Дауыссыз дыбыстар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Дауыссыз фонемалардың құрамы, жасалу тәсілі»
Орындаған: Алдабек Ә .
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Ырсымбетова Н.
Шымкент қ., 2018 ж.
Жоспар:
- Дауыссыз дыбыстар
- Дауыссыз дыбыстардың жасалуындағы ерекшелік
- Дауыссыз дыбыстардың топтастырылуы
- Дауыссыз дыбыстардың жасалу тәсіліне қарай бөлінуі
- Пайдаланылған әдебиет
Қай тілде болмасын тілдің дыбыс жүйесінде саны жағынан көбі, сапасы жағынан күрделісі дауыссыз дыбыстар болып келеді. Баршаға тән болғандықтан, қазақ тілінің дыбыс жүйесіндегі ахуал да осылай.
Дауыссыз дыбыс - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыс. Дыбыстарды айтқанда ауа сөйлеу мүщелеріне соқтығысып, олардан салдыр пайда болады. Дауыссыз дыбыстарда үнге салдыр араласады.
Дауыссыз дыбыстардың жасалуындағы ерекшелік:
- Дауыссыз дыбыстардың көпшілігі тамақ қуысында дыбыс желбезегінің кедергісіне ұшырамайды, сондықтан олардың көбінде үн болмайды, олар тек қарқынды ауа арқылы жасалады. Кейбіреулерінде ғана дыбыс желбезегінің аздаған кедергісінен пайда болған, көтеріңкі емес, тек бәсен, солғын ғана үн болады. Үні жоқ, тек қарқынды ауа мен салдырдың қарым-қатынасынан жасалған дыбысты көтеріп созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмайды, себебі олардың естілуі күңгірт, төмен болады.
- Дауыссыз дыбыстарды жасауда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да, діріл пайда болмайды. Бола қалса да сәл ғана болып, дауыстың қатысы болмай, ауыз қуысындағы әр түрлі кедергі артикуляциялық мүшелердің (тіс түбі, қызыл иек, ерін, таңдай т. б. ) бір-біріне соғылуынан пайда болған салдар ғана болады. Осы соқтығысудан пайда болған салдырдан (шу) дауыссыз дыбыстар жасалады.
- Дауыссыздарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырамаған ауа ауыз қуысына өті күшті қарқынмен келеді. Дауыссыз дыбыстарды шығаруда күш ауыз қуысындағы кедергі мүшелерге түседі.
- Оларды дыбыстағанда ауыз қуысы тар ашылады да, жақ көтеріңкі келіп, ауыз қуысындағы ауа дауыстыларға қарағанда аз мөлшерде болады.
- Дауыссыздардың жасалуында ауаның ауыз қуысындағы сыртқа шығар жолы тосқауылды болғандықтан, ауа сыртқа қашанда әр түрлі кедергілер арқылы шығады.
- Үнсіз, қарқынды ауаның ауыз қуысындағы артикуляциялық мүшелердің толып жатқан бөгеттеріне соқтығысуынан пайда болған салдыр сөз ішінде буын құрай алмайды. Олар тек даысты дыбыстармен қатар тұрып, дауыстының үніне селбесіп қанаа естілуі мүмкін.
Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді:
- Ұяң - үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстар түрі. Олар: б, в, г, ғ, д, з, ж, һ
- Үнді - үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыс түрі. Олар: р, л, м, н, ң, й, у
- Қатаң - салдырдан жасалған дауыссыз дыбыс түрі. Олар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, ч, х, ц
Дауыссыз дыбыстардың жасалу тәсіліне қарай шұғыл және ызың болып бөлінеді
- Шұғыл дауыссыз дыбыстар -дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа сүзіліп, шұғыл шығады. Олар:п, б, т, д, к, г, ң
- Ызың дауыссыз дыбыстар -дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өзара жуысуынан, соның нәтижесінде, ауаның сүзіліп шығуынан болады. Олар: в, ф, ғ, с, ш, х, з, ж, һ
- Ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да болады. дыбыстар деп атайды. Оған «ч, ц» дыбыстары жатады
Қазақ фонетикасындағы әр фонема сингармофонологиялық ерекшелігіне қарай үндесім белгілері анықталып, тіліміздің табиғатына сай жүйелі жіктеле бастады. Қазір қазақ тіліндегі дыбыстардың жіктелімі дауыс желбезегінің қатысына қарай қарастырыла бастады. Ғалым Ә. Жүнісбектің зерттеулерінде дауыс желбезегінің қатысымы жасалым белгі ретінде алынып, тіліміздегі дыбыстардың жасалым ерекшеліктері олардың тербеліс толқындары арқылы сипатталып жүр. Сонда дауыс желбезегі толық тербелсе - дауысты дыбыстар, мол тербелсе - үнді дауыссыздар, жартылай тербелсе - ұяң дауыссыздар, ал тербелмесе - қатаң дауыссыздар жасалады. Дауыс желбезегінің жартылай тербелуі арқылы ұяң дауыссыздар жасалады десек, олардың басқа да үстеме жасалым белгілері бар екенін ескеру қажет. Ерін қатысына, іргелес дыбыстардың әсеріне қарай дауыссыз дыбыстардың да түрленімі әр түрлі болды. Бұрынғы фонетика оқулықтарында: «Тілдегі дыбыстардың бір саласы тонмен байланысты: бұлар - дауыстылар. Енді бір саласы салдырмен байланысты: олар - дауыссыздар. Дыбыс тонмен байланысты дыбыстар (дауыстылар) музыкалы болып келеді де, салдырмен байланысты дыбыстарда (дауыссыздарда) бұл қасиет болмайды» - деген анықтама берілетін еді. Дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына қарай үш топқа (қатаң, ұяң, үнді) бөлініп: «Ұяң мен қатаң екеуі қосылып үнсіздер деп аталады. Үнділерді айтқанда дауыс басым болады да, салдыр кем болады, ұяңдарды айтқанда, керісінше, дауыстан салдыр басым болады, ал қатаң дыбыстарды айтқанда дауыстың қатысы (демек дауыс шымылдығының вибрациясы) болмайды деген қағида ұстанылды. Шұғыл (эксплозив) фонемалар: п, б, т, к, г, қ, д, ч, ц; Ызың (фрикатив) фонемалар: ф, в, с, ғ, ш, х, з, ж, һ», - деп, үздікті-үздіксіз, жабысыңқы-жуысыңқы айырым белгілері арқылы жіктелді. Қазақ тілі дыбыс жүйесін жаңа бағытта зерттеудің ғылыми ұстанымдарын негіздеп берген ғалым Ә. Жүнісбектің шәкірттері де оның басшылығымен ғылым жетістіктеріне сай ізденіс жүргізіп келеді. Осы орайда, Ә. Бәйімбетованың тоғысыңқы дауыссыздардың дыбыстық түрленімі жөніндегі зерттеуін атап көрсетпекпін. Сөйлеу мүшелерінің өзара тоғысуы арқылы жасалатын тоғысыңқы дауыссыздарды сөйлеу мүшелерінің өзара жуысуы арқылы жасалатын жуысыңқы дауыссыздарға қарама-қарсы қойып, тоғысым-жуысым айырым белгілеріне назар аударады. Тоғысыңқы дауыссыздардың жасалымы, түрленімін көрсету бағытында сөйлеу мүшелері қозғалысының әр түрлі араласымын нақты талдап берген. Фонетикалық талдаудың нәтижесінде тоғысыңқы дауыссыздардың айтылым, жасалым, естілім ерекшеліктеріне жүйелі сипаттама жасаған.
Дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі ызың дыбыстардың ерекшеліктері С. Оразалин зерттеуінде жан-жақты тиянақталды. Ғалым соңғы кезеңдегі ғылым жетістіктеріне сай жүйелі зерттеу жүргізіп, қазіргі қолданысқа енген қазақша ғылыми атауларды сәтті пайдаланған. Дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі дауыс желбезегінің қатысымына, дәлірек айтқанда, тербелісіне қарай тербеліңкі (ұяң), жасалу орнына қарай жуысыңқы дауыссыз болатын с, ш, з, ж дыбыстарының жасалым түрленіміне құрылымдық талдау жүргізген. Тербеліңкі дауыссыздар жасалым ерекшелігіне қарай тоғысым-жуысым болып бөлінеді. С. Оразалин тербеліңкі жуысыңқы дауыссыздардың жасалым амалының түрі сөйлеу мүшелерінің өзара жуысуы екендігін көрсете отырып, жуысыңқы дауыссыздардың жасалым түрленіміне жүйелі сипаттама берген. Ғалым жуысыңқы дауыссыздарды жинақы жуысыңқы (с, з) және жайылыңқы жуысыңқы (ш, ж) деп бөледі. Әрбір жуысыңқы дауыссыздың фонетикалық варианттарына тоқталып, жан-жақты сипаттама берілген. Қазақ тілі дыбыс жүйесін тіліміз табиғатына сай, үндесім ерекшеліктері тұрғысынан, зерттеу жұмыстарына соңғы кезеңде ерекше назар аударыла бастады. Қазақ тілі дыбыстарының саны мен олардың жасалым, айтылым, естілім ерекшеліктері фонетикалық және фонологиялық жағынан жүйелі түрде жан-жақты зерттеуге алынды. Осы орайда, Б. Баймұхановтың «Қатаң дауыссыз дыбыстардың жасалым және түрленім жүйесі» атты зерттеуінде қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының дауыс желбезегі тербелісіне қатысты жасалымының бірі қатаң дауыссыз дыбыстар мен олардың үндесім түрленімі нысанаға алынған. Қатаң дауыссыз дыбыстардың құрамы мен жүйесін фонетика және фонологиялық ерекшеліктеріне қарай жеке-жеке тани білудің ғылыми маңыздылығын көрсетіп, осы мәселеге орай, белгілі ғалымдар пікіріне жүгінеді. Қазақ тіліндегі «қ-к» қатаң дауыссыз дыбысының фонологиялық табиғатының өзіндік ерекшелігі жөнінде ғылыми бірізді пікір болмай келгендігін нақты мысалдар арқылы алға тартып, өзіндік көзқарасын білдіріп: «Шындығында қ мен к, ғ мен г дауыссыздарының арасындағы айырмашылық өзге дауыссыздардың жуан-жіңішке түрлерінің арасындағы айырмашылықтан өзгеше. Олардың жасалу орны бір-бірінен өте алшақ жатыр, сонымен қатар естілім белгілері де бір-бірінен ерекше», - дейді. Қазақ тілі дыбыстарының өзіндік табиғаты мен орыс тілі дыбыстарының ішкі ерекшелігін жасалым, айтылым, естілімі тұрғысынан салғастыра баяндап, тіл дыбыстарын айту мен жазу жағынан да шатастырмай, дербес қарастыру жолдарын түсіндіреді. Екі тілдің артикуляциялық базасының табиғаты, фонологиялық ерекшелігі жөнінде айтылған теориялық анықтамаларға сипаттама беріліп, қазақ тілі жасалым қорындағы қатаң дыбыстардың түрленім жүйесі жөнінде жүйелі талдау жасалған. Мысалы, саз сөзі құрамындағы қатаң жуысыңқы «с» дауыссызының жасалымы жөнінде төмендегідей сипаттама берілген: 1) тіл ұшы тіс пен қызыл иектің шекара тұсына жуықтап келеді; 2) тіл ұшы мен үстіңгі күрек тісі түбінің арасында аз ғана саңылау қалады; 3) дауыс желбезегі бейтарап күйде қалады, яғни тербеліске түспейді. Қазақ тілінде «с» қатаң дауыссызы тіл ұшы арқылы, ал орыс тілінде тіл алды арқылы жасалатындығы, естілімі жағынан орыс тілінде «ысқырық» күші басым екені, қазақ тілінде «суыл дауыссыз» деп аталып жүргенін ескертеді. Сөйтіп, Б. Баймұханов естілім тұрғысынан аңғарыла бермейтіндіктен сөйлеу үстінде мән берілмейтін
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz