Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Қоршаған ортаның ластануы. Ластанулар жіктелуі. Табиғи ортаның сапалылығы
1.2 Жалпы тыңайтқышты қолдану мониторингі
1.3 Тыңайтқыштар түрлері және қолданылуы
1.4 Тыңайтқыштармен ластанудан сақтау жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қоршаған ортаның ластануы - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Негізгі бөлім
0.1 Қоршаған ортаның ластануы. Ластанулар жіктелуі. Табиғи ортаның сапалылығы.

Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емс физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
-қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар;
-қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).
Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары - өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.
Ластаушы загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұл классификациялау - ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:
-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;
-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;
-өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;
-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;
-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);
-радиоактавті заттар;
Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.
Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір заттың көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып табылыды. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың да өнімділігі кемиді.
Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер деп атайды. Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.), антропогенді де (қоғамның іс - әрекетінің нәтижесі) текті бола алады.
Ортаның ластануы - күрделі, көп түрлі үрдіс. өндіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.
Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Шыққан тегі бойынаша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:
-адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар;
-адамдардың іс - әрекеттерінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлердің үлкен үлес қосады.
Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:
1) Биологиялық - кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;
Механикалық - қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің
нәтижесінде ластануы:
Химиялық - қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ
жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;
Физикалық ластану - бұл бес түрге бөлінеді:
а) Өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы
арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп атайды.
ә) Жарықтық - жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілік ету жағдайының өзгеріске үшырауы;
б) Шу, дабыл нәтижесінде;
в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;
г) Радиоактивті ластану.
5) Микробиологиялық ластану -- адамның тіршілік етуі барысында,
антропогенді жүйелерде немесе ортада әр түрлі ауру тарататын зиянкес
организмдердің көбеюі.
Қоршаған ортаның ластануы - кез келген экологиялық жүйеге, оған тән емес сипаттағы жанды-жансыз компоненттердің қосылуы немесе құрылысының өзгеруі нөтижесінде, экожүйенің - зат, энергия алмасуы бұзылып, өнімділігінің төмендеуі.
Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін айырады:
-биологиялық ластану - экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай - ақ бактериологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды; және т.б.);
-химялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы.
Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады. Біріншілік ластануға - биосферадағы табиғи және антропогенді процестер арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластану - қоршаған ортадағы физикалық- химиялық процестердің нәтижесінде орта мен адамға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы, екіншілік ластануға ауадағы газдардың әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды келтіруге болады. (смог).
Кеңістік тұрғыдан бүкіл әлемдік, аймақтық және жергілікті ластануларды бөледі.
Қоршаған ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның, (литосфераның) және атмосфералық ауаның, жербеті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20% - ауамен, ал 10% - сумен бірге түседі.
Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи - антропогенді және антропогенді несеме тіршілік ортада болып жатқан физикалық - химиялық процестеркезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жрғары елдерде соңғы екі - үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химилық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.
Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 - 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос - жат, биос - өмір) деп айтады.
Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химилялық ластануды келесі түрлерге бөледі:
-ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);
-тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
-жербетілік және жерсты суларның;
-топырақтың;
-тамақтың және т.б.
Ортаның химилық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
-қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
-ластанушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;
-ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;
-планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын - шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.

1.2 Жалпы тыңайтқышты қолдану мониторингі
Әлемде жыл сайын шамамен әсер етуші заты 100 млн тоннаға жуық тыңайтқыштар өндіріледі. ФАО мәліметтері бойынша азот тыңайтқыштар өндірісінің өсу деңгейі фосфор және калий тыңайтқыштарының өсу көрсеткішінен жоғары. Көп жағдайларда өсімдіктерге оңай келетін азот топырақта ең аз кездесетін бірінші элемент болып табылады. Минералдық тыңайтқыштар тез әсер етеді. Мысалы, Венгрияда 1961-1965 жылдары бидайдың орташа түсімділігі 19 цга болса, 1984 жылы ол, тыңайтқыштар қолдану нәтижесінде, 50 цга-ға жетті.
Тыңайтқышты ендірген кезде тыңайтқыш мөлшерінің анық есебі, оларды қолданудың техникасы мен тәртібін қатаң сақтау керек. Мысалы, азоттың 100-150 кгга мөлшері өте жоғары, қолдануға болмайды. Топыраққа ендірілген азоттың, фосфордың және т.б. элементтердің шектен тыс мөлшері оларды мәдени өсімдіктердің толық пайдаланбай, біразы су қоймаларына шығарылды. Бұл көк жасыл балдырлар мен басқа да өсімдіктердің қарқынды көбейіп, судың гүлденуіне әкеледі. Нәтижесінде су қоймалары эвтрофтанып, суда органикалық элементтер көбейіп, оттегі азаяды, сонымен бірге, судың тұнықтығы азайып, сапасы нашарлайды.
Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану, сондай-ақ, топырақтың су тәртібін оңтайлау - топырақ құнарлылығын басқару және егіншіліктің өнімділігін үлкейтудің маңызды амалдары. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану өнімділікті 50%-ға арттырады, ал суармалы аймақтарда өсірілетін шай мен мақта өнімділігі 80%-ға жетеді. Бұл ормандар мен тағы да басқа ландшафттарды табиғи күйінде қалдырып, энергоқорларды сақтап, Жер жүзінде көбейіп жатқан халықты азық-түлік өнімімен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Бірақ, минералдық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін қолданатын мемлекеттер бұның теріс әсерлерін сезіне бастады. Нитрат, нитрит, аммонидің ондаған метр төмендіктегі сулы қабаттардың жер асты суларына өткендігі байқалды. Химиялық қосылыстар жер асты суларына кейде 90-100 м-ге дейін өтеді. Өзен, көл суларында, эстуарийлерде нитрат, аммоний мөлшері артуда. Бірталай Еуропа елдері өзендерінде концентрациясы 50 мгл-ден артық нитраттар табылған. Қазіргі кезде Рейн өзенінің суы ішуге мүлде жарамсыз. Бұл өзен халық жиі қоныстанып, егіншілігі мен өнеркәсібі дамыған аймақтардан өтіп, тәулігіне 200 млн. л сумен 40 т ас тұзын, 103 т фосфор, 295 т темір, 554 т аммиак, 2260 т нитрат, 2640 т органикалық қоспа және 16150 т сульфат әкеледі.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарты бойынша ауыз суындағы нитратты азоттың рұқсат етілген концентрациясы 10 мгл. Бұл көрсеткіш Еуропа елдерінде 22 мгл-ге жетеді, АҚШ-та ол 45 мгл шамасынан аспау керек. Жер шарының өзен суларында оның орташа концентрациясы 0,04-4,0 мгл аралығында ауытқып тұрады.
Азот тыңайтқыштарының жуылып жоғалған мөлшері өте үлкен болуы мүмкін, ол ендірілген заттың 15-20%-ын құрауы мүмкін. Қаладағы лас қалдықтар, сұйық қидың ағындары, пайдаланылған газдар нитраттарымен бірге тыңайтқыш нитраттары 40 мгл-ге жететін концентрациясы канцероген болып, көкөністе, ауыз суда болуы мүмкін. Су немесе тамақ арқылы адам ағзасына түскен нитраттар мен нитриттердің артық мөлшері ауыр науқастардың көзі болуы мүмкін. Нитраттардың бір бөлігі нитритке айналады. Күшті тотықтырғыш - нитрит-ион жоғары концентрациясы әсіресе бала кезде қауіпті қандағы оттегі тасымалдау қызметін бұзатын метгемоглобинемияға әкеледі. Сонымен бірге нитрит кейбір дәрілік аминдермен және несеп нәрімен қосылып, күшті канцерогендер мен мутагендердің пайда болуына әкеледі.
Нитраттердің ауыл шаруашылық өнімдерінде жиналуы көбінесе азот тыңайтқыштарын ендіру мезгіліне және мөлшеріне, күннің ұзақтығына және дәнді себу уақытына байланысты. Сонымен бірге, ол жарықтың түсуіне де (жиі себілген егіс пен көлеңкелі жерлерде нитрат мөлшері жоғарылау) байланысты болады. Азот және басқа да тыңайтқыштарды бір рет көп мөлшерде себу қоректік заттардың жоғалуын жоғарылатып, топырақ микроағзаларының тіршілігін күрт өсіреді; тыңайтқыш азотымен бірге айналымға түскен топырақ азоты топырақ - тыңайтқыш - өсімдік жүйесінен шығып, биосфераны ластайды. Денитрификация нәтижесінде топырақ 1%-дан 75%-ға (көбінесе 20-25%) дейін тыңайтқышпен бірге ендірілген газ түріндегі азотты жоғалтуы мүмкін. Пайда болған газ - азоттың шала тотығы атмосфераның озон қабатын бұза алады. Озонмен тотыға отырып, азоттың шала тотығы жер бетіне және мұхитқа азот және азотты қышқыл ретінде қайта оралады.
Нитраттың жуылып жоғалуын ғылымға негізделген ауыспалы егістікке тереңге кететін тамыр жүйесі бар өсімдіктерді (көп жылдық шөптер) кіргізе отырып, ауыл шаруашылық дақылдарын кезектестіруге негізделген жол арқылы азайтуға болады. Сондай-ақ, топырақты өңдеуді азайтып, сабанды тыңайтқыш ретінде пайдалануға да болады. Бұл варианттар топырақтың терең қабатындағы қоректік заттарды пайдалануға, азотты заттардың минерализациялануын қысқартуға, топырақта азоттың бекуіне мүмкіндік береді. Көп жылдық өсімдіктер азотты жақсы пайдаланып, тамыр массасын үлкейтеді, ал бұршақ дақылдары түйнектері арқылы атмосфералық азотты байланыстыра отырып, топырақты биологиялық азотпен байытады.
Фосфор тыңайтқыштарын қолданудың экологиялық салдарларын су нысандарына фосфордың құйылуының үлкеюінен кеңірек қарастыру керек. Пайда болған лигандтық кешендер зат айналымға көптеген ауыр металдарды тартады, олардың қозғалысының күшеюі табиғи сулардың ластануына әкеледі. Топырақ пен судағы полифосфаттар динамикалық тепе-теңдікті құрамында фосфор бар қосындылардың ерігіштігінің үлкеюі жағына жылжытып, топырақ пен судың химиялық тазаруын қиындатады. Бұл су қоймаларындағы фосфат тұздарын табиғи жолмен шөктіруді қиындататын негізгі себеп. Адам үшін фосфордың улылығы СаО:Р2О5 қатынасына байланысты болады, зиянсыз қатынас 1:1 және 1:1,5. Фосфордың артық мөлшері түрлі аурулар тудырады.
Фосфор тыңайтқыштарының дүние жүзілік өндірісі фосфорға есептегенде жылына 30 млн. т-ға жетеді. Тыңайтқыштың осы мөлшерімен топыраққа 2-3 млн. т фтор енеді. Суперфосфатта ол еріген күйде болып, өсімдікке тез түседі. Фтор концентрациясының жоғарылауы фотосинтез, тыныс алу және өсу процессін тежеп, ассимиляциялық аппараттың құрылымын бұзады. Бұл элементтің ас суындағы артық мөлшері (2 мгл-ден жоғары) адам тістерінің кіреукесін зақымдап, сүйек флюрозын тудырады. Фтор жинаушылыр - ақжелкен, пияз және қымыздық жапырақтарында оның мөлшері 50-60 мг-ға дейін жетеді. Суперфосфаттың әрбір тоннасымен топыраққа 160 кг фтор енеді. Жай суперфосфатта шамамен мыс 20 мгкг, мырыш - 100, күшән - 300 мгкг, ал фосфоритті ұнда - қорғасын шамамен 20 және кадмий 2 мгкг болады. Қорғасын фосфаттармен реакцияға түсіп, оның сіңірілуін өзгертеді. Әдетте топыраққа фосфорлы тыңайтқышпен бірге ванадий да түседі. Фосфат шикізатын өңдеудегі жетік технологиялар арқылы келешекте қоспалар мәселесі шешіледі. Жерде фосфордың минералдық қорлары шектеулі, сондықтан, оларды дұрыс қолдана білу керек.
Калий тыңайтқыштары суды көп ластамайды; негізінен, теріс әсер көрсететіндер аниондар: хлорид, сульфат және т.б. Калий тыңайтқыштарындағы картоп, жүзім, темекі, цитрусты және талшықтылар секілді ауыл шаруашылық дақылдарының өніміне жағымсыз әсер көрсететін зиянды қоспаларға хлорды жатқызуға болады.
Мал азықтық шөптердегі калийдің артық мөлшері малдың улануына әкеледі. Тыңайтқыш - су қоймаларын калиймен ластаудың негізгі көзі. Бұл элементтің сүзбе сумен жоғалуы әдетте 10-20 кгга, ал калийдың топырақтағы орташа жуылуы - 20-25 кгга К2О болады. Топырақ ерітіндісіндегі калий катиондарының жоғарғы концентрациясы Са:К және Мg:К қатынасын бұзады, топырақтың сіңіру кешенінен кальций мен магнийді ығыстырады және топырақ кескіні арқылы қозғалысын тежейді. Кальцийдің жыл сайынғы кәрізді су арқылы кемуі 1 тга-ға дейін жетеді. Бұл процесс физиологиялық қышқыл тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін ендіргенде күшейеді.
Қоректік элементтерді шектеп ендіргендегі ең үлкен өнімділікке жететін тыңайтқыштарды қолданудың жоғары нәтижелі әдістерін шығарудың маңызы зор екенін айта кету керек. Топырақ пен тыңайтқыштағы қоректік заттарды пайдалану коэффициенті көптеген дақылдар үшін потенциалды мүмкіндіктен төмен. Тыңайтқыштың пайдаланбай қалған бөлігі өнімнің шығынын арттырады, өнімді азайтып, сапасын төмендетеді, топырақты, суды, ауылшаруашылық өнімдерін ластайды. Ауыл шаруашылығы өндірісі тәжірибесінде өсімдіктердің толық қоректенуіне элементтердің жетіспеушілігін немесе артық мөлшерін жоятын тыңайтқыштардың оңтайлы құрамын пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Бұл мәселені шешудің қиындығы өсімдіктердің өсу кезінде қоректік элементтерге деген әртүрлі қажеттілігін, олардың тұқым қуалайтын ерекшеліктерін және үнемі өзгеріп отыратын топырақтық-климаттық әсерлер кешенін есепке алып отыру керек.
Біраз жұмыстар өсімдіктің микротыңайтқыштар қолданған кезде өсімдіктің дұрыс дамуына, өнімнің сапасының жақсаруына мироэлементтердің маңызы зор екенін көрсетеді. Макротыңайтқыштардың әсері микротыңайтқыштармен бірге ендірген кезде жоғарылайтыны байқалды. Өсімдіктердің макро- және микроэлементтерімен минералды қоректенуі улы газдармен зақымдануын төмендетуде маңызды рөл атқарады. Мысалы, жөке ағашы, аткаштан, қара терек жапырақтары тыңайтқыштарсыз 70-90%-ға зақымданса, тыңайтқыштар ендіргенде 10-30%-ға зақымданады.
Органикалық тыңайтқыштарды топырақта жүйелі қолдану кезінде микроэлементтер қоры мен қозғалмалы түрлерінің мөлщері үлкейеді. Мал мен құс жеміне микроэлемент қосылатын фермалардан алынған органикалық тыңайтқыштарды қолдану әр қолдану кезінде ендірілетін мөлшерді мұқият таңдау керек. Шошқа қиымен ұзақ уақыт тыңайтылған (шошқаларды бордақылағанда мыс пен мырыш азыққа қосымша қосылады) жайылымдарда мыс мөлшерінің артқаны байқалады. Бұл өсімдіктердегі мыстың концентрациясын жоғарылатып, азықтағы әсіресе осы металға сезімтал қойлардың жағдайына нашар әсер етті.
Табиғи нысандардың барлығын - топырақты, суды, өсімдікті, жануарларды және адамды, қамтитын аумақты мониторингке деген маңызды қажеттілік туды. Бұл экожүйенің жағдайын бақылап, керек жағдайда болжаулар жүргізуге де мүмкіндік береді. Химиялау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Судың ластануы
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы
200 орынға арналған залы бар және 100 оқушыға арналған музыкалық мектебі бар словяндық ұлттық мәдени орталығы
Су ресурстары жайында
Қазақстанның су ресурстарына жататындар
Қазақстандағы судың ластануы
Табиғатына байланысты токсиканттардың негізгі түрлері
Жер үсті суларының химиялық құрамын ластану деңгейін зерттеу
Өсімдіктер физиологиясы өсімдік организміндегі тіршілік құбылысына байланысты процестерді зерттейтін ғылым
Көлік жүйелерін жетілдіру
Пәндер