Атын білме, сөзін біл



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Құрылыс және көлік факультеті

Реферат
Тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба...
өлеңіне талдау

ОРЫНДАҒАН: ____________
ТОБЫ: ____________
ҚАБЫЛДАҒАН: ____________

Шымкент 2019ж
Ғылым таппай мақтанба...
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты -
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл - мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, хаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл -
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.

Мен қазаққа белгілі ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқыған кезімде астарлап жеткізген түсінген жандарға ғажап сыр жатқандығын сезгендей болдым. Маған ерекше ұнайтын өлеңдерінің бірі "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін талдайтын боламын өз ойымды анық, өлеңнен түйгенімді жеткізуге тырысамын.
Əуелі тамаша өлеңді талдамастан бұрын оның қандай мақсатта жазылғаны жайлы қысқаша мəлімет бере кетейін.
Ғылым таппай мақтанба... - Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, көкірегі сезімді, кеңілі ойлы адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз. 1909 жылғы жинақ пен 1922 ж. Қазанда жарық көрген басылымдарда бұл шығарманың кейінгі жылдарда бөлек туынды саналып жүрген Интернатта оқып жүр... дейтін өлеңге қосылып, біртұтас шығарма болып келетіні де тегін болмаса керек. Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру - Интернатта оқып жүр өлеңінде де ең өзекті идея. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мақсатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, одан ары бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жөн болады деген мәселелер төңірегінде сөз қозғайды. Ал мына өлеңдегі:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
"Ғылым таппай мақтанбаны" бүтіндей алып, ғылым іздеу жəне сол ғылымды жұмсап қарекет қыларлық тұрақты орын табу туралы ой-пікірлерін ақын жібін үзбей əрі қарай жалғай беретінін көреміз. Сонда "Ғылым таппай мақтанба" деген сөзге ілесе келетін "Орын таппай баптанба" дегеннің мəнісі əбден айқындала түседі. Ол-алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Жəне бір қызығы осы жоғарғы "Ғылым таппай мақтанба" деп басталып, "Ойнап босқа күлуге" деп аяқталып мүлде оқшауланып тұратын басқа келесі тармақтарымен үйлеспейтін төрт жол өлең "Интарнатта оқып жүр" атты өлеңдегі "білуге - көруге - киюге - керуге - сөнуге - сөгуге - шіруге - жүруге - кіруге - сүруге - желуге - келуге - еруге - беруге - сенуге - енуге" деген тізбектелген біріңғай ұйқасы бар тармақтардың соңынан келгенде, қатарластыра қаққан қазықтай барып өз орнына тұра қалады да, əлгі ұзақ созылып тізбектелген ұйқастардың аяқталған жері осы екені ап-анық байқалады. Ой желісі де бір жерге сайып келеді де, енді одан əрі сəл басқаша өзгереді. Жəне бір қызығы осы жоғарғы "Ғылым таппай мақтанба" деп басталып, "Ойнап босқа күлуге" деп аяқталып мүлде оқшауланып тұратын басқа келесі тармақтарымен үйлеспейтін төрт жол өлең "Интарнатта оқып жүр" атты өлеңдегі "білуге - көруге - киюге - керуге - сөнуге - сөгуге - шіруге - жүруге - кіруге - сүруге - желуге - келуге - еруге - беруге - сенуге - енуге" деген тізбектелген біріңғай ұйқасы бар тармақтардың соңынан келгенде, қатарластыра қаққан қазықтай барып өз орнына тұра қалады да, əлгі ұзақ созылып тізбектелген ұйқастардың аяқталған жері осы екені ап-анық байқалады. Ой желісі де бір жерге сайып келеді де, енді одан əрі сəл басқаша өзгереді. .[1] [78-бет]
Менің түйгенім білім мен ғылым бір-біріне байланысты ең басты қазына екендігі жайында біздің заманымыздан бұрын талай ақындар жастарды білімге ғылымға оқуға шақырып өз өлең жолдарымен оның болашақ үшін пайдалы екендігін жеткізген. Сол секілді Абай атамыз да әуелі ғылымның маңызы жайында өлең басында айтып кеткен.Одан кейін болашақ үшін, өмірде өз орнымызды табуымыз үшін,жақсы адам болып қалуымыз үшін алдыға мақсат қойып, сол мақсатымызға қарай әрекет етіп өмірде өз орнымызды табу. Абай атамыз айтпақшы орын таппай баптанбауымыз тиіс.Жеңіл, тез, уақытша, көрсе қызарлыққа қызығып, алтын уақытымызды құмарланып шаттанбай, шырылдауық шегіртке сияқты ойнап босқа күлуге емес пайдалы жұмысқа жұмсау керектілігінің маңызды екендігін жеткізіп тұр.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда
Бес нəрседен қашық бол,
Бес нəрсеге асық бол,-

деп адамдық адамгершілік жайын қозғайды. Алайда ойының негізгі желісін үзбейді.Бұл тұста ерекше көңіл бөлетін жай - Абай ғылым болу мен адам болу мəселесін бір бірімен сабақтастыра айтады, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты - не нəрсе болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нəрсеге ғана сену жəне көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін ақын нақтылап, мейлінше дəлелді етіп, шегелеп айтады. [1] [78-бет]
Тегінде, Абайдың жас ұрпақты парасаттылыққа шақырғанда, бетке ұстайтынморальдық кодекстің шарттары ауыл жастары үшін қолдан кклмейтін нəрсе емес. Біздің жоғарыда көрсетілген талдауымызға жеткілікті түрде айтылған шарттарды "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінде ақын қысқаша тұжырымдап бір қайталайды:

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
деп саусақпен санағандай етіптізбектегендегі ақынның діттейтіні[2] [92-бет]
Абай атамыз саусақпен санағандай бес нəрседен қашық болуымызды яғни алыс болуымызды оған жоламау қажет екенімізді, одан алшақ деп тұрғаны алыс болуымызды, адам бойындағы жаман қасиеттер мен əдеттерден арылып, болашағымызға барар жолдағы кедергілерді алып тастауымызды жайында, не нəрсеге асық оған жақын, үнемі сол атап өткен бес нəрсеге, мақсатқа талаптануымызды, соған жету үшін еңбектенуімізді, жұмыс жасау барысында ненің бұрыс ненің дұрыс екенін ара жібін ажырату үшін ақылға салып терең ойлануымыз қажет екенін, қанағатшыл болып, рахымшыл болуымызды, жақсы мінездемені қалыптастырып, жақсы істерге асығып тұрумыз қажеттігін, осы заңдылықтармен жүретін болсақ өзгелерге зиян келтірмейтін, болашағымыз үшін пайдалы діттеген мақсатымызға еңбекпен жетеміз деп түсіндім. "Ең оңай іс біреуге ақыл айту, ең қиын іс өз-өзіңді жеңу" - ... Сол секілді өмірде сыртқы бейнеміз адам болса да, рухани азығымызды көбейтіп өмірде адам болып қалуымыз үшін, ниетіміз бен талпынысымыз болса, соған қай кез болмасын өміріміздің алда екендігі жайында айтылған деп пайымдадым.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Жастарды жирендіретін жағымсыз осындай болғанда, олардың алдына нысана етіп еліктіретін жақсы қасиеттер де айқын[2] [92-бет]
Егер болашағымыз алаңдатса, ол жайлы ойлап уайым таныматын болсақ, онда əуелі жаман мінез бен жаман қасиеттерден арылып, "Ауру қалса да, əдет қалмайды"- десекші бойымыздағы жаман əдеттерді, жақсы əдетке ауыстыру қажеттігін. Аданның уақытын алатын бос нəрселерден өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, ысырапшылдықтан адам өміріндегі аданның уақытын ұрлайтын бес дұшпанды "Тайға таңба басқандай"- өлеңдерінде айтып, өз кезінде шəкірттеріне бағыт-бағдар беріп, жақсылық пен жамандықтың, рухани пайдалы мен пайдасыз нəрселердің ара жібін ажыратып, анықтап берген.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.

"Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен"- жалпы қағида ежелден мəлім. Бірақ жұрттың бəрі осы қағиданы қабылдай бере ме? Қабылдайын деген адамның өзі жақсы мен жаманды ажырата айта біле ме? "Мынау жақсы,мынау жаман деп", тайға таңба басқандай саралап беріп отырғаны. [2] [92-бет]
Жамандықтың пайдасыз нəрселердің ара жібін ажыратқаннан кейін, адам бойындағы рухани жаман қасиеттерден арылғаннан кейін, оның орнын жақсы қасиеттерге толтырып, адам уақытын пайдалы нəрсеге жұмсап, адам бойындағы көркем мінезді қалыптастыратын жақсы əдеттерге бой алдыруымыз қажет екенін. Өмірдегі бес асыл, яғни қымбат аса қажет нəрсені бойымызға сіңдіріп, сол талапшылдықты, еңбеққорлықты, терең ойды, қанағатшылдықты, рақымшылдықты қалыптастырып соған көнсек жаман болмайтынымыз жайында айтқан.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.

Адам баласы "пенде" болғанан кейін білместікпен, нəпсінің қалауымен жаман қасиеттерге бой алдырып, соны бойына қалыптастырып алса, одан арылудың жолдарын шын ниетпенен ізденетін болса, кезі келгенде "тəубе"- етіп, суынып көңіл тиятыны тағы бар. Ал егер де жақсылық көрсек, яғни ненің жақсы екендігін терең ойымызбен ақылымызбен ойланып, ізденіп, біліп, танып, оны ойға жиып алсақ тіпті тамаша болар еді.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Шын ұстаздықты көздеген адам мұнымен де қанағаттана алмайды. Ол жақсылықтың жолын қайта қайта аршып, үнемі дағдыланып отырады да, табаны тайып бара жатқан шəкіртін жалықпай талмай, жөнге салып жіберуді өзіне міндет парыз санайды.
Ұстаз Абайдың көздеген нысанасы бұдан да терең, бұдан да əпіде жатыр. Жиркенішті жамандықтан бойыңды тартып ұстап, ғибрат аларлық жақсылықты ойға түйе, бойға жинай жүр,- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында ұлттық құндылық көрінісі
Абай мұрасының зерттелуіне шолу
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Етістіктің зерттелуі
Елiнiң берер есiмi - Атақазақ
Етістіктің шақтары
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы
Қазақ радиосына еңбегі сіңген қайраткер
Сабақты және салт етістіктер
Пәндер