Қазақ тіліндегі буын алмасу үдерісі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Қазақ тіліндегі буын алмасу үдерісі»

Орындаған: Камалова М .

Тобы: Фи-17-1к1

Қабылдаған: Ырсымбетова Н.

Шымкент қ., 2018 ж.

Жоспар:

  • Буын
  • Буын жылысуы
  • Буын ығысуы
  • Пайдаланылған әдебиет

Сөз айтылғанда, тұтас бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша, т. б.

Буын - ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар тобы.

Буынға тән белгілер:

  1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс.
  2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады.
  3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі.
  4. Буындар қос дауыссыздан басталмайды.
  5. Бас буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды.
  6. Дауыссыз дыбыс буын бола алмайды.
  7. Сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын саны әрқашан бір-бірімен сай келуі шарт емес.

Сөйлеуде бір дыбыс екінші дыбыспен, бір буын екінші буынмен, бір сөз екінші сөзбен ұштасып жатады. Сондықтан буындар өзара бір - бірімен алмасып, кейде бір буынның жігі ыдырап, екінші буынның дыбыс саны көбейіп отырады.

Фонетиканың басқа оқулығында буындар арасында дауыстының түсіп қалуын ( торы ат-торат ) буын ығысуы, «дауыссыздың кейінгі буынға сырғуын» ( аты-а-ты ) буын жылысуы деп атайды. Соңғыны буын жылысуы дегеннен гөрі дыбыс жылысуы деген дұрыс болар. Буынның жылысуы мен кірігуі мәселесін алғаш айтқан Қ. Жұбанов деуге болады. «Буын жылысса, бір буынның дыбысы екінші буынға ауысады да, буынның жалпы саны кемімейді?». Мысалы: айт + а = айта, айт + ар = ай -тар; қайт + а = қай-та, жаз + ар= жа-зар т. б. «Буындар кіріксе, буын-буынның шегі өзгеріп қана қоймайды, саны да кемиді. Мысалы: ата ене, аға еке, жақсы ат деген айтуда атене, ағеке, жақсат болып кетеді» (сонда) . Сөйтіп:

  1. Дауыстыға біткен буынға дауыстыдан басталған буын жалғанса, алғашқы дауысты түсіп қалады. Мұны буын ығысуы дейміз.
  2. Кей буындарға жалаң ашық буын;
  3. Кей буындарға екі дыбысты тұйық буын;
  4. Кей буындарға үш дыбысты тұйық буын жалғанса, алғашқы

буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға сырғиды. Мұны буын жылысуы дейміз. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі бір буынға дауысты дыбыстан басталған буын (басқаша айтқанда: А, АВ, АВВ буындары) жалғанғанда ғана буын ығысуы мен буын жылысуы пайда болады. Басқа жағдайда буын ешбір түрде алмаса алмайды. Сондықтан буын ығысуы мен буын жылысуы кездеспейді. Мысалы: бала-ға, бала- ның, ат-тың, ат-қа, ал-дырт, жаз-дырт, ал-дыр, айт-ты, айт-тыр, айт- тырт, жаздырт-ты, жаздырт-қыз.

Тіліміздегі фонетикаға қатысты зерттеу еңбектері мен оқулықтардың буынға тиісті тарауларында буындардың алмасуы, буындардың жылысуы немесе буындардың кірігуі туралы тоқталып өтеді де, оның басты себебі ретінде жалаң ашық буын мен тұйық буынның түбірге жалғану үдерісінде екені атап өтіледі. Бірақ неліктен осы екі түрлі буын жалғанғанда буын алмасу құбылысы байқалатыны нақты көрсетілмей келеді.

« . . . Қазақ буындары сөз өзгерген сайын өзгеріп, жылжып отырады: Бір деген бітеу буын. Бұған -ақ деген жалғау қосса , бір-ақ күйінде қалмайды, буын қалпы өзгеріп, бі-рақ қалпына көшеді. Осы сияқты әрбір түбір сөздің соңғы буыны тұйық я бітеу болса, оған жалғанатын жалғау дауысты болып басталса, буын қалпын өзгертіп жібереді» , - дейді профессор Қ. Жұбанов. Бұл үдерісті ғалым буындардың жылысу заңы дейді. Ал екі дауыстының қатар келген кездегі біреуінің түсіп қалуын ( бара алмады - ба-рал-ма-ды ) буындардың кірігуі дейді. Өткен ғасырдың 30-жылдары айтылған осы қағида әлі күнге дейін маңыздылығын төмендеткен жоқ.

Кей оқулықтарда: «бір буынның соңғы дыбысының екінші буынға ауысып, буындардың бастапқы сапасының өзгеруін буынның жылысуы немесе алмасуы делінсе, екіншісінде дауыстыдан біткен буынға дауыстыдан басталған буын жалғанса, алғашқы дауысты түсіп қалады. Бұны буын ығысуы дейміз» делінген. Қалай айтылса да, буын алмасуы бар жерде дауысты дыбыстың қатысы бар екені белгілі. Бұл құбылыс сөз ішінде де, сөз арасында да үнемі байқалып отырады. Қалай байқалатынына назар аударайық:

Сөз ішінде
Біріккен сөз арасында
Тіркес сөз арасында
Сөз ішінде: Ант- ы ан- ты
Біріккен сөз арасында: Сарыарқа Са- рар- қа
Тіркес сөз арасында: Келе алмады ке- лал- ма- ды
Сөз ішінде: Салт - ым сал- тым
Біріккен сөз арасында: Қараағаш Қа- ра- ғаш
Тіркес сөз арасында: Айта алмады ай- тал- ма- ды
Сөз ішінде: Арман- ы ар- ма- ны
Біріккен сөз арасында: Қараой Қа- рой
Тіркес сөз арасында: Сары алтын са- рал- тын
Сөз ішінде: Бұлт- ы бұл- ты
Біріккен сөз арасында: Сарыөзек Са- рө- зек
Тіркес сөз арасында: Басы ашық ба- са- шық

Көріп отырғанымыздай, дауыссыз дыбысқа біткен буынға жалғанған дауысты дыбыс буын алмастыру үдерісін жасағанмен, буын санын өзгертпейді. Ал екі дауысты қатар келген кездегі буын алмасу үдерісінде буын саны қысқарады. Дауыссыз бен дауыстының қатар келуіндегі буын алмасу құбылысы тек сөз ішінде ғана емес, біріккен сөз бен тіркес сөздер арасында да болады. Мысалы: көзайым - кө-за-йым, халықаралық - ха-лы-қа-ра-лық, барар еді - ба-ра-ре-ді, сипат алады - си-па-та-ла-ды.

Буын алмасу үдерісін ерекшелеу - буын түрлерін ерекшелеудің басты сипаты. Тіпті буынның анықтамасын беруде басты назарда ұстайтын үдеріс. Өйткені, әлі күнге дейін ешбір зерттеу еңбегі мен оқулықта буынға нақты ереже берілген емес. Бірінде «фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз » десе, бірінде «сөздерді айтудағы дауыс құйылысының бірнеше толқынмен бөлшектеніп үзіліп-үзіліп айтылуындағы ауаның бір толқынын буын дейді » деп келтіреді. Бұндай ережелердің негізіне сүйенсек, буын алмасудың себебін іздеудің қажеті шамалы. Одан әрі буынның түрлері, буынның дауысты дыбысқа тәуелділігі баяндалады. Зерттеу еңбектері мен оқулықтардың бәрінде жалаң ашық буын мен тұйық буынның сөз басында ғана келетіндігі айтылады. Бұлар басқа буында келсе, міндетті түрде, буын алмасу үдерісі көрініс береді. Яғни, жалғыз дауыстыдан және дауыстыдан басталатын буынның сөз ортасы мен соңында келмеуі - заңдылық. Қазақ тіліндегі заңдылық тек орфоэпияда ғана бар. Буын алмасу осы заңдылыққа бағынады. Басты мәселе жалаң ашық буын мен тұйық буынның сөз ортасында келмеуінде емес, айтылмауында жатыр. Сөз ортасында дауыстыдан басталатын буын келсе, сөздің айтылу ырғағы бұзылады. Кілт үзілу емес, әуені жымдасқан сөз бөлшектері ғана буын құрай алады. Сондықтан болар, профессор Құдайберген Жұбанов: «буынды жақсы білмесең, емлені де жақсы білмейсің. ., буынды білмейінше, сөз екпін, сөз сазы секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының да сырына қана алмайсың, буынды аңғармасаң, «ажарлап сөйлеу», «әсерлеп сөйлеу» сияқты сабақтарды да дұрыс алып бара алмайсың», - дейді. Буын алмасу үдерісі дұрыс сөйлеу ырғағын сақтап қалу үшін ғана жүзеге асырылады. Бұл - тілімізде табиғи түрде қалыптасқан құбылыс. Сондықтан буындардың жылысуын, кірігуін немесе жалпы алмасуын буынның түрлеріне қатыстыра сипаттағаннан гөрі, керісінше, буынның түрлерін осы буын алмасу үдерісіне қатысты айшықтаған нақтырақ болар еді. Тілімізде көкейкестілік деңгейі төмендемей келе жатқан фонетикаға қатысты біраз мәселенің түйінін буын алмасу үдерісі тұрғысында шешіп алуға болады. Біріншіден, «У» және «И» дыбыстарын дауыстылардың қатарына жатқызып, буын жасату арқылы көптеген кереғар тұжырымдарға тап болудан арылтар еді. Буын, жуын, суық, уық, қиық, қиын, жиын секілді сөздерді бу-ын, жу-ын, су-ық, қи-ық, қи-ын, жи-ын түрінде буынға бөліп оқытып келеді. Бұларды айтқан кезде ешқандай ырғақ сақталмайды. Керісінше, кілт үзілістер арқылы қинала қайталаймыз. Себебі, буын алмасу үдерісін сақтап, бұ-уын, жұ-уын, сұ-уық, қы-йық, қы-йын, жы-йын үлгісінде айтсақ, еш қиындық тумас еді. Әрине, «У» мен « И» дыбыстарының қосарлы екенін, олардың алдынан «ұ-ү» және «ы-і» дыбыстары келетінін білеміз. Білгеннен кейін ереженің бәрін теріске шығармай, шартты түрде алынған дауыстылар екенін оқушыға түсіндірген жөн сияқты. Екіншіден, буын алмасу құбылысы «И» мен «У» - дың ешқашан дауысты бола алмайтындығын түбірге қосымша жалғау арқылы дәлелдейді. Ереже бойынша сөздің соңы дауыссызға бітсе, қосымша дауыстыдан басталуы тиіс. Яғни, ту- ыс, жу-ып, қу-ар, жи-ыс, жи-ып, қи-ыл сөздеріндегі у мен и дауыссыз дыбыстар қатарына жатады. Тұйық етістіктің «У» жұрнағы да дауыссыз дыбыс болып саналады. Бұл жұрнақтан кейін де қосымшалар дауыстыға басталады: бару-ым, жүру-і, айту-ы, келу-і, толу-ы, қону-ы, көну-і. Үшіншіден, буын алмасу үдерісі қатар келген екі дауысты дыбыстың айтылған кезде қайсысының түсірілетінін де айқындап береді. Негізінен, сөз арасындағы қатар келген екі дауыстының алғашқысы түсіріліп айтылатындығы(элизия) ережеге айналған. Әйтсе де, профессор А. Айғабылов екінші дауысты дыбыстың да түсіріліп айтылытынына мысал келтіреді: не үшін - нешүн, жаңа ыдыс - жаңадыс . Бұның себебін тіркес құрамындағы мағыналық байланыстан іздейді. « Не үшін тіркесіндегі бірінші сөз не бары екі дыбыстан тұратын бір буынды сөз. Оның соңғы дыбысы түсірілсе, н дыбысы ғана қалар еді де, мағынадан айрылған болар еді», -дейді. Буын алмасу үдерісі тіркес құрамындағы сөздердің мағыналық байланысынан емес, айтылу заңдылығынан туындайтынын осы тұста тағы бір рет байқауға болады. Не істеді? - нестеді ?, қала іші - қалаші, қара ішік - қарашік, тете інім - тетенім, басқа ырым - басқарым секілді тіркестердегі қатар келген дауыстылардың екіншісі айтылмайды. Егер мағыналық тұрғыдан келер болсақ, не екен? тіркесінде алдыңғы дауысты түсіріледі - некен? Өйткені қатар келген екі дауысты да - ашық. Сондықтан қатар келген дауысты дыбыстардың қайсысы түсіріліп айтылатынын дауыстылардың ашық немесе қысаңдығынан іздеген жөн. Ашық дауыстыдан кейін қысаң дауысты айтылмайды. Буын алмасу жолымен айтсақ, ашық дауыстыға біткен ашық буыннан кейін қысаң дауыстыға басталған тұйық буын келсе, екінші дауысты түсіріліп, буындардың кірігу құбылысы (буындардың ығысуы) пайда болады. Сөздердің құрамындағы буын жігін ажырата білу, буын түрлерінің ерекшеліктерін айшықтау, буын алмасу үдерісінің себептерін дұрыс түсіну қазақ тіл білімінде дәстүрге айналған кейбір қағидалардың қарадүрсіндігін сипаттай алады. Солардың бірі - тасымалға тән қағидалар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буын алмасу үдерісін ерекшелеу - буын түрлерін ерекшелеудің басты сипаты
Біріккен сөздің құрамы
Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Ұлттық терминқор қалыптастырудың алаш кезеңі және қазіргі қазақ терминологиясы
Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері жайлы
Қысқарған сөздер аббревиатураларды талдау
Буын жасайтын дыбыстар және буын жасамайтын дыбыстар
Терминология және медициналық терминдер
Радиодискурсының тілдік ерекшелігі мен стильдік құралдары
Әріптерден сөз жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz