Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер
Аннотация
Малдың уланулары пәнінен жазылған Жабайы шалқан, қарамықша,
түйежоңышқамен улану себептері, клиникалық белгілері, сақтандыру шаралары
тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 28 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу,
техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі
қамтылды.
Анықтамалар
Эфир майлары - бұл өсімдік тектес, эфир секілді ұшкыр, қағаз бетінде дақ
қалдыратын майлы, күрделі органикалық заттар.
Түймешетен, (Пижма, Tanacetum vulgare). Күрделі гүлдер тұқымдасына
жататын, көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 1 метр, жапырақтары түсті
шетен ағашының жапырақтарына ұқсайды.
Сасыққурай (Вех ядовитый, Cicuta virosa). Орталық жүйке жүйесін
қоздыратын өсімдіктер. Көпжылдық шатыр гүлұкымдас өсімдік, биіктігі 1-1,2
м, жапыраұ ұштары үшкір, ұсақ ақ гүлдері күрделі шатырға жиналған.
Сүттіген (молочай, Euphorbia) Сүттіген сүттіген туысына жататын,
Биіктігі 10-60 см, тік сабақты, қалың сабақшалы, жапырақтары домалақ, шеті
тегіс келген, гүлдері саргыш-жасыл түсті, шатыр тәрізді, шоқталып,
өсімдіктің жоғарғы бөлігіне орналасқан, тайпақ бойлы өсімдік.
У кекіре (Горчак, ccntaurac picris)
Ботаникалық сипаттамасы. Күрделі гүлділер туысына жататын, биіктігі 60-
70 см, тамыр жүйесі жақсы жетілген, көпжылдық арам шөп.
Қырықбуын (Хвощ, Eguestina) Жерге жабыса өсетін өсімдік. Биіктігі 20-
60см.
Белгілер мен қысқартулар
Г - грамм
Сағ - сағат
Мм - миллиметр
Квт - киловольт
Кг - килограмм
СКЖЗ - синтетикалық кір жуғыш зат
О - градус
Мкм - микрометр
Км - километр
Т - тонна
Мс - метрсекунд
ПВС -поливинилді спирт
Ә.б. – әсер бірлігі
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплектілігі.
МЖМБС 2.104 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің
классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық
қауіпсіздігі
МемСТ 26668 – 95 – Сынама алу
МемСТ 7636 – 85 – Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631–85– Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштер
Белгілер мен қысқартулар
Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі
Мазмұны
Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1Жабайы шалқан, қарамықша, түйежоңышқамен
улану ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Құрамында гликозидтері бар
өсімдіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 14
1.3Токсикологиялық маңызы бар, құрамында гликозидтер
және сапониндер кездесетін басқа да өсімдіктер туралы
қысқаша
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17
1.4Құрамында циангликозидтері бар улы
өсімдіктер ... ... ... ... ... ...22
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..24
3 Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Кең байтақ Қазақстан республикасының жерінде бағытыраңқы орналасқан
малшаруашылықтарының малдардың ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы
улы заттармен уланулары жиі кездесетін жағдай. Бұған себеп жер көлемі
үлкен болғандықтан және табиғаттың әр түрлі құбылмалы әсерінен онда
өсетін өсімдіктер фаунасы да неше түрлі алуан, құбылмалы болып келеді.
Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Уланумен бір
екі бас мал ғана емес , көптеп мплдардың топ-тобымен ауруы, ауыр
жағдайда көмек көрсетіліп үлгерілмегенде уланған малдың кенеттен малға
өлім жетімге ұшырауы аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы жұмыс
малдарының жұмысқа жарамсыздығы жедел көмекке емдеп жазуға
жұмсалатын қаражат шығындары шаруашылықтардың , жеке қожалықтардың
қаржыларына әсерін тигізері сөзсіз.
Онымен қатар ауылшаруашылық малдардың улануы олардың оргонизміндегі
улы заттары өнімдері арқылы өсі төлдерін тіпті адамдарды уландырулары
мүмкін.
Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін
шығындардан да асып түсетін көрінеді.
Уланған организмнің , әсіресе созылмалы уланулардың түрінде уланған
малдарың жалпы резистенттік қабілеттілігі әлсірейді де , олардың індетті
тоғышарлық көбінесе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеттілігін
нашарлатады. Сондықтан ондай малдарда уланулардың басқа аурулармен
қабаттасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары,
күтуші , бақташы адамдар уланулардың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс
диагноз қоя алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу
шаралары дұрыс жүргізілмеуі де мүмкін.
Мал мамандары өз шаруашылықтарының шекарасында қандай улы өсімдіктер
өсетінін біліп , оған сай карта жасап, онымен малға қатысы бар адамдарды
таныстырып отырулары қажет.
Кейбір улы өсімдіктер жайлы қулықтарда , жалпы әдебиеттерде қарама-
қайшы деректерде кездесіп қалады. Малдардың көк саңырауқұлақтармен
жарақаттанған , ластанған азықтармен уланулары жиі кездеседі. Бұл
мәселе осы күнге дейін толық зерттелмеген. Малдардың химикаттармен
уланулары да толық жауабын шешпеген мәселе.
Міне осының бәрі осы күнге дейін көптеген уланулардың әлі де болса
терең зерттелмей жатқанының куәсі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жабайы шалқан, қарамықша, түйежоңышқамен
улануды зерттеу
1 Негізгі бөлім
1.1 Жабайы шалқан, қарамықша, түйежоңышқамен улану
Цианогенді өсімдіктерге жабайы және мәдени өсімдіктер жатады.
Біріншісіне – миядән (манник, Glyceria aquatica), бухарник (holcus) және
тағы басқалары, ал екіншісіне - ақжүгері (сорго), сиыр жоңышка (вика),
зығыр (лен), асбұршақ (фасоль), суданшөбі (суданка) жатады.
Жабайы шалқан (Редка дикая, Raphanus zaphanistrum) Ботаникалық
сипаттамасы. Жабайы қалканның жергілікті атаулары: група, желтушник,
нарывная трава. Жабайы қалқан - егістік қышасына өте қатты ұқсас өсімдік.
Биіктігі 50см дейін жетеді, сабағы тік, тамыры жіңішке жапырақтарының
жоғарғы жағы таспа тәріздес.
Гүлдері ақшыл-сарғыш. Егістік қышасынан тұқымының айырмашылығы тұқымы
қабықты болып келген. Піскен кезде қабығы 3-12 мүшеге шашырап, олардын
әрқайсысында бір-бірден ұрык болады. Ұрығының пішіні созылған шар тәрізді,
қызыл-қоңыр түсті.
Жабайы қалқан да егістік қышасы сияқты бір жылдық арамшөп, ТМД-пың
барлық аймақтарындағы егістіктерде кездеседі. Ұрықпен көбейіп, жаздың
барлық уақытарында гүлдей береді.
Токсикологиясы. Жабайы шалқанның уытты бастамасы туралы мәліметтер өте
аз, ягни өлі де толық зерттелмеген. Алайда, кейбір зерттеулер шалқан
құрамында да гликозидтердің ыдырауы нәтижесінде түзілетін аллильды қыша
майы болатындығын көрсетеді.
Егістік қышасынан улануға қараганда, жабайы шалқаннан ауылшаруашылық
малдарының улану жағдайлары аз кездеседі. Әдебиеттерде тек ірі қара
малдарының улануы туралы нусқаулар келтірілген. Малдар өсімдіктермен
азықтандыру кезінде, сондай-ақ, сұрыпталган дәндерден қалган қалдықтарымен
азықтандыру кезінде де улануы мүмкін.
Клиниқалық белгілері. Жабайы шалқаннан уланудың клиниқалық белгілері
егістік қышасынан улану кезіндегіндей.
Балауы, болжамы және емі — егістік қышасынан уланудағындай.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Шал-қаннан уланудан өлген жануарлар
өлексесін сойып зеріттеу кезінде геморрагиялық гастро-энтеритті, қан аралас
зәрді, кеуде және құрсақ қуыстарынан, жүрек үлбіршегінен (перикардынан)
қанды-серозды сұйық-ты, ал бауырының сарғайғанынын көруге болады.
Жібілген (Ломонос, Clematis) Ботаникалық сипаттамасы. Бұл өсімдіктің 15-
ке жуық түрі бар. (Түзу жібілген, ломонос прямой, С.Recta; жапырақты
жібілген, ломонос цельнолистый, С. integrifolia; жоңгар жібілгені, ломонос
джунгарский, C.songorica; көкшіл жібілген, ломонос сизый, C.Glauca; шығыс
жібілгені, ломонос восточный, C.Oricntalis; таңғұт жібілгені, ломонос
тангутский, C.Tangutica). Олардың барлығы улы. Ішіндегі токсикологиялық
маңыздысы түзу жібілген. Оның жергілікті орысша атаулары: стародуб,
жигунец, богородичная коса, раманова трава, девясил, лесной любисток.
Тұзу жібілген - сабағы тік, өте биік (2 м дейін) шөптесін өсімдік.
Жапырақтары жұмыртқа тәріздес, қауырсынға ұқсас. Гүлдері сабағының ұшына
қарай гопталып жиналған, ақ сарғыш түсті, гүлдің айналасында 6 жапырақша
орналасқан.
Барлық ломоностар – көпжылдық өсімдіктер. Еуропаның және Азияның орталық
аумақтарында, құрғак ормандарда және бұталардың арасына кең таралған.
Маусым айында гүлдейді. Ұрыкпен көбейеді.
Жібілгеннің барлық түрлерінде ұшкыр заттар кездеседі. Балауса шөптерін
немесе гүлдерін сүрткен кезде өткір, ащы иіс пайда болып, сілекейдің
бөлінуін, түшкіру және жөтел тудырады. Денеге тиген жапырақ теріге немесе
кілегейлі қабыққа жанасқан кезде жергілікті жерді қабындырып, әритема
пайда болады. Ал ұзақ эсер еткен кезде, үлпаларды некрозга ұшыратуы мүмкін.
Бұрындары мұндай әсер клематисті камфорага тән болған. Сондықтан өсімдіктің
латынша атауы осы сөзден бастау алган. Сонғы уақытта сарғалдақтарды
зерттеуге байланысты жібілгеннің және сарғалдақтардың белсенді
бастамасының ұксас-тықтары табылған. Бұл багыттагы зерттеулермен
И.Ф.Рудаков (1951) айналысқан. Протоанемониннің жібілген құрамындағы
мөлшері онын әр түріндегі өтетін вегетация фазасына байланысты. Ал,
сарғалдақ жібілгенге қараганда улы болуына байланысты, оның құрамында
протоанемонин көп болады. Токсикологиялық бағытына қарай жоғарыда аталған
өсімдіктерді (сарғалдақ, желайдар, құндызшөп, жібілген) қорытындылай келе,
олар өздерінің ботаникалық ерекшеліктеріне қарамастан, жануарлар
организміне әсері біршама ұксас деген тұжырымға келдік. Бұл өсімдіктер
құрамындағы протоанемониндерге немесе кұрылысы жағынан осыган ұксас
заттарға байланысты улы болып саналады. Уланудың өтуі, улану белгілерінің
және улануды алдын алу шараларының ұқсастығы оларды бір топқа біріктіруге
мүмкіндік береді.
Қарамықша (Куколь, Agrostemma githago)
Ботаникалық сіпаттамасы. Қарамықша қалам-пырлар тұқымдастығына
(Согуорһуііасео) жатады. Жергілікті атаулары: валошка, кукиль, егістік
қалам-пыры, гуголь.
Қарамықша - шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 60-100см, бұтақтанған,
нәзік ұзын түктермен жабылған. Жапырақтары қарама-қарсы жолақты, гул-дер!
ірі, сабағының ұшына қарай бір-бірден орналасқан. Тостағаншасы 5 ұзын және
жіңішке тостағанша жапырақтардан тұрады. Ол жапырақтарының түсі қызғылт
немесе ақшыл-қызғылт түсті.
Қарамықшаның тұқымы - ішінде 30-40 ұрығы бар, 5 тісшелі болып ашылатын,
бір ұялы қобдиша. Ұрығының пішіні бүйрек тәріздес, ірі, қара-қоңыр немесе
қара түсті.
Қарамықша - күздік егіндік жерлерде өсетін біржылдық арамшөп. Бұршақ
тұқымдастарды және жоңышқа егістіктерін ластайды. Еуропаның барлық
территорияларына кең таралған. Қарамықша жазда гүлдеп, ұрықпен көбейеді.
Барлық өсімдіктерінің және гүлдерінін иісі болмайды. Ұрығы ұнтақты, дәмі
ащы, үгіткенде ақ түсті, иіссіз.
Ұндағы қарамықша қоспасының мөлшері 0,5%-дан жоғары болса, оның дәмі ащы
болып қана қоймай, сонымен қатар, улы келеді. Сондықтан, дәндерді мұқият
сұрыптау қажет. Ал құрамында қарамықша тұқымның мөлшері көп азықтарды
жануарлардың азық рационынан міндетті түрде алу керек.
Токсикологиясы. Қарамықшаның ұрығының улылығы құрамындағы сапонин тектес
заттарға -гитагин және агростем қышқылына байланысты. Бұл заттар
гемолитикалық улар ретінде әсер етеді. Құрамы және құрылымы нақты
зерттелмеген. Ауылшаруашылық малдары және құстар қарамықшаның ұрықта-рынан
ғана уланады. Өйткені олардың құрамында жоғарыда аталган сопонин тектес
заттар орта есепен 6,5% кездеседі.
А.П.Онеговтың зерттеулері бойынша, қарамықшадан улану кезінде
эритроциттердің және лейкоциттердің мөлшері біршама азаяды. Улардың тікелей
әсері тері мен кілегейлі қабықтарды қабындырады және тітіркендіреді. Ішек-
қарын жолдарының зақымданбаған кілегей қабықтары сапониндерді нашар
сіңіреді. Ал, керісінше, кілегейлі қабықтары қатаралды қабынған малдар
қарамықшадан тез уланады. Сондай-ақ, қарамықшаға жануарлардың сезімталдығы
да бірдей емес. Е.Френер айтқандай, қойлар, ешкілер және қояндар
қарамықшадан улануга мүлдем бейім емес. Ересек ірі қаралардың да
сезімталдығы төмен, бірақ бұзауларының улануы жиі байқалады. Шошқалар,
иттер және құстар улануға өте бейім және сезімтал келеді.
Қарамықшаның уландырып, өлімге ұшырататын мөлшері жануардың 1кг тірі
салмағына шаққанда төменгідегідей: бұзаулар үшін-2,5г, шошөалар үшін-1г,
итер үшін-0,9г, тауықтар үшін-2,5г. В.З. Целиктің айтуынша жануарлардың 100
кг салмағына шағып, 5кг-ға дейін қарамықшаны азығына қосып, азықтан-дыруга
болады.
Буаз малдар азығына карамыкшаны араластырмаған жөн, түсік тастауы мүмкін
Клиникалық белгилері. Қарамықшадан малдардың улануы жіті, сондай-ақ
созылмалы түрде өтеді. Созылмалы түрі шошқаларда кездеседі.
Ірі қара және ұсақ малдар. Күйіс қайыратын малдардың қарамықшадан улануы
өте сирек кездеседі. Қойлар ешкілермен салыстырғанда ірі қара улануға
сезімтал келеді. Азықпен жеткілікті мөлшерде қарамықша тұқымының ішке түсуі
кезінде сілекей көп мөлшерде бөлінеді, жануарларда қозу, мазасыздық және
күйзелу пайда болады, сонымен қатар, олар тістерін шықырлатып, жөтеледі,
қарын аумағында ауырсынулар пайда болады, тәбеті жойылып, күйіс қайыруы
тоқтайды. Мұндай құбылыстар азықпен бірге қарамықша дәнін жеу нәтижесінде
бірнеше күн (4-5) өткеннен соң байқалады. Созылмалы улану кезінде жүрек-қан
тамырлар жүйесінің (әлсіз және жиі тамыр соғысы, гемолиз кезінде зәрде
қанның болуы), жүйке жүйесінің (жалпы сезімталдықтың төмендеуі), асқорыту
мүшелерінің (іш өту) қызметі бұзылуы мүмкін.
Бұзаулардың жіті улануы температурасының жоғарылауымен, гастроэнтеритпен
және жүйке жүйесінің зақымдалуымен байқалады. Қанды зерттеу кезінде ондагы
эритроциттердің және лейкоциттер санының азайғандыгын көруге болады.
Жануарлар екі аптадан кейін айыға бастайды.
Шошқалар. Шошқалардың улануы, олардың карамықшаның уытты бастамасына
сезімтал болуымен сипатталады. Алайда олардың құсуына байланысты,
қарамықшаның жіті түрімен улануы созылмалы түріне Караганда сирек
кездеседі. Торайлар карамықшаға ерекше сезімтал келеді.
Шошқалардың улануы кезінде сілекей қатты болінеді жэне іш өту байкалган.
Басқа жануарлармен салыстырганда шошқаларда орталық жүйке жүйесі жэне қан
тамырлар жүйссі жиі зақымдалады. Бұл жануарларда уланудың клиникалық
белгілері қара-мықшамен азықтандыруды бастағаннан кейінгі 3-4 күннен соң
байқалады. Алгашқы күндері сілекей боліну және құсудан басқа ештеңе
байқалмайды. Дене температурасы аздап көтеріледі, ал өлер алдында
төмендсйді.
Құстар. Құстар қарамықшаға сезімтал келеді. Улану деңгейі азықтагы
қарамықша мөлшеріне байланысты.
Ересек тауыктардың 1 кг салмағына шаққандагы қарамықшаның 8-1 Ог мөдшері
өте қауіпті жэне улану тудырады. Улану сілекейдің бөлінуімен, бас және
мойынның қалыпсыз қозгалысымен сипатталады. Сонымен қатар, іш өту, жалпы
элсіздік жэне кілегейлі қабықтарының саргаюы байқалады. Қарамықша ара-
ласқан қосылған азықты жегеннен кейін бірнеше күннен соң өлімге ұшырайды.
Балау. Балау үшін клиникалық белгілер жеткі-ліксіз. Азықты зерттегеннен
кейінгі ғана этиологиялық жагдайларды ескере отырып нақты балауға болады.
Болжамы. Жіті жағдайларда төлдерде болжамы қолайсыз, созылмалы
жағдайларда болжамы жағымды. Өйткені уланудың аяғы көбінесе жануарлардың
толық айгуымен аяқталады.
Емі.Қарамықшадан улану кезіндегі емдеу шаралары уды залалсыздандыруға
және одан әры организмге түспеуіне бағытталған. Құрамында қара-мықша бар
азықпен азықтандыруды тоқтату қажет. Қарынды шаяды, құстырғыш және
кілегейлі заттар береді. Жүрек қызметін жақсартатын заттар берге болады
(эфир, кофеин, камфора). Ішек-қарын жолда-рындағы азықты тез шыгару үшін
кастор майынын, сабурдың (алое) қайнатпаларын береді. Тамырға 25-40%
глюкоза ерітіндісін ірі қарага 1-1,5 литрге дейін егуге болады.
Патологиялық-апатомиялық өзгерістер. Процесстің өтуіне байланысты сойып
тексеру кезінде патологиялық-анатомиялық өзгерістер әртүрлі болады. Жіті
жағдайларда ауыр гастроэнтерит және қан құйылулар байқалады. Қанда гемолиз
белгілері көрінеді. Созылмалы жағдайларда патологиялық-анатомиялық
өзгерістер бүйректің, жүрек бұлшық еттерінің, бауырдың зақымдалуымен
сипатталады.
Алдын алу шаралары. Барлық төлдердің, сонымен қатар, ересек шошқалардың
және жылкылардың рационынан құрамында қарамықша бар азықтарды алып тастау
керек. Азықта 1% аса қарамықша дәні болса, онда оны зиянды деп санауға
болады. Дәнді сұрыптау кезінде оларды арамшөп қоспаларынан, соның
ішінде қарамықшаның ұрықтарынан тазарту кажет.
Талдау. Қарамықшаны табу жануарлардың улануын анықтау үшін өте маңызды.
Бұл жануардың қарнындағы азықты ботаникалық-микроскопиялық зерттеу және
химиялық-токсикологиялық талдау негізінде жүргізіледі. Түйежоңышқа (Донник,
Melilotus)
Түйежоңышқа да беде сияқты бұршақ тұқымдас-тарына (Legumenosae) жататын
өсімдік. Кейде бұл өсімдікті буркун, тәтті беде және тағы басқа деп атайды.
Түйежоңышқаның бірнеше түрлері белгілі. Кейбір түрлері азықтық өсімдіктер
ретінде қолданылса, ал басқа түрлері арамшөптерге жатады. Ішіндегі ең
маңыздысы - сары түйежоңышқа. Бұл өте биік шөптесін өсімдік, сабағының
биіктігі 1м және одан да жоғары болуы мүмкін.
Сары түйежоңышқа - екіжылдық өсімдік. Бұрындары арамшөп ретінде
танылған, ал қазір мәдени өсімдіктер тобына енгізілді. Түйе жоңышқаны
азықтық зат ретінде қолданады. Түйежоңышқа барлық жерлерге кең таралған,
бірақ негізінен ылғалды жерлерде көп кездеседі.
Түйежоңышқа пішенімен азықтандыру кезінде ірі қаралардың улану
жағдайлары кездескен. Әсіресе бұл жағдайда зенденген шөптер өте қауіпті
келеді.
Түйежоңышқаның уытты бастамасы - дикумарин. Ол өсімдіктің шіруі кезінде
оның барлық бөліктерінде түзіледі. Түйежоңышқаның құрамында кумаринді
лактон қышқылы деген зиянсыз зат кездеседі, оны кумарин деп атайды. Ол
зеңденудің әсерінен улы дикумаринге айналады. Қазіргі уақытта дикумарин
бұзылған түйежоңышқадан бөлініп қана қоймай, биогидрооксикумаринді деген
атпен синтез-делініп те алынады.
Дикумарин (немесе дикумарол) - кристаллы зат, құрамында қанды үйытатын
зат болады және антикоагулянт болып табылады. Табиғатта дикумарин тек қана
бұзылған күйінде, яғни түйежоңышканың зенденген пішенінен ғана табылған.
Жалпы балауса пішеннің құрамында тек қана кумарин болады (құргақ салмақта
0,0026%). Американдық зерттеушілердің айтуынша, бұзылган пішенде кумарин
мөлшері жогарылап, оның өте аз бөлігі құргақ салмақтың тек қана 0,003%
құрайтын дикумаринге айналады. Мұндай айналу зенді саңырауқұлақтардың
әсерінен болады деген көзкарас бар (Г.В. Андреенко). Дикумарин, сонымен
қатар, құрамында түйе жоңышқасы бар сүрлемде де болуы мүмкін.
Дикумарин қандагы коагуляцияны және прогромбиндердің түзілуін азайтады.
Нәтижесінде қан тоқтату өте қиынға түседі. Сондықтан, ағзадағы қан үюлардың
(гематома) кездесуі жонышқадан уланудың бірден бір белгісі болып саналыды.
Түйежоңышқаға ірі қаралар өте сезімтал келеді, ал қойлар мен жылқыларда
түйе жоңышкадан улану өте сирек кездеседі.
Клиникалық белгылері. Түйежонышқа ауруынын негізгі белгісі қанның ұюы
және де басқа белгілері, малды түйежоңышқамен азықтандыруды бастағаннан
кейін 2-3 аптадан соң біліне бастайды.
Ірі қара. Улану жалпы әлсіздікпен, шайқалып жүрумен, кейде аксаумен
ерекшелінеді. Денесінің барлық жерлерінде, әсіресе мойын, арқа аумағында
(кейде денесінің артқы бөлігінде) гематома байқалады. Танауынан қанды көбік
ағады, сүтіне қан араласады. Тәбеті қалыпты жагдайда сақталады, дене
температурасы физиологиялық деңгейден төмендейді. Дірілдейді, көз
қарашықтары кеңейеді, алдыңғы қарын атонияға ұшырайды және басқада белгілер
кездеседі. Ересек жануарларға қараганда бұзаулардың түйежо-ңышқадан улануы
жиі кездеседі. Операция жасар алдында (піштіру және т.б.) түйе жоңышкамен
азықтандыру өте қауіпті. Өйткені кесу кезінде аққан қанды тоқтату
мүмкіндігі болмайды.
Жылкы және койлардың улануы ірі қаралардың улануы кезіндегідей өтеді,
бірак өте сирек кездеседі.
Балау. Анамнез мәліметтері және клиникалық белгілері бұл ауруды нақты
балау үшін жеткілікті.
Емі. Құрамында түйежоңышқасы бар азықнен азықтандыруды бірден тоқтату
керек. Ары қарай кілегейлі заттарды тағайындап, симптоматикалық ем
жүргізеді. Түйежоңышкамен улану кезінде улануга қарсы викасол өте тиімді
препарат болып табылады. Ол әртүрлі қан құйылулар кезінде өте тиімді әсер
ететін зат. Викасолды дециграммен мөлшерлейді, ірі қараға мөлшері: ішке 0,1-
0,3-ке дейін. (И.Е. Мозгов, 1961).
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Тері астының әр жерлерінде қан көп
мөлшерде жинақталған сұйық гематомалар пайда болған. Гематома артқы
аяқтарының бұлшық еттерінің арасында, арқасында кездеседі. Бұл жерлерде
қанның жиналуы 2-3 кг дейін жетеді. Мұндай қан құйылулар жүректе, сүйек
миында да кездесуі мүмкін. Алайда олар бауыр, бүйрек және көкбауырда
кездеспейді. Сирек жағдайда миға қан құйылуы мүмкін.
Алдын алу шаралары. Уланудың алдын алу үшін:
1)рациондағы түйе жоңышқаның мөлшерін біртіндеп көбейту;
2)түйежоңышқаның зенденген пішенімен азықтандырмау;
3)буаз малдарды және жас төлдерді түйежоңышқамен өте аз мөлшерде және
мұқияттылыкпен азықтандыру;
4)2-3 апта азықтандырғаннан кейін уақытша (1-1,5 апта) түйежоңышқаны
азық рационынан алып тастау керек.
1.2 Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер
Гликозидтер (глюкозидтер) гидролиз кезінде бөлінген минералды
қышқылдардың (in vitro) немесе ферменттердің (in vivo) әсерінен қантты
(гликондар -глюкоза, фруктоза, галактоза, мальтоза, рамноза,
дигитоксиоза) немесе қантсыз (агликондар – органикикалық қышқылдар,
алкоголдар, альдегидтер, терпендер, фенол туындылары, стероидтар) бөліпне
ыдырайтын, өсімдік тектес эфир тәрізді, құрделі органикалық қосыластар.
Қант тек қана глюкоза түрінде ғана емес, сондай-ақ әртүрлі пентозалар
түрінде де белгілі болғандықтан,оларды гликозиттер деп атаған дұрыс.
Телімді (спецификалык) ферменттер әсерінен гликорзидтер өсімдік бойында
және ішек-қарында, сонымен қатар ұлпаларға таралғаннан кейін, гликондармен
агликондарға оңай гидролизденеді.
Жануарлар ағзасында гликондар тотығып, әнерсөзіне айналады. Ал
агликондар мүшелер мен жуелерге әсер етіп, биохимиялық реакциялар тудырады.
Таза күнінде гликозидтер - ащы дәмі бар, кристаллды, аморфты немесе
шайыр тәріздес, қатты зат.Суда еріп, бейтарап реакция көсетеді.
Кейбіреулері спирт пен хлороформда ғана ериді. Қалыпты жағдайда гликозидтер
өте төзімсіз келеді. Олардың көпшілігі кетіргенде немесе қыздырғанда,
сондай-ақ қышқылдар мен сілтілер әсерінен ыдырап кетеді.
Ғалымдардың зерттеу деректері (А.К.Голосниц-бойынша, токсикологиялык
мәні бар барлық гликозидтер 4 топқа бөлінеді:
1.Құрамында азоты бар агликондардан тұратын, ыдыраган кезде өте улы
синиль қышқылын түзетін гликозидтер (нитрил- немесе цианглико-зидтер).
Оларға: ақ жүгері (сорго), миядән (манник), зығыр (лен), жоңышка (клевер).
2 2.Құрамында азот және күкірті бар агликондардан тұратын гликозидтер
(тиогликозидтер). Оларға: қыша (горчица), сарыбасқурай (гулявник), шомыр
(редка).
3.Құрамында азотсыз агликондар бар, жүрекке әсер ететін гликозидтер.
Оларга: оймақгүл (наперстянка), меруертгүл (ландыш), жалынгүл (горицвет).
4.Құрамында гемолитикалық және көбік түзгіш қасиеті бар, стеройдты және
үштерпеноидты сапонигендерден тұратын агликондар бар сапонин-
гликозидтер (сапониндер). Гликозидтердің уытты қасиеті құрамындагы
агликондарға байланысты. Өсімдіктер табиғатында гликозидтердің мөлшері
алкалоидтармен салыстырғанда өте көп. Өзінің құрылымы жағынан гликозидтер
қалқанша безін зақымдайтындар, тітіркендіргіш майлар (сапониндер), жүрекке
және қан тамырларына әсер ететіндер болып бөлінеді.
Гликозидтердің арасында қалқанша безінің қызметін тежеп, иодтың
игерілуін және тироидты гормондардың түзілуін бұзатын түрлері де кездеседі.
Нәтижесінде гипотироидизм пайда болуы мүмкін. Шаршы гүлді (крестоцветные)
өсімдіктер тұкымдасының құрамында тиоксазалидон туындысы болып табылатын
гликозидтер бар. Екінші дүние жүзілік соғысының тұсында бірқатар Еуропалық
мемлекеттерде және Канадада күнжаралармен азықтандыру нәтижесінде қойлардың
арасында жаппай улану жағдайлары кездескен.
Құрамында аллилді-қыша майы бар гликозидтер. Шаршы гүлдер тұқымдасына
жататын көптеген өсімдіктердің тұқымдарында ерекше түрдегі гликозидтер
кездеседі. Олардың құрамына циан топтарынан басқа күкірт кіреді.
Тұқымындағы мирозин ферменттерінің әсерінен және белгілі бір температура
мен ылғалдылық жағдайларына байланысты, бүл гликозидтер аллилді-қыша майына
ыдырайды. Бұл майдың иісі қатты тітіркендіріп әсер етеді. Әсіресе теріге,
кілегейлі қабыққа әсері айтарлықтай. Қара қышада мұндай гликозидтер -
синигрин деп аталады. Ол аммиловотиоционат, глюкоза және сульфатты калий
қышқылына ыдырайды.
Протоанемонин типті гликозидтер. Бұлар құрамында ерекше зат ранункулин
бар, сарғалдақтылар тұқымдасының гликозиді.
Кұрамындагы ферменттер әсерінен ранункулин протоанемонише ыдырап,
соңында өз уыттылығын жоғалтып анемонінге айналады. Мұндай айналу көбнесе
өсімдікті кептірген кезде болады.
Протоанемонин қатты тітіркендіретін майлы зат болып табылады. Ол ішек-
қарынның кілегейлі қабығын тітіркендіріп, жүрек жұмысының, тыныс алудың
нашарлауына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, гемолитикалық әсер етіп, несеп
немесе сүт құрамында гемоглобиннін көптеп пайда болуын туындатады.
Сарғалдактар балауса күйінде ауыл шаруашылық малдары үшін өте уытты болып
келеді.
Кумарин типті гликозидтер. Көптеген өсімдіктер құрамында кумаринді
гликозидтер кездеседі. Кумарин (кумарол) нафтанолға және нафталинге жақын
келеді, сонымен қатар, олардың негізін құрайды. Өсімдік құрамында кумарин,
олардың гүлдеу кезеңінде және жеміс сала бастаған кезінде түзіледі.
Мұндай гликозидтерге эскулин, мезерин және ерекше уытты агент дикумарин
жатады. Жауынды күндері немесе бұзылган азық құрамындағы кумарин өте уытты
зат дикумаринге тез айналып кетеді. Дикумарин бауырда жинақтала келе К
витаминінің синтезін, протромбиннің түзілу процессін бұзып, нәтижесінде қан
нашар ұйыгыш келеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесін айтарлықтай зақымдайды.
Бұл гликозидтердің көбісінің әсер ету механизмі әлі белгісіз.
Стероидты гликозидтер. Өсімдіктер кұрамындағы көптеген гликозидтердің
мөлшері күрделі стероидты құрылымға ие. Олардың барлығы бүрынғы уақыттан
бері жүрек-қан тамырларын емдейтін емдік заттар тобына жатады. Құрамында
осы гликозидтері бар өсімдіктерге оймақгүл, жалынгүл, інжугүл, олеандр және
т.б. жатады.
Сапониндер. Құрылымы жоғарыдағы гликозидтер секілді күрделі, бірақ әсер
ету сипаты басқаларга қараганда ерекше гликозидтер. Сапониндер қанның
формалық элементтерін зақымдайды. Атап айтқанда, эритроциттерді зақымдап
гемолиз тудырады. Закымданбаған кілегейлі қабықтары арқылы қанга таралуы
айтарлықтай емес, бірак кілегейлі қабыкты қатты тітіркендіріп әсер етеді.
Нитрилгликозидтер. Өзінің ыдырауы кезінде гидролизденіп, нәтижесінде
синил қышқылын түзетін гликозидтер. Цианоагенді гликозидтер деген атпен
белгілі.
Сау, қалыпты дамып келе жатқан өсімдіктерде бос синил қышқылы өте аз
болады. Өйткені ол өсімдік құрамындағы өзіне сәйкес келетін ферменттер
әсері-нен жойылып отырады. Ал жағымсыз жағдайларда өскен өсімдіктердің
құрамында бос синил кышқылдарының мөлшері көптеп кездеседі. Ірі қара мал
цианогенді гликозидтердің әсеріне өте сезімтал келеді, нәтижесінде олардың
улануы басқа жануарлармен салыстырғанда жиі кездеседі.
Синил қышқылы цитохромоксидаза ферментінің жұмысын тежеп, ұлпалық тыныс
алуды бұзады.
1.3Токсикологиялық маңызы бар, құрамында гликозидтер және сапониндер
кездесетін басқа да өсімдіктер туралы қысқаша мәліметтер
Дақты аронник (аронник пятнистый, Arum maculatum). Тамыр түйнектен
тұратын көпжылдық өсімдік. Жапырақтарында қара түсті дақтары бар. Жемісі -
қызыл жеміс. ТМД-ң оңтүстік-шығысында кең таралған, ылғал топырақты,
көлеңкелі жерлерде жиі кездеседі. Құрамында шыгу тегі белгісіз гликозидтер,
сонымен қатар, эфир майлары кездеседі. Жануарлардың барлық түрлеріне әсер
етеді. Кілегейлі қабықтарды қатты тітіркендіріп, сілекейдің бөлінуін
көбейтіп, іш өткізеді.
Уланған жануарлардың денесінің артқы бөлігінде ерекше әлсіздік
байқалады. Зәрі қызыл түске боялып кетеді. Емдеу үшін алдымен іш өткізгіш
заттар, содан кейін бүркігіш және кілегейлі заттар қолданылады, диета
тағайындалады.
Бересклет (түрі Euanymus sp; аршагүлділер түкымдасы - Ericaceae). Бұтағы
майда жапырақтардан және әр түсті жемістерден тұрады. ТМД-ң оңтүстік және
орталық аймақтарындағы орманды жерлерге кең таралған. Құрамында эвонимин
гликозиді бар. Қойларға және ешкілерге әсер етеді. Гастроэнтерит және іш
өтуді туғызады. Ауыр жағдайы тырысып-бүрісулермен сипатталады. Емі.
симптоматикалық.
Қырлышөп (Купена, Polygonatum), лалагүл-ділер тқұымдасы (Liliaccac).
Тамыры қалың, жемісі күлгін түсті, көпжылдық өсімдік. ТМД-ң барлық орманды
және бұталы жерлерінде кең таралған. Құрамында меруертгүл гликозидтері
секілді гликозидтер! бар. Эсер ету механизмі зерттелмеген.
Меруертгүл (Ландыш майский, Convallaria majalis), лалагүлділер
тұқымдастығына жатады (Liliaceae). Ақ гүлді, көпжылдық шөптесін өсімдік.
Жемісі - қызыл жеміс. ТМД-ң орталық және оңтүстік аймақтарына кең таралған.
Құрамында конвалламарин, конваллатоксин және сапонин-конвалларин
гликозидтері бар. Ішек-қарын жолдарында және жүректің қызметінде
өзгерістер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz