Аллергиялық аурулар
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1 Аллергиялық ауруларға жалпы сипаттама
2.Азықтық аллергия
3.Дәрілік аллергия
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Аллергия -- бұл ағзаның жоғары сезімталдығы әсеріне кейбір қоршаған орта факторларының (химиялық заттар, микроорганизмдер және олардың тіршілік ету өнімдерін, азық-түлік және т. б.) деп аталатын аллергендермен.
Алғаш рет сөз аллергия пайдаланылды австриялық педиатр Клеменсом ван Пирке 1906 жылы. Ол қолданды бұл термин сипаттау үшін өзгертілген реакциялар кейбір адамдар әдеттегі заттар. Сол уақытта балалар прививали жылғы дифтерия көмегімен антитоксина. Клеменс ван Пирке атап өткендей, бірнеше бала қатты ауырды, кейін инъекция антитоксина және олардың кейбіреулері қайтыс болған. Ол бұл ұсынды, бірінші инъекция антитоксина тудырды бұл балаларда өзгертілген реактивті жай-күйі, еңбек сипаттау үшін осы жай-күйі термині аллергия.
Термині аллергия орын екі грек сөзінен аллас -- басқа, өзге де және эргон -- әрекет. Қазіргі ғылымда термин аллергия білдіреді жоғары сезімталдығы ағзаның іс-қимыл сол немесе өзге де заттарды сыртқы және ішкі ортасы. Заттар төндіруге қабілетті жай-күйі аллергия деп атайды аллергендермен.Бұл ретте мынаны ескеру қажет: аллергендер ие емес уытты әсерімен адам организміне түскен кезде оған бастапқы. Көптеген адамдар үшін аллергендер -- бұл мүлдем зиянсыз заттар (ең болмағанда, тағамдық аллергендер). Жай аллергия бойы айқын клиникалық көріністерімен әрқашан туындайды қайтадан өтуі аллергена (немесе бірнеше аллергендер).
Аллергиялық аурулар
Аллергия - бұл иммунитетке қарсы құбылыс, себебі антигенмен (аллергенмен) байланысқа түскеннен кейін организмде өзіне тән сенсибилизациялы жоғары сезімталдық антиген қайталап әсер еткеннен пайда болады. Аллергиялық әсердің екі тобы болады. Олар гиперсезімталдықтың тез арадағы типі (ГТТ) және жайлап әсер ететін типі (ГЖТ). Тез арадағы типте организмге антиген бірнеше минөттен кейін қайталап әсер еткенде болады, баяу әсер ететін типі аллергенмен 16-48 сағатта қайталап кездескеннен болады. Аллергендерден пайда болатын аурулар кең таралған. Бүгінде аллергиялық аурулардың соңы летальді болатын бірнеше түрлері белгілі болып отыр.
Аллергиялық реакция жануар организмі аллергенмен кездескеннен организм сенсибилизацияланады, антиденелер белсенді сенсибильденген лимфоциттер және белсенді емес сенсибильденген цитофильді антигенмен макрофаттар және гранулоциттер пайда болады. Егерде бұл аллергенмен қайтадан кездессе, онда шешуші аллергиялық реакция туындайды.
Аллергиялық аурулардың дамуында 5 түрлі иммунды реакция қайталанады, алғашқы үшеуі тез әсер ететін түрі, төртіншісі баяу әсер етеді, ал бесіншісі көптеген аллергиялық және аутоиммунды ауруларда байқалады.
I-типті тез әсер еткен реакция анафилактикалық және атопиялық болады. Бұл жерде олардың дамуында IgE класс антиденеге, аз бөлігі IgG жатады, бұлтты торшамен басқада лейкоциттермен байланысып, белсенді емес сенсибильдеуді туғызады. Организм аллергенмен кездескенде бұл жасушалар бетінде антиген-антидене кешені пайда болады, торшалар биологиялық белсенді заттар бөледі. Олар ұлпаларда, патологиялық-анатомиялық өзгерістер туғызады: гистамин, серотонин, брадикинин, простагландиндер, лейкотрендер.
II-типті аллергиялық цитохимиялық тез әсер ететін реакция антидене және комплемент антигенмен (гаптенмен) қосылғаннан туындайды. Гемолитикалық анемия, лейкопения, тромбоцитопения, агронулоцитоз бұған мысал бола алады. Үйлесімсіз қан құйғанда асқыну болады, онда изоантидене эритроциттердің изоантигенімен әрекеттеседі, сол сияқты гемолитикалық анемияда эритроциттердегі аутоантиденелер адсорбцияланады.
III-типті аллергиялық иммунокешенді реакциялар иммунды кешендердің антиген-антиденелердің зақымдануынан болады.
Антиген көп кезде пайда болған иммунды кешендердің мөлшері кіші және орташа болады, ал олар улы болып келеді, ал ірі иммунды кешендер патологиялық әсер етпейді.
Бұл медиаторлар қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігін арттырғандықтан тонусын, бұлшық еттердің жиырылуын өзгерткендіктен ісіну, қышыма дамиды, артерия қан қысымы төмендеп, бронхылар мен басқада ағзалардың бірынғай салалы бұлшық еттері жиырылады.
Иммунды кешендердің түзілуіне IgM және IgG иммуноглобулиндер қатысады, ал олар комплементпен байланысады. Иммуноглобулинді кешендер орныққан жерлерде биологиялық белсенді заттар бөлінеді, олар қан тамырлардың өткізгіштігін арттырып, лейкоциттер мен тромбоциттерді қатыстырып, қабынуды дамытып, ұлпаларды зақымдайды.
Жиі иммунды кешендер макропреципитиндер түрінде капиллярлардың базальді мембранасы мен эндотелийіне шоғырланады. Егерде иммунды кешендер қанда түзілсе, онда васкулит дамиды, ал ұлпада түзілсе Артюс реакциясы дамиды. Бұл реакция созылмалы полиартриттің, аллергиялық альвеолиттің, иммунды гломерулонефриттің ж.т.б. пайда болуына қатысы бар. IV-типті аллергиялық реакциялар баяу типті жоғары сезімталдыққа қатысады.
Олар арнайы антигені бар сенсибильденген лейкоциттермен өзара байланысқан соң шығады, соның салдарынан әртүрлі медиаторлар бөлінеді: митогенді, хемотоксикалық, лимфотоксикалық ж.т.б. Олар басқада лейкоциттерді тартады, белсенділейді, олармен бірге торшалық инфильтрат құрайды. Мұндай типті реакциялар туберкуллезде, бруцеллезде, маңқада, эхинококкозда және басқада инфекциялық, паразитарлы ауруларда, аллергиялық процесстерде, трансплантациялық және ісікке қарсы иммунитеттің дамуында болады.
V-типті аралас аллергиялық реакциялар әртүрлі вариантты, өте жедел және баяу процесстерден тұрады, ал бұлар көптеген аллергиялық және аутоиммунды ауруларда байқалады.
Жануардың экзогенді аллергиялық аурулардан, әсіресе күшіктерде азықтық аллергия кездеседі, ал ол бір азық түрінен екінші азық түріне жедел ауыстырғаннан:
oo асқазан-ішек жолдары және басқада ағзалардың зақымдануынан;
oo кілегейлі қабықтарды, теріні, ішкі ағзаларды, қан жүйесін зақымдайтын дәрі-дәрмектік аллергия;
oo вакцина, қансарысуын еккеннен, насекомдардың шаққанынан, физикалық және басқада факторлардың әсерінен жүрек-қантамыр жүйесі, басқада ағзалар, кілегейлі қабықтар мен тері зақымданғаннан анафилаксиялық талма және қансарысуы ауруы;
oo химиялық және дәрі-дәрмектік, физикалық және тұрмыстық факторлардан болатын есекжем және дерматиттер;
oo бактериялар, саңрауқұлақтар, вирустар, химиялық заттардан және тұрмыстық факторлардан туындайтын бронхтар мен өкпенің аллергиялық аурулары.
Азықтық аллергия - кең таралған ауру, әсіресе күшіктерде жиі кездеседі. Ол жоғары сезімталдылықтың тез арада және жайлап әсер ететін типтерінде азық қорыту жүйесі, қан тамырлары, тері, басқада ағзалар ауруларымен өтетін ауруларда кездеседі.
Ауру барлық күшіктерде кездеседі, әсіресе енесінен айырған емшектегі күшіктерде жиі кездеседі.
Себептері. Азықтық аллергияның негізгі себептеріне рационда белок және гликопротеидтер шектен тыс болуы (құрама жем, сүт орнына беретін жасанды сүт), оған күшіктердің азық қорыту жүйесі әлі қалыптаспауы; тамақ құрамында химиялық дәрі-дәрмектік заттардың, азықтық саңрауқұлақтармен және микорорганизмдермен зақымдануы жатады.
Аурудың пайда болуына мүмкіндік туғызатын себептерге асқазан-ішек жолдарының ферменттік және тосқауылдық функциясының төмендеуі, антибиотиктерді рациональді қолданбау жатады.
Дамуы. Күшіктерде қалыпты физиологиялық жағдайда онтогенезде қабылдаған тамаққа толеранттылық туындайды. Оның пайда болуында ас қорыту жолдарының жергілікті иммунды жүйеде ферментті жүйенің түзілуіне маңызды роль беріледі. Соңғысынан азықтың толық ыдырамаған өнімдерін, токсиндерін, патогенді микроорганизмдерді нейтралдайтын әртүрлі реакция туындайды.
Энтерициттерді әсерлерден сақтайтын Ig А және бифидобактериялар мембранасына жақын арнайы жәнеде бактериальді шырыш (лизоцим, лактоферин, В-лизиндер) микробтарға қарсы субстанциялар (интерферон) арқылы жүзеге асады. Ішектен сорылған антигенді шығарып тастаудың негізгі ролі Ig А қан сарысулық антигеннің үлесіне тиеді. Алдымен осы антигенмен қосылады, сонан соң Ig А - антиген кешенімен қосылып бауырдың өт бөлгіш жүйесімен қан арқылы сыртқа шығарылады. Кенеттен антигенді азықпен азықтандырғанда жануар оған бейімделгендіктен жергілікті қорғаныс механизмдері дұрыс жұмыс атқармайды, сол себепті макрофагтың шырышында, эпителиолимфоциттерде, бифидо- және лакто- бактерияларда Ig А азаяды. Бұл жағдайда ішектен қанға антигендер сорылады. Соңында иммунокомпоненттермен қосылып иммунды жауап дамып, организм сенсибилизацияланады. Қанда лимфоциттер, эозинофильдер, әсіресе Ig Е көбейеді. Ішектің ұлпасының зақымдануына иммунды механизмдер, алғашқыда (Ig Е) реагиндері, ал аутоаллергия дамығанда цитотоксикалық антиденелер, иммунды кешендер және сенсибильденген лейкоциттер қатысады. Көптеген жануарда лимфоцитарлы реакция дамығанда пайдаланылатын азық антигені, әсіресе ішектің кілегейлі қабығына оң-теріс реакциясын береді. Антигенді еккеннен соң 18-24 сағаттан кейін айқын білінетін тері аллергиялық реакция пайда болады. Ауру жануардың шажырқай лимфа түйіндерінде эозинофильдер саны көбейеді, бұлт тәрізді жасушалар дегрануляцияланады, лимфа синустары күшейеді, ауру білінгеннен соң 3-5 күні плазматикалық жасушалар саны аздап көбейеді. Олардың көбінде азықтың антиденесі мен антигені және энтероциттер табылады. Ал мұның бәрі ішектің сөл, фермент бөлу, сору қызметтерін бұзып, дисбактериоз туғызады және заттар алмасуында бұзады.
Симптомдар. Ауру жануардың асқазан-ішек түрінде өтетін дертінде кенеттен абдоминальді ауырсыну, жүректің айнуы, құсу болады. Ішектің моторлы және сору қызметтері бұзылғандықтан іш өту, іштің қатуы дамиды. Ал тері түрінде өткенде ісінулер, бөртпелер және терінің эритемді қабынуы байқалады.
Эритемді аумақтардың көлемі әртүрлі болады, ол терінің әр жерінде орналасады, күшіктерде жиі белде, құрсақ қуысы қабырғасында. Одан бөлек аралас түрде өткенде гастроэнтерит симптомы мен терінің зақымдануымен болады. Ауру жануар қанында эозинофильдер, лимфоциттер және де иммуноглобулиндер, әсіресе Ig Е көбейеді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер зақымдану сипатына байланысты, ол генерализацияланған және жергілікті болады. Жиі зақымдану асқазан-ішек жолдарында айқын ісінумен, серозды қабынумен дамиды. Теріде өзгерістер ісіну, экзема, есекжем түрінде болуы мүмкін.
Балау және дербестеу. Анамнездік мәліметтер жинақтайды, рацион құрамына зер салады, азықта химиялық заттар барма, саңырауқұлақтармен және микроорганизмдермен зақымданғанба, азықтандыру режимі қалай, бір азықтандыру түрінен екіншісіне күрт өткенде. Кенеттен асқазан-ішек синдромының байқалуы, қанда эозинофильдер және Ig Е көбеюі. Балау кезінде алдын ала жорамалдаған аллергенді жоққа шығарудың маңызы зор. Сонымен қатар азық аллергендерімен теріге реакция қояды, провакационды тері іші сынамасын және базофильдер грануляциясына тест қойып, әртүрлі азықтық аллергияны дербестейді.
Болжамы. Сенсибилизация туғызған азықтық аллергенді анықтау қиын болғандықтан сақтықты қажет етеді.
Емі. Себептерін жояды. Ауру жануарды диеталық азықтандырады. Алғашқы кезде бұлшық етке гистаминге қарсы препараттар дипразин (пипольфен) 1 кг дене массасына 2-3 мг, 2,5 %-ды ерітінді күйінде, димедрол 2-3 мг, 1%-ды ерітінді күйінде, кортикостероидтар, гидрокортизон және кортизон 1 кг дене массасына 0,5-1,0 И.Б., күніне 2-3 рет және хлорид, кальций глюконатын енгізеді. Қорғаныс қабілетті және ас қорыту ағзаларының регенерациясын күшейту мақсатында А, Е, С және В тобы витаминдерін тағайындайды. Дисбактериозды болдырмау үшін энтероаутогенді микроорганизмдерге тексерілген микробтарға қарсы препараттарды 3 күн бойы ішке береді. АБК 2-3 мл, ПАБК 40-50 мкг, лактобактерин 0,3-0,5 мл, 1 кг дене массасына энтеробифидин және бактрил 3-4 мл.
Сақтандыру. Сапалы азық беруді және азықтандыру тәртібін сақтауды қадағалайды. Емшектегі күшіктерді енесінен айырғанға дейін тамаққа біртіндеп үйретеді, құрамында ядрохимикаттар мен антибиотиктер бар азықтар бермейді. Оларға енесінен айырғаннан соң алғашқы 10-14 күнде белокты азықтар көп бермейді, керісінше енелерінен айырар алдында протеині аз азықтар береді.
Дәрілік аллергия. Дәрілік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz