Мұнай газ ұңғылары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Техникалық факультеті
Мұнай-газ ісі кафедрасы

Мәнжазба
Тақырыбы:Мұнай газ ұңғылары

Орындаған: Сулейменов Н

Ақтөбе 2019

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Мұнай мен газды жинау мен тасымалдауға дайындау жабдықтары

2. 2 Мұнай кен орындарын игеру режимдері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мұнай мен газ адамзат қоғамының энергия көздерінің ең негізгісіне айналды, әрі ең маңызды химиялық шикізат болып табылады. Мемлекетті мұнай - газ шикізаттарымен қамтамасыз ету елдің экономикалық дамуын айқындайды және технологиялық прогресті белгілейді.
Мұнай-газ өндіру саласының ерекшелігі айтарлықтай жоғары, ілгері қарқынды, сапа жағынан алдыңғы қатарлы, әрі мұнай өнімдері жыл сайын өндірілуде. Қазіргі мұнай өндіру саласы техниканың ең соңғы үлгілерімен жабдықталған, автоматтандырылған, ондаған күрделі технологиялық процестерді жүзеге асыра алатындай жағдайда екені белгілі.
Оларды жүзеге асыру үшін пайдаланылып жүрген саны, күрделілігі, әртүрлілігі жағынан машиналар мен жабдықтар қазіргі өнеркәсіп салаларында алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Толассыз даму үстіндегі мұнай-газ өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың саны жаңа мұнай-газ өндірісінің жаңа саласының қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Мұнай-газ саласының дамуымен қатар бір мезгілде машина құрастыру салалары да даму үстінде. Осымен қатар ғылым да даму бағытында.
Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары курсы мұнай-газ өндірудің әртүрлі тәсілдерін, жөндеу жұмыстарының түрлерін, мұнай мен газды тасымалдау әдістерін, газ бен мұнайға арналған құбырларды, сонымен қатар осы салаларда қолданылатын машиналар мен жабдықтарды зерттейді.

2.1 Мұнай мен газды жинау мен тасымалдауға дайындау жабдықтары
Мұнай, газ кенорындарын игеру бір-бірімен функционалды байланысқан түрлі машиналар, жабдықтар, аппараттар мен құралдардың көмегімен іске асырылады. Сондықтан мұнай-газ кәсіпшілігін геологиялық түзілім мен инженерлік құралдардың кешені ретінде қарастыру қажет. Сонымен бірге, машиналар мен құралдардан басқа бұл кешенді жүйе өлшеу және реттеу, автоматтандыру мен есептеу техникасынан да тұрады
Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары ұғымының астарында - жұмыстық көрсеткіштері белгіленген ұңғымалардан мұнай мен газды үздіксіз өндіруді, жөндеу жұмыстарын жүргізуді, қабаттың белсенді өндірілуін, мұнайды, газды және қабаттық сұйықтықты өндіріс ішінде дайындау мен тасымалдауды қамтамасыз ететін жабдықтар кешені түсіндіріледі.
МКЖ 5 топтамаға бөлінеді.
І Түрлі пайдалану жұмыстары кезінде қолданылатын жабдықтар.
1) Бұрғылаумен аяқталған ұңғыманың оқпаны мен сағасының жабдығы.
2) Құбырлар, жетектер.
3) Ұңғымалық тығындар.
ІІ Қабат өнімін ұңғымадан көтеруге арналған жабдықтар.
1) Фонтандау кезінде.
2) Компрессорлы өндіріс кезінде.
3) Штангасыз сорап қондырғыларымен пайдалану кезінде.
4) Штангалы сорап қондырғыларымен пайдалану кезінде.
ІІІ қабатқа әсер ету жабдықтары.
1) Мұнайды сумен, газбен және реагенттермен ығыстыру кезінде.
2) Термиялық, термо-химиялық және химиялық әсер ету әдістері кезінде.
3) Коллекторға механикалық әсер ету кезінде.
ІV ұңғымада жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтар.
1) Мұнара мен мачталар.
2) Мұнарасы бар подъемниктер мен өздігінен жүретін агрегаттар.
3) Құбырларды бұрап-шешуге арналған механизмдер.
V Мұнай мен газды жинау мен тасымалдауға дайындау жабдықтары.
Кен ішіндегі мұнай қабаты астыңғы жағынан су қабатымен және оның үстіңгі жағында газ шапкасымен шектелген. Қабатты пайдалануға келесі ұңғылар қолданылады: бір бөлігі қабаттан сұйықты шығарып алуға, екіншісі - қабатқа суды немесе газды айдау мақсатында. Қабаттан сұйықты шығарып алу үшін ұңғыларды кешенді пайдалану жабдықтары қолданылады.
Олар сұйықтағы мұнай, газ, судан басқа механикалық қоспаларды жинау жабдықтарының (3) көмегімен тазартып, мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру операцияларынан өткізіп, тұтынушыларға таза күйінде жеткізеді.

1.1-сурет. Мұнай-газ кәсіпшілігінің функционалды сұлбасы:
1-қабатқа су айдау ұңғысы; 2-қабатқа газ айдау ұңғысы; 3-қабат сұйығын жинау жүйесі және оларды мұнайға, газға және суға бөліп ажырату; 4-сораптық станциялар; 5-компрессорлық станциялар; 6-қабат қысымын ұстап тұру жүйесі; 7-мұнай ұңғылары; 8-газ шапкасы; 9-мұнаймен қаныққан қабат; 10-су жиналған қабат; 11-коллектордың өткізгіштігін көтеріп, қабат сұйығының тұтқырлығын азайту арқылы қабатқа әсер етіп, кен алуды қарқындатуға арналған жабдықтар кешені; 12-ұңғыны ағымды жөндеуге қажетті жабдықтар кешені; 13-ұңғыны іргелі жөндеуге арналған жабдықтар кешені; 14-ұңғыларды пайдалануға арналған жабдықтар
Кенорындарынан сұйықтарды шығарып алуды қарқындату үшін қабатқа қышқылды өңдеу, оны гидроажырату, сонымен бірге термиялық түрде әсер ету жабдықтарының кешені (11) қолданылады. Қабат энергиясының деңгейін көтеру мақсатында су немесе газ айдайтын жабдықтар кешені (6) пайдаланылады. Сонымен бірге ұңғыларды ағымды немесе іргелі жөндеу жабдықтары да кеңінен қолданылады.

2. 2 Мұнай кен орындарын игеру режимдері
Қабат бойынша сұйықты ұңғыманың түп аумағына (өте төмен қысым нүктесіне) жеткізу қабат энергиясының есебінен жүзеге асады. Қабат қысымының әсерінен сұйық сығылған күйде болады. Кен орнын пайдалану барысында, әдетте қабаттағы қысым төмендеп отырады. Сондықтан қабаттағы мұнай қорын, қабат қысымы төмендеп, қажетті қысымды ұстап тұруға мүмкін болмай қалғанға дейін алудың маңызы бар.
Қабаттағы қысымның өзгеруіне тұрақты тексеру жасалып отырады және оның тез өзгеруі кезінде кен орнына әсер етудің қолдан жасалған әдістерін, яғни оның ішінде қабаттық қысымды ұстап тұру әдістері қолданылады. Қабаттың энергетикалық қорын сипаттайтын, қабат қысымының төмендеу қарқындылығы, кен орнын игеру жобасымен себепші болатын мұнай, газ және су қабатындағы сұйықты алу қарқындылығына және кен орнын игеру барысында қабаттық қысымды ұстап тұру жүзеге асырыла ма, жоқпа соған байланысты. Бұл қолдан жасалған факторлар. Екінші жағынан, қабаттағы энергия қоры, бастапқы қабаттық қысым шамасы және оның төмендеу қарқындылығы кен орнының табиғи - жаратылыс факторларына да байланысты болады. Оларға :
§ кеңейту энергиясы кен орнын игеру кезінде пайдаланылатын газды шапканың бар болуы;
§ қабат жүйесінде серпімді энергияның бар болуы;
§ кеңейту энергиясы қабаттағы сұйық және газдардың ұңғыма түбіне жылжуын келтіретін мұнайда ерітілген газ құрамының бар болуы;
§ игеру кешенін қабаттағы нұсқа сыртынан сумен тұрақты қоректендіру көзінің бар болуы және оны сумен алынған мұнайдың орнын толтыру қарқындылығы;
§ құлау бұрышы үлкен қабаттағы мұнайды ығыстыруға тиімді ықпал жасайтын гравитациялық факторлар.
Табиғи жағдаймен айқындалатын, көрсетілген факторлар, кен орнын қалыптастыру процесімен байланысты.
Пайдалану және су айдау ұңғымалары жүйесімен су айдау кезінде кеуекті қабатта байқалатын процестерді анықтайтын барлық табиғи және қолдан жасалған факторлардың жиынтығын қабат режимі деп атау қабылданған және ол келесі бес режимге бөлінеді:
- су арынды режим (табиғи және қолдан жасалынған);
- серпімді режим;
- газ арынды режим (газ шапкалы режим);
- ерітілген газ режимі;
- гравитациялық режим.
Ұңғымадан сұйық алудың технологиялық нормалары - шектеулі рұқсат етілген динамикалық түптік қысымдар, өндірудің гидродинамикалық көрсеткіштерін болжауға, сұйық және газды өндіру көлемін анықтауға, ұңғымалардың сулану барысын есептеуге арналған математикалық амалдарды таңдау, сонымен бірге мұнай берудің мейлінше мүмкін ақырғы коэффициентіне қол жеткізу үшін игеру кезінде қажетті кен орнына әсер ету шараларын дұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңқияқ кен орнының игерілу жүйесі
Каспий теңізінің шельфі
Ағымдағы игеру жағдайын талдау
Құмкөл кен орнында күрделі жағдайдағы өндіру ұңғыларының жұмысын талдау және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру
Құмкөл кен орнының жағдайында өндіретін ұңғылар жұмысын қиындататын негізгі аспектілер
Кен орындары
Құмкөл кен орнының игеру тарихы
Тастопшаның қалындығы 257 метр
Мұнай өндіру, тонна
Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр
Пәндер