Дауысты фонемалар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Дауысты фонемалар»

Орындаған: Джолмурзаева А .

Тобы: Фи-17-1к1

Қабылдаған: Ырсымбетова Н.

Шымкент қ., 2018 ж.

Жоспар:

  • Дауысты дыбыстар
  • Негізгі ерекшеліктері
  • Дауысты дыбыстың топтастырылуы
  • Дауысты фонемалардың қасиеті
  • Пайдаланылған әдебиет

Дауыстық керілу нәтижесінде, ауыз қуысынан кедергісіз шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы арқылы жасалынады.

Дауысты дыбыстардың негізгі ерекшеліктері:

  • дауыстылардың жасалатын орны -тамақ тұсы;
  • дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа -біркелкі, баяушығады;
  • дауыстылардың ішкі сапасы -таза үннентұрады;
  • дауыстылардың үн сапасында -жаңғырық (резонация) молболады ;
  • дауыстылардыжан-жақты құбылтуғаболады ;
  • дауыстылар сөз ішіндебуын жігін құрайдыжәне дауыссыздарментіркесе алады.

Дауысты дыбыс тілдің қалпына қарай, жақтың ашылу қалпына қарай, еріннің қатысына қарай үш топқа қарастырылады.

Тілдің қалпына қарай дауысты дыбыстар жуан және жіңіке олып бөлінеді. Жуан дауыстылар (гуттураль) - тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жасалады. Оларды кейде тіл арты дауысты дыбыстар деп те атайды. Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы. Жіңішке дауыстылар (палаталь) - тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар. Оларды кейде тіл алды дауысты дыбыстар деп те атайды. Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ә, е, ө, ү, і.

Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып бөлінеді. Ашық дауыстылар - жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар деп атаймыз. Ашық дауыстылар мыналар: а, ә, о, ө . Қысаң дауыстылар - жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар деп атаймыз. Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і.

Дауысты фонемалар еріннің қатысына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді. Еріндік дауыстылар - еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз. Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү. Езулік дауыстылар - езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз. Езулік дауыстылар мыналар: а, ә, е, ы, і.

Дауысты фонемалар бір буынды түбірде, сонымен қатар көп буынды сөздің бас (бірінші) буынында фонемалық мәні айқын да тұрақты көрінеді. Ал сөздің екінші буынынан бастап олардың фонемалық күші әлсірей береді. Бұл өзі екінші буыннан бастап кейбір фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол береді. Мысалы: өлең (өлөң), өнер (өнөр), өте (өтө), үлкен (үлкөн), үкі (үкү), кітап (кітэп), мұғалім (мүғалым) . Мұндай сөзді жазылуынша айту ерсі болғанмен, мағынасын түсінуге көп кедергі бола алмайды.

Дауыстылардың айтылу, жазылуы ерекшеліктерін талдай келіп, жекелеген дауыстыларға мынандай мінездеме береміз:

А фонемасы тілде ең көп кездесетін көнеден келе жаткан фонемалардың бірі. Жазудағы таңбасы - а.

А әрпінен басталатын сөздер көне түркі тілінде («Древнетюркский словарь» (1969 ж. бойынша) к, т әрпінен кейін үшінші орында тұрса, қазіргі қазақ тілінде («Қазак тілінің орфографиялык сөздігі» 1988 бойынша) үшінші орында тұр. Ал «Қазак тілінің түсіндірме сөздігінде (10 томдық) 7-ші орында.

Сөздің басында және бас (бірінші) буында жазылатын «а» әрпі ылғи да «а» фонемасына сай келеді.

А фонемасы барынша ашық, жуан. Ал езулік күші ы, і фонемаларына қарағанда әлсіз, сондыктан да ол жуан (о, ұ) еріндіктерден кейін ашык

айтылады: отау, ұшақ, тұмау.

А фонемасы өзге жуан (о, ұ, ы) дауыстылар мен қатар сөздің барлык буындарында айтыла да, жазыла да береді. Айтуда кейде о-ға жуықтап кететінде кездері бар: ойбой (ойбай), ойқой (айхай), ойпырой (ойпырай), ойпұрмой (ойпырмай), айнолайын-айдолойұн (айналайын) . Тіпті бұлар көркем шығарма текстерінде де кездеседі.

Жазуда а кейбір жіңішке дауыстылардың таңбаларымен қатар түзейтін тұстары бар:ділда, ләззат, кітап, қазір, қажет, қазірет, мейман, мейрам. Қазіргі кезде жазуына жуык дыбысталып жүрген мұндай кірме (араб-парсы) сөздерді қарапайым казак бірыңғай не жуан, не жіңішке айтпасқа лажы жок: ділдэ, ләзәт, кітэп, казыр-кәзір, кадыр-кәдір т. б.

А жеке тұрып сөз (а-од, а-эріп, а-дыбыс), сөздерге жалғанатын қосымша да (ат- а, сан-а, анам-а, балам-а, ойлан-а, ойландыр-а) бола алады.

Орыс тілінің а фонемасы екпін түсіп тұрған кезде қазақ тіліндегі а-ға жуық айтылады: бал, бар, зал, класс, квас, май, стаж, старт, шар, штамп. Ал акт, адрес, армия, бак, фактор, факел, шкаф сияқты сөздерде (кейбір, к, г, е, и дыбыстардың әсерінен) ауызекі айтуда ә-ге жуыктап кететіні байкалады. Дұрысы, а фонемасын анық айтуға тырысу керек. Қалган жағдайда екпінсіз а

әлсіреп (ә, е, и, ы дыбыстарына жуыктап) он шақты түрде (аллофон) айтылады. Мұны тілімізге ертеректе енген баркыт (бархат), бәтеңке (ботинка) облыс (област), самаурын (самовар), сияқты сөздер де аңғартады.

Қазіргі қазақ тілінде норма болып саналатын анкет, газет, контор, кординат, минут, секунд, пар, фанер, цифр, сияқты сөздердің соңындағы а-ның түсіп қалуының бір себебі осы екпінсіз а-ның әлсіреп айтылуынан деуге болады.

Қазақ тіліндегі шын мәніндегі ашық фонемалар - а және ә. Бұлардың бір- бірінен айырмашылығы: біріншісі - жуан, екіншісі жіңішке, яғни а тілдің кейін шегінуінен, ә ілгері жылжуынан жасалады. Ал еріннің қатысы жағынан бұл екеуі бір-біріне жуық.

«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады делінген.

«Ә» фонемасының қазақ тілінде сирек кездесуінің (онда да, көбіне бірінші буында кездесуінің) басты себебін профессор Н. В. Юшманов, профессор Е. Д. Поливанов т. б. мамандар қазақ тіліне басқа күншығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты қарастырады. Ал түркі тілдерінің дыбыс жүйесін тыңғылыкқы қарастырған соңғы монографияда ә фонемасының көнеден келе жатқаны дәлелденген.

Қазақ тілінде «ә» фонемасы сирек кездескенімен, көнеден келе жатқан төл дыбыстардың катарына жатқызамыз. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде 67 мың сөз бар десек, соның 19 проценті дауыстылардан басталады. Соның ішінде ә әрпінен басталатын сөздердің саны - 870. Бұл жағынан а (4440), е (2249) болмаса, қалған дауыстылар бір - біріне қарайлас. Орфографияға сәйкес ә эрпі барлығы 2, 5 мыңдай сөздің бірінші уынында кездеседі.

Ауызекі сөйлеу тілінде ә фонемасы әлдеқайда көп қолданады.

С. Омарбеков пен Н. Жүнісовтың «Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі» (1985) деп аталатын оқу құралдарында қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесін, әдеби айту нормаларын пайымдай келе, а және ә фонемаларын жан-жақты зерттейді: «Әсіресе а мен ә дауыстыларының бірінің орнына бірінің қолданылуы - говорларымызға тамырын кең жайған кұбылыс. Мұндай дыбыстық кұбылыстың ең жиі байқалатын жері - қазақ топырағының оңтүстік өңірі. Әсіресе біз оны Орта Азия республикаларының ішкі қоныстары мен соған іргелес жатқан атыраптарының қазағының тілінен молынан ұшыратамыз» дейді де, отыз тоғыз сөз алып, оның аталған өңірде, онымен көршілес өзбек, карақалпақ тілдерінде, сондай-ақ қазақтың көпшілік говорында және әдеби тілінде айту нұсқаларымен салыстырады.

Қазақ тілінде ә дыбысының сөйлеу тілінде а фонемасына әсер етіп, тіпті үшінші буынға дейін әсер етеді. Бұл туралы зерттеулерде былай дейді: «Алфавит құрамында арнаулы ә әрпі бар біздің тіліміздің жазу жүйесінде осы дыбыстың еленбей қалатыны көп. Мәселен: шәй, шәш, жәй, шэршә, жэйлі дегендер айтылуы жіңішке бола тұрса да, емле тэртібінде шай, шарша, жайлы деп жазатын ретіміз бар. Сол сияқты: Күләндә, Кәмилә, Жәмилә, Әлимэ, Сэбирэ сынды кісі аттарының соңғы дыбысын оларға жалғанатын септіктердің табиғатына сүйеніп жуан етіп жазамыз. Айтылуына келсек, осы кісі есімдерінің соңғы дыбысының ә екені кәміл. Оның үстіне осы арадағы адам есімдеріне дәл барыстан өзге септіктердің айтылуында жуан жалғануының өзі екіталай. Жәмиләдан ба, Жәмиләдән ба? - бұл арасы соншалық айқын емес».

Н. Уәлиев кей сөздердің бірінші, екінші буындарында жазылатын а, ә әріптерінің фонетикалық болмысын қосымшалар арқылы пайымдауға болатынын айтады. Мысалы, хал, халге, халі. «Сөзге қосылатын қосымшалар сол сөздегі дауыстының ә фонемасы екендігін «хабарлап» тұрады».

Қорытындылайтын болсақ, а және ә дыбыстары - артикуляциялық жақтан бір-біріне жуық айтылатын фонемалар. Сондықтан жергілікті тілдер ерекшелігінде, ауызекі сөйлеу тілінде бірінің орнына бірі қолданыла да береді.

«Е, ы, і» фонемалары езулік, қысаңдағы және тілде қолданылуы жағынан бір-біріне ұқсайды. Ал е фонемасының алдынан и айтылады.

« Е, ы, і» әріптері сөздің барлық буындарында жазылады, бірақ олар ылғи да е, ы, і болып дыбыстала бермейді. Бұлардың еріндіктермен (соның ішінде дауыссыз у мен де ) қатар тұрып айтылу мүмкіндіктері жоққа тән. Өзен, өлең, өнер, осы, орын, оқы, ұлы, ұғым, ұзын, үлкен, түйе, түлкі, журек, өмір, мазмұны, балбұлы, дәстүрі, ауыл, бауыр, жауын, әуе, әуен, әуес, дәуір сияқты сөздердің құрамында е, ы, і дыбыс емес тек әріп. Айтуда олар ө, ұ, ү түрінде болады. Соңы ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге - у жұрнағы жалғанады да, ы ұ-ға, і ү-ге айналады, жазуда бірақ әріппен (у) таңбаланады, алжы-алжұу (жазылуы алжу), жылжы-жылжұу, жылы-жылұу, сыргы-сыргұу, тепші-тепшуу, терші-тершүу. Сөз мағынасына нұсқан келмейтін жағдайда еріндік дауыссыз «у» дың алдында келген «е» аздап еріндік болып та айтылады: біреу, екеу, бесеу, жетеу, крнеу, бермеу, келммеу, сермеу, ілмеу. Езулік дауыстылардың еріндіктермен қатар айтылуы, айтылмауы олардың ашық (а, ә) қысаңдығымен (е, ы, і) байланысты. Қысаң ы, і фонемалары көп буынды сөздерде кейде көмескі естіледі.

Жалғанатын қосымша дауысты болса, немесе дауыстыдан басталса, кейбір сөздердің екінші буынындағы ы, і (айтуда да, жазуда да) түсіп калады: халық-халқы, қарын-қарны, қалып-қалпы, ырық-ырқьі, қырық-қырқы, айыр- айрық, сарық-сарқыл-сарқадьі, ерін-ерні, ерік-еркі, кейіп-кейпі, ірік-іркіп-іркеді, қырық-қырқып-қырқады. Бұл қасиет е фонемасында жок.

Еріндік о, ө фонемалары бір-бірінен тек жуан (о) жіңішкелігімен (ө) ғана ажырайды. Бұл екеуінің де алдынан әнтек у (бірінде жуан, бірінде жіңішке) айтылады. Тілде о, ө-нің ү, ұ (көбіне диалектіде) түрінде кездесуі бұлардың айтылуы жағынан жуықтығын көрсетеді: домала-дұмала, оян-ұян, қош-құш, қолдану-құлдану, сұра-сора, мұқал-моқалу, сорақы-сұрақы, үлгер-үлгір, төңірек-төңерек, өйтіп-үйтіп, бөгелек-бүгелек, бүлдірге-бүлдіргі. Ал жақтың катысы жағынан бұлар кысаң дауыстыларға жуық. Кейбір себептермен бұлар жартылай ашықтарға жатқызылады.

Еріндік о фонемасының өзге формалардан ерекшелігі бұл байырғы сөздердің бірінші буынында ғана айтылады және жазылады. Тек -қор, -қой, -гой қосымшалары түрінде келгенде ғана екінші, үшінші буындарда айтылады да, жазыла да береді: даңқой, есепқор, еңбекқор, бейнетқор, шайқор, сәнқой, әуесқой.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркология
Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі
Дауыссыз дыбыстар емлесі
Фонема және оның варианты диалектілік бірліктегі категория
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі
Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы
Қазіргі қазақ фонетикасы жайлы
Қазақ тілінің вокализм және консонантизм жүйесі, жіктеу принциптері
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің өзге тілдерден айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz