елiм-ай” әнi мен “Елiм-ай” күйi де 1723 жылғы күзде болған орасан қырғынды ел басына келген ауыртпалықты көпке сол күйiнде жеткiзуге бағышталған. Сонымен қатар “Елiм-айдың” бiрiншi бөлiмiн жартылай өмiбаяндық дастан десек, ешбiр қателеспеймiз. Өйткенi, осы жырда Қожаберген сазгер өз өмiрiнен бiрталай мағлұмат берген.
Толыбайсыншыұлы жыраудың “Елiм-ай” дастаны - бiр нұсқалы жыр. Оның кейбiр сөздерi ауыздан-ауызға көше жүрiп, өзгерiске ұшырағанына қарамай, әркiмдердiң қолында жүрген үзiндiлерiн сол дастанның өзге нұсқалары деп терiс түсiнуден аулақ болайық. Егер сол үзiндiлердi бөлек нұсқа деп керiсiнше ұғынып жүрген адамдар әркiмдердiң қолында жүрген үзiндiлердi жинап әкеп, “Елiм-ай” жырының бiрiншi бөлiмiнiң толық нұсқасымен салыстырса, олардың “Елiм-ай” дастанының бiрiншi бөлiмiнiң ел iшiнде шашырап жүрген үзiндiлерi екенiн анық аңғарар едi. “Елiм-ай” жырын оқуға жұртшылық неге антық? Себебi: Қожаберген шығарған “Елiм-ай” дастанының тарихи жағынан құндылығы өте зор! Қожаберген бабаның өмiр жолы да, оның тарихи шығармасы “Елiм-ай” да жастарды, жасөспiрiмдердi, жас балдырған шәкiрттердi отаншылдыққа, адалдыққа, бауырмалдыққа, турашылдыққа, әдiлдiкке, татулыққа, ұйымшылдыққа, көпшiлдiкке, жауынгерлiкке, достыққа тәрбиелеуге үндейдi.
Сонымен қатар, Толыбайсыншыұлы сардар “Елiм-ай” жырында 1723 жылғы үлкен апат тек өзiнiң туған халқы қазаққа ғана емес, туысқан да көршi Ноғай, Қарақалпақ, Қырғыз, Шалабай Башқұрттары, Сiбiр Татары халықтарына да кенеттен келген зор iндет екенiн ашық та дәлелдi түрде баяндап өтедi. Әрине, бұл жағдайды екiнiң бiрi бiле бермеуi де мүмкiн.
Ақын “Елiм-ай” хиссасының бiрiншi бөлiмiнде тек қана соғыстарды баяндап қоймай, туған халқымыздың жер-суларының бұрынғы кездегi атауларын, тұрмыс-салтын, кәсiбiн, елдiң iшкi-сыртқы саяси жағдайларын, көршiлес мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанын, түрiк тектес елдердi, Сiбiр татарына жататын руларды, қалмақтың шыққан тегiн, оның түрiк халқына жатпайтынын, қалмаққа жататын тайпаларды дұрыс, айқын түрде көрсетiп берген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz