Мұнай құрамы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Техникалық факультеті
Мұнай-газ ісі кафедрасы
Мәнжазба
Тақырыбы: Көмірсутекті газдарды қабатқа айдау әдісін енгізудің геологиялық, физикалық және технологиялық факторлары
Орындаған: Сулейменов Н
Ақтөбе 2019
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Мұнай көмірсутек шикізатын бөлудің негізгі әдістері
2.2. Газдарды өндірісте қолдану
2.3 Түтін газдарын пайдаланып мұнайдың химиялық топтық және фракциялық құрамды графикалық интерпретациялау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Газ - заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі. Газ (французша gas, грекше chaos - бей-берекет) атауын ғылыми қолданысқа 17 ғасырдың басында голланд ғалымы Ян Баптист ван Гельмонт енгізген. Газ молекулаларының соқтығысу уақыты олардың еркін жолға кететін уақытынан әлдеқайда аз болады. Химиялық элементтердің өте кіші бөлшекке бөлініп, бейтарап ұшуы. Негізгі тұрмыстағы газдар пропан, бутан, неон және тағыда басқа Газ қатты дене мен сұйықтық тәрізді еркін бет түзбейді және ол берілген көлемді толық толтырып тұрады. Газ тәрізді күй - заттардың (жұлдызаралық заттар, тұмандықтар, жұлдыздар, планеталардың атмосферасы, тағыда басқа) ғаламдағы ең көп таралған күйі. Химиялық қасиеттері бойынша газдар және олардың қоспалары (активтілігі аз инертті газдар мен қопарылғыш газдар қоспасына дейін) сан алуан болып келеді. Газға атомдар мен молекулалардан тұратын жүйе ғана емес, кейде басқа бөлшектерден - фотондардан, электрондардан, броундық бөлшектерден, сондай-ақ плазмадан тұратын жүйелер де жатқызылады. Химиялық заттардың кейбіреулері газ күйінде болады, мысалы, Н2, O2, N2, Сl2, т.б. Бұлардан басқа күрделі заттар да газ күйінде бола алады: СO2, SO2, СН4, HCl, H2S, т.б. Газдардың күйін сипаттайтын шамалар: қысым, көлем, температура. Газдарды сипаттағанда көбінесе қысым мен температураны тұрақты етіп алып, көлемнің өзгерістерін қарастырамыз, көлемнің өзгерісі газдар үшін деңгейлес болады, себебі олардың молекулааралық қашықтықтары шамамен бірдей. Сұйықталған газдар - автомобиль қозғауыштарыньщ отыны, әдетте бұл 1,6 МПа жуық қысымдағы пропан мен бутан. Тығыздалған газдар - автомобиль қозғауыштарының отыны, әдетте бұл табиғи газдар,20 МПа қысымдағы метан.Мұнайға ілеспе газ - мұнайда еріген әртүрлі газтәрізді көмірсутегілерінің қоспасы. Олар мұнайды шығару мен айдау кезінде (ілеспе газдар, негізінен пропан мен бутан изомерінен тұрады) бөлінеді.

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық, қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі, өзіндік иісі бар, жерде тұнбалық қабатында орналасады,пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнай құрамына кіретін негізгі элементтер- көміртек пен сутек. Мұнайда көміртектің құрамы 83-87%, сутек 11-14%, оттегі 0,05-36%, азот 0,00001-17%, күкірт-0,2-14% аралығында болады.
Мұнай алкандық (парафиндік), циклоалкандық (нафтендік) және ароматтық көмірсутектердің қоспаларынан, сонымен қатар оттекті, күкіртті және азотты қосылыстардан тұрады. Мұнайдың гетероорганикалық қосылыстар деп аталатын соңғылары негізінен ауыр фракцияларда, әсіресе шайыр-асфальттік бөлігінде шоғырланған.
Мұнайлардың тауарлық сапасы және фракциялық құрамын оларды зертханалық айдау жолымен анықтайды. Мұнайдағы жекеленген фракциялардың белгілі-бір температура аралықтарында пайыздық мөлшері мұнайдың фракциялық құрамын сипаттайды.
Мұнайдың кәсіпшіліктегі біріншілік сипаттамасы оның тығыздығымен анықталады. Ол 760-тан 980 кгм3-ке дейін өзгереді. Тығыздығы 880 кгм3 болатын жеңіл мұнайларды бензиндік және майлық фракциялар болатындықтан олар өте құнды келеді.
Мұнайды өңдеудің біріншілікті және екіншілікті процестері қалыптасқан. Мұнай өңдеудің негізгі процесі - оны айдау. Мұнайды айдау- мұнайдан оны құрайтын бөліктерін немесе фракцияларын термиялық айырып алу процесі, оның нәтижесінде қойылған мақсатқа тәуелді келесі мұнай өнімдері алынады: авиациялық және автокөлік бензині, лигроин, реактивті және газтурбинді отындар, керосин, дизельді отын және мазут. Мұнайды осылай айдағаннан кейін қалған қалдықты- мазут, майлағыш майлар, парафинді, гудронды, коксті және басқа мұнай өнімдерін өндіруге шикізат ретінде қолданылады.
Мұнайдың фракциялық құрамы.
Қайнау температурасы
Фракциялар
Молекуладағы көміртек атомдарының мөлшері
32 ͦC төмен
Көмірсутекті газдар
1-4
32-105 ͦC
Бензин
5-12
105-160 ͦC
Нафта (лигроин)
8-14
160-230 ͦC
Керосин
12-18
230-430 ͦC
Газойль
14-20
430 ͦC жоғары
Мазут
20-45
Мұнай айдаудың алынған дистиляттар және қалдықтар мұнай өңдеудің екіншілікті процестерінде шикізат ретінде қолданылады. Мұнай өңдеудің екіншілікті процестеріне, оның құрамына кіретін, көмірсутектердің құрылымының өзгеруіне байланысты, термиялық және каталитикалық крекинг, риформинг, гидроформинг, платформинг, алкилдеу, мұнай өнімдерін ароматтау, изомерлеу, полимерлеу, деструктивті гидрогендеу, пиролиз, кокстаулар жатады. Мұнай өңдеудің біріншлікті және екіншілікті процестерінде алынған мұнай өнімдері тазарту процестерінен өтеді. Алынған мұнай өнімдерінің салаларын әрі қарай көтеру үшін оларға әр түрлі енгізбелер қосылады.
Мұнай - қайнау температуралары әр түрлі көмірсутектер қоспасы болғандықтан, оны өңдеудің негізгі әдісі - айдау болып табылады. Серік газдардан және судан арылғаннан кейін, мұнай қыздырылады, сонда ол фракциялары бөлінеді.
1. 40 - 200 0С аралығында С5 - С9 көмірсутектері бар бензин фракциясы. Қайталап фракциялағанда авиациялық және автомобильдік қозғалтқыштардың бензиндері алынады.
2. 150 - 300 0С аралығында С10 - С16 көмірсутектері бар керосин фракциясы бөлінеді. Керосин шам, трактор, реактив жанармайларына пайдаланылады. Керосиннің газойлмен қоспасы - дизель жанармайы. Алғашқы екі фракция ашық түсті мұнай өнімдерін береді.
3. Мұнай қалдығынан тұтқыр, қара сұйықтық мазут деп аталынады. Мазут қазандық қондырғыларында отын ретінде қолданылады. Мазутты қосымша айдағанда - машина, ұршық, цилиндр жағармайлары алынды. Мазуттан вазелин және парафин бөлініп алынды. Вазелин медицинада қолданылады. Парафин сіңірілген сүректер сіріңке және қарындаш өнеркәсібінде пайдаланылады. Мазут өңделгеннен кейін жол құрылысында кеңінен қолданатын гудрон алынды.
Мұнай өңдеудің ең тиімді әдісі - крекинг. Оның мәнісі жоғары қайнайтын көмірсутектердің ауыр молекулаларын негізінен бензин түзетін төмен қайнайтын көмірсутектердің жеңіл молекулаларына бөлшектеу.
Экстрактивті ректификация- ұшқыштығы төмен, қайнау температурасы жақын сұйықтарды бөліп алу.
Азеотропты ректификация- қайнау температурасы әр түрлі заттарға азеотропты сұйық қосады.
Адсорбция- қатты зат бетінде бір немесе бірнеше газ және сұйықтық компонеттерінің талғампаз сіңірілу процесі. Адсорбция процесі өнеркәсіпте газдарды кептіру мен тазалауда, газдарды бөлуде, химия өндірісіндегі ағынды суларды тазарту, мұнай фракцияларын тазалауда, органикалық сұйықтықтар мен ауаны кептіруде, аналитикалық мақсаттарда қолданылады.
Адсорбцилық бір рет, көп рет және біртіндеп буландыру әдістерін есептеу.
Қайнау арқылы еріткішті буландырып, ерітіндіні концентрлеу процесі буландыру деп аталады. Буландыру әдісін сұйытылған ерітінділердің концентрациясын арттыру үшін не кристалдану арқылы еріген заттарды бөліп алу үшін қолданылады.
Буландыру процесі жәй булану процесінен ацырмашылығы булану кез келген температурада сұйықтық бетінен жүреді, ал буландыру белгілі бір қысымда қайнау нүктесіне сәйкес келетін температурада сұйықтықтың бүкіл көлемінде жүретін процесс.
Үздіксіз жұмыс істейтін қондырғыдағы өндірістік процестердің негізінен мұнайды бір рет немесе көп рет буландыру құрайды. Бір рет буландыру мен айдауда мұнайды белгілі температураға дейін қыздырады да бу фазасына өткен барлық фракцияны сұйық фазадан бір рет сиператорда бөледі. Фазаны бөлу процесін көп жүргізуде бір қабат буландыруды бірнеше рет қайталайды.
Мысалы мұнайды үш рет буландыруда алғашқысын одан жеңіл бензин фракциясын алатындай температураға дейін қыздырады да оны сұйық фазадан бөліп алады. Екінші сатысында қалған сұйық фазаны жоғарылау температураға, мысалы 3500C дейін қыздырып, одан ауыр бензин, реактивті және дизель отындарын бөледі. Бұның қалдығын гудрон дейді. Мұнайды біртіндеп үш рет қыздырып, буландырып, бу фазасын әр кезде сұйықтықтан айырады. Түзілген бу және сұйық фазаларды колоналарды ректификациялайды. Сонымен мұнайды өңдеудің өндірістік процестері бір рет пен көп рет буландырумен айдаудың жалғасуына және бу мен сұйық фазаны одан әрі ректификациялауға негізделген. Біртіндеп буландыруда қыздырудың нәтижесінде түзілген бу айдау аппаратына үздіксіз шығарылып тұрады.Біртіндеп буландыруды мұнайды зертханада колбадан, кубтан айдау тәжірибесінде, ал өндірісте мұндай айдауды ертеректе куб қондырғыларында қолданып келсе, қазір оларды пайдаланбайды.
Бір рет буландыру процесінің біртіндеп буландырудан айырмашылықтары бар.
Бір рет буландыруда төмен қайнайтын фракциялар буға айналып жоғары қайнайтын фракциялардың қажетті қысымын төмендетеді. Бұл айдауды салыстырмалы төмен температурада жүргізуге мүмкінді береді. Біртіндеп буландыруда керісінше жеңіл фракцияларды алдымен бөліп алады, ал ауырларын соңында бөледі. Сондықтан буға айналған және аппараттан бөлінген жеңіл фракциялар ауыр фракциялардың қайнау температурасына әсер етпейді. Жеңіл фракциялардың әсері арасында бір рет буландыруды пайдалана отырып, біртіндеп буландыруға қарағанда айдалатын шикізаттың температурасын 50-1000C төмендетуге болады. Қазір мұнай айдау қондырғыларында бір рет буландыруды көп пайдалынады.
2.2. Газдарды өндірісте қолдану
Өндірісті автоматтандыру адамның өндірістік процестерді басқару функцияларын тікелей орындаудан босап, бұл фукциялардың арнайы қондырғыларға берілуімен сипатталатын машина өндірісінің жаңа кезеңі. Автоматы түрде реттеу дегеніміз адамның тікелей қатысуынсыз агрегаттың жұмысын немесе процестің берілген режимін демеу.
Технологиялық процесті автоматтандыру ол, еңбек өнімділігін арттыру, өнім сапасын жоғаралату, материал және энергия шығындарын қысқарту, қызметкерлер санын азайту сияқты негізгі қорлары болып табылады. Сондықтан да автоматтандырылған жүйелердің біз үшін маңызы зор.
Қазіргі таңда автоматтандыру мұнай-газ, металлургия, темір жол, азық -түлік, химия және тағы басқа өнеркәсіптерде кеңінен қолданыс тапты.
Күкірт өнеркәсіптік шикізат ретінде 30 мыңнан астам өнім түрлерін өндіруде қолданылады, соның ішінде бірінші кезекте минералдық тыңайтқыштар және қағаз, резеңке, асфальт, текстиль, косметика, пластмасса және бояу өндірісінде маңызды компонент болып табылады. Бүгінде күкірт өндірісінде Қазақстан жетекші жабдықтаушылардың бірі болып табылады. 2009 жылда Жаңажолдағы тауарлық күкірт сату көлемі 3,2 миллион метрикалық тонна құрады, бұл осы уақытта өндірілген күкірт көлемінен 45%-ға көп. Кәсіпорында алдағы уақытта өнім өткізу көлемін елеулі арттыруға ықпал ететін күкірт түйіршіктейтін өнеркәсіптік жаңа қондырғылардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. 2006-2009 жылдардың деректері бойынша Теңізшевройл жоғары сапалы күкіртті төрт тауарлық түрде Қазақстан, Ресей, Украина, Қытай және басқа әлемнің 30 еліндегі 119 сатып алушыға жеткізуде.
Қарапайым күкірт - Қазақстан Республикасының экономикасы үшін үлкен мәні бар минералды шикізат, адамның тіршілік етуі және өсімдіктердің дамуы мен өсуі үшін айрықша маңызды инертті, уытты емес минерал. Осы химиялық элемент аз мөлшерде тіршілік иелерінің бәрінде, соның ішінде адам ағзасында да бар және жер қыртысының шамамен 0,05%-ын құрайды.
Күкірт сонымен қатар шикі мұнай мен ілеспе газдың құрамында бар.
Менделеевтің периодтық жүйесінің негізгі химиялық элементтерінің бірі болып табылатын күкірт табиғи ортада кең тараған және барлық тіршілік иелерінің, соның ішінде адамның да ағзасында бар.
:: Мыңдаған жылдар бойы күкірт медицинада тері ауруларын емдеуге қолданылып келген.
:: Баяғы замандарда адам баласы күкірттің көмегімен көптеген ауруларды емдеген, сонымен қатар оны бояғыш заттар мен басқа да пайдалы бұйымдар жасауда қолданған.
:: Күкірт қағаз, резина, мата жасауда аса қажетті құрамдас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz