Саяси ілімдер тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ және МӘДЕНИЕТТАНУ кафедрасы

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Өркениет тарихындағы саяси ойдың даму кезеңдері

Орындаған: Жолдасбек Д.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Байзакова А.

Шымкент қ., 2018 ж.
Жоспар:
I. Саяси ілімдер тарихы
II. Саяси ілімдер тарихының хронологиялық және мазмұндық кезеңдері
III. Пайдаланылған әдебиет

Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.
Саяси ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі төрт кезеңге бөлуге болады:
* Ежелгі замандағы саяси ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан - б.з. V ғасырына дейін).
* Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдер тарихы (V-XVIIғғ).
* Жаңа заман және ХХ ғасырға дейінгі саяси ілімдер тарихы.
* ХХ және ХХІ ғасырлардағы саясат туралы ойлар.
Саяси ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп - білгісі келген. Ежелгі Шығыс ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құбылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездеге пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болғаны белгілі. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдыретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің бір ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, Қытайда сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдыретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептеледі. Әрине, діни көзқарастар мен парадигмалар ғылыми болып саналмайды, бірақ біз мұны жоққа да шығара алмаймыз, себебі қазіргі кезде діннің қайтадан қоғамда үлкен орын ала бастағанына қарасақ, мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы діннің орны ерекше.
Ежелгі шығыстың саяси ойлары (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, заңшылдар мектебі).
Ежелгі Грекия мен ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Аристотель,Цицерон).
Ортағасырлық Шығыстағы саяси ойлар (Әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи).
Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық ортағасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский).
Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден).
Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо).
ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В.Парето, Д.Истон, Г.Моска, М.Вебер, Т.Парсонс, М.Дюверже)
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты.
Платон - антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі (б.з.д. 407-399). Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.
Платонның шәкірті Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: Афины политиясы, Саясат, Никомах этикасы. Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде арифметикалық теңдік қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы - азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі геометриялық теңдік принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.
* Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития;
* Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.
Ежелгі Үндістандағы саяси ілім үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді.
Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.з.д. екі мыңыншы жылдықтағы Веда ескерткіштерінде кездеседі. Веда - білім, кіріспе (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелері құдай көрсетіп берген дхармаға - заңдарға, міндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиіс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдік жағдайда көрсетіледі. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Саяси процесс
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Саяси ойлар
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Пәндер