Саяси жүйелер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ және МӘДЕНИЕТТАНУ кафедрасы

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлау және сайлау жүйелері

Орындаған: Алдабек Ә.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Байзакова А.

Шымкент қ., 2018 ж.
Жоспар:
I. Саяси жүйе;
II. Саяси режим;
III. Сайлау және сайлау жүйелері;
IV. Пайдаланылған әдебиет

Жалпы алғанда ғылымда жүйелік әдіс саяси жүйелерді қоршаған ортаның әсерін сезінетін ағза ретінде қабылдауына негізделеді. Саяси өмір адамдардың тәртібі мен тиімді іс-әрекеттердің барлық көп түрлілігі тұтас алғанда жүйелік реттің құбылысы ретінде талданып, ғылымдағы жүйелілік әдістеменің бар құралын пайдаланудың жетістігі ретінде қарастырылады.
Саяси өмірді мұндай түсіну саяси ғылымдағы категориялық және ғылыми-танымдық аппаратты барынша байытып, ХХ ғасырдың ортасында саяси ғылым эволюциясына жаңа бағыт әкелді. Сонда да саясаттануға жүйелілік сараптауды енгізудегі эвристикалық құндылықтарына қарамастан, ол әрине абсолютті даусыз теория бола алмады, өйткені жүйелілік әдістің сыналған кемшіліктері саяси жүйенің теориясында сөзсіз өзіне тән жүзеге асыруларын тапты. Қалай болмасын жаңа теория терең зерттелген концептуальды және ғылыми-категориалды аппараты мен өзінің дәстүрі бар теория ретінде көрініп, саяси ғылымдағы басқа концепциялармен қатар берік позицияны иеленді. Ол динамикалы дамып жатқан саяси ғылым үшін әлеуметтік-саяси өмірдің күрделі мәселелерін зерттеуде жаңа көкжиектер ашты.
Саясаттануда жүйелілік әдіс пайда болғанға дейін кең таралған құбылыс саяси шындықты бөлшектеу мен ерекшелеу болды. Сол кезде оны тұтас қараудың қажеттілігі болды. Саяси жүйе ұғымы өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде түсіндірілетіндіктен, бұл қайтадан бағытталуға жол береді.Осыдан саяси жүйені нақты қоғамда бақыланатын, саяси ортаға батырылған және оның әсеріне жауап беретін, саяси бірлесіп әрекет етудің жиынтығы ретінде зерттеу қажеттілігі туындайды. Ол тұтастықтың бір бөлігі ретінде көрінеді.
Алғашқыда саяси ғылымға жүйелілік әдістемесі әлеуметтанудан көрнекті американ ғалымы Толкотт Парсонстың еңбектерінің арқасында келді. Мәні бойынша, Парсонс қоғамды 4 жүйенің бірлескен әрекеті ретінде көрсете отырып, жалпы қоғамдық өмірді жүйелі сараптаудың негізін салды: социеталды бірлестік, фидуциарлы жүйешік, саясат пен экономика. Бұл үлгіде бірінші жүйешік ережелерден тұрады және интеграция қызметін атқарады, екіншісі - құндылықтардан тұрады және үлгінің ұдайы өндірісіне жауап береді, үшіншісі-ұжымдардан қалыптасады және мақсатқа жетуге қызмет етеді, төртіншісінің құрылымдық компоненті ретінде рөлі бар, ал негізгі міндеті-әлеуметтік жүйенің бейімделуі. Мұнда өзара байланыста болатын және әрқайсысы өз қызметін атқаратын, ұдайы өндірісті және әлеуметтік ағзаның тұтастығын қамтамасыз ететін элементтерден құралған әлеуметтік жүйенің бөлінуі байқалады.
Әлеуметтік жүйені мұндай талқылау Парсонс жасаған әлеуметтік ағзаның құрылымдық-функционалдық үлгісіне негізделеді. Қоғам оның түсінігінде белгілі бір рөлі мен маңызы бар, қатыстылы тұрақты құрылым аспектілері бар көптеген адамдардың үздіксіз әрекеттесуінен көрінеді. Әлеуметтік институттарды ол әлеуметтік әрекеттерді өзінше реттейтін, барынша қатыстылы тұрақты құрылымдар ретінде көре отырып, әлеуметтік жүйенің құрылымының негізін құрайтын және қоғамның мүшелерінен күтілетін тәртіпті анықтайтын үлгі мен моделдердің жиынтығы ретінде көрсетеді. Оларға сондай-ақ үрдіс ұғымы қосылып, құрылым ұғымына жұп болады. Функция құрылым мен үрдісті байланыстырады және жүйе үшін мағына береді.
Парсонс әлеуметтік жүйенің екі бағыты бар деп санайды: біріншісі-жүйе қоршаған ортаның құбылыстарына немесе ішкі мәселелерге бағытталғанын көрсетеді, екіншісі - жүйе бір минуттық қажеттіліктерге немесе ұзақ уақыттық мүдделерге жауап қайтарады. Бір бағыттың екіншісіне сүйенуі жүйенің негізгі төрт қызметін бөліп көрсетеді - бейімделу, мақсатқа жету, интеграция және үлгіні қолдау (әлеуметтік жүйе деңгейінде экономикалық, саяси, құқықтық және моральдік-идеологиялық жүйешіктерде жүзеге асырылатын қызметтер туралы сөз болып отыр). Көрсетілген қызметтердің күрделі шиеленісі кезінде әлеуметтік жүйенің құрылымдық-функционалдық табиғаты жүзеге асырылады.
Саяси жүйеге көптеген әсерді жоғарғы деңгейде қысқарту индикаторлар санын шектеу мақсатында Истон кіру және шығу ұғымдарын қолданды. Саяси жүйенің оны қоршаған ортасымен өзара байланысын айырбас термині арқылы білдіреді.Ал трансакция терминінің көмегімен саяси жүйеге қоршаған ортаның бір бағыттағы әрекеті фактісіне көңіл аударылады немесе кері әрекет сәйкес жүйеге кері жауапты уақытша елемеу шарты.
Кіру ұғымының мәні оның көмегімен біз саяси жүйенің айналасында болып жатқан көптеген әртүрлі жағдайлар мен оқиғалар әсерінің жалпы тиімділігін сипаттауға мүмкіндік алатынымызда. Олар қоршаған ортада болып жатқан барлық топталған түрде толықтыратын жалпы өзгерістер қасиетін атқара алады. Жалпы өзгерістер саяси дағдарысты қамтамасыз етуі мүмкін.
Истон тиімді құрал ретінде қоршаған орта жағынан әсерді зерттеуді екі негізгі кіріс түрінде қарастырады: талаптар мен қолдау. Олар ылғи да жүйеге оның тұрақты жұмыс істеуі үшін еніп тұруы тиіс. Оған қоса олар қайшылықтың потенциалды бастамалары болып табылады және басқарылуы тиіс, яғни талап пен қолдаудың белгілі бір динамикалы ара салмағы болуы тиіс. Талап, Истон бойынша билік субъектілері жағынан бөлуді міндеттеуші заңдылық пікірін білдіру формасын көрсететін үш негізгі қызметті атқарады:
А) саяси конверсия барысында бірінші функционалды қадамды көрсететін талапты білдіру;
Б) талаптарды реттеу немесе түсіп жатқан ағымды сүзгіден өткізу және құрылымдық пен мәдени деңгейде оны арналандыру;
В) талаптарды қысқарту немесе жүйелеу, тәртіпке салу, саяси жүйеде көрінетін белгілі бір балама санға әкелу.
Шығу термині оның айналасы үшін саяси жүйенің ауысу тәртібінің көптеген салдарларын сараптауға көмектеседі. Олар қоршаған ортаға жүйенің әсерін сезіну тәсілдерін және талап пен қолдаудың кіруші факторларының түрлерін өзгерте отырып, жанама өзіне-өзі негіздеуге мүмкіндік береді. Биліктің әрекеті мен шешімін Истон кіру мен шығудың қайта құрылуы ретінде қарайды. Соңғысы тек қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйе туралы ұғым,түрлері,элементтері,және тармақтары. Ашық және жабық жүйелер
Саяси жүйе
Саяси жүйе туралы
Саяси жүйенің ұғымы, қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде
Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің басты элементі, өзегі - саяси билік
Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет
Қоғамның саяси жүйесінің даму
Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы
Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
Пәндер