Орфография және орфоэпия


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Орфография және орфоэпия»
Орындаған: Өмірзақ А .
Тобы: Фи-19-9к2
Қабылдаған: Ибрагимова Ұ.
Шымкент қ., 2019 ж.
Жоспар:
- Кіріспе
- Орфография және оның принциптері
- Орфоэпия
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Қазіргі жазу-сызуымыз жарты ғасырдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және қазақ тілінің жазба түрі осы жазу-сызу арқылы тиісінше қызмет етіп, сан қилы қоғамдық қажеттілікті шама-шарқынша өтеп те жатыр. Әдетте тіл, мейлі ол ауызша, мейлі жазбаша болсын, өзінің қызметін жүйе түрінде жүзеге асырады. Олай болса қолданып жүрген жазу-сызуымыздың ішкі құрылымы, өзіндік жүйесі болуға тиіс екені даусыз. Тіліміздің жазу жүйесін жетілдіру, жақсарту, реттеп отыру, оны дұрыс қолданудың құралдарын жасау т. б. салада елу жыл ішінде едәуір шаралар жасалды: негізгі ережелер түзілді, жазу практикасында байқалған тәжірибелердің жинақталу барысында ережеге толықтырулар мен түзетулер енгізілді. Тағы бір атап айтатын нәрсе - осы жазу-сызу жүйесін дұрыс қолдануды үйрететін құралдар жасалып, олар бірнеше дүркін жарық көрді.
Осылай дұрыс жазылым мен айтылымдағы ережелер жүйесінің жиынтықтары орфография мен орфоэпия заңдары пайда болды.
Орфография - жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.
Орфография - тіл мәдениетінің аса маңызды мәселесінің бірі. Бірақ ол көп жылдар бойы ерекше зерттеу объектісі болмады. 1930 жылдардан кейін сөздердің дұрыс айтылуы бізде орфографиялық ережелермен байланысты қаралып келсе, 1965 жылғы “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деген кітапта, 1966 жылғы М. Дүйсебаеваның “Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының негізгі мәселелері” деген кандидаттық диссертациясында және 1972 жылғы “Тіл мәдениеті және баспасөз” деген жинақтағы Қ. Неталиеваның мақаласында (“Орфоэпия нормалары туралы”) бұл мәселе бірсыпыра дұрыс бағытта зерттелген болатын.
Дыбысталған сөздің, әдетте, әртүрлі жазылмауы, сондай-ақ оның әрқилы оқылмауы шарт. Бір сөзді әркім өз бетінше оқып, өз алдына жазатын болса, жазу-сызудың коммуникациялық мәні болмайды. Сондықтан дыбысталған сөзді хатқа түсірудің және оны сөйлеуде қайта жаңғыртудың жазарман мен оқырманға ортақ негізі болуға тиіс. Жазуда және жазылған сөзді жаңғыртуға басшылыққа алынатын негіз орфографиялық ұстаным (принцип) деп аталады. Жазу теориясында орфографиялық принциптің айқындалған бірнеше түрі бар.
Профессор Құдайберген Жұбановтың қазақ жазуы мен орфографиясы бойынша аса ірі фонетист ғалым ретінде де, халық ағарту саласындағы қоғам қайраткері ретінде де іргелі зерттеулер жазып, практикалық маңызды жұмыстар атқарған ғалым екендігі мәлім. Ғалымның ғылыми мұрасын өткен күндердің мирасы ретінде қарастыру бар да, оның теориялық тұжырымдарына қайта үңіліп, бүгінгі ізденіс зерттеулерге арқау етіп алу бар.
Ғалым мұраларының бір саласы кезінде күн тәртібінде тұрған тіл құрылысы проблемаларын шешіп беріп, зерттеу нәтижелері, ұсыныс пікірлері тіл практикасында бірте-бірте орныға түскен еңбектер болса, екінші бір саласы - өз кезеңінен озық тұрған теориялық ізденістері мен зерттеулері. Қазақ тілінің программалары, емле жобалары, алфавит мәселелері т. б. жөнінде зерттеу еңбектерінің қолданбалы мәні зор болды. Бір ғана мысал, [ый], [ій] дыбыстарын и және [ұу], [үу] дыбыстарын у арқылы бір таңбамен белгілеу жөніндегі Қ. Жұбановтың жазу теориясына негізделген жобасы қазақ орфографиясында бірте-бірте орнығып, 1967 жылғы Ережеде біржола заңдастырылды. Ал ғалымның біріккен сөздер, буын жігі, тарихи фонетика мен этимология, орфография мәселелері т. б. сала-сала зерттеулері қазақ тіл білімінің хрестоматиялық беттері деуге болады. Мәселен, жазу нормаларын сөз етсе де, қазақ орфографиясының ғылыми негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырса да ғалымның бұл аталған саладағы еңбектеріне зерттеуші тоқталмай өте алмайды. Ғалымның жазу, орфография жөніндегі теориялық зерттеулерін бағдарға ала отырып, әлі де басы ашылмаған мәселелерді сөз етуге болады. Солардың бірі - қазақ орфографиясының принципі.
Морфологиялық принцип сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы: басшы (башшы емес), ұшсын (ұшшын емес), сәнқой (сәңқой емес), көрінбейді (көрімбейді емес), қазанғап (қазаңғап емес), әркім (әргім емес), көзқарас (көзғарас емес), Сарыарқа (Сарарқа емес) ».
Осындай айтылғандай, морфологиялық прицип бойынша сөздің морфемалық құрылымы сақталып жазуға тиіс. Бірақ қазіргі жазу тәжірибеміздің орныққан нормалары осы талапқа толық жауап бере ала ма? Алдымен мынадай топтағы сөздердің жазылуына назар аударсақ, бұлардың морфемалық құрамы өзгеріссіз жазылған деуге болмайды. Мысалы: ақ - ағар (ақар емес), көк - көгер (көкер емес), жақ-жағын (жақын емес), тақ - тағын (тақын емес), бақ - (бағыл емес), ойын - ойна (ойына емес), орын - орна (орына емес), сарын - сарна (сарына емес), сары - сарғай (сарығай емес), қозы - қоздау (қозылау емес) ; халық - халқы (халығы емес), жоғарғы - (жоғарығы емес), мүлік -мүлкі (мүлігі емес), әріп - әрпі (әрібі емес), қап - қабы (қапы емес), сап - сабы (сапы емес), көп - көбі (көпі емес) . Сондай-ақ морфологиялық принцип бойынша қосымшалардың бір ғана варианты, мысалы, -лар алынуы керек те, қалғандары (-дар, -дер, -тар, -тер) оның жай ғана дыбыстық өзгерістері ретінде жазуда еленбеуге тиіс.
Қазақ орфографиясында фонетикалық принцип те кеңінен қолданылады. Ол мынадай тұстарда көрінеді:
1) Қазақ тіліндегі септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары, сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігі сөздің соңғы буынының жуан-жіңішке әуеніне қарай және ең соңғы дыбысына қарай түрленіп жалғанады: қала +лар, көше +лер, ат + тар, ит + тер, қаз + дар, із + дер; қала+ ның, көше + нің, ат + тың, ит + тің, қаз + дың, із + дің; қалам+ ым, дәптер + ім, әнші + мін, оқушы + мын . Бұларда жалғаулар естілуінше жазылып тұр.
2) Қатаң п, қ, к дыбыстарына аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, қатаң дыбыстар ұяң естіледі (айтылады) : кітап + ым - кітабым, тарақ + ы - тарағы, күрек + ің - күрегің. Мұндай жағдайда да сөздің түбірі сақталмай, естілуінше ұяң дыбыс әрпі жазылады: кітабым, тарағы, күрегің . Бұл да - фонетикалық принцип бойынша жазу.
3) Қазақ тілінде п дыбысына аяқталған етістіктерге көсемшенің - ып, - іп жұрнақтары жалғанғанда, қос п дыбысы қатар айтылмай немесе алдыңғысы ұяңдамай, түбірдегі п дыбысы үнді у дыбысына айналып кетеді және сол өзгеруінше жазылады: кеп + іп - кеуіп (кепіп, кебіп емес), тап + ып - тауып (тапып, табып емес) . Ал пы, пі дыбыстарына аяқталатын етістіктерге п жұрнағы жалғанғанда, алдыңғы ережеге бағынбай, екі п дыбысы араларына ы, і дауыстыларын салып, қатар естіледі және естілуінше жазылады : күпі + п - күпіп, лепі + п - лепіп (отыр) .
4) Бірқатар біріккен сөздер әр компонентінің түбір тұлғасын сақтамай, естілуінше жазылады: белбеу (бел+бау), қолғабыс (қол+қабыс), қолғап (қол+қап), бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), екіншігәрі (екіншіден әрі) . Бұл тәрізді фонетикалық принциппен жазылатын біріккен сөздердің саны, морфологиялық принциппен жазылатындарына қарағанда, әлдеқайда аз. Олар орфографиялық сөздіктерде беріледі. Сондықтан кез келген біріккен сөзді естілуінше жазудан сақ болу керек.
5) Орыс тілінен ертеректе еніп, дыбысталуы жағынан өзгеріп кеткен бірқатар сөздер фонетикалық принциппен қазақша айтылуынша жазылады: самаурын (самовар емес), пәуеске (повозка емес), шайнек (чайник емес), божы (вожжи емес), болыс (волость, волостной управитель емес), шөген (ыдыс, чугун емес) .
6) Араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына қарай өзгерген күйінде, айтылуынша жазылады: әділ (‘адл), пайда (файда), ақпар (әхбар), ақыр (ахир), қайран (хэйран), қате (хәта), дүние (дүнийа), нәпсі (нәфс), өсиет (уасийәт), ауа (һауа), әлек (һәлак), мазақ (мәзх) . Мұндағы жақша ішінде көрсетілгендер - бұл сөздердің арабша-парсыша транскрипциясы (яғни сөздердің өз жазуымызбен сол тілдегі айтылуының көрсетілуі) .
Тарихи-дәстүрлік принципке сөздің бір кезде жазылып қалыптасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап жазу. Және де тарихи-дәстүрлік принципке орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген сөздердің қазақша айтылуынша емес, орыс орфографиясы бойынша жазылуы жатады: спорт, стадион, алгебра, физика, химия, геометрия, банк, биржа, съезд, фестиваль, кандидат, доктор, капитал, кальций, авиация, авианосец, акционер . Бірақ бұларға қазақ тілі қосымшалары фонетикалық-морфологиялық принциппен жалғанады, яғни сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі, сөз соңындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдауы (бұл сөзге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған күнде), дәнекер ы, і дыбыстарына иек артуы сияқты құбылыстар орын алады : акцио-нер + лік, кон-церн+дер, репор-таж+ы дегендерде кірме сөздің соңғы буындарына қарай бірде жуан, бірде жіңішке қосымшалар жалғанған, ал банк, фонд сияқты сөздерге қазақ қосымшалары ы, і дәнекерлері арқылы қосылады: банк+ і + ге, банк+ і + ден, фонд + ы + сы, фонд + ы + ға.
Араб пен парсы тілдерінен енген бірқатар сөздерді х, һ әріптері арқылы жазу да дәстүрлік принципке сүйенеді: хат, халық, хабар, хал, хан, -хана, гауһар, жиһан, қаһарман . Бұлайша таңбалау 1940 жылы қазақ тілінің кириллицаға негізделген жаңа жазуы мен жаңа емле ережелері қабылданған кезде көрсетілді де, содан бергі мерзім ішінде осылайша таңбалау дәстүрге айналды.
Орфоэпия және орфоэпиялық нормалар
Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz