Еріксіз несеп шығару



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Гидронефроз ауруының дамуы дербестеу,емі
2.Уролитаз ауруының себептері дамуы,балау
3.Емдеу және сақтандыру шаралары
4.Аммоний уратты тастар
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Гидронефроз дегеніміз - бүйрек үлпершегінің қайтып қалпына келмейтіндей кеңеюі, қысымды атрофиядан бүйрек үлпершегінің жоғалып кетуі. Ол бүйректің бір бөлігі немесе оның түгелдей бітелуіне несеп бөле беруінен дамиды. Ал, уролитиаз ауруы - тастардың бүйректе немесе несеп болу жолдарында пайда болуын айтады.Оның пайда болу себебі мынада - тастардың пайда болуы несеп жолдарының созылмалы қабынуы салдарынан болуы мүмкін. Несептас ауруының жиілігі 0,4-2%-ға дейін болады. Ол генетикалық метаболитикалық факторларға, сыртқы қоршаған ортаға, азықтандыруға байланысты болады. Қуықтағы тастар оның кілегейлі қабығын тітіркендіріп, сыртқа несеп жолдары арылы шыққанда тұрып қалуынан дамиды.

Гидронефроз, уролитаз ауруына сипаттама

Гидронефроз ( обструктивті уропатия).
Гидронефроз бұл- бұйрек үлпершегінің қайтып қалпына келмейтіндей кеңеюі, қысымды атрофиядан бүйрек үлпершегінің жоғалып кетуі.
Дамуы. Бұл бүйректің бір бөлігі немесе оның түгелдей бітелуіне несеп бөле беруінен дамиды.
Дербестеу. Гломерулопатиядан, гломерулонефриттен, гломерулонефропатиядан, бүйректің амилоидозынан, фосфордың нефротикалық синдромынан және анаболиктерден ажыратылады.
Емі. Ішке 10 мгкг тірілей салмаққа тәулігіне 2 рет 15-20 күн қатарынан ангирол, 60 мгкг тірілей салмаққа күніне 2 рет 7-10 күн қатарынан норилет, 5 мл күніне 2 рет 10-15 күн қатарынан циструм солидаго береді.
Бүйректің қан тамырлар шумағында перфузияны төмендету үшін карбоксипептидаза генгибаторын, мысалы 0,25 - 2 мгкг тірілей салмаққа 1-2 рет эналаприл немесе 0,5-2 мгкг тірілей салмаққа күніне 2 рет 2-3 күн қатарынан каптоприл(капотен) немесе 0,1-0,2 мгкг тірілей салмаққа күніне 2 рет оксибутидин береді.

Несептас ауруы ( Уролитиаз).
Уролитиаз ауруы - тастардың бүйректе немесе несеп болу жолдарында пайда болуын айтады.
Себептері. Тастардың пайда болуы несеп жолдарының созылмалы қабынуы салдарынан болуы мүмкін.
Несептас ауруының жиілігі 0,4-2%-ға дейін болады. Ол генетикалық метаболитикалық факторларға, сыртқы қоршаған ортаға, азықтандыруға байланысты болады.
Дамуы. Қуықтағы тастар оның кілегейлі қабығын тітіркендіріп, сыртқа несеп жолдары арылы шыққанда тұрып қалады.
Тастар түрі мен олардың жилігі: құрамында бор тастар (70-90% барлық тастардан) оксалат кальцийі бар тастар (5-8%), кальций фосфаты бар тастар (-1-3%); уратты тастар (2-4%); цистинді тастар (2-22%); силикатты тастар (1-3%); араласты тастар (5-10%);
Балау. Клиникалық белгілері айқын білінген кезде диагноз қою қиын емес. Ал жасырын түрін анықтау үшін, үнемі несепті зерттеу қажет (іріктеп, титрациялық қышқылдылыққа және сілтілікке, кальцийге, фосфорға, несеп тұнбасын және мукопротеидтер деңгейін (сау малда 0,2 оптикалық тығыздық бірлігінен көп болмауы керек) және қанды (кальций, фосфор және сілті қоры) зерттейді. 6-суретте иттің қуығындағы тастың рентгенограммасы көрсетілген.
Емдеу және сақтандыру. Ең тиімді әдіс оперативті ем. Ол үшін қуықты тіледі (цистатомия). Операция кезінде несеп ағып кету үшін және тастардың несеп жолдарында жылжуы үшін қуыққа катетер енгізеді.
Қуықты жіппен тартып ұстап, оны құрсақ қуысынан оқшаулайды. Ұсақ тастарды қасықпен, ірі тастарды карцангпен алады. Құмды жуып - шаяды, қуықтың мойнында тас бар ма, жоқ па соны анықтайды. Қуыққа 2-3 мл полифитті май (бүрген итмұрын, шиповник, қызыл май) құйып, қуықтың тілген жерін қосқабатты Черни тігісімен тігеді.
Несептің тастүзетін кристалоидтарын азайту үшін суды көп береді, және тамақпен минералды заттардың келуін азайтады. Ол үшін сұйық тамаққа 1-10 г тұз салып күніне 3-рет береді. Цистинді және оксалатты тастарда тұз бермейді.
Арнайы шаралар. Ол үшін несеп тастарына немесе несеп шөгіндісін химиялық зерттеу жүргізеді. Қажет жағдайда рентгенді - дифракционды инфрақызыл спектроскопия әдісімен зерттейді. Егерде тастардың үлгісі болмаса, онда фосфатты тастарды емдегендей емдейді, себебі бұл тастардың түрі (90-95%) барлық иттерде кездеседі, далматин тұқымды иттерден бөлек, ал оларда цистинді тастар кездеседі.
Фосфаттардың пайда болуын болдырмау және сыртқа шығару. Арнайы диеталар. Педигри азық қоспасын береді, бұл жерде фосфаттар несепте ериді. Фосфаттардың пайда болуын азайту үшін, белокты, фосфор мен магнийді азайтады. Микробтарға қарсы ем жүргізеді. Сонан соң итті диеталық тамаққа көшіреді.
Ол тамақта белок пен күл (сүйек ұны, минералдар) аз болуы керек. Тамақ жеңіл жемістерден болуы керек, құрамына белок 2-6%. Тамаққа күніне 1-10 г тұз қосады немесе несепті қышқылдандырады ( С витамині, метионин немесе аммоний хлориді).
Несептің рН -6,4 болуына ықпал етеді. Уреаза пайда болдыратын бактериялар болғанда (стафилакокктар, Proеtus, Escherichia coli), онда ампициллин, триметоггрим-сульфаметоксазолмен емдейді.
Егерде 8 күн емдегеннен емнің тиімсіз болуы төмендегі себептерден болады:
Жануар иесі диета мен емді сақтамаған;
Тастарда кальций көп (олар өте нашар ериді)
Қойылған диагноз дұрыс емес (бұл фосфатты тастар емес);
Бактериалар дәрі-дәрмектерге төзімді;
Жануар иесі диетаны дұрыс сақтаса, онда қанда мочевина және фосфаттар аз болуы керек, несептің рН қышқыл, меншікті салмағы - 1.025.
Аммоний - уратты тастар. Олар өте мөлдір және рентген суреттерінде нашар көрінеді. Тастар рН-ты сілтілік жаққа ауыстырғанда жақсы емдейді. Бұл тастарды хирургиялық жолмен алады және инфекцияны емдейді. Сақтандыру үшін құрамында белок және пуриндер бар азық береді.
Несептің көлемі тамаққа тұз қосқанда көбейеді. Натрий бикорбанаты (10 кг (12) ас қасық қосқанда) NH2 түзілуі азаяды (рН-7). Бұл төбеттерде кездеседі.
Симптомдары. Несеп бөлуі қиындайды, ауырсынады, несепті тамшылатып шығарады, қуық несепке толып кетеді (Petentio urinae) толық бітеледі.
Егерде несеп жолдарының бітелгенін орнына келтірмесе, онда 48 с. кейін постренальді азотомия болады. Уролитиазда қуық жарылып кетуі сирек кездеседі.
Қаншықтарда бітелу және поллакиурия болады. Несептің алғашқы және соңғы үлесінде гематурия, странгурия, дизурия, сипағанда ауырсыну, қуықтың қабырғасы қалыңдауы мүмкін. Қуықта тастар білінбей жата береді. Триппельфосфатты тастар уролитиазиске бейімділік (Шнауцер тұқымды) иттерде жас кездерінде байқалады. Онан бөлек тастардың пайда болуына бейімділік такса және бассетхаунд тұқымдыларда (цистинді тастарға), ал даллиттерде (уратты тастарға) болады.
Несепке анализ жүргізу. Микрогематурия, қабыну белгілері, рН - сілтілі, кристалурия.
Диагнозды верификациялау. Қуықты және несеп жолдарын рентгенге түсіру (фосфаттер, натрий оксалаты, рентген сәулелерін өткізбейді) арқылы анықтайды. Түсініксіз жағдайда несеп жолдарына цистрограмма жасайды (контрасты заттар қолданады). Тастар қуықтың ауа көпіршіктері арасында жатады, ол кілегейлі қабыққа жақын орналасады. Ірі тастарды сипап көруге болады. Несеп жолдарындағы тастарды катетер енгізу арқылы анықтайды. Инфекциялық тастар (фосфатты тастар) және метаболитикалық тастар (цистинді, уратты, силикатты және оксалатты).
Асқынуы. Нефролитиаз, көпіршікті-несеп шығару рефлексі, уретрит және пиелонефрит, гидронефроз, азотемия, созылмалы гипертрофикалық цистит.
Болжамы. Жағымды егер асқыну болмаса: тастардың пайда болуынан сақтандырмаса рецедив болуы мүмкін.
Емі. Жедел шаралар, хирургиялық немесе тастарды консервантты алып тастау және тастардың пайда болуынан сақтандыру.
Жедел шаралар. Қан алады және сұйықтар қолданады немесе уретраның бітелуімен күрес жүргізеді. Ол үшін: ретропульсациялық әдіс, тастарды қуыққа жинайды, ол жерден цистотомия жасау арылы немесе консервативті әдіспен ерітеді; қуықты босату үшін жіңішке катетер енгізеді; ультрадыбыстық аппарат арқылы тастарды майдалайды және уретротомия жасайды. Тәулігіне 4 рет 10-12 күн қатарынан 0,02гкг дене массасына этамид береді, 5-7 күн өткесін тағыда 7 күн қайталайды.
Ұсақ жануарларға 0,001 г, ірі жануарларға 0,5 г тәулігіне 14-18 күн қатарынан аллопуридол береді, сонан соң тәулігіне емдеу мөлшерінен 2-3 есе аз 2-3 ай бойы қолданады.
Оксалатты тастар. Кальций-оксалатты тастар мөлдір емес, сол себепті олар рентген сәулесімен байқалады. Олар еруі мүмкін, оларды хирургиялық жолмен алады. Диета тағайындайды, оксалаттар, белоктар және ас тұзы аз болуы қажет; рационнан бұршақтарды, картопты және шоколадты алып тастайды. Витамин С бермейді, егерде несепті қышқылдандыру керек болмаса.
Емі. Ішке 0,2-0,4 г 2 ай бойы маргулит береді, күніне 1-2 рет 1-2 таблеткадан уралит, В6 витамині немесе 100-150 мгкг дене массасына күніне фитолизин, камнелом тағайындайды.
Цистинді тастар. Олар рентген сәулелеріне мөлдір емес, оларды құрамында белогы (ақуыз) аз тамақ беру арқылы несепте сілтіні көбейтіп (рН -7,8 2-3 рет күніне (12) натрий бикорбанаты немесе калий цитраты 10 кг дене массасына қосады), ерітуге болады. Сақтандыру үшін белогы аз тамақпен диета жасайды.
Емі. Тамақ алдында жарты сағат бұрын күніне 3 рет 3-4 тамшы цистенал, 10-20 мг кг дене массасына күніне 2 рет 2-меркапто-пропинил-глицин, уродан күніне 3-4 рет (14) -1 шай қасыққа дейін береді.
Силикатты тастар. Өте сирек кездесетін тастар рентген сәулелеріне мөлдір емес. Оларды ерітуге болмайды, тек хирургиялық әдіспен алып, инфекцияны емдейді. Тамаққа тұз қосу арқылы және диеталық тамақ беруді көбейтіп, рецедивтің алдын алады.
Бүйрек тастары (нефролиптер). Бүйрек тастары сирек кездеседі. Олар төбеттерге қарағанда жиі қаншықтарда болады. Бүйрек тастарын бүйрек астаушасының коррал тәрізді конкременттері түзеді, олар біртіндеп несептің ағып кетуін қиындатып, бүйрек астаушасын кеңітеді, оның үлпершегін қысады, ұлпаны тітіркендіреді, пиелиттің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бұл тастар уратты (далматиндерде) не фосфатты болады.
Құрсақ қуысын рентгенге түсіргенде кездейсоқ диагноз қояды, олардың симптомдары болмайды немесе ауруға тән емес.
Симптомдары және зертханалық зерттеулер пиелонефритке ұқсас.
Болжамы тұрақты емес, себебі өте тереңге кеткен өзгерістер мен абцесстерді жазу қиын.
Емі. Қос бүйректің қалған қызметтерін анықтау үшін урография жасайды. Сонан соң антибиотиктер көмегімен және диеталық тамақтандыру арқасында инфекцияны басуға тырысады. Амал жоқ кезде тастарды екі бүйректі ұзын бойына бүйрек астаушасына дейін оперативті әдіспен тіліп, тастарды алады. Тілер алдында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зәр шығару жүйесі және оның жастық ерекшеліктері
Сыртқа шығару жүйесі мен терінің жастық ерекшеліктері
Сыртқы шығару жүйелерінің жас ерекшеліктері
Органдар биохимиясы туралы
Әйелдің зәр шығару жүйесі
Еркек жыныс мүшесінің құрылысы
ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
Буаздықты анықтау
Бүйрек ауруларының синдромы
Диагноз- Жатырдың субинволюциясы және атониясы
Пәндер