Тілімізге араб, парсы тілдерінен ертеректе енген сөздер бұған дәлел
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
Топтық жоба
Тақырыбы: Буын және буын үндестігі
Орындағандар: Жолдасбек Д., Камалова М.,
Абдіқаппарқызы А., Балатай Ә.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Ырсымбетова Н.
Шымкент қ., 2018 ж.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a) Буынның сипаты
b) Буын түрлері
c) Сөздегі буын санының артуы мен кемуі
d) Қазақ тілтанымындағы буын проблемасы
e) Буын үндестігі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Адам сөйлеп тұрған кезде ауа қарқыны сөйлеу мүшелері арқылы толқындалып, бірнеше бөлікке түсіп айтылады. Өйткені сөйлеу ырғақ-интонациялық тұрғыдан алғанда, дыбыстардың үздіксіз тізбегінен құралған бірлік немесе сөйлеу толқыны. Ол нақты бөліктерден, сөйлеудің бірліктерінен (фраза-такт-буын-жеке дыбыс) тұрады.
Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене бөлшектер - буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек.
Физиологиялық жасалу тұрғысынан алғанда, буын дауысты дыбыстың ауа толқыны арқылы өзін қоршаған дауыссыз дыбыстардың тобын құрап, бөлшектеніп айтылады. Акустикасы жағынан қарағанда, сөздің әрбір буындалған жеке бөлшектері алды-артындағы өзі сияқты дыбыстар тобынан бөлініп,сараланып естіледі. Сөйлеу толқынында сөздердің осылайша фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобы түгелімен жіктеле айтылатын әрбір бөлшегі буын деп аталады. Қазаақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді.
Буынның сипаты
Буын - сөйлеу толқынында сөздердің фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобы түгелімен жіктеле айтылатын әрбір бөлшегі буын деп аталады [1]. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді.
Қазақ тілінде буынның өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:
:: Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады деген сөз. Мысалы, далада дегенде, бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз үш буыннан (да-ла-да) тұрады. Сонда бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.
:: Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) туракеліп қалады. Мысалы, тас-тар-дың, сөзіндегі әр буынның өзіне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар. Яғни бұл үш буынды сөздің 1-буыны (тас) - түбір, 2-буыны (-тар) - көптік жалғау, ал 3-буыны (-дың) - ілік септігінің жалғауы. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес. Буында мағына болуы міндетті емес: ба-ла-ла-ры-на, ке-лі-се-міз, т.б.
:: Тіліміздегі байырғы сөздер не бірыңғай жуан буынды (а-та-лар-ым-ыз-ды,қа-ра-ған ), не бірыңғай жіңішке буынды (е-тік-пен, сөз-дер-ді) болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Ал егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, методика, педагог,мұғалім , т.б. онда олардың кірме сөз болғаны. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты болып келеді.
:: Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындар да екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать). Осымен байланысты қатарынан бірнеше дауыссыздан басталатын басқа тіл сөздерін айту қиындық келтіреді де, ондай сөздердегі дауыссыздардың не алдына, не аралығына артық (фонема емес) дауысты дыбыс қосылып айтылады. Мысалы: плащ - пылаш, блок - былок, трактор- тырақтор, т.б.
:: Буын жігінің жазбаша бөлінуі мен ауызша бөлінуі әрқашан біріне-бірі сәйкес келе бермейді, әсіресе у,и дыбыстары сөз басында дауыстыдан бұрын келсе, оларды ауызша буынға бөлгенде, өз ішінен екі буынға бөлініп, ұласа созылып айтылады. Мысалы: уа-йым (жазбаша бөлінуі) - ұ-уа-йым (ауызша бөлінуі), у-ық (жазбаша) - ұ-уұқ (ауызша), т.б.
:: Байырғы сөздердің басында бірнеше дауыссыз қатар тіркеспегенімен, сөз соңында екі дауыссыз қатар келуі мүмкін. Мұның өзінде кез келген дауыссыздар қатар тұра алмайды. Іргелес тұрған екі дауыссыздың алдыңғысы міндетті түрде үнді, соңғысы қатаң болуы керек: бұлт, серт, бүлк, т.б.
Қазақ тілінде бір дыбыс дара жұмсалып, жеке қызмет атқармайды. Бір дыбыс екінші дыбыспен (дыбыстармен) іліктесе тіркесіп, үндесе дыбысталып буын құрайды [2].
Зерттеушілер қазақ тілінде дыбыстардың негізгі атқаратын қызметі - буын құрау. Сондықтан сөз (ырғақтық топ) құрамында жеке дыбыстың мәні де, атқаратын қызметі де мейлінше шектелген. Ырғақтық топтың ішінде негізгі фонологиялық қызметті буын атқарады деп есептелінеді.
Буындардың өзара жүйелі тіркесіп, үйлесіп келуінен сөз (морфема) жасалады. Сөз жасауда буындардың тіркесінде қалыптасқан заңдылық бар. Ретті тіркескен буындар ғана белгілі бір мағынаны білдіре алады.
Сөздің мағынасын құрамындағы дыбыстардың тембріне орай, оның буындық құрылымы айқындайды. Сөздің морфемалар жігін құрамындағы дыбыстардың тембріне орай, оның буындық құрылымы ажыратады.
Фонетист С.Мырзабеков қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамына қарай бірнеше топқа бөлінетінін сөз етеді [1].
1) Бір дыбысты: а-та, а-па, ә-ке, а-на, т.б. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі;
2) Екі дыбысты: қа-ла, та-за, қа-ра;
3) Үш дыбысты: бет, тас, өрт, ант;
4) Төрт дыбысты: қант, жарқ, кадр;
Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан аспайды. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбыс та бола береді:
5) Бес дыбысты: спорт, текст, штамп;
6) Алты дыбысты: спектр, спринт;
Қазіргі қазақ тіліндегі буынды екіге бөліп қарастырамыз [3]:
Буын құрылымының негізінде артикуляция жатады, сондықтан артикуляциялық (физиологиялық) буынды ақиқат буын деп атаймыз.
Буын құрылымының негізінде орфография жатады, сондықтан орфографиялық (жасанды лингвистикалық) буынды жалған буын деп атаймыз.
Ақиқат буынның талданымы барлық уақытта жүйелі шығады, өйткені сөздің буын құрамына сол сөздің үндесім әуезі мен мағынасы (семантикасы) тікелей байланысты. Басқаша айтқанда, сөздің үндесім әуезі анық сақталады, ал мағынасы анық ұғылады.
Жалған буынның талданымы барлық уақтта жүйесіз шығады, өйткені жалған буын, біріншіден, сөздің үндесім әуезін бұзады, екіншіден, сөздің мағынасына нұқсан келтіреді.
Қазіргі қазақ тілінде жалған буын екі жолмен жасалады. Бірі - кірме әріптердің төл сөздердің құрамындағы жазылымынан пайда болады, мысалы, қиын, буын, иін т.б. Жалған буынның бұл түрін әліпби жалған буын деп атайды. Енді бірі - сөз тіркестерінің жазылым ережесінен (бірге жазу, бөлек жазу) пайда болады, мысалы, көгала, шекара, т.б. Жалған буынның бұл түрін тіркес жалған буын деп атайды.
Әліпби жалған буынға мысал жеткілікті және олар бұған дейін де талай талданған, көпке таныс. Тек бірер мысалмен тоқтала кетсек болады: қиын сөзінің құрамында бір жалған буын болса (қи-ын [қый-ын]), аюы, оюы сөздерінің құрамында екі-екіден жалған буын бар (а-ю-ы [а-йыу-ы]), о-ю-ы [о-йыу-ы]).
Тіркес жалған буынның талданымы күрделі болмақ. Оның талданымына әзірге зерттеушілер арасында сәнге айналған көгала сөзін ғана аламыз. Қазіргі орфографиямыз бойынша көк және ала сөздері бірге жазылады. Бірге жазылған соң оның буын талданымы да бір сөз ретінде жүргізіледі: кө-га-ла. Мәселе буын жігінің орнында емес, жарайды, бірге жазылған соң, амал жоқ, осылай буындалады. Мәселе басқада, мәселе - осындағы га дыбыс тіркесіне қарап, қазіргі қазақ тілінде жіңішке дауыссыз бен жуан дауысты тіркесе береді деген лингвистикалық қорытындының пайда болуында. Оның ар жағында үндесім (сингармонизм) заңдылығы шетінеп барады (немесе шетінеп кетті) деген орынсыз ой тұр. Қазақ тілінде жіңішке дыбыс пен жуан дыбыс тіркесе береді деген жалған жаңалық тұр.
Алдын ала айта кететін жәйт, жалған буынға қатысты қандай да бір қорытынды болмасын, оның бәрі жалған болады. Өйткені жалғаннан ақиқат туындамайды, жалғаннан тек жалған туындайды. Себебі бейүндесім га буыны қазақ тіліне жат бейүндесімнің емес, қазақ тіліндегі жаңсақ-жасанды ереженің нәтижесі болып табылады. Өйткені неге көгаланы бірге жазып, бір сөз ретінде буындаймыз, ал соған ұқсас боз ала, сұр ала, қызыл ала, қара ала тіркестерін бөлек жазып, әр сөзін бөлек буындаймыз. Егер көгаланы осы соңғы сөз тіркестері тәрізді көк ала деп бөлек жазсақ, онда бейүндес га тіркесі өзінен-өзі жоқ болып кетер еді. Дербес сөздің соңындағы к (г) дауыссызын келесі сөздің құрамына қосып буындау (кө-ка-ла [кө-га-ла]) ешкімнің ойына кіріп-шықпас еді. Бөлек жазылған боз ала тіркесін ешкім бо-за-ла деп буындамайды ғой.
Буын түрлері
Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ.Жұбанов алтыға, Н.Сауранбаев төртке бөлсе, І.Кеңесбаев үшке бөліп қарастырған. Соңғы бөліс (ашық, тұйық, бітеу) барлық оқулықта жүр[2].
Ал фонетист С.Мырзабеков: құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы [1], - дейді.
Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссыздарды Б әрпімен таңбалап, буынның түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай өрнектеуге болады:
1. Ашық буын әр уақытта сөз бастаушы буын болады. Жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталған буынды ашық буын дейді. Мұның дыбыстық құрамы:
* А: а-на, а-та, ба-ла, ұ-зақ, ы-дыс, і-рі, т.б.
* БА: ба-ла-сы, бі-лі-мі, да-ла, т.б.
* ББА: ста-нок, ста-қан, сти-мул, т.б.
* БББА: стра-тег, стра-тостат, стра-тегия, т.б.
2. Тұйық буын дауыстыдан басталып дауыссыз дыбысқа аяқталады. Дыбыстық құрамы:
* АБ: ат, ер, өр, ақ, үй, т.б.
* АББ: ант, өрт, ұлт, ырс-ырс, ыңқ-ыңқ, т.б.
* БАБ: бас-тар, тас-тай, тақ-тай,т.б.
* БАББ: қант, былқ-былқ, т.б.
3. Бітеу буын деп дауыссыз дыбыстан басталып дауыссызға аяқталған буынды айтады. Дыбыстық құрамы мынадай болып келеді:
* БАБ: құс, тіс, бас-тар, бас-тық, тас-тай, т.б.
* БАББ: серт, қарт, төрт, сырт-сырт, қант, т.б.
Қазақ тілінің дыбыс және буын құрамына орыс тілінің ықпалын ескеру керек. Егер байырғы сөздеріміздің буын құрамы А, БА, АБ, АББ, БАБ, БАББ түрде ұшыраса, ендігі жерде мұның саны екі есе артты. Тілімізде бес, алты буынды дыбыстар да пайда болды. Сөздер мен буындарымыздың екі-үш дауыссыздан басталып, үш дауыссызға аяқталуы етене құбылысқа айналды. Тіліміздің дыбыстық құрамы и, у дауыстылары мен в, ф, х, ц, ч сияқты дауыссыздармен толысты. Бір фонеманың өзін ретіне қарай әр түрлі реңде айтуға қалыптастық. Мұның өзі артикуляциялық базамыздың байып, барынша оралымды, икемді болуына жағдай жасады.
Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын (А, АБ, АББ) буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ас, ант, ұлт, ас-қа, ұлт-тық. Сондықтан да бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос (екі) дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік ұстаған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. Осы қорытындыға сүйене отырып - деп жазды Қ.Жұбанов отызыншы жылдары, - буын жігін оңай, механик түрде табуға болады. Ол үшін жазылған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (өйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, біреу де, екеу де бола береді), әрбір алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз (өйткені сөз ортасында дауыстыдан буын басталмаушы еді ғой). Сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады [1].
Орыс тілінде буынға бөлудің принципі біршама бөлектеу. Дыбыстар үнділігіне қарай дауыстылар (3), сонорлар (2) және үнсіздер (1) деп ажыратылады да, буын көбіне үлкен цифр мен кішкене цифрдың аралығынан ажырайды. Мысалы: вексель - 131132, каска - 13113, маска - 23113, паспорт - 1311323 түрінде ажырайды.
Қазақ тілі оқулықтарында да тіпті Қазақ тілі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz