Химиялық экология


Реферат
Тақырыбы:«Химиялық экология»
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Экология. Экологияның түрлері
- Химиялық экология
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану күрделі мәселелердің бірі. Адамзат барлық уақытта өзін қоршаған дүниені танып білуге ұмтылады. Табиғатты танып білу ағаштың өсуі сияқты өте баяу жүреді. Табиғат дегеніміз - мезгілі мен кеңістікке шексіз тұрақты қозғалыста әрі үздіксіз өзгеру мен даму үстінде болатын бейорганикалық және органикалық дүние.
Химиялық экология өзекті мәселелерді - адамзат пен қоршаған ортаның қарым қатынасын зерттеп, шешетін аса маңызды пәнаралық ғылымға айналды. Бұл ең алдымен антропогендік факторлардың Жер биосферасына зиянды экологиялық әсеріне байланысты, яғни парникті эффект, қышқыл жаңбырлар, озон қабатының жұқаруы, ормандардың жаппай кесілуі, шөлейттену, қоршаған ортаның улы заттармен ластануы.
Ғылыми техникалық прогрестің дамуына орай айналадағы қоршаған орта үлкен өзгерістерге ұшырап отыр. Оның өзі барлық тіршілік иелеріне әсер ететін қолайсыз факторлармен - ортаның ластануымен және табиғи ресурстардың сарқыла бастауымен тікелей байланысты. Қоршаған ортаның ластануы адамзат өміріне, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, бүкіл табиғат ресурстарының жай-күйіне елеулі нұқсан келтіріп отырғаны белгілі. Осыған орай экологиялық білім алу күн өткен сайын өзекті және маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда «экология» орта мектептер мен жоғары мектептерде оқу бағдарламасына енгізілген. Әртүрлі мамандық студенттеріне болашақ мамандықтарының ерекшеліктеріне байланысты «экология» курсы оқылады.
Негізгі бөлім
2. 1 Экология. Экологияның түрлері
Экологияның практикалық нәтижесі, ең алдымен табиғатты пайдалану мәселелерін шешуден бастау алады.
Экология қарастыратын басты мәселелері айқындап алғаннан соң, оның қоршаған ортаны қорғауын, бүлдірмей сақтауды қалай жүзеге асыратындығын әңгіме етелік.
Табиғат деген ұғымды, біз өзімізді қоршаған орта - тау-тас, өзен көл, жанжануар, өсімдіктер және т. б. заттардан тұратын дүниелер.
Ал енді, бұған өзгеше бір кең мағынада анықтама берсек, табиғат дегеніміз адамзат қоғамы тіршілік ететін , және букіләлемдік информациялық дүниелер жиыны. Берілген анықтамалардан табиғат текжер бетін мекендейтін адамзат, жанжануарлар, өсімдіктер дүниесі ғанаемес, сонымен қатар, жансыз дүниелер де, оның ішінде литосфера, энергетикалық қор, пайдалы кен қазбалары кіретін дүние әлемі екендігі көрінеді.
Бұл мәселеде айтылғандармен қатар, екінщі дүние (Вторая природа) деген де түсінік бар. Бұл үғым бойынша адамзат қолымен, еңбегімен жасалған дүниеліктердің бәрі соңғы түсінікке жатады. Яғни, жайқалған егістік алқабынанбастап, қаламсапка дейін "екінші дүниелік" заттары болып табылады. "Екінші дүние" заттары да табиғат еншісі болып табылғандықтан, олардың табиғат ұғымына кіретініне ешкім шек келтіре қоймас.
Адамдардың табиғатқа тигізетін әсерлері және олардың салдары әртүрлі болады. Олардың кейбіреулері шағын аумақты алуы мүмкін. Мысалы, өзендерге салынған плотина, кішкене көлшіктердің пайда болуына, сол аумақта су деңгейінің жоғарылауына, ал кейбір шұрайлы аймақтың тіптен су астында қалып қоюына өкеліп соғады.
Орман ағаштарының көптеп кесілуі, сол аумақтағы су көздерінің жойылып кетуіне әкеліп соғады, ал үлкен су қоймаларын жасау сол жердің ауа-райының өзгеруіне әсер етеді (ол судың үлкен аумақта булануынан болады) .
Түптеп келгенде, адамдардың іс-әрекетінің әсерінен, биосферада көптеген өзгерістер болады, олар: өсімдіктер және жануарлар өлемінің өзгеруі, топырақтың және ауаның құрамының өзгеруі, су кррларының өзгеруі, ауа райының өзгеруі, жер релефінің өзгеруі.
Экология қамтитын проблемалар өте күрделі әрі көп қырлы. Дұрыс шешімін табу үшін жаратылыстану, техникалық, қоғамтану және т. б. ғылым салалары қатысуы қажет. Осы күнге дейін, әр ғылым өзіне таныс, тусініктіпроблеманы бөліп алып, жеке зерттеп келді. Осылайша, біртұтас, бір жүйеге жататын үлкен мәселе еріксіз бөлшектеніп, жанжақты зерттелмей, ғылыми тұрғыдан негізделмей, ұштастырылмаған жұмыстар жиынтығы болып келді. Сол себептен, табиғи ортаның жағдайыжақсару орнына, күннен күнге нашарлауы орын алып отыр.
Өндірістік мекемелер және жылу энергетикалық қондырғылар, тасымал машиналар т. б. қоршаған ортамен өзара үйлеспеуі, табиғатқа жанжақты әсертигізіп, түрлі зиянды өзгерістер туғызады. Олар: әртүрлі химиялық заттармен қосылыстардың, радиацияның, әртүрлі шулардың табиғи ортаға тарауы.
Жер бетіндегі тіршілік иелерінің даму эволюциясы кезінде, аталған заттар болмаған және ксенобиотиктер өнеркәсіп өндірісі нәтижесінде ғана пайда болған. Мысалы, металлургия өнеркәсібі пайда болғанға дейін, табиғатта таза металдар ұшыраспаған (алтынды есепке алмағанда) . Химия өнеркәсібінің нәтижесінде -фреондар, пестицидтер, органикалық заттар алу барысында пайда болатын өндіріс қалдықтары қаншама. Табиғатта ұшырасатын кейбір заттар ксенобиотиктер қатарына жатпағанымен, олардың су қоймаларында, ауада топырақ құрамында артық мөлшері кездесуі зиянды болып табылады. Мысалы, озон, фенол, көмір кышқыл газы, күкіртгі ангидрид және т. б. қосылыстар. Бұларға іштен жану двигательдерінде бензин жану барысында түзілген иіс газының (СО) ауаны ластауын қосыңыз.
Осы ксенобиотиктер, тірі организм клеткаларына түссе, ондағы метаболизм құрылысы бұзылады, нәтижесінде организм жағдайын нашарлатады, Мысалы, атмосфералық ауа кұрамында -фтор, никель, кобальт, күкірт қосылыстары бар болса, онда фотосинтез құрылысына нұқсан келеді, яғни өсімдіктер дүниесінің фотосинтетикалық жұмыс жүйесі жарамсызданады. Су қоймаларына, өзен-көлдерге сарқынды сулармен келіп түсетін органикалык қалдықгар, фенолдар, суда мекендейтін жәндіктердің, балықтардың қырылуына әкеліп соқтырады.
Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануы нәтижесінде, тыныс алатын ауа - әртүрлі аллергиялық аурулардың қоздырушы көзі болып табылып отыр. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, адамзат қоғамы мен оны қоршаған ортаның жағдайын нашарлатпауы тиіс. Міне, осындай мәселелердің бәрі - табиғат заңын дұрыс пайдаланып, экология негіздерін білуді талап өтеді.
Организмдердің бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық, ас пен қорек, олардың достары мен жаулары кіреді.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.
Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.
Ол гректің "oicos”-"үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.
Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель . Э. Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.
Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі . Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл және Теофраст (IIIғ. б. э. д) жазған, ал жануарлар туралы - Аристотель (Ivғ. б. э. д) жазған.
Экология ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К. Рулье, Н. Северцов және басқалардың еңбектері үлкен үлесін қосты.
А. Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік және Оңтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібірді, Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы туралы рекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды.
XIX ғ. ортасында Ресейде К. Ф. Рульенің еңбектері биологиялық ғылымдағы экологиялық бағытының дамуы үлкен әсер етті. Оның еңбектері зоологиядағы экология бөлімін қалыптастырды.
XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі арқасында экология организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналды . Дарвиннің анықтамасы бойынша, экология -бұл табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастарды зерттейтін ғылым, тіршілік үшін күрес жағдайы ретінде.
XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т. б. фактілер саны көбейе түсті.
Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған.
Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар.
Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.
Экология ғылымының негізгі міндеттері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;
- табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;
- адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;
- экологиялық қауіпсіздікті сақтау.
2. 2 Химиялық экология
Химиялық экология - химикаттарды қолданудың салдарын және олардың қоршаған ортаға түскендегі әрекетін зерттейтін, экологиялық мониторингтің әдістерін талдап-белгілейтін ғылым. Химиялық экология химикаттардың орнықтылығын, олардың ауыс-түйіс, таралу, жинақталу және басқа түрге айналу процестерін зерттейді. Зерттеулердің нәтижесінде көптеген химикаттардан бас тарту қажеттілігі, олардың қоршаған ортаға шығарындыларын азайту үшін кәсіпорындардың технологияларын жетілдіру.
Қоршаған ортаны, табиғатты корғауға арналған шараларға барлық қоғам мүшелері бірдей қатысуы тиіс. Өз заманында ұлы химик Д. И. Менделеев: "Химияда қалдық жоқ, тек пайдаға аспаған шикізат бар", - деп, көрегендікпен қалдықсыз өндіріс құру қажеттілігін мегзеген еді. Осы күні ғалымдарымыз бен өнертапқыштарымыз өндіріс қалдықтарынан баска заттар өндіруге арналған тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруде. Химиялық экология проблемалары адамзат іс-әрекетінің нәтижесінде ұзақ уақыт бойы біртіндеп жинақталып, пайда болған тіршіліктің жағымсыз көрінісі.
Соңғы жылдары жер шарында экологиялық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай “Бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады”. ҒТР - дың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық, әлеуметтік шығындар әкелді. Кусто және былай деген: “Адамның алдынан орман кездессе, артында шөл қалады”.
Химиялық экологиялық проблемалар адамзат іс - әрекетінің ұзақ уақыт бойы біртіндеп жинақталып пайда болған тіршіліктің жағымсыз көрінісі. Осы проблемаларды шешу үшін қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға арналған шараларға барлық қоғам мүшелері бірдей қатысуы тиіс. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіруге болады, егер зауыттар мен фабрикаларда түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып, экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ, сондай - ақ жоғары октан санына сәйкес, құрамы тұрақты газ түріндегі жанар - жағармайларды қолдансақ, қозғалтқыш цилиндіріне біркелкі таралып, толық жанып, ауамен жақсы әрекеттесіп атмосфера таза болады.
Биосфераның ластануы - адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың лайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т. б. ) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі) [1-3] .
Кен қазындыларын өндіру кезінде жер қойнауынан жылына 100 млрд. т тау жыныстары алынады. Оның 10%-і ғана іске асады да, 90%-і жарамсыз қалдықтарға айналып жер бетін ластайды. Жыл сайын шартты түрдегі 1 млрд. т отын жағылады, атмосфераға 20 млрд. т СО 2 , 300 млн. т СО, 50 млн. т NO, 150 млн. т SO 2 , 5 млн. т H 2 S, 400 млн. т-ға жуық күл, түтін, шаң-тозаң түседі. Ал гидросфераны 600 млрд. т-дай өндірістік және тұрмыстық ағын сулар ластайды. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде әлемдік мұхитқа 10 млн. т-ға жуық мұнай өнімдері төгіледі. Бұл ондағы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын топыраққа 100 млн. т-дай минералды тыңайтқыштар сіңіріледі.
Биосферада жыл сайын түзілетін жүздеген мың тонна әр түрлі жаңа химиялық қосылыстардың көпшілігі биологиялық және физиологиялық жолмен ыдырамайды. Биосферада ыдырамайтын заттардың шамадан артық жинақталуынан (мысалы, пестицидтер, полихлордифенилдер, т. б. ) және табиғи ыдырау механизмдері немесе сіңіру қабілеті бар заттардың әсерінен (тыңайтқыштар, ауыр металдар, т. б. ) табиғи жүйелер мен олардың биосферадағы байланыстары бұзылады. Биосферадағы зат айналымына бірнеше миллион тонна хлорорганикалық қосылыстарды енгізу, бір жағынан, жануарлардың (әсіресе, балықтар мен құстардың) көптеген түрлерінің жойылуына, ежелден қалыптасқан трофикалық тізбектердің үзілуіне, соның нәтижесінде биоценоздардың бұзылуына әкелсе, екінші жағынан, ұсақ жәндіктер мен микроорганизмдердің (космополит организмдердің) шамадан тыс көбеюіне соқтырды. Ағаш және қазба отындарды (тас көмір, мұнай) негізгі қуат көзі ретінде пайдалану атмосфераның зиянды газдармен және шаң-тозаңмен ластануының басты көзі болып табылады [4, 5] .
Соңғы жылдары атмосферадағы қорғаныштық рөл атқаратын озон қабаты жұқарып, кейбір аймақтарда (мысалы, полюстерде) “озонойықтары” пайда бола бастады. Олардың пайда болуына өндірістерден бөлінетін N, Cu, Fe, Mn, Cl, F, Br оксидтері мен ғарыш кемелерін ұшыру әсер етеді. Әсіресе, метан, этан, пропанның хлорлы және фторлы туындыларын (фреондар) өнеркәсіпте кеңінен пайдалану - озон қабатының жұқара түсуіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ал озон қабатының бұзылуы - Жер бетіндегі бүкіл тіршілікке үлкен зиян. Азот тотықтары мен күкірттің сумен қосылыстары “қышқылды жаңбыр” жаудырып, биосфераға орасан зор қауіп төндіруде. Биосфера ластануының тағы бір қауіпті де қатерлі көзі - қоршаған ортада радиоактивті қалдықтардың жинақталуы және АЭС апаттары.
Мысалы, жылына 1, 55*10 т бос оттек түзілсе, жылына 2, 6*10 тоннасы жұмсалады, шығындалуы түзілуіне қарағанда артық. Оттектің азаюы ауаның әр түрлі зиянды қалдықтармен ластануынан болады. Жыл сайын атмосфераға 5млрд м көмірқышқыл газы, 145 млн м күкірт оксиді, 250 млн. тонна шаң - тозаң араласуда. Қазақстанда 3 млн. тонна зиянды заттар жыл сайын ауа қабатына сіңетіндігі анықталды. Экология және ресурстар министірлігінің мәліметтері бойынша Қазақстанның 80 қаласында 2500 өндіріс ошақтары бар. Ауаны ластайтын өндіріс қалдықтары әсіресе, Шығыс Қазақстан (43%), Орталық Қазақстаннан (36%) түседі. Табиғатты ластап, қоршаған ортаның тазалығына зиян тигізіп отырған бірден - бір себепкер - химия, мұнай өндеу салаларын, автокөліктерді, тұрмыстық - химиялық заттарды дұрыс пайдаланбау, пестицидтердің кең түрде қолданылуы нәтижесінде болады Электр энергиясын алу үшін тонналап отын жағылады. Әсіресе мұнай өнімдері мен көмір. Осының нәтижесінде атмосфераға көптеп көмірқышқыл газы бөлініп шығады.
Қоршаған ортаны ластаушы себепкердің тағы бір түрі - тұрмыстық қалдықтар. Олар жылдан -жылға көлемі жағынан өсіп келеді. Мысылы, қалдық қағаздардың шіруіне 2 жылдан 10 жылға дейін, концервілік банкалар шіруі үшін 90 жылдан жоғары, шылым қораптары 100 жылда, полиэтилин пакеттері - 200 жылдан жоғары, пластмасса - 500 жыл, әйнектер - 1000 жылдан артық мерзімде шіриді екен.
Адам денсаулығына тек өндіріс қалдықтарының зияндығы ғана емес, автокөліктердің де улы газдарының зияны тиюде. Қазір дүние жүзінде 500 млн - дай автомобиль бар деп есептегенде, атмосфераны ластайтын зиянды қоспалардың 60 %-ы солардың үлесіне тиеді. 1 л жанармай жанғанда 16 000 л әртүрлі газдар қоспасы атмосфераға бөлінеді екен [5-7] .
Соңғы жылдары жер шарында экологиялық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай “Бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады”. ҒТР - дың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық, әлеуметтік шығындар әкелді. Кусто және былай деген: “Адамның алдынан орман кездессе, артында шөл қалады”.
Химиялық экологиялық проблемалар адамзат іс - әрекетінің ұзақ уақыт бойы біртіндеп жинақталып пайда болған тіршіліктің жағымсыз көрінісі. Осы проблемаларды шешу үшін қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға арналған шараларға барлық қоғам мүшелері бірдей қатысуы тиіс. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіруге болады, егер зауыттар мен фабрикаларда түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып, экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ, сондай - ақ жоғары октан санына сәйкес, құрамы тұрақты газ түріндегі жанар - жағармайларды қолдансақ, қозғалтқыш цилиндіріне біркелкі таралып, толық жанып, ауамен жақсы әрекеттесіп атмосфера таза болады.
Жер Ана да адам денсаулығы сияқты аса үлкен күтімді қажет етеді. Адамзат жер қойнауындағы бүкіл байлықты игеріп, өз қажеттіліктерін қанағаттандырып, тіпті шетелдерге сатып, қазынасын молайтып жатыр. Ал жер болса қарт адамның денсаулығы секілді күннен күнге нашарлауда және оның көрінісі экологиялық зардаптар ретінде біздің тіршілігімізде көрініс табуда. Олай болса табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор дегім келеді.
Ғалымдар биосфераның ауадағы шекарасын жер бетінен есептегенде 15 км биіктікке дейін, суда -12 км тереңдікке дейін, жер қыртысында -5 км тереңдікке дейін болады деген ортақ шешімге келді.
Биосфера - адамдардың денесі сияқты, - дейді көрнекті орыс ғалымы, академик В. И. Вернадский.
Биосфера - экология ғылымының зерттеу саласы болып саналатын жер шарындағы тірі организмдер орналасқан экологиялық жүйе. Биосфераның құрамына литосфераның жоғары қабаты, гидросфера түгелімен, сол сияқты атмосфера қабаты кіреді. Биосфера тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы орта. Биосфера өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар - литосфера, гидросфера және атмосфера.
Тірі организмдер ғарыштық энергияны жердегі химиялық энергияға айналдыра отырып, ғаламшардағы тіршіліктің көптүрлілігінің дамуына мүмкіндік береді. Осының бәрі биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы болып табылады. Бұл процестер табиғаттағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі ғаламдық зат алмасулардың үздіксіз қозғаушы күшіне айналады.
Ең басты мәселе - биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі.
Соның нәтижесінде, биосфера деп аталатын «үйімізде» ешбір басы артық зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де қайтадан айналымға түсіп, табиғаттың өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты қозғаушы күші -күн сәулесі екенін естен шығармауымыз керек.
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераның ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.
Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық екіншісіне өте отырып, соңынан адам организіміне келіп түседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғаламдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидан тапқан. Олар бұл жерге басқа жер-лерден ауа ағындарымен келіп түскен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz