Аралық миокардит


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Миокардит және оның этиологиясы

2. Патогенезі

3. Клиникалық белгілері

4. Емі және оны алдын-алу

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары. Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары туралы белгілер көрсетеді - жөтел, демікпе, цианоз (тері және кілігей қабықтарының көк түске боялуы), өкпе ісінуі, асцит (құрсақ қуысында сұйықтық жиналуы), гидроторакс (көкірек қуысында сұйықтық жиналуы), перифериялық ісіну, кілегей қабықтарының анемиясы, пульстық толқындарының аритмиясы (жүрек жиырылуының кезектілігінің бұзылуы), пульс дефициті. Бұл топтың ауруларынын алдын алу - жануарларды құнды рационмен, демалыс уақыты бар жұмыспен қамтамасыз ету, инфекция, инвазия, улануды алдын алу.

Негізгі бөлім

Миокардит - жүрек бұлшық етінің , инфекциялық немесе инфекциялық-уыттық тектегі жалпы ауыр күйге енуімен, жүрек жеткіліксіздігі белгілерімен өтетін қабынулары. Ағымы бойынша миокардит жедел және созылмалы болады. Гемодинамика бұзылуы синдромы (жүрек жеткіліксіздігі), кейде аритмия синдромдары байқалады. Аурудың жалпы белгілері ретінде атауға болатын жайттар: күйзеліс, тәбетінің жоғалуы, әлсіздік, өнімділігі мен жұмыс қабылетінің күрт төмендеуі; жүрек маңындағы ауырсынулар; дене температурасының 1 . . . 2°С жоғарылауы. Жүрек бұлшықетінің әлсіреуі салдарынан жүрек ырғақтары да әлсіз, қатқыл болады, функционалдық жүрек шуылдары сезілуі ықтимал. Бауырдың, бүйректердің, өкпенің және өзге органдардың қан тоқыруына қатысты функцияналдық бұзылу белгілері аталады. Қанда орта дәрежедегі нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭҚЖ жоғарылауы байқалады. Миокардит кеселін тудырған негізгі ауру симптомдары білінеді. Миокардитті диагностикалау клиникалық белгілеріне және этиологиялық факторларын зерттеп пайымдауға негізделеді. Миокардитті перикардиттен, миокард дистрофиясынан, кардиомиопатиядан (жүректің кеңейуі), кардиофиброздан, кардиосклероздан, эндокардиттен ажырата білу керек. Жануарға толығымен тыныштық беріледі, оны сапалы, жеңіл қорытылатын азықтармен қамтамасыз етеді. Емі негізгі ауруды жоюға, жүрек бұлшықетіне аллергиялық әсерді азайтуға, жүрек жұмысын қалыпты өткізуге бағытталады. Инфекциялық және инфекциялық-аллергиялық тектегі миокардитте бензилпенициллин натрий тұзы, ампициллин, ампиокс, окситетрациклин, гентамицин сульфаты т. б. антибиотиктер тағайындалады. Миокардтың аллергиялық компонентіне десенсибилизациялық тиімділіктегі заттармен әсер етеді. Преднизолон, преднизон, ацетат кортизоны сынды глюкокортикоидтар қолданған жөн. Жүрек жұмысын қалыптандыру үшін кофеин, камфора, коразол, кордиамин, теофиллин тағайындайды.

Миокардит ( Муосаrdіtіs - жүрек бұлшық етінің қабынуы) - Миокардтың қабынуы. Жүректік бұлшық еттің миокардит деп аталатын қабынуы, көбінесе вирустық инфекциямен байланысты. Бірақ оған ревматизмдік шабуыл немесе сәулелену, дәрілік және химиялық заттардың әсер етуі себеп бола алады. Көп жағдайда ауру емдеусіз жазылады.

  • Аралық миокардит;
  • түйінді миокардит;
  • жайылма миокардит;
  • альтеративті миокардит;
  • экссудагивті миокардит.

Миокардит кез келген жұқпалы ауру кезінде пайда болуы мүмкін, бірақ қазіргі кезде ол вирустық инфекция кезінде жиі байқалып жүр.

Аталған сырқатты туындататын инфекциялық емес факторларға кейбір дәрілер (антибиотиктер, сульфаниламидтер, метилдопа т. б. ), сарысулар және вакциналар жатады. Миокардиттер дәнекер тіннің жүйелі аурулары кезінде де пайда болады, мысалы, жүйелі қызыл жегі, басқа да жүйелі васкулиттерде.

Миокард қабынуының себептері ішінде ревматизм ерекше орынға ие, эндокардит және перикардитпен қатар миокардит те аурудың негізгі себебі болып табылады.

Миокардиттер оқшау (біріншілік) және баска аурудың көрсеткіші де (екіншілік) болуы мүмкін.

Ауру ағымы бойынша жіті, жітіге жуық және созылмалы миокардит және қайталанбалы (ремиссиямен - бірнеше ай немесе жыл жақсару) болып бөлінеді. Миокард кезінде қабыну барысы оның негізгі кызметінің бұзылуына әкеп соғады.

Көпшілік жағдайда миокардит кезінде анық белгілер болмайды, оны тек ЭКГ-дағы өзгерістерден ғана байқау мүмкін. Клиникалық көрінісі анық жағдайларда ауру жануар әртүрлі сипаттағы ауырсыну сезіміне, дене қимылына байланысты емес жүрек тұсының ұзақ ауырсынуына, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене қимылы кезінде ентігуге және жүрек соғысының жиілеуіне жүрек қызметінің бұзылуына шағымданады. Дене қызуы қалыпты болуы мүмкін, бірақ дене температурасы көтерілуі жиі байқалады.

Жас төлдерде ересек жануарлардағыдай миокардит вирустар мен бактериялардың әсерінен пайда болады. Төлде сырқаттың екі түрі кездеседі:

- Туа біткен миокардит. Бұл жағдайда төлде туғаннан бастап әлсіздік, бозғылттық, ентігу бар. Емген кезде тез шаршайды, салмақ қоспайды. Бұл ауру жүрек шекарасының кеңеюімен, тахикардиямен сипатталады.

- Жүре пайда болган миокардит. Бұл түрі жіті, жітіге жуық және созылмалы болып бөлінеді. Жіті миокардит суық тиюдің салдары болып та- былады. Алғашқы белгілері: тәбеттің болмауы, мазасыздық, цианоз (көгеру) және ентігу ұстамасы, жүректің айнуы және құсу. Жітіге жуық және созылмалы миокардит кезінде өте айқын және айқын емес белгілер байқалуы мүмкін. Айқын емес белгілерге гепатомегалия (бауыр көлемінің ұлғаюы), естен тануға бейімділік, құсу жатады. Айқын белгілері - цианоз, жүрек дөңесі (кеуденің жүрек тұсында дөңес пайда болады), тахипноэ (тыныс алу жиілігі) .

Болжамы аурудың түріне және ауырлығына байланысты. Көп жағдайда миокардит айқын белгісіз өтеді және ауру жануар толық сауығып кетеді. Миокардиттің жіті және жітіге жуық басқа түрлері 1/3 жағдайда толық емделумен аяқталады. Басқа ауру жануарларда жүрек қызметіне әсер ететін кардиосклероз немесе дилатациялық кардиомиопатия дамуы байқалады. Миокардиттің рефракциялық жүрек жетіспеушілігінің тез дамуымен және өліммен аяқталатын өте ауыр түрлері де белгілі. Жүрек соғысының бұзылысы кенеттен өлім-жітімге әкелуі мүмкін.

Жиі суық тиюдің алдын алу шаралары, созылмалы инфекция ошақтарын емдеу, профилактикалық егулерге қарсы көрсеткіштерді қатаң есепке алу керек.

Миокардит - жүрек бұлшықетінің инфекциялық немесе инфекциялық емес қабынулық зақымдалуы. Миокардит туралы күмән кезкелген төлде, туа біткен ақау жоқ жағдайда, жүрек жетіспеушілігі белгілері пайда болғанда, әсіресе сәйкес емес тахикардия байқалғанда және немесе ентігу, сонымен қатар жүрек ұшының соғуы әлсірегенде және гепатомегалия байқалғанда туады.

Этиологиясы

1. Инфекциялық факторлар (төлдердің көбінде байқалады) . Вирустар - коксаки В (ең жиі кездесетіні), Коксаки А, ЕСНО-вирустар, аденовирустар, және басқалар. Бактериялар - күл, иерсиниоз, стафилококктық инфекция және басқалар. Бактериялық миокардиттер төлдерде сирек байқалады, әдетте олар өскеннен кейін байқалады. Вирусты-вирусты және вирусты-бактериальды ассоцияцилар миокардиттің ең жиі кездесетін этиологиялық факторлары болып келеді. Басқа инфекциялар: микоплазмалық инфекция; риккетсиоздар (тиф-сүзек) ; саңырауқұлақтық инфекциялар (актиномикоз, гистоплазмоз және басқалар) ; қарапайымдар инфекциясы - трипаносомоз (Шагас ауруы), токсоплазмоз және басқалар.

2. Инфекциялық емес факторлар (сирек кездеседі) . Дәнекер тіндерінің иммунопатологиялық аурулары. Кавасаки синдромы. Аллергиялық аурулар (сарысу ауруы, өкпе эозинофильді инфильтраты, дәрілік аурулар және басқалар) . Метаболикалық бұзылыстар (уремия, микседема және басқалар) . Лейкоз және залалды ісіктер метастазы.

Химиялық немесе физикалық әсерлер: сәулелі зақымдалулар (ионизациялық радиация) ; токсиндер әсері (қорғасын және басқалар) ; дәрілік препараттардың әсері (доксорубицин және басқалар) ; жәндіктер шағуы (жылан, қарақұрт және басқалар) ; жүрек жарақаты (доғал немесе тесіп өтетін), посткардиотомиялық синдром.

Патогенезі

Миокардиттер патогенезінде, патологиялық процессте өзіндік жеке ағымдық көрініс қалыптасуға ықпал ететін, механизмдерді төрт негізгі топқа бөледі: 1. Патогендік фактордың кардиомиоциттерге тікелей әсер етуі (инфекциялық, паренхиматозды миокардит) . Бұндай механизм, әдетте вирусты инфекцияларды байқалады. 2. Миокардтың тамырлық зақымдалуы келесілермен: а) . Кейбір қоздырғыштардың «эндотелиотроптығы» (аденовирус, микоплазма және басқалар) ; б) . Инфекциялық және инфекциялық емес иммунокомпонентті зақымдалулар (дәнекер тіннің иммунопатологиялық аурулары) . 3. Жүрек тіндерімен қарама-қарсы әсерлесетін антиденелер және активтелінген лимфоциттердің зақымдау әсері. Бұл механизм, өз патогенезі бойынша ревматикалық миокардитке жақын, бірақ одан жалпы белгілері болмауымен ажыратылатын, постстрептококкты миокардитке тән. 4. Миокардтың іріңді метастатикалық зақымдалуы септикопиемиялық процесстерде байқалады және балаларда сирек кездеседі.

Клиникалық көрінісі

Шағымы: «әлсіз, тез арытатын» мазасыздық, әлсіздік, шаршағыштық, бас айналуы, ентігу, жүрек соғу, жүрек тұсында шалыс соғу сезімі, кеуде қуысында ауырсыну (әдетте, перикардитпен немесе коронарлық тамырлардың зақымдалуында) . Кардиальды синдром: - жүректің көлденең мөлешерінің ұлғаюы (көбіне солға қарай) ; - жүрек тондарының естілуінің төмендеуі (әсіресе бірінші тонның) ; - жүрек ұшында систолалық шудың пайда болуы; - жүрек ырғағының бұзылуы (тахикардия, ригидті ритм, сиректеу - брадикардия, экстрасистолия, «систолалық текірек» ырғағы) ; Экскатракардиальдық синдромдар: - қанайналым жетіспеушілігі белгілері (бозғылттық, терінің, цианоздық реңі, аяқтарының мұздауы, ісіну, ісіктер, өкпеде іркілістік сырылдар, бауырдың ұлғаюы және басқалар) ; - нерв жүйесінің дисфункциясы (жас төлдерде «энцефаломиокардиттер») - тамыр зақымдалулары (бөртпелер, артралгиялар, микрогематурия және басқалар) .

Диагностикасы

Миокардиттің клиникалық көрінісі, әсіресе жануарларда, өте аз болып келеді. Сондықтан диагноз қою көбіне қиынға соғады. Көбіне төлдерге миокардит нықталмай қалады. Кей жағдайларда диагноз қоюға лабораториялық - құрал жабдықтық зерттеу әдістері көмектеседі. ЭКГ - миокардиттің өзіне тән белгілері жоқ. Дегенмен, төмендегі белгілер көмектеседі: - ST сегменті мен Т-тісшесінің төмендеуі, Т-тісшесінің альтернациясы; - аритмия (тахи- немесе брадикардия, ригидті ырғақ, экстросистолия, эктопиялық ырғақтың жеделдеуі, атриовентрукулярлық диссоциация және басқалар) ; - өткізгіштігінің бызылуы (синоартриальды, әртүрлі дәрежелі атриовентрикулярлық жә- не қарыншаішілік блокада) ; - жедел пайда болған жүрек бөлімдерінің гипертрофиясының кешенді ЭКГ - белгілері; - кейде амплитуданың өзгеруі және немесе қарыншалар кешенінің альтернациясы (шартты белгілер) .

Рентгенография - жүрек мөлшерлерінің азды-көпті, әсіресе өкпе тамырлық суретінің, ұлғайғанын көруге болады; Қан зерттеулері: - қабыну процессінің активтілігінің белгілері; - жүректік антигендер мен антикардиальды антиденелердің байқалуы мүмкін; - кадиоарнамалық лактатдегидрогеназа, креатинфосфокиназы изоферменттерінң фракцияларының деңгейінің артуы; - серологиялық зерттеулер мен себу нәтижелері. Қоздырғыштарды (вирустар) немесе олардың антигендерін (полимеразды, реакция - ПЦР басқа орталардан (нәжіс, перикардиальды сұйықтық, мұрынжұтқыншақ жуындысы және басқалар) ) анықтау.

Миокардиттің тамырлық зақымдалуларында ауырсыну синдромы, қозу функциясының бұзылуы (экстрасистолия), жүрек мөлшерінің шамалы артуы және қанайналым жтіспеушілігі байқалады. Басқа мүшелер мен жүйелердің тамырларының зақымдалу белгілері (бөртпе, артралгиялар, микрогематурия, серозиттер және басқалар) анықталады. Абрамов-Фидлер идиопатиялық миокардиті - миокардиттердің ерекше түрі. Кеселдің этиологиясы мен патогенезі белгісіз. Идиопатиялық миокардит үшін тән: айқын экстракардиальды және кардиальды синдромдармен манифесті ауыр ағым; жоғары дәрежелі қанайналым жетіспеушілігі; ырғақтың бұзылуы (экстрасистолия, пароксизмальды тахикардия, жыбыр аритмиясы және басқалар) ; миокардтің жирылу мүмкіндігінің күрт төмендеуі; жүрек шектерінің айқын кеңеюі.

Туа біткен (кеш) кардит жүрек құрсақішілік кезеңнің 7 айынан кейін зақымдалғанда (кеш фетопатия) байқалады. Бұндай жағдайда әдеттегі қабыну реакциясын, патологиялық процесске екі немесе үш қабаттың бірдей, өткізгіштік жүйенің, кейде жүрек тамырларының қамтылуын () байқауға болады. Әдетте, кардиосклероз және құрсақішілік қалыптасқан компенсаторлы миокард гипертрофиясы байқалады. Экстракардиальды синдромдар кешенінде емгенде шаршағыштық, тершеңдік, 3-5 айдан бастап дене салмағын дұрыс қоспау, ОНЖ-дегі өзгерістер (мазасызданудың, ентігудің және цианоздың арытумен, «тез ару» ұстамасы, құрысу синдромы және синкопальды жағдай) басым болып келеді. Кардиальды синдромының айқындылығы миокард зақымдалу дәрежесіне сәйкес болады, жиі-орташа.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ревматизм
Жүрек-тамырлар жүйесінің патологиясы: аритмиялар, ақаулар
Жүректің гипертрофиясы
Ақтөбе облысы 2009-2010 жж аралығындағы дифтериямен аурушаңдық көрсеткіштері арқылы ретроспективті талдау жасау
Жүрекше аралық перденің мүкістігі
Қан тамырлар патологиясы
Жүрек – қан тамыр жүйесін лабораториялық және инструменталдық әдістермен зерттеу
Жүрек - тамыр жүйесі ауруларының жіктелуі
Жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары
Саркоцистоздар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz