Педагогикалық қолдау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Жалпы педагогика және музыкалық білім КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау

Орындағандар: Джолмурзаева А., Жолдасбек Д., Омархан А., Алдабек Ә., Камалова М., Абдіқаппарқызы А.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Төлешова А.

Шымкент қ., 2018 ж.
Жоспар:
* Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау
* Баланы қолдау формалары
* Пайдаланылған әдебиет

Педагогикалық қолдау - педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын бейнелеп көрсететін миссиясы. Педагогикалық қолдаудың мәні - оқушының ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген тұлғаның субьективтілігін қалыптастыру.
Баланың танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі үшін ашық ақпараттық білімділік кеңістік жағдайында педагогикалық қолдау көрсету. Педагогикалық қолдау - баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі дамытуына ықпал ету. педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары.
Педагогикалық қолдау негізінің насихаттаушысы және әзірлеушісі Олег Семенович Газман болып табылады - танымал педагог, тәрбие саласындағы ірі теоретик және тәжірибеші, еркін педагогика және педагогикалық қолдау тұжырымдамасының авторы. Педагогикалық қолдауды баланың жеке қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігің анықтайтын, адамгершілік қасиеттерді сақтауға кедергі жасайтын жолдарды жоятын үрдісі ретінде қарастыруға болады.
Педагогикалық қолдау:
1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді;
2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны - адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:
- субъектив (тұлғалық) Мен -- кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жəрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тəн-денелік, психикалық, арақатынастық); білім жəне тəжірибе жетіспеуі;
- объектив (əлеуметтік) Олар -- кедергілер: (əлеуметтік орта - мұғалімдер, əкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы жəне басқалар).
- материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы жəне т.б.).
Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз. Педагогикалық қолдаудың мәні - тұлғалық таңдау, өзін- өзі табу. Педагогикалық қолдау:
- инттелектуалдық дарындылықты қолдаудан (оқуға, талдауға, сынға қабілеттілік);
- шығармашылық дарындылықты қолдаудан;
- қабілетті айқындау мен дамытудан;
- қауіпті топтағы балаларды қолдаудан тұрады.
Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады, - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс - оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы табысты, дәлелді, мұғалімдермен және ата - аналармен қолдаулы болу тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді.
Проблемалық жағдайда балаға қолдау көрсетудің педагогикалық шарттары. Сынып жетекшісі өз тәрбиеленушісімен арасында көмек көрсетушілік қатынас орнаған жағдайда ғана оның жеке басына байланысты проблемаларын шешуге шынайы көмек көрсете алады. Көмек көрсетушілік қатынастар қалыптастырудың шарттары:
1-шарт - баланың өзін проблемаға тап болған адам ретінде сезінуі. Баланың өмірінде өзі жеңуге күші жетпейтіндей қиындықтардың пайда болуы, және бала ол қиындықты менің проблемам деп мойындауы.
2-шарт - педагогтың конгруэнттігі. Баламен қарым-қатынасында педагог өзінің кім екенін екенін ұмытпауы тиіс. Бала ересектердің мінез-құлқындағы жалғандықты тез аңғарып, танып қояды. Мұндай жағдайда тиімді педагогигалық қолдау көрсету мүмкін болмайды.
3-шарт - педагогтың балаға түзу көзқарасы. Педагог балаға, оның күші мен қабілетіне шын сенген жағдайда ғана педагог пен тәрбиеленушінің арасында жақын қарым-қатынас орнайды. Мұндай қарым-қатынастың негізі педагогикалық оптимизм болып табылады.
4-шарт - баланың эмпатиялық түсінуі. Педагог пен баланың арасында көмек көрсетушілік қатынас орнауы үшін екеуінде де жаны ашу, есіркеу, ниет білдірушілік сезімдері байқалуы керек.
5-шарт - бала педагогтың конгруэнттігін, қабылдауы мен эмпатиясын сезінуі тиіс.
Жоғарыда аталған үш шарттың сақталуы соңғысының сақталуына да көмектеседі. Педагогикалық қолдау кезінде табысты өзара әрекеттестіктің шарттары:
1-шарт - баланың көмек пен қолдау көрсетуге келісімі. Бала өзі көмек сұрайды, немесе көмек көрсетуіне қарсылық білдірмейді. Тек қана баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, сондай-ақ қоғамға жат қылықтар кезінде қолдау (араласу) баланың келісімін күтпейді.
2-шарт - өз проблемасын шешуде басымдық бала жағында болады. Педагог тек қана проблеманың мәнін түсінуіне көмектесу арқылы оның шешім қабылдауына жағдай жасайды, оның шешімін табуда өз көмегін ұсынады немесе оқушының өзіндік әрекетіне жанама әсерін тигізеді.
3-шарт - бірлесушілік, ынтымақтастық, жәрдем көрсету. Бұл шарт педагогикалық қолдаудың кедергіні бірлесе жеңу, проблеманы түбегейлі шешуде көмек көрсетушілік мазмұнын әрі технологиялық мәнін көрсетеді.
4-шарт - құпиялылық принципінің сақталуы. Бұл балалармен сенімді қарым-қатынас жасау үшін, әсіресе диагностикалық әдістеме, бетпе-бет әңгімелесу және кеңес беру жағдайында өте маңызды. Тек ересек адамға толық сенген жағдайда ғана бала оның көмегіне сүйенеді және ішкі белсенді жұмысқа түрткі болуы мүмкін.
5-шарт - қайырымдылық және бағалаусыздық. Оқушымен арақатынасында эмоциялық реңк болуы қолдауды жүзеге асыруда табыс кепілі болуы да, сәтсіздік кепілі де болуы мүмкін. Педагог баланың көзқарасымен қараса, ол оның іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен салыстырып қарамай, осы оқушыны ғана естіп, оны ғана түсініп, оның қиындықтары мен проблемаларының себептерін іздестіруі мүмкін. Ал педагог оқушының іс-әрекеті мен қылығына баға бере бастаса, ол оқушыға қабылдай алмаушылық, сынау болып көрініп, ол тұйықтала түсуі мүмкін.
6-шарт - өмірінің барлық кеңістігінде оқушының құқықтары мен мүдделерін қорғау Тәрбиеші-педагог сот қорғаушысы сияқты қандай жағдайда да баланы жақтайды. Тіпті оқушы жалпыға ортақ норманы бұзғанда да тәрбиеші бала үлкендерден де көп қателесуі мүмкін екендігін ескеріп, жазаны жеңілдету жолдарын іздестіреді. Қолдауды жүзеге асырушы педагог - бұл оқушы мүдделерін қорғаушы.
Баланы қолдау формалары:
- Жанама қолдау. Бала тарапынан анық сұраныс жоқ болған кезде жүзеге асырылады. Ол диагностикаға, педагогтік кәсіби бақылауға, оқушыларға тән қиыншылықтарды ой елегінен өткізуге сүйенеді.
- Жеке қолдау. Оқушы көмектесуін өзі қажет еткенде немесе тым болмаса өзі ыңғай білдірген кездегі педагогтік қолдау.
- Қолдаудың топтық формасы. Оқу барлық оқушының мектеп өмірі жағдайына бейімделуі кезеңінде барлық педагогикалық ұжымның бірлескен жұмысы. Бұл оқу жылының басталуы, каникулдан кейінгі уақыт болуы мүмкін. Өтпелі сыныптарда (1, 5, 10 сыныптар) жұмыс істейтін мұғалімдердің қызметі. Бұл кезеңдерде оқушылардың әлеуметтік ортасы өзгереді (жаңа сынып құрамы, жаңа мұғалімдер) және жаңа әрекет жүйесі (жаңа оқу жағдайы). Бала мұғалімдердің нені талап ететіндерін, оқу шарттарын, сыныптағы жағдайды білмегендіктен эмоциялық қолайсыздық сезінеді. Бұл ұзақ мерзімге созылған бейімделе алмаушылыққа соқтырып, соның салдары тәртіпсіздік, зейінсіздік, тез шаршаушылық түрінде көрініс беруі мүмкін.
Проблеманы шешуде балаға педагогикалық көмек беру технологиясы:
1-кезең. Сигналдық. Сынып жетекшісі баланың өмірінде бір немесе бірнеше маңызды әрі ол үшін шешімін табу қиын проблемалардың пайда болғаны туралы сигналдар алуы. Сигналдар: баланың мінез-құлқының бұзылуы (агрессиялылық, жанжалқойлық, алаңдаушылық, әсерленгіштік немесе оған қарама-қарсы ахуал - тұйықталушылық); тәрбиеленуші кешегіден немесе ертеңгісінен мүлде басқа мінез көрсетеді; оқушы жайлы оның сыныптастарының немесе пән мұғалімдерінің мазасыздық білдіруі; ата-аналарының мектеп әкімшілігіне, психологқа, әлеуметтік педагогке немесе басқа мұғалімдерге сөйлесуі; баланың өзі тікелей немесе жанама түрде байланыс жасағысы келетінін білдіруі. Бұл сигналдардың барлығына сынып жетекшісі көңіл бөліп, жазып қойып, алынған ақпарат негізінде проблеманың барлығын және оның пайда болу себептері жайлы болжам жасайды. Бастапқы кезеңдегі технологиялық тізбектің маңызды буыны сынып жетекшісінің тәрбиеленуші проблемаларын қабылдап алуға психологиялық даярлығы және оны шешу жолдарын іздестіруі болып табылады.
2-кезең байланыстық-жасампаздық тәрбиеленушіде проблема пайда болғандығы жайлы сигналдар арқылы алынған ақпараттарды өңдеп, талдағаннан кейін, баламен байланыс орнату. Бұл мақсатта тәрбиеші оқушының психологиялық жағдайын, оның байланыс жасауға даярлығын анықтайды, әңгімелесу үшін эмоциялық-жағымды көңіл күйді қамтамасыз етеді, арадағы психологиялық кедергілердің жойылуын қарастырады.
Екінші кезеңде төмендегідей әдістер мен тәсілдерді қолдану тиімді болады:
1) жағдайды тестілеу;
2) дәстүрлі байланыстық әсер ету тәсілдері;
3) Сен-ашып айту тәсілі (әңгіме кезінде серіктеске оның қазіргі жағдайын қалай түсінетініңізді жеткізу) және Мен-ашып айту (сұхбаттасыңызға дәл қазіргі жағдайда не сезінетініңізді жеткізу).
Жағдайды тестілеу көмегімен сынып жетекшісі оқушының психологиялық жағдайы туралы ауызша және жазбаша сипаттағы ақпараттарға қол жеткізеді. Бұл үшін тәрбиеші баланың психологиялық жағдайын куәландыратын белгілерге көңіл аударып, назар салады. Мұндай белгілерге оқушының таңдап алған отырыс позасы, қолдары мен аяқтарының қимылдары, сұхбат кезінде арақашықтықты сақтау сипаты, т. б. жатады. Дәстүрлі байланыстық әсер ету тәсілдері тәрбиешіге баламен байланыс орнатуға көмектеседі.
3-кезең. Диагностикалық. Проблеманы диагностикалау (жіктеу) және оның пайда болу себептерін анықтау.
Диагностикалау кезеңінде Астарлап айту тәсілін қолдануға болады, бұл кезде педагог баланың айтқандарын құптату немесе сұрау түрінде түпнұсқаға жақындата қайталап шығады. Белгілі орыс психологы Р. С. Немов астарлап айтуды мынадай сөздермен бастауды ұсынады: демек...; сіз айтқандай...; сізді дұрыс түсінсем...; сіз солай демедіңіз бе... Оның әріптестері Л.Л.Крупенин мен И.М.Крохина мына түрде басталатын астарлап сөйлеулерді ең тиімділері деп санайды: Сізді бұл қызықтыра ма...; Сіз былай дегенсіз..; Сіз мынаны білмек болдыңыз... Келесі Редакция тәсілінде оқушының аузынан шыққан бірнеше сөздер негізінде жалпылау жасап, онда оқушы айтқан ой толығымен сақталады. Р. С. Немов кеңес беру тәжірибесінде бұл тәсілді қолдануды мынадай сөздермен бастауды ұсынады: сонымен, енді сіз айтқандарды ой елегінен өткізіп, қысқаша қорытынды жасасақ, онды былай деуге болады...; айтылғандарды қысқаша қорытып айтар болсақ, былай деуге болады...; егер мен сізді дұрыс түсінсем, сіз былай деген сияқтысыз... Сондай-ақ сынып жетекшісі Айтып салу тәсілін қолдауына болады. Жағымды эмоциялық-психологиялық ахуал жасай отырып, сынып жетекшісі оқушыны дәл қазір не толғандырып жүргенін, ол қиындықты тудырып жүрген кім немесе не екенін айтуына жағдай жасайды. Біртіндеп баланың проблемасы мәлім болған кезде диагностикалықтан проблемалық жағдайды шешу кезеңіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші жас оқушыларының креативтігін дамытудағы педагогикалық қолдау
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы
Ерекше білім алуында қажеттілігі бар балаларды сипаттау, салыстыру
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Педагогикалық қолдау этикасы
Инклюзивті білім беруде балалардың педагогикалық - психологиялық жағдайлары
Инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды педагогикалық қолдау
Пәндер