Тоғыспалы ықпал



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

Топтық жоба
Тақырыбы: Ықпал, оның түрлері

Орындағандар: Жолдасбек Д., Камалова М.,
Абдіқаппарқызы А., Балатай Ә.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Ырсымбетова Н.

Шымкент қ., 2018 ж.
Жоспар:
I. Кіріспе
1. Ықпал
1.1 Прогрессивті (ілгерінді) ықпал
1.2 Регрессивті (кейінді) ықпал
1.3 Тоғыспалы ықпал
II. Қорытынды
III. Пайдаланылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Үндестік заңы көрші дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфема мен морфеманың аралығында (жапсарында) қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар (көп буынды сөзде) тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз.
Бұл топтық жобада ықпалдың негізгі қызметі мен әр түріне тоқтала кетеміз. Сонымен қатар, әр ықпалдың фонетика саласындағы алар орны зерттеле түседі.

1. Ықпал
Ассимиляция (латынша assimilativ - ұқсау) - морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы болып саналады.
Дыбыстардың бір-біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады [1, 93]:
а) дауыс (салдыр) қатысына қарай;
ә) айтылу орнына (артикуляциясына) қарай.
Қазақ тілінде морфемалар жапсарында қатар келген дыбыстардың көбіне алдыңғысы (яғни алдыңғы морфеманың соңғы дыбысы) кейінгісіне (яғни кейінгі морфеманың басқы дыбысына) дауыс (салдыр) қатысы жағынан ықпал етіп, өзіне бағындырып тұрады.
Мұндайда дыбыстардың күшті не әлсіз болуы ондағы дауыстың мөлшеріне байланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындықтан әрқашанда басқа дыбыстарға ықпалын жүргізеді. Бұл жағынан үнділер де қалыспайды. Олар да дауыстылар сияқты үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысы жағынан ең әлсізі қатаң дауыссыздар. Олар өзара болмаса, басқа дауыссыздарға (ұяң б дыбысынан басқа) толық ықпал ете алмайды.
Түбірдің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысын дауыс (салдыр) қатысы жағынан әрқашанда тәуелді етіп, игеріп тұрады. Үндестік заңында дыбыстардың осы қасиеті қатты ескеріледі. Күшті дыбыстар әлсіз дыбыстардан кейін тұрып та ықпал ете береді: қабы (қап-ы), тарағы (тарақ-ы), жүрегі (жүрек-і).
Көрші дыбыстар айтылу орны жағынан да бір-біріне азды-көпті ықпал етіп тұрады. Кейде ол дыбыстардың алмасуына себепші болады: жамбады (жан-бады), ашшы (асшы), ашша (аш-са).
Дегенмен түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген дыбыстар алдын ала ыңғайласып, үйлесіп келетіндіктен дыбыс алмасулары да онша көп емес. Бұларға қарағанда сөз бен сөздің жапсарындағы дыбыстар көбірек алмасуға ұшырайды. Олай болатыны, лексикалық единицалар (сөздер) қосымшалар сияқты көп вариантты емес, олар сөйлеу актісінде өзара жымдасып, үйлесіп айтылады.
Алмасу фонетикада негізгі және алғашқы түсініктердің біріне жатады. Алмасу болу үшін көрші екі дыбыстың (буынның) күштісі әлсізіне акустика-артикуляциялық жақтан ықпал етіп, өзіне бейімдеп, игеріп тұрады. Бұл комбинаторлық (игерулі) алмасу делінеді.
Көрші дыбыстардың (буындардың) бірі игеріп, екіншісі соның ықпалына көніп, игеріліп тұрады. Игерудің өзі екі түрде болады: а) толық игеру - дәл өзіндей ету: тарақ-қа, қап-пен, жұжжыл (жүз жыл); ә) жартылай игеру - өзіне жуықтату - бейімдеу: ат-қа, кес-ті, тарақ-ты. Игеру бар жерде үнемі алмасу бола бермейтінін есте сақтауымыз керек. Өйткені көрші дыбыстар біріне-бірі алдын ала ыңғайланып, үйлесіп келеді, тек олай болмаған жағдайда ғана алмасуға мәжбүр болады.
Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың ықпалы үш түрде болады:
A) прогрессивті (ілгерінді) ықпал;
B) регрессивті (кейінді) ықпал;
C) тоғыспалы ықпал.

1.1 Прогрессивті (ілгерінді) ықпал
Қазақ тілінде ілгерінді ықпал өте күшті. Бұл заңдылық бойынша алдыңғы сөздің соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі қосымшаның басқы дауыссыз дыбысына акустикалық (дауыс қатысы) жақтан ықпал етіп игеріп тұрады. Бұл, әсіресе сөз (түбір) бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады, яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына толық тәуелді болып тұрады. Мұның өзі сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыздарға да тікелей байланысты. Дауыссыздардың әр түріне байланысты ілгерінді ықпал мынадай түрде болады[2, 78]:
oo сөздің (түбірдің) соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы ретінде Хорезмидің Мұхаббат-наме дастанын алған болатынбыз.
...Падишасы әсем дүние қиырдың
Сенің жүзің жаһанды бас идірді...
oo сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы:
...О, арыстан жүректі, Қоңырат ұрығы,
Кіші жастан ұлықтардың ұлығы
oo бунақтағы кейінгі сөздің басқы дыбысы қ, к қатаңдарынан басталса, өзінен бұрынғы сөздің соңындағы үнділердің ілгерінді ықпалына ұшырап, ұяңдап кетеді. Мысалы:
... Көкте берер сұнқарға аққуды,
Толған айдай қылар (айдайғылар) бір тамшы суды.
Қабыл қылдым (қабылғылдым), жер өптім, ей шах - дедім,
Есігіңнің топырағы - дәулет сарайы[3, 265]
oo бунақтағы сөз соңындағы ұяңдардың ілгерінді ықпалынан кейінгі сөздің басқы қ және к қатаң дыбыстары ұяңданады:
...Сіздей сұлтанға ғашық болып, көңілін бұрғаны -
Сорлы кедейдің өзі жанына өз қастық (өзғастық) қылғаны
oo соңы қатаң ш-ға аяқталған сөздерге с дыбысынан басталатын қосымша жалғанса, с дыбысы ш-ға алмасады: шешсе - шешше, ұшса - ұшса;
...Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе(өшше) тілім, мен де бірге өшемін (Ә. Тәжібаев)
Әр түрлі шекте қатар келген тш тіркесі айтуда тч-ға жуықтайды: өтші - өтчү, төрт шалбар - төртчалбар.
Бунақ арасындағы тж тіркестері де айтуда тч болады. Яғни т қатаң дауыссызы ұяң ж-ға ықпал етіп, алдымен ш-ға айналдырады, ал тш-тч: шет жер - шетчер, от жақ - отчақ, ет же - етче, ат жабу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ықпал түрлерін оқыту әдістемесі
Үндестік заңы туралы мәлімет
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы жайлы
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция; қазақ орфоэпиясы; қазақ жазуы және орфографиясы; пунктуация мәселелері
Үндестік заңы
Қазақ жазуы және орфографиясы
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция.Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Қазақ жазуы және орфографиясы. Пунктуация мәселелері
Төлеу сөз
Спектралды тығыздайтын оптикалық мультиплексордың құрылысын есептеу
Сұраныс пен ұсыныс
Пәндер