Қазақ халқының антропологиялық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы:«Қазақ халқының антропологиялық бет бейнесінің қалыптасу кезеңдері»

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Қазақ халқының антропологиялық сипаттамасы
  2. Қазақстан жерінде ерте дәуірде мекендеген тайпалардың антропологиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халықтың шығу тегін зерттеуде антропологиялық деректердің мөні зор. Антропология - адам ағзасының белгілі бір географиялық ортада, белгілі бір уақыт шеңберінде езгеруін, осы өзгерістердің неден, қалай болатыны заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Зерттеу объектісі биологиялық түрлердің бірі адам болғандықтан және зерттеу әдістері биологиялық төсілдерге сүйенетіндіктен, антропология биология ғылымына жатады.

Адам баласы жанды тіршілік иелері ішіндегі тарихты жасаушы әлеуметтік белсенді организм болғандықтан, антропологияның тарихи антропология деп аталатын саласы биология және тарих ғылымдарының әдіс-төсілдерін пайдаланады, ал зерттеу нәтижесі кәбінесе тарихқа қатысты болады.

Антропология ғылымын үш сатыға бөлу қалыптасқан:

  1. Адам морфологиясы;
  2. Адам баласының шығу тегін зерттейтін сала (антропогенез) ;
  3. Нәсілдерді зерттейтін сала (расогенез) .

Халықтың арғы шығу тегін зерттеуде антропологияның нәсілдік ұқсастықтарды, өзгешеліктерді зерттейтін салаларының маңызы зор.

Адамдардың белгілі бір географиялық аймаққа бейімделуімен, шығу тегіндегі белгілі бір ортақтастығымен қалыптасатын ұқсастықты нәсіл немесе антропологиялық түр-сипат деп атайды. Антропологиялық түр-сипат халық боп бірігу барысында қалыптасады.

  1. Қазақ халқының антропологиялық сипаттамасы

Қазақ халқының антропологиялық сипаттамасы - морфофизиология ерекшеліктеріне байланысты зерттеліп, анықталған мәліметтер жиынтығы.

Қазақ халқының алғашқы антропологиялық сипаттамалары 18 ғасырда Қазақстан жерінде болған миссионерлер мен саяхатшылардың жазбаларында берілген. Бет-әлпет ерекшеліктеріне қатысты кездейсоқ физиологиялық анықтамаларға сүйеніп, кейбір батыс ғалымдары 19 ғасырдан бастап қазақтарды бірде еуропатектеске жатқызса, бірде моңғолтектестермен аралас (метистік) раса өкілдері деп сипаттаған. Тек 20 ғасырдың басындағы антропологиялық жүйелеуде қазақты аралас нәсіл деп атаған және оған тұрандық тип деген терминологиялық атау берген. Қазақтар арасында арнайы алғаш рет антропологиялық зерттеу жүргізген Ресей зоологы А. Н. Харузин. Автор сол кездегі зерттеу бағдарламасына сүйеніп, қазақтыкавказдықтар мен моңғолтектестердің араласуынан пайда болған халық деп пайымдаған. Автордың пікірі бойынша бұл антропологиялық араласу Қазақстан жерінен тыс өңірде болған. Бұдан кейін қазақ халқының соматологиялық сипаттамасына арнайы анықтамалар берген А. И. Ярхо. Ол 1930 жылдың басында Алтай өңіріндегі 15-тен астам түркі халықтарын (арасында қазақтар да бар) арнайы зерттеп, оларға жаңа антропологиялық жүйелердің атауларын енгізді. Ол қазақтарды оңтүстік сібірлік, не болмаса алтайлық тип деп атаған. Қазақтарды кейбір зерттеушілер тұрантектес расаның негізгі өкілі деп тұжырымдайды. Қазір антропологиялық жүйелеуде мамандар тұрантектестер (оңтүстік сібірлік) өкілдерін үш топқа бөледі: алтайлық (өкілі хақастар), тяньшандық (өкілі қырғыздар) және қазақстандық (өкілі қазақтар) . Алтай нұсқасының (хақастардың) физиологиялық анықтамасында моңғолтектестік белгілер басым. Бұған керісінше қазақстандық нұсқа (қазақтар) құрамында еуропатектестік құраушылары көбірек. Ал қырғыздар осы екі нұсқаның аралығынан орын алады. Қазақ халқына осы тұрғыдан берілген нақтылы антропологиялық анықтамалар соңғы 35-40 жыл бойы қазақтар арасында кешенді жүргізілген антропологиялық зерттеулердің нәтижелерінен алынған.
Қазақтардың негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады. Соматологиялық сипаттамасы екі жүйеден тұрады. Олар бас пен бет әлпеттің құрылымдары (антропометрия мен антропоскопия) және дене құрылымының анықтамалары. Арнайы антропологиялық зерттеулер қазақтардың бойларының биіктігі орташа, дене тепе-теңдігі мезоморфтық, бас пішімі брахикефалия (жұмыр басты), маңдайы сәл кеңірек, беті жалпақ және мұрны биік, үстіңгі ернінің биіктігі орта деңгейде болып келетінін көрсетті. Бұл антропологиялық сипаттамалар бойынша қазақтарды аймақтар мен субэтникалық топтарға шартты жүйелеп, өзара салыстыратын болсақ, олардың ешбір статистикалық әдістемелер бойынша бір-бірінен ажыратылмайтындығы анықталады. Сондай-ақ қазақтардың тіс морфологиясының құрылымы жағынан да одонтологиялық сипаттамасы біркелкі. Еуразия аумағындағы түркі тектес халықтардың одонтологиясына байланысты зерттеулер қазақтарға ең жақын халық қырғыздар, содан кейін алтайлықтар мен ноғайлар екенін көрсетеді. Ал қолтаңбалық ерекшеліктер бойынша дерматоглификалық сипаттама қазақтар аралас тұрантектес расаның қазақстандық нұсқасына жататындығын айқындай түседі. Қазақстан антропологтарының қазақтар арасында қан жүйелері түріне жүргізген зерттеулеріне сәйкес, сан жағынан көп анықталған қан жүйелері қатарына ABO, MN және Rh топтары жатады. Қазақстанның кейбір аймақтарында өмір сүріп жатқан қазақтар арасында тұңғыш рет MNSs, Kell, Fy, Kіdd, P сияқты қан жүйелері мәлім болды. Зерттеу барысында көптеген қан жүйелерінің генотиптік топтау арқылы қазақтарды кешенді түрде еуразия тұрғындарымен салыстырғанда қазақтар арасында нақтылы ABO, MN, Rh қан жүйелерінің географиялық және субэтникалық таралу шарттары анықталды. Осының барлығы қазақ популяциясы аралас раса тобына жататындығынан туып отырған заңды құбылыс. Қазақтардың бас сүйегіне (краниологиясына) байланысты негізгі өлшемдері бойынша алынған сипаттамаларға қарағанда олардың басы жұмыр (брахикрания), төбесінің биіктігі орташа, бет сүйегі өте жалпақ, оның жазықтық кескіні орта деңгейде сүйір, көз ұяларының биіктігі мен кеңдігі орташа, ал мұрын сүйек бұрышы көтеріңкі болып келеді. Осы және бас сүйектің басқа да морфологиялық сипаттамалары бойынша қазақтар аралас тұрантектес раса өкілінің қатарына жатады әрі оның шеңберінде қазақстандық нұсқаны құрайды. Қазақ халқының төл тарихы қола дәуірден, яғни 4 мың жыл бұрын басталғаны аян. Жоғарыда келтірілген антропологиялық сипаттамалар қазақтардың тұрақты қалыптасқан морфофизиология ерекшелікке ие, этноантропологиялық бірлік пен тұтастыққа ие болған, сонымен қатар Еуразия кеңістігі халықтары арасында өзіне тән антропологиялық және этномәдени даму сатыларынан өткен дара өркениеті бар халық болғанын дәлелдейді.

2. 2 Қазақстан жерінде ерте дәуірде мекендеген тайпалардың антропологиясы

Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың түр-сипаты. Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2-1-мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуропеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны деңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас.

Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны құсырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М. М. Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден андрондық тұрпатты көруге болады.

Картинки по запросу человек бронзового века в казахстане

Сурет 1. Қола дәуіріндегі адамдардың түр сипаты.

Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т. б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дөңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайқыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.

Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау. Б. з. д. V-III ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас сүйектері Жетісу сақтарыдікіне ұқсас, оларда да монғолоидтік сипат бар.

Картинки по запросу монголоидтық нәсіл

Сурет 2. Монғолоидтық нәсіл.

Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың есептеуінше, сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар басым болды. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет. Өткен ғасырдың 40-50-жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Г. Ф. Дебецтің, Т. А. Трофимованың, О. И. Cмағұловтардың деректері бұл өңірдің лнтропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті.

Монғолоидтік нәсілді Қазақстан жеріне әкелушілер Орталық Азиядан батысқа қарай қоныс аударған монғол тектес, түркі-монғол тілдес тайпалар еді.

Б. з. д. III ғасыр мен б. з. III ғасырлары аралығында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жерінде көне үйсін тайпалары өмір сүрді. Жетісу жерінде Сарытоғай, Таңбалытас қорымдарынан табылған кейбір бас сүйектер нәсілдік тегі жағынан таза монғолоидтерге ұқсайды. Үйсін дәуіріне жататын Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жерінен табылған антропологиялық материалдар да монғолоидтік нәсілдің бұрынғыдан да көбейе түскендіғін көрсетеді. Тағы бір айта кететін мәселе, монғолоидтік белгілер ер адамдар бас сүйегінде кездеседі. Орталық Азиядан Қазақстан жеріне осы кезеңде келгендер жаулап алушылар болса керек.

Похожее изображение

Сурет 3. Сақ патшайымы Томирис.

Ғұндардың араласуы нәтижесінде жергілікті сақ-үйсін этностық топтардың антропологиясында монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Сонымен ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің мөлшермен 1/4 бөлігі монғолоидтік болды. Жалпы ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің түркіленуіне де қатты әсер етті. Өкінішке орай, Қазақстан жерінде ғұндардың археологиялық ескерткіштері аз анықталып, нашар зерттелген. Сондықтан антропологиялық материалдар да жоқтың қасы.

Картинки по запросу ғұн

Сурет 4. Ғұн империясының билеушісі Еділ.

Түрік дәуірінің антропологиясы . Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және монғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде монғолоидтік нышандар көбірек байқалады. Жетісудан табылған түрік заманының бас сүйектері де еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің буданы іспеттес, олар қазіргі қазақтардың тұрпатына жақын. Басқа аймақтардағы сияқты Жетісу антропологиялық материалдарының ішінде аса таза еуропеоидтік немесе монғолоидтік түрлер де кездеседі.

Похожее изображение

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи антропологияның мәні және оның методологиясы мен әдістемелері
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ АНТРОПОЛОГИЯСЫ»
Қазақ халқының қалыптасуы туралы
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Сақ тайпаларының антропологиялық типі
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша антропологиялық зерттеулер
Қылмыстық құқықтың және заңның қысқаша сипаттамасы
Қазақ этнонимінің синонимі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz