Қорқыт ата кітабының жырлары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

Баяндама

Тақырыбы: «Қорқыт ата»

Орындаған: Джолмурзаева А.

Тобы: Фи-17-1к1

Қабылдаған: Елтаева Ж.

Шымкент қ., 2018 ж.

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Қорқыт ата
  • Қорқыт атаның нақыл сөздері
  • «Қорқыт ата» кітабы
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиет

Түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.
Қорқыт-VIII ғасырда Сыр бойында бұрыңғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде
Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабы VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, Қазан
бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, Оғыз қаған жыры т. б.

Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қорқыт асқан күйші ғана емес, қазақ музыкасының, ән - күй өнерінің атасы. Оның шын мәніндегі күйші - композитор болғандығын ел ішінде сақталған «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны» атты муз. шығармалары дәлелдейді. Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы, Найман бала жырларында Қорқыт ата олардың ұстаз-пірі ретінде жиі аталады. Мыс., «Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата, Бата алған барлық бақсы ата. Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен, Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда», -деген жыр тармақтары мұра қалдырған Қорқыттың әдеби-муз. мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына (Қорқыт «Китаби дәдәм Қорқыт») . Оның мазары соңғы кезге дейін Сырдария өзенінің жағасында сақталып келеді (қ. Қорқыт мазары) . Қорқыт ел аузында таралған аңыздарда білмейтін, мәңгі жасайтын өмір іздеуші ретінде суреттеледі. Аңызда Қорқыт желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүниенің төрт бұрышын түгел аралайды. Бірақ оның алдынан шыққан көк майса «қуарып солдым» деп, аспанмен тілдескен асқар тау «Бұрын сәулетті едік, мыжырайып біттік» деп мұңаяды. Жапырағы сарғайған қара орман қайғымен басын шайқайды. Ол қайда барса да, көр қазып жатқандарға кездеседі. Қорқыт өлімге қарсы ем іздеуге әрекеттенеді, бірақ ол еңбегінен де ештеме шықпайды. Соңында «Өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген қорытынды жасап, өмірінің кейінгі кезін қобыз тартумен өткізеді. Өлмеуді, мәңгі өмірді қобыз үнін іздейді. Негізінде, өлімге қарсы күрес ислам дінінің жораларымен сыйыспайды. Сондықтан аңыз Қорқыт атына байланысты айтылғанымен оның шығу, таралу тарихы түркі халықтарына ислам діні тарамай тұрған кезге саяды. Сол сияқты шумер халқының атақты дастаны «Ғылғамыш» («Гильгамеш») пен Сібір түркі халықтары арасында кең тараған «Ерлікхан» әңгімесінде де Қорқыт туралы аңыздағыдай өлімге қарсы күрес суреттеледі.

Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді.

  1. Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге

байланысты нақыл сөздері:

  • Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ

несібесінен артығын жемес

  • Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас,

Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды

  • Алла, алла демейінше іс өнбес, қадір тәңірі демейінше ер байымас
  • Баба малынан не пайда, баста дәулет болмаса
  1. Қорқыт атаның ана туралы нақыл сөздері:
  • Ана - ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы
  • Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман
  • Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас
  • Ниеті құрыған әйел, нысапсыз әйел, кесір әйел
  1. Тәлім-тәрбиеге байланысты қанатты сөздері:
  • Қыз ақылды ескермес-ана үлгісін көрмесе

Ұл жарылқап ас бермес-әке үлгісін көрмесе.

  • Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды.
  • Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ.
  • Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген де сөзді айтпас.
  • Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып,

ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы.

  1. Өмір мен өлім туралы қанатты сөздері:
  • Өмір барда өлім бар, өзгеру бар.
  • Өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады.
  • Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес.
  • Өлген адам тірілмес.
  • Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді.
  • Өлімді тоқтатса, тек өнер ғана тоқтатар
  1. Туған жер, елге арналған қанатты сөздері:
  • Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі
  • Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды
  • Ат қиналмай жол шалмас
  • Қар қаншама қалың жауғанмен - жазға бармас

«Қорқыт ата» кітабы- түрік қағанаты дәуірінде өмірге келген ерлік эпосының бірі . Алайда бүл кітапта Түрік қағанаты дәуірінен сан ғасырлар бүрын орын алған кейбір тарихи оқиғалар қамтылған. „Қорқыт ата кітабы»-түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы түрмысын, әдет-ғүрпын, салт- санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тари- хи мүра. Қорқыт ата хикаясы - VII-VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы үрпақтан-үрпаққа та- раған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса қүнды көркем туынды. Ал, Қорқыт атаның өзі туралы бүл тақырыпты үзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә. Марғүлан төмендегідей пікір айтады: «Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (үзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі үрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән- күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады».

Сонымен күй атасы, жыр атасы, данышпан қарт Қорқыт ата туралы қазақ арасында ежелден-ақ сан қилы аңыз-әфсаналар кең тарағаны жақсы мәлім. Соның өзінде мүндай аңыз-хикаялардың бірқатары сол дәуірдің тарихи шындығына жақын түрады. Енді он екі жырдан немесе он екі қаһармандық дастанынан түратын «Қорқыт ата кітабының» өзіне оралайық. Алдымен «Қорқыт ата кітабының» қолжазба нүсқаларының табылуы, зерттелуі және басқа тілдерге аударма жасалуы туралы қысқаша айта кетелік.

Біздің дәуірімізге дейін «Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нүсқасы сақталып келген. Солардың бірі қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Бүл қолжазба кітаптың мүқабасында көрсетілген аты: «Кітаби дедем Қоркут ғали лисани таифаи у огузан», яғни «Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабы». «Қорқыт ата кітабының» осы Дрезден қолжазбасы он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады.

Ал, «Қорқыт ата кітабының» екінші қолжазба нүсқасы Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бүл қолжазба алты жырдан қүралған, ол: «Хикаят оғызнаме Қазанбек уа ғайри» деп аталады. Мүны осы кітапханадан тауып, итальян тіліне түңғыш рет аударған ғалым Этторе Росси болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата туралы
Корқыт ата кітабы
«Қорқыт ата кітабы» - тарихи мұра
Қорқыт (VIII-IX ғғ.)
Қорқыт ата жырларының тәрбиелік маңызы
Қорқыт жырлары
Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі
Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз
Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, тарихи шежірелер
Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz