Молибден қосылыстарынан улану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Малдың уланулары пәнінен Кадмий, сурьма қосылыстарынан улану
себептері, белгілері, патанатомиялық өзгерістері мен сақтандыру шаралары
тақырыбы бойынша жазылған бұл курстық жұмыста аталған химиялық заттардың
қасиеті, организнің улануы, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу
шаралары қарастырылған курстық жұмыс 28 беттен тұрады.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі

Анықтамалар

Карбамид немесе синтетикалы мочевина [(NH2)2, Со]-суда жақсы еритін,
құрамында 46 % -тей азот бар, қышқыл дәмді, иіссіз зат.

Азот - (Nitrogenium), N - жер шары атмосферасын құрайтын газ тәрізді
заттардың ішінде бірінші орын алатын газ (75.5%).

Гербицидтер арам шөптерді жою үшін қолданылатын жеке дара улы химикаттар
тобына жатады.

Пиретроидтар - құрамында циклопропан карбон қышқылының цинерин, пиретрин
секілді әсер етуші туындылары бар күрделі эфир.

Авермектиндер - streptomyces avermitilis санырауқұлағынан алынатын өнім.

Ивермектиндер - авермектиндердің химиялық дереваты (ыдырау өнімі).

Фтор (Fluorum) F - қалыпты жағдайда өзіне тән иісі бар, ақшыл сарғыш
газ, галоген тобына жатады

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплектілігі.
МЖМБС 2.104 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің
классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық
қауіпсіздігі
МемСТ 26668 – 95 – Сынама алу
МемСТ 7636 – 85 – Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631–85– Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1Кадмий қосылыстармен
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.9
1.2Сурьма қосылыстарынан
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

1.3Молибден қосылыстарынан
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4Мочевина туындыларымен
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.5Хлораттармен
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 12
1.6Фенол туындыларымен
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15
1.7Азықтың құрамындағы нитратпен
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..17
1.8Минеральды және синтетикалық улы заттармен
уланулар ... ... ... ... ... ...20
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .23
3Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 27

Кіріспе

Ғылымның дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып-оркендеуі нәтижесінде
тірі ағзаға зиянды ( әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті.
Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте
күрделілене түсуде. Көптеген улы заттардың ауыл шаруашылығында кең
қолданылуы токсикологияның салалық бөлінуін қажет етті. Қазіргі замандық
өндірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтыну "өндірістік
токсикологияны" құруға негіз болды. Бұл саланың маңыздылығы сол, ол улы
заттардың адам ағзасына зияндылығын, жұмыс істеу шарттарын
белгілейді.
Ол үшін, ауыл шаруашылығы өндірісін мейлінше жеделдету шараларын
өндірістік механикаландыруды, кең көлемді химияландыруды дамыту қажет.
Соның ішінде, өсімдіктің өсіп-жетілуін тездететін, өсімдік зиянкестеріне
қарсы қолданылатын заттарды өндіру, оларды мейлінше кең қолдану ерекше
талап етілетін жұмыс. Кең көлемді химияландыру жағдайында мал дәрігерлігі
токсикологиясының маңыздылығы ерекше артып отыр.
Химиялық затттарды жүйелі түрде дұрыс қолдана білмесе, олар өсімдіктер
мен жануарларға және жалпы сыртқы ортаға уытты әсер етіп, айтарлықтай
зиянды әсерін тигізеді. Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер
организмінде жинақталып, жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша
өтуі мүмкін: топырақ - өсімдік - жануарлар - жануарлар өнімі -адам.
Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеуде токсикология ғылымының
маңызы өте зор.
Халқымыздың өскелең талабын барынша қамтамасыз ету үшін көптеген шаралар
жүргізіліп жатыр. Осындай шаралар қатарына өсімдіктер мен жануарларды
әртүрлі зиянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен өсімталдығын
арттыру жатады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының үлкен жетістіктерге жетуі
түрлі тыңайтқыштарды, химиялық заттарды тиімді түрде қолдануына тікелей
байланысты.
Токсикология - улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар,
өсімдіктер, т. б.) тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ілім улы заттардың
табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан-жануарлардың улы заттарға деген
сезімталдығын, уланудын ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен
салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудын негізгі
клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар
уланудың алдын-алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік
тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.
Курстық жұмыстың мақсаты: кадмий, сурьма қосылыстарынан улануды зерттеу

1 Негізгі бөлім
1.1 Кадмий қосылыстарынан улану

Кадмий қосылыстары - халық шаруашылығында әр салада қолданылады. Бұлар
өте уытты әсер етеді.
Фунгицид ретінде кадмий-кальций, кадмий-мыс, кадмий-мырыш, кадмий
хроматы, кадмий-сульфаттың араласқан тұздары ұсынылған. 4,5% кадмий тотығы,
пестицид 90% ылғал сіңіретін ұнтақ түрінде өсімдіктердің кейбір ауруларына
қарсы қолданылады. Ағзадан кадмий несеп және ас қорыту жолдары арқылы
шығады. Кадмий тотығынан басқа косметикалық бояулар, люминоформалар жасау
мақсатында қолданылатын кадмий сульфаты да өте уытты. Кадмий тотығының ЛМ50-
72 мгкг мөлшері тышқанға өте уытты.
Бұл препараттар мал ағзасына түскеннен кейін орталық жүйке жүйесін
тітіркендіріп уытты әсер етеді. Осының салдарынан ақзаттың, фосфоркальцилік
және т.б. алмасулар қызметі бұзылады. Остеопороз болуы мүмкін.
Антидот ретінде унитиол және тетацин-қалыпты 10-15 мгкг мөлшерінде
қолданылады. Мыс сульфатын 25 мгкг, ферроглюкин және мырыш сульфатын 10-
21) мгкг, глюкоза, С витамині, кальций хлоридін беруге болады.

1.2Сурьма қосылыстарынан улану

Сурьма қосылыстары (III валентті) микроб қарсы қолдануға болатын
заттар тобы.
Құрамында сурьма бар бояулардың қышқылдармен әрекеттесуі нәтижесінде өте
уытты газ - стибип бөлінеді. Ағзаға түскен сурьма тотығы және хлориді,
сурьма сульфиді бауырда, бүйректе, теріде, тері жабындыларында жиналып,
кумулятивті әсер етеді.
Сурьма - жергілікті тітіркендіріп және жалпы резорбтивті әсер ете
отырып, жүрек етін және орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Сурьма
қосылыстарының әсерінен ферменттердің сульфгидрильді тобының қызметі
тежеліп, қанның формалық элементтерін бүлдіріп, ақзат алмасуын, бауырдың
функционалдық жағдайын, бүйректің, өкпенің, ас қорыту жолдарының қызметін
бұзады. Улануға қарсы унитиолды 10-15 мгкг мөлшерде қолдануға болады.

1.2.1 Калий тұздарымен улану

Құрамында 62 пайыз тотығатын калий бар калий тыңайтқыштары күйіс
қайтаратын малды тез уландырады.
Әсер ету жолдары. Калий тұздары ішек-қарынның кілегейлі қабықтарын
тітіркендіреді және і қабындырады. Сонымен бірге, қанның тепе-тендігі және
қысымы өзгереді, орталық жүйке жүйесінің жұмысы тозады.
Өлекседегі өзгерістер. Ішек-қарынның кілегейлі қабықтары қаңсырап
қабынған, кей жерлері ісінген, өліеттенген.
Клиниқалық белгілері. Калий тұздарын жегеннен кейін тез арада клиникалық
өзгерістер көріне бастайды. Азыққа тәбеті тартпайды, бұлшық еттері
дірілдейді, жүрек соғысы, демалуы жиілейді. Одан малдың іші өтеді. Қарынның
жиырылуы бәсендейді, қан қысымы төмендейді.
Балау. Анамнестік деректері клиникалық белгілері және патоморфологиялық
өзгерістері негізінде қойылады.
Емі. Ауру малға бұркеуіш және кілегейлі заттар қолданады (сүт,
қайнатынды, өсімдік майлары). Қан тамырына 30%-ды глюкоза ерітіндісін 200-
300 мл мөлшерінде, 10 пайыздық хлорлы кальций ерітіндісін 150-200мл
мөлшерінде жібереді. Жүрек сергітетін дәріден кофеинді қолданады. Мал толық
жазылғанша дәрілерді қолданады.

1.3Молибден қосылыстарынан улану

Молибден (Molydaenum),Mo - жылтыр-сұр түсті металл, табиғатга көп
жағдайларда минерал тұрінде кездеседі. Молибденнің құрыш (сталь) металлының
сортын дайындаудағы маңызы өте зор.
Молибденнің ауыл шаруашылығындағы биологиялық маңыздылығы өте зор
екендігі таяуда ғана белгілі болған. Молибден өте аз мөлшерде болса да
өсімдік және мал ағзасында атқаратын қызметі ерекше. Өсімдіктер молибденді
топырақтан суда еритін қосынды түрінде алады да, өсімдік арқылы мал
ағзасына енеді. Молибден өсімдіктердің азотты сіңіру-іне септігін тигізіп,
нитраттардың ферментативтік ыдырауына, ақзаттар мен амин қышқылдарынып
түзілуіне қатысады.
Молибден қосылыстары биосфераның белсенді ластағыштары. Молибденнің көп
мөлшері кездесетін геохимиялық аумақтар бар екені анықталған. Молибденнің
қоры топырақта неғұрлым көп болған сайын, соғүрлым өсімдіктерде де көп
болады.
Көбінесе өсімдіктер сілтілік және бейтарапы реакция көрсететін
молибденді топырақтан алады. Топырақта молибденнің жетіспеуі өсімдіктерде
бірқатар аурулар тудырады.
Мысалы: Жоңышқаның 1кг кепкен түрінде 38мг-ға дейін молибден болады.
Яғни жоңышка молибдені құрамында көп жинайтын белсенді өсімдіктердің бірі
болып саналады. Мұндай өсімдіктермен малдарды азықтандыру улануға
әкеліп соқтырды.
Қоршаған ортада мыстың жетіспеуі молибденнің ағзаға уытты әсерін
күшейтеді.
Аммоний молибдаты - түссіз, мөлдір түйіршікті зат. Ылғалды ауада
молибден қышқылды аммоний суда өте жақсы еритін кешенді қосылыс - аммоний
полимолибдатына айналады.
Жануарлардың молибденге деген сезімталдығы әр түрлі. Молибден
қосылыстары - сүтті ірі қара малдарға, әсіресе жас бұзауларға өте уытты
әсер етеді.
Сезімталдығы төмен малдарға жылқылар мен шошқалар, жатады.
Егерде топырақ қүрамындағы молибден мөлшері- 0,01%-дан асып кетсе
малдар улануы мүмкін
Патогенезі. Ағзаға түскен молибден қосылыстары бауырдағы мыс және
сүйектегі фосфордың мөлшерін азайтып, АҮФ алмасуын бұзады. Сонымен қатар,
ақзат ММасуы және амин қышқылдарының түзілуін тежейді.
Жануарлар ағзасында молибден сүйекте (1-2 мгкг), бауырда, тері
жабындыларында жинақталады.Сиыр сүтінде 40 мкгл дейін кездестіруге болады.
Ауыр шаруашылық малдарының рационында мыс молибден қосылыстары
белгілі дәрежеде ғана болуы керек. Мал азығында - 50 мгкг-нан жоғары
молибден болса мал, улануға шалдығады.
Клиникалық белгілері. Молибденнен уланған малда улану жіті және
созылмалы түрде өтеді. Жануарлардың іші өтуі, жатырдың қабынуы, арықтауы,
анемия, остеопороз, бұлшық ет дірілі, бедеулік, сүттіліктің төмендеуі және
тері түтіктері, түсінің өзгеруі секілді белгілерді байқауға болады.
Патолологиялык-анатомиялық өзгерістер.Ішектің және қарының кілегейлі
қабыктары катаралді қабынады. Бауыр үлкейіп, майлы дистрофияға
ұшырайды,сүйектері сынғыш келеді.
Емдеу және алдын алу шаралары. Ең алдымен жайылымды ауыстыру керек.
Емдік мақсат үшін мыс сульфатын бұзауларға күніне 1г, ересек жануарлаға -2г
мөлшерде береді. Емнің нәтижесі 2-3 күннен кейін белгілі болады. Уланудың
алдын алу мақсатында топырақтағы молибденнің өсімдік құрамына өтуін
тежейтін күкірт қышқылды аммонийды тыңайтқыш түрінде қолданады.

1.4Мочевина туындыларымен улану

Бау-бақша өнімдерін және мақта, картоп, қант қызылшасы, дәнді бұршақ
еккен кезде химиялық өңдеу үшін және өнделмеген жердегі арамшөпті жою үшін
пайдаланылады. Бұларға арезин, гербан, дикуран, диурон, дихлораль мочевина
(ДХМ), дезанекс, поротан, линурон, патфан, тепсин-м, тенфан, феурон,
метурин, монурон, небурон тәрізді гербиц-идтер жатады. Олардың бәрі
ұнтактар, суда наашар, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Сыртқы ортада
екі жылға дейін сақталады. Жануарлар үшін уьптылығы томен, бірақ
кумулятивті әсері күшті, кейбіреуі тітіркеңдіріп әсер етеді.
Патогенезі. Ішке түскенде асқазанның кілеигейлі қабықтарын тітіркендіруі
мүмкін. Қанға сіңгеіннен кейін, қалқанша безінің қызметін бұзады. Алдымен
ОЖЖ қоздырып, кейіннен тежейді. Гемодинамикалық ауытқулар болады (кілегейлі
қабықтар мен террінің көгеруі). Мочевина туындылары ақуыз қүрылысын бұзатын
(дихлоральмочевина, диурон, которан,т.б.), денатурациялаушы агенттерге
жатады. Бұл толптың гербинидтері ыдыраған кезінде агзаға уытты әсер ететін
бауырда метаболиттер түзеді де, ағзаға улы әсер етеді. Мысалы:
хлоранилин кқан морфологиясын бұзады, диурон - қандағы эритроцидтердің
санын азайтады. Дихлормочевина әсерінен қанның формалық элементтері азаяды,
эритроцидтердің шөгу жылдамдығы жылдамдайды.
Құрамында фтор қосылыстары бар которанның ыдыруынан көмірсу алмасуы
бұзылып, фторлимон қышқылы түзілуі әсерінен Кребс циклінің бірден-бір
маңызды ферменті-аконитаза блокадаланылады. Оған қоса, жүректің
биоэлектрлік белсенділігі өзгереді.Ағзаға метуриннің көп түсуі нәтижесінде
витаминдер алмасуы бұзылады. Мысалы: бауыр, бүйректе асқорбин қышқылы 50%-
ға кемиді. Гемоглобин, эритроцит санының кемуі салдарынан таяқша және
сегментядролы лейкоциттер саны көбейеді. Монурон әсерінен бауырдағы
гликолиз бұзылып, гексогиназа және фосфор фруктогиназа белсенділігі
төмендейді. Бауыр митохондриясында никотин-амид коферменттеріннің саны
азайып, гликолиздің бұзылуына әкеп соғады. Фенурон ағзаның өсіп-өну
функциясын бұзады.
Клиникалық белгілері. Алдымен жануарлар қозады, содан кейін тынышталады.
Тәбеті төмендейді. Аз қозғалып, өсіп-дамуы баяулайды. Күйістілер ирасындағы
буаз малдар іш тастауы мүмкін. Мочевина туындыларына әсіресе, тауық
сезімтал, олар әлсіреп, қанаты салбырап, әрең қозғалады. Қояндарға
линуронды бір рет пайдаланғанда 1000 мгкг жабығу, демікпе, жүрек
қызметінің өзгеруі білінеді. 10 күн бойы пайдаланса, жүдеу, диарея,
қозғалыс координациясының бұзылуы байқалады. Тауықтарда 3000-5000мгкг
жалпы күйдің тез нашарлауы, демігу, айдары мен сырғалығының көгеруі, өлім-
жетім болады. 250мгкг мөлшердегі линуронды 30-күн бойы азықпен бергенде,
олар арықтап және жұмыртқа беруі тоқтағаны байқалган. Линуронның әсерінен
(30-күн бойы 100мгкг мөлшерде) қойлардың қандагы лейкоцидтің саны көбейіп,
250мгкг линурон мөлшерінің әсерінен жалпы күйдің төмендеуі, бұлшық ет
дірілі, жүрістің бұзылуы, кейіннен бұлшық ет тонусы әлсіреп, қабықгың
сарғаюы мен гематурия болады.
Патолологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ішкі мүшелер қанға толған, мидың
преваскулярлы және перицеллюларлы, домбығуы білініп, қалқанша без канға
толады. Фолликулярлы эпителий проферацияға ұшыраған. Бауыр, өкпе
зақымданған. Ленурон, фенурон және тағы басқа препараттардың әсерінен
бауыр, бүйрек, кілегейлі қабықтар, талақ зақымдалып, өкпе, эндокард пен
перикардтың қанга толганын көруге болады. Текоранмен уланса, тері және
шажырақай қан тамырлары қанға толып, миокард дистрофияланады. Тоқ ішек және
аш ішектердегі қатаралды қабыну білінеді. Дихлормочевина әсерінен уланган
өлексені сойып көргенде бауырдың майлы дистрофиялануы байқалады. Қалқанша
без ашық қызыл түсті және көлемінің ұлғайғанын байқауға болады.
Балау. Анамнездік деректер жинап, клиникалық және патанатомиялық
белгілерге коңіл боліп, азықты химиялық-токсикологиялық талдаудан өткізеді.
Емдеу және алдын-алу. Синтетикалық мочевина туындыларын пайдалану
барысында техникалық кауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаған жөн. Емдік
мақсатта мочевинаның ыдырау өнімдерін бейтараптау үшін формалин ерітіндісін
пайдаланады. Ми және өкпедегі домбыққан ісікті кетіру үшін, қалыпты
мөлшердегі кальций хлоридін пайдаланады. Сонымен қатар, аскорбин қышқылы
мен глюкозаны да пайдалануға болады. Алдын-алу үшін мочевина препараттары
арнайы, қауіпсіз орындарда сақталынып, өз керегінше қолданылуы керек.
Которонның мөлшері азықта 4 мгкг-нан аспауы керек.

1.5Хлораттармен улану

Әсері күшті дефолиант ретінде магний хлоратын, калций хлоратын, кальций
хлорат-хлоридін, натрий хлоратын қолданады. Мақта, соя, картоп, қант
қызылшасы, қарасора, жүзім алқаптарында қолданылады (7-35кгга). Магний
хлораты - ақ түсті кристалл ұнтақ, суда жақсы ериді. Құрамында 60% магний
гидраты, магний хлориді бар. Уытты мөлшері тышқандарға ЛД50-620мгкг, теңіз
тышқанына-1000мгкг-нан асады. Кумулятивті әсері әлсіз байқалады. Мал
қанындағы магнийдің орташа мөлшері - сиыр қанында 2-Змг% (болады, ал
3,2мг%-дан асып кетсе, гипермагнемия қалыптасады. Магний ионының антогонисі
- кальций ионы. Кальций хлораты - ақтүсті, кристаллды ұнтақ, суда жақсы
ериді, зертханалық жануарларға уыттылығы төмен. Тышқандарға лм50-1112
мгкг.
Кальций хлорат-хлориді - ақ түсті, өте ұсақ, женіл, жұмсақ ұнтақ, суда
оңай ериді. Белсенді дефолиант. Уыттылығы төмен пестицид. Құрамындағы
кальций хлораты мен кальций хлоридінің ара қатынасы 1:2. Натрий
хлораты - ақ түсті, майда, жұмсақ ұнтақ зат, суда жақсы ериді, жарылғыш
зат. Химиялық өндеу үшін қолданылады.
Патогенезі. Ағзаға сіңгеннен кейін торшалық және субторшалық деңгейде
зат алмасуға әсер етеді. Қалқанша безінің ингибиторы (тежегіші),
натрий, калий, магний, кальций иондары биологиялық мем-бранадан ешқандай
қиындықсыз өтіп, торшадағы зат алмасудың соңғы өнімдерін сыртқа
шығаратыны белгілі. Сөйтіп, натрий-калий алмасуы бұзылуы ағзаға елеулі
әсерін тигізеді. Хлораттар жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді.
Магний хлораты әсерінен баурдың ақзат түзу қызметі, көмірсу, май алмасу,
ұйқы безі ферменттерінің (трипеин, симпаза, липаза) белсенділігі бұзылады.
Нәтижесінде, адинамия, тыныс алудан бұзылуы, гематоэнцефалиялық және басқа
да барьерлердің өткізгіштігі өзгереді, гемоглобин мөлшері кемиді.
Лейкоциттердің фагоцидтік белсенділігі төмендеп, өсіп-өну функциясы, бүйрек
қызметі тежеледі (бүйректен қан кету). Өлексені сойып зерттегенде
кілегейлі қабыөтардың зақымданғанын, ішектің қатаралды қабынғаның, ас қорту
жолының кілегей ас қабығының домбығуы мен инфильтрациясын байқауға болады.
Ішкі ағзалар қанға толып, дистросфиялық өзгерістер пайда болады.
Емдеу және алдын-алу. Пестицидтерді сақтау, қолдану ережелерін қатан
сақтау. Асқазанды адсорбенттер (белсендірілген көмір) және жүмсартқыш
заттар қосылған жылы сумен шаю. Натрий хлориді изотониялық ерітіндісі,
глюкоза, адреналин ерітіңдісін (11000), эфедрин(5% ) 1 мл-ден тері астына
жіберуге болады. Антидот ретінде кальций хлориді қолданылады (10%-ды
ерітінді, 0,5мгкг). қалыпты жағдайдағы магний мөлшері - магний хлораты,
натрий хлораты, натрий хлораты және хлоридімен уланғанда Магний
препараттары антидот бола алады.

1.6 Фенол туындыларымен улану

Фенол туындылары екі топқа бөлінеді. Хлор туындылары (пентахлорфенол,
натрий пентахлорфеноляты) және нитро туындылары (динитрофенол,
динитроорторезол, нитрофен, динитрофенил карбонат). Бұларды әмбебап
пестицид, инсектицид, акарицид, фунгицид, бактериоцид, гербицид ретінде кең
қолданылады. Бірақ олардың барлығы жануарлар үшін өте уытты.
Пентахлорфенол (ПХФ) - әлсіз, фенолға тән иісі бар, кристалды зат, суда
нашар, органикалық еріткіш пен майда жақсы ериді, сақтауға төзімді, ұшқыр.
Мақта, соя, картоп, қызылша алқаптарында инсектицид, фунгицид, гербицид,
десикант, дефолиант ретінде 20-30 кгга мөлшерінде пайдаланады. Жануарлар
үшін өте уытты, тышқан үшін ЛМ50-187 мгкг, атжалманға-
125, қояндарға өлтіріп әсер ететін мөлшері 70-160 мгкг, 20% майлы ерітінді
түрінде шығарады. Түсі қоңыр, ішке түссе, асқазан, ішек. бауыр, бүйрек
қызметтері бұзылып, гипохромды анемия дамып, дене қызуы көтеріледі.
Кумулятивті әсері орташа, тері және кілегейлі қабықтарды тітіркендіреді.
Натрий пентахорфеноляты - қоңыр түсті ұнтақ 15-25 кгга мөлшерінде
гербицид ретінде пайдаланылады. Зертханалық жануарлар үшін өте уытты.
Кумулятивті әсері орташа, кілегейлі қабықпен теріні тітіркендіреді. Суда
ериді. Жүгері, соя, картоп көктемей тұрып, арамшөптерге қарсы (беде,
жоңышқа) пайдаланылады.
Динитрофенол - сары түсті кристалды зат, суда ериді, жарылғыш зат,
инсектицидтік қасиеті бар. Жануарларға өте уытты. Атжалман үшін орташа
өлтіріп әсер ететін мөлшері 40мгкг, қояндарға-200, итке-25 мгкг.
Жергілікті жерді тітіркендіріп әсер етеді. Динитроортокрезол (ДНОК) -
жағымсыз иісті, нашар еритін сары түсті кристалл зат. Құрамында 25-40 %-ды
дуст немесе суспензия түріндегі әсер етуші заты бар аммоний тұзы күйінде
шығарылады. Қысқа төзімді зиянкестермен арамшөптерге қарсы, бау-
бақшалармен жүзім алқаптарын өндеу мақсатындағы инсектицид және фунгицид
ретінде қолданылады. Қолдану мөлшері астық тұкымдастар үшін 3-5кгга, бау-
бакшалармен жүзім алқаптарында 10-20кгга.
ДНОК жануарларға өте уытты. Тышқанға ЛД100-40мгкг, атжалманға-85,
мысыққа-60, қойға-200 мгкг. Тері мен кілегей қабыққа тез сіңеді.
Препараттың гонадотропты, эмбриотоксикалық әсері бар. Нитрофен қою қоңыр,
паста тәрізді, өткір иісті, 70% әсер ететін заты бар масса. Нәтижелілігі
жоғары фунгицид, инсектицид, акарацид, гербицид ретінде бақшаларда,
алқаптарда қолданады. (40-75кгга мөлшерде). Жануарларға улылығы орташа.
Тышқанға ЛД50-450мгкг, атжалманға 700-800, мысыққа 250 мгкг. Кілегей
қабықты тітіркендіреді.
Дихлорфеноксисірке қышқылы (2-Д) - таза күйдегі, фенолдың әлсіз иісі
бар, суда нашар еритін, түйіршікті зат. Сақтауға төзімді. Шабындықтар мен
жайылымдардағы арам шөптерді жою үшін және арборицид ретінде, 10%-äû ұнтақ
түрінде, 10-12 кгга мөлшерінде қолданылады. ЁÄ50 - иттерге 100 мгкг;
тышқан, үй қояндары және теңіз шошқалары үшіи 300-1000; тауықтарға - 2000-
4000; балапандарға - 360-820; мүйізді ірі қараларға 500 - 2000 мгкг.
Қойлар өте сезімтал келеді (1000 мгкг). Эмбриоуытты әсер етеді. Ірі
қаралар мен қойларға төменгі уытты мөлшері - 100 мгкг. Сиырларға күніне 10
мгкг мөлшерінде 4 апта әсер етсе, сүттің мөлшері күрт төмендейді.
Торайларға күніне 200 мгкг-нан беріп отырса 3 айдан кейіи жаппай қырылып
қалады. Егер шошқаларға күніне 500 мгкг мөлшерінде қолданса, төлінің дамуы
баяулайды Туылған торайларда қан аздық, әлсіздік, салмақсыздық (100г)
байқалады. Көпшілігі туылғаннан кейінгі алғашқы күндері-ақ өлім-жітімге
ұшырайды. Препарат балықтар мен аралар үшін өте уытты.
Дихлорфенокисірке қышқылының аминді тұзы (2,4-ДА) - 40-50 %-ды суда
еритін дайын қоспа (концентрат) түрінде шығарылатын, өткір иісті, күңгірт
сұйықтық. Сауда тараптарында 10 %-ды "аминді ерітінді" деген атпен белгілі.
Арборицид ретінде бидай, күріш, жүгері және тары алқаптарын арам шөптерден
арылту мақсатында қолданылады. Қара топырақты жерлерде тез ыдырайды (3-6
апта). Құмдауыт жерлерде ыдырау мерзімі ұзақтау (3 айға дейін). Мөлшері - 1-
12 мгкг. ЁА50 - тышқандар үшін - 980-1200 мгкг; тауықтарға - 1950; 10-
күндік балапандар үшін 560 мгкг. Кумулятивті әсер етеді. Ірі қаралар мен
қойларға ең төменгі уытты мөлшері - 100 мгкг. 2,4 Д-ын сиырларға күніне 10
мгкг мөлшерінде 4 апта берсе, сүттің мөлшері күрт төмендейді. Торайларға
күніне 200 мгкг-нан беріп отырса 3 айдан кейін жаппай қырылып қалады. Егер
шошқаларға күніне 500 мгкг мөлшерінде қолданса, төлінің дамуы баяулайды.
Туылған торайларда қан аздық, әлсіздік, салмақсыздық (100-380г)
байқалады, көпшілігі туылғаннан кейінгі алғашқы күндері-ақ өлім-жітімге
ұшырайды. Препарат балықтар мен аралар үшін өте уытты.
2,4 Д-ның натрилі тұзы (диканирт) - фенолдың иісі тәрізді, суда жақсы
еритін, ашық сұрғылт ұнтақ. Ауыл шаруашылығы алқаптарын арам шөптерден
тазарту үшін 1-3 кгга мөлшерінде қолданылады. ЕА50 - ақ тышқандар үшін 370
мгкг, атжалманға - 710, тауықтарға - 665, үй қояндары үшін - 800 мгкг.
Кумулятивті әсері әлсіз.
2,4 Д-ның бутилді эфирі (2,4 - ДБ) - фенолдың исі секілді иісті, суда
нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, күңгірт-құба түсті сұйықтық.
Шабындықтарды, жайылымдарды және бау-бақшаларды арам шөптерден арылту үшін
қолданылады. Мөлшері 0,4-18 кгга, топырақта 4-6 апта, өсімдік құрамында 56
күнге дейін сақталынады. Уыттылығы орташа гербицид. Зертханалық жануарлар
үшін ЛДsoli 400-1250 мгкг, жабайы құстарға 1000-1350 мгкг. бұзауларға
препараттың 1000 мгкг мөлшері өлтіре әсер етсе, қойларға, егер күніне 250
мгкг мөлшерінде қолданып отырса, 9 күннен кейін жаппай қырылып қалатыны
жайлы деректер бар.
Клиникалық белгілер. Токсикоздың өтуіне байланысты жіті түрінде тәбеттің
төмендеуі, шөлдеу, түсу секілді белгілер байқалады. Жануарлар терлеп,
сілекейі шұбырып, іші өтіп, іші түйнейді. Дене қызуы төмендеп, салмағы
кемиді, кілегейлі қабықтары бозарады, сарғаяды, тыныс алуы жиілеп,
тахикардия, аритмия, бұлшык ет дірілі байқалады, қозғалыс координациясы
бұзылады. Эритроцит, лейкоцит мөлшері төмендеп, метгемоглобин көбейеді
(әсіресе балапандар қанында). Сиырлардың сүттілігі төмендейді. Осы
сиырлардан туылған бұзаулардың салмағы және қанындағы лейкоцит мөлшері
азаяды. 2,4 Д-ның бутилді эфирін қайталап қолданған кезде, юлдердің
анамолиясы және өлі тууы кездеседі. Орталық жүйке және жүрек-қан тамыр
жүйесі зақымданады.
2,4 Д-ның аминді тұзымен созылмалы улануы малдың жалпы күйзелуі,
тәбетінің болмауы, диарея, жақ асты лимфа түйіндерінің үлкеюі, кілегей
қабықтарының бозаруы, тамыр соғуының жиілеуі, мұрнынан су ағу және тыныс
алудың нашарлауы секілді клиникалық белгілермсн ерекшелінеді. Сонымен қата
эритроцит, лейкоцит және гемаглобин мөлше төмендейді. Тауықтың мекиендері
2,4 Д препаратының әсеріне өте төзімді. Ал әтештері уланған кезде, айдары
және сырғалығы көгеріп, көлемі үлкейеді жемсауынан үнемі күңгірт түсті
шырыш бөлініп тұрады, тыныс алуы жиілеп, қиындайды. 2,4 Д-ның бутилді
эфирімен өңделген жайылымдарға 52-78 сагат өткеннен кейін ғана мал жаюға
болады.
Патогенезі. Динитрифенол қосылыстарының уытты әсері құрамында темірі бар
акзаттардың функциясының тежелуімен білінеді, фенол туындылары организмге
түскеннен кейін, тотығу-тотықсызда процестерін бұзады. Фенол туындылары
энергия алмасуын бұзып, АТФ синтезін тежейді. Нәтижесінд ағзадағы жылу
алмасу өзгеріп, қанның формалы элементтері гемолизденеді және метгемоглобин
сан көбейеді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Ішлі мүшелер қанға толған, өкпеде
ұсак ошақты және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыр металл тұздарынан улану
Химиялық заттардан уланулар
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері жайлы
Улану түрлері
Мыс қосылыстарымен улану
Удың ағзаға ену жолдары
Жер қабыршағының химиялық құрамы биосфераның факторы сияқты
Ветеринарлық-санитарлы экспертиза
Фтор және оның қосылыстарымен улану кезінде жүргізілген токсикалық анализ
Күкірттің оксидтері
Пәндер