Сүттігеннен улану белгілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Малдың уланулары» пәнінен жазылған «Құрамында органикалық қышқылдары және тұздары бар улы өсімдіктермен улану себептері, белгілері патанатомиялық өзгерістері мен сақтандыру шаралары» тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 28 беттен тұрады.

Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Анықтамалар

Қымыздық (щавель малый, Rumex acetosella) . Ботаникалық сипаттамасы. Биіктігі 10-20см, бойы аласа өсімдік. Жапырақтары садақтың ұшы тәрізді, үшкір келген.

У кекіре (Горчак, ccntaurac picris) Ботаникалық сипаттамасы. Күрделі гүлділер туысына жататын, биіктігі 60-70 см, тамыр жүйесі жақсы жетілген, көпжылдық арам шөп.

Алкалоидтар- өсімдіктерде кездесетін мысалы құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар.

Гликозидтер -сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және аглюкондар түзетін эфирге ұқсас азотсыз, оргоникалық қосылыстар

У сарғалдақ немесе сүйелшөп (чистотел, Chelidonium) Ботаникалық сипаттамасы. Усарғалдақ сабағының биіктігі 40-100 см болатын, көп жылдық шөп тектес өсімдік.

Қызғалдақ немесе көкнәр (Мак самосейка Papaver rhoeas) - көкнәр тұқымдасына жататын, биіктігі 25-50 см біржылдық шөптесін өсімдік.

Көгілдір шөп (Дымянка, Fumaria) Ботаникалық сипаттамасы. Көкнәр тұқымдасына жатады. Жіңішке тармақталған, қауырсынға ұқсас жапырағы бар, бір жылдық өсімдік.

Белгілер мен қысқартулар

Г - грамм

Сағ - сағат

Мм - миллиметр

Квт - киловольт

Кг - килограмм

СКЖЗ - синтетикалық кір жуғыш зат

О - градус

Мкм - микрометр

Км - километр

Т - тонна

М/с - метр/секунд

ПВС -поливинилді спирт

Ә. б. - әсер бірлігі

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 102 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплектілігі.

МЖМБС 2. 104 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 01-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің классификаторы (ЭҚТБӨК)

МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі

МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу

МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау

МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Нормативтік сілтемелер

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 9

1. 1 Құрамында органикалық қышқылы бар улы өсімдіктер . . . 9

1. 2 Құрамында тұздары бар улы өсімдіктер . . . 17

2 Өзіндік зерттеу . . . 22

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 26

Қорытынды . . . 27

Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 28

Кіріспе

Кең байтақ Қазақстан республикасының жерінде бағытыраңқы орналасқан малшаруашылықтарының малдардың ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен уланулары жиі кездесетін жағдай. Бұған себеп жер көлемі үлкен болғандықтан және табиғаттың әр түрлі құбылмалы әсерінен онда өсетін өсімдіктер фаунасы да неше түрлі алуан, құбылмалы болып келеді. Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Уланумен бір екі бас мал ғана емес, көптеп мплдардың топ-тобымен ауруы, ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгерілмегенде уланған малдың кенеттен малға өлім жетімге ұшырауы аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы жедел көмекке емдеп жазуға жұмсалатын қаражат шығындары шаруашылықтардың, жеке қожалықтардың қаржыларына әсерін тигізері сөзсіз.

Онымен қатар ауылшаруашылық малдардың улануы олардың оргонизміндегі улы заттары өнімдері арқылы өсі төлдерін тіпті адамдарды уландырулары мүмкін.

Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсетін көрінеді.

Уланған оргонизмнің, әсіресе созылмалы уланулардың түрінде уланған малдарың жалпы резистенттік қабілеттілігі әлсірейді де, олардың індетті тоғышарлық көбінесе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеттілігін нашарлатады. Сондықтан ондай малдарда уланулардың басқа аурулармен қабаттасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары, күтуші, бақташы адамдар уланулардың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс диагноз қоя алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу шаралары дұрыс жүргізілмеуі де мүмкін.

Мал мамандары өз шаруашылықтарының шекарасында қандай улы өсімдіктер өсетінін біліп, оған сай карта жасап, онымен малға қатысы бар адамдарды таныстырып отырулары қажет.

Кейбір улы өсімдіктер жайлы қулықтарда, жалпы әдебиеттерде қарама-қайшы деректерде кездесіп қалады. Малдардың көк саңырауқұлақтармен жарақаттанған, ластанған азықтармен уланулары жиі кездеседі. Бұл мәселе осы күнге дейін толық зерттелмеген. Малдардың химикаттармен уланулары да толық жауабын шешпеген мәселе.

Міне осының бәрі осы күнге дейін көптеген уланулардың әлі де болса терең зерттелмей жатқанының куәсі.

Біздің жазып отырған осы бір еңбегіміздің мақсаты-кең байтақ қазақстан териториясының солтүстік-шығыс аймағындағы малшаруашылығында жиі кездесетін уланулардың ерекшеліктері мен оларды емдеу әдістерін, сақтандыру шараларын сол өңірде еңбек етіп жүрген мал мамандары куәліктері болмаса да, бұл салада тәжірибелері мол адамдарғ қазіргі ғылым жүзінде бар деректерді жинақтап жеткізу арқылы нақтылы көмек көрсету

1 Негізгі бөлім

1. 1 Құрамында органикалық қышқылы бар улы өсімдіктер

Қымыздық (щавель малый, Rumex acetosella) . Ботаникалық сипаттамасы. Биіктігі 10-20см, бойы аласа өсімдік. Жапырақтары садақтың ұшы тәрізді, үшкір келген. Гүлдері ұсақ, сабағының ұшында сыпырғы секілді орналасқан, қызғылт-жасыл түсті. Тұқымы өте майда, жылтыр, үшбұрышты, ашық коңыр түсті. Жоңышқа өсетін жерлерде көптеп кездесетін арам шөп.

Токсикологиясы. Қымыздық азық ретінде аз мөлшерде қолданылса, организмде патологиялық өзгерістер байқалады. Қымыздықтан жылқылар мен қойлардың улануы тіркелген. Кептірген кезде өсімдік бойындағы улы заттар біршама азайғаны мен, уытты қасиеті бәрібір сақталады.

Соттық-медициналық деректерге сүйенсек, өсімдік құрамынан алынған қымыздық қышқылды калий адамдардың өзін-өзі өлтіруі үшін жиі қолданылатыны айтылған. Бұл заттан алынған удың 4 грамының өзі бірнеше минут ішінде адамды өлімге душар етеді екен. Ал өнеркәсіпте, қымыздык қышқылды калий әртүрлі дақтарды кетіретін препарат ретінде қолданылады.

Клиникалық белгілері. Мал жіті уланғанда қан қысымы төмендеп, жүрек жұмысы нашарлайды. К, Na, Са-дін иондық тепе-теңдігі бұзылады. Улану белгілері жылқылар мен қойларда 2-3 сағаттан кейін-ақ біліне бастайды.

Жылқылар. Жүргенде аяқтары шалынысып жүреді. Астыңғы еріні салбырап кетеді. Бұлшык еттерінде діріл байқалып, кілегейлі қабықтры көгереді. Іші өтіп, несеп бөлу жиілейді. Тыныс алуы қиындап (сырылдар естіледі), танауы кенейіп кетеді, терлейді. Малдын жағдайы күрт ншарлап, акыры өліммен аяқталады.

Қойлардағы клиникалық белгілер де қойларға ұксас. Тек қойларда алдымен ас қорыту жүйесі зақымданып, өте қатты іші өтеді. Мал әлсірейді.

Балау. Нақты балау клиникалық белгілерге, анамнез деректеріне, жайылым мен азықты тексеру нәтижесінен кейін қойылады.

Емі. Емдік зат ретінде қоздырғыш заттар (кофеин, камфора) қолданылады. Ішке 1:1000 қатынаста калий перманганаты ерітіндісін береді.

Сүттіген (молочай, Euphorbia) Ботаникалық сипаттамасы. Сүттіген сүттіген туысына жататын, Еуропада өте кең тараған өсімдік. Орыс ғалымы В. И. Талиевтып айтуынша, ТМД-елдерінде бұл өсімдіктің 37 түрі өседі екен. Биіктігі 10-60 см, тік сабақты, қалың сабақшалы, жапырақтары домалақ, шеті тегіс келген, гүлдері саргыш-жасыл түсті, шатыр тәрізді, шоқталып, өсімдіктің жоғарғы бөлігіне орналасқан, тайпақ бойлы өсімдік.

Кейбір түрлерінің жапырағы саусақ тәрізді, ұзынша келеді. Өсімдіктің барлық түрі оз бойынан сүт тәрізді уытты сөл бөледі. Сүттіген бақшаларды, жайылымдарды, астықты жерлерді зақымдайтын өте зиянды өсімдік. Оның бақшалық немесе домалақ жапырақты сүттіген (молочай садовый или кругло-листый, Euphorbia pcplus), күншіл сүттіген (молочай солнцегляд, Euphorbia hclioscopia) деген уытты түрлері болады. Өсімдіктің кұрамьнан көптеп бөлінетін сүт тәрізді сол жануар организміне өте күшті әсер ететіндігі ертеден белгілі. Жануарлар сүттіген араласып кеткен шөпті жегенде улану байқалған. Улану белгілері өсімдіктің түрлік ерекшеліктеріне қарамастан барлығында бірдей болған.

Сүттігендердін кейбір түрі өте кең тараған. Сондықтан олардың улылығы өскен жеріне байланысты деуге болады. Бірақ бұл әлі терең зерттелмеген. Уланулар ТМД-ның барлық аймақтарында, тіпті солтүстік және оңтүстік аймақтарында да байқалған.

Сүттігеннің шырынының улы заты эйфорбин болып есептеледі (эйфорбин қышқылының ангидриді) . Ол теріге әлсіз тітіркендіріп әсер етеді. Сүттігеннің құрамында эйфорбиннен басқа индифферентті зат -эйфорбон бар. Оның да уытты қасиеті жоғары. Сүттігенді кептіргенде уыттылығы біршама төмендейді. Сүттігеннің шырынының құрамындағы уытты заттар толық зерттелмегендіктен, олар жайлы деректер аз. Жануарлардың (ірісінде де, ұсағында да) сезімталдығы біршама ұқсас.

Сүттігеннен улану белгілері. Жануарлардың сүттігеннен улануы көбіне жайылым, яғни көк шөппен азықтану кезінде байқалып, улану жіті немесе жітілеу түрінде өтуі мүмкін. Сырқы белгілері барлық жануарларда бірдей өтеді. Уланудың созылмалы түрі де байқалуы мүмкін. Бірақ оларды балау өте киын.

Ірі қар малы. Сүттігеннен улану белгілері жайлымда немесе жайлымнан қайтқаннан соң сиыр қораларында байқалады. Өрісте жануарлар табыннан қалып қояды, күйзеледі. Ауызынан сілекейлері шұбырады, күйіс қайыруы тоқтайды. Улану белгісі сүттігенді жегеннеп кейінгі алғашқы сағаттарда (2-4) байқалады. Сырт көзге былайша білінеді: дене температурасы қальшты, жүрек жұмысы біршама әлсіреген, тамыр соғуы әлсіз және жиілеген, кілегейлі қабықтар бозарған. Қарын атониясы, ішектің перистальдикасы артады. Жануарлар құрсағына қарай береді, пальпация кезінде ауырсынады. Бұл белгі-лерден соң қан аралас іш өту байқалады. Ауыр және өлімге соқтыратын улануларда геморагиялық гастроэнтерит белгілері анық байқалады. Жүйке жүйесіндегі өзгерістер бұлшык еттердің тартылуымен, кейде сіресулерге ұласуымен білінеді.

Созылмалы түрінде алғашқы күндері жануарларда іш өту байқалып, соңы іш қатуга ұласады.

Шошқа. Бұл жануарлар сүттігеннен уланған кезде алғашында безгектегідей белгілер байқалады, мазасызданады және ірі қарадағыдай гастроэнерит белгілері байқалады.

Созылмалы түрінде шошқалардың құйрығы мен құлақтарында өліеттену байқалып, көруі нашарлайды.

Жылқы. Сүттігеннен уланғанда мазасыздану, тәбеттін төмендеуі және айқын гастроэнтерит байқалады. Жіті түрінде дене қызуы көтерілмеуі мүмкін, созылмалы түрінде 39С°-қа дейін көтеріледі. Дефекация мен несеп бөлінгенде қатты ауырсынады, тамыр соғуы жиілейді және кілегейлі қабықтың гиперемиясы байқалады. Уланғанда негізінен асқорыту жолдары зақымданады, гастроэнтериттің, көбіне геморагиялық түрі ұшырасады, кейде жылқыда жүйкелік құбылыстар да байқалады: ұйқы басу, қарашығының көбеюі, сіресу.

Балау. Жануарлардың сүттігенмен улануын сырт белгілеріне қарап айыру қиын, себебі мұндай белгілер этиологиясы басқа аурулар кезінде де көрінеді. Сондықтан балауды сырт белгілеріне және азық құрамындағы сүттігеннің бар-жоқтығына қарап қояды.

Болжам. Сиптомдары тез арада айқын көрінсе, болжам жағымсыз, өйткені мал өліп кетуі мүмкін.

Емі. Жіті түрінде ең алдымен жүрек жұмысын қалпына келтіру керек (кофеин, камфора), қарынның ішіндегі азықты сыртқа шығарып, кілегейлі қайнатпалар беру керек. Көп мөлшерде сүт, қою кофе және түймедақ шайын берсе, көмектесуі мүмкін. Аурудың басында гастроэнтерит дамымай тұрып іш айдағыш тұздарды көп мөлшерде берген жөн (глаубер тұзын) . Гастроэнтеридті әдеттегідей емдейді. Асқорыту жолдарында геморагиялық зақымданулар ауқымды болса, емдеу аз нәтиже береді. Ішектердегі ауырсынуларды майлы заттармен препараттар беру арқылы жеңілдетуге болады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.

Өлекселерді сойып-зерттегенде өзгерістер ең алдымен асқорыту жолдарында байқалады. Ішектің келегейлі қабығы ұзына бойына қатаральды қабынған, қан ұюлар байқалады. Жіті түрінде бауыр зақымданады. Егер мал уланғаннан соң 3-4 күннен кейін өлсе, бауыр және бүйректің түсі сарыбалшық сияқтанып, тығыздығы босаңсып, өт қабы өтке толып кетеді. Жүрек еті босаңсыған.

Алдын алу шаралары. Сүттігеннің кең таралғандығын және әр түрлілігін ескере отырып, оған сәйкес агротехникалық шаралар жүргізу кажет. Ол жұмыстар жайылымдардағы арам шөптерді жоюға бағытталуы тиіс. Жайылымда өсіп тұрған сүттігеннің жалпы көлемі 1-3% болса, ол қауіпті емес, ал 10%-дан асса, жаппай улану байқалуы мүмкін. Сүттігенді кептіргенде де уыттылығы төмендейтіндіктен, ол көп өскен жерлерді шауып, кейін тамырларын жұлып тастауы керек.

У кекіре (Горчак, ccntaurac picris) Ботаникалық сипаттамасы. Күрделі гүлділер туысына жататын, биіктігі 60-70 см, тамыр жүйесі жақсы жетілген, көпжылдық арам шөп. Жергілікті атаулары: василек, сибурлак, жыбырлақ. Гүлдері қалың жапырақты, сабақшаларының ұшында бір талдан орналасқан, түсі - қызыл. Жапырықтары сабақшаға екі-үштен, қатар-қатар орналасқан, қауырсын тәрізді, ұзынша. Жемісі - дән. Оның түсі жасыл-сұр түсті, жылтыр. Тамыры және тұкымдары арқылы көбейетін, өте улы және зиянды арам шөп.

Бақылаулар мен зерттеулер нәтижесі бойынша укекіреге тек жылқылар ған сезімтал екендігі анықталды. Басқа жануарларды укекіре өскен жайылымға жайғанда немесе укекіре араласқан азық бергенде олардың уланғандығы байқалмаған. Жылқылардың улануы укекіре өскее жайылымға жайғанда да немесе укекіре араласқан азық бергенде де байқалады. Жылқылар жасына немесе жынысына, тұқымына қарай уланады.

Клиникалық белгілері. Жылқылар укекіреден уланғанда оларда клиникалық белгілер әртүрлі болады және әртүрлі мерзімде байқалады. Жануарларды укекіре араласқан азықпен бір мезгілде азықтандырганның өзінде біреулерінде клиникалық белгілері 4 сағаттан кейін, екіншілерінде 2-3 күннен кейін көрінеді. Клиникалық белгілеріне қарай уланудың үш түрін ажыратады. Олардың әркайсысының клиникалық өзгерістер өздеріне тән әр түрлі. Бұдан ары М. К. Грошев пен М. М. Грошеваның зерттеулері нәтижесінде алынған материалдарға сүйене отырып, клиникалық белгілерін авторлар көрссткен ретпсн сипаттаймыз.

Уланған жылқылардын бірінші тобында бұлшықет жүйкелік сіресулер (мысалы, 45 жылқының 16-да) байқалады. Жылқылар мазасызданады, қозады, бір аяғынан екінші аяғына ауысып тұрады, басын шайқай береді, астынғы ернінің, шынтағының, сандарының сирақтарының бұлшық еттері, тартылып, дірілдейді. Көз қарашықтары кеңейген, жарық әсер етпейді. Ауыз қуысы, мұрыннын кілегейлі қабықтары суланған, сарғайған, тәбеті төмендеген. Перистальтикасы күрт артып, нәжісті жиі бөледі, газ шығарады, нәжісі жұмсарады, кейде іші өтеді, дене қызуы 40, 5°С дейін көтеріледі, тамыр соғуы жиілейді.

Жануарлардын қозуы ұзаққа созылмайды. Бірер сағаттан кейін қозу айқып көрінетін күйзелуге ауысуы мүмкін. Жануар басын төмен салбыратып, мойнын созады, айналасындағыларға селт етпейді. Тамыр соғуы күшейеді.

Уланған жылқылардын екінші тобының клиникалық көріністері қимыл қозғалыстың бұзылуымен сипатталады (45 жылқының 12-сі) . Жылқылар қозған кезде дірілдеп, қалтырап алға ұмтылады, кейде өздерін тістелеп, алдыңғы кедергілерді көрмейді. Біраз уақыттан кейін күйзелу күйіне түседі. Жылқының көзі жартылай жұмылған, басы темен салбыраған немесе бір жагына ыңғайсыз бұрылған. Қозғалғанда жүрісі ауырлап, буындарында сыртылдаған дыбыстар шығады. Алдыңғы аяқтарын алға созып, керісінше артқы аяқтарын бүйіріне жиып, ынғайсыз бір күйге түседі. Ауыр жағдайларында жылқылар жатып қалады. Аяқтарының ісінгені байқалады.

Уланған жылқылардын үшінші тобының клиникалық көрністері алғашқы 2 күнде жүйке бұлшық ет жүйесі мен асқорыту жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Перистальтикасы күшейген, іші өтеді.

Одан кейінгі күндері екінші топ жылқыларына тән қыймыл козғалысынын бұзылуымен жануардын күйзелгені байқалады. Өлімге ұшырағандары да бар.

Барлық топка тән негізгі белгілер: дене кызуынын 40°С-қа дейін көтерілуі, тамыр соғысынын 60-80-ге дейін артуы. Ауыз бен танаудың кілегейлі қабыктарынын түсі күрен-қызылдан, сарғыш қызылға дейін және әлсіз күлгін сарғыш реңге дейін өзгереді. Аурудың ұзақтығы орта есеппен 12-14 тәулік. Емдесе өлім көрсеткіші төмендейді.

Балау. Укекіреден уланғанда балауды азықтык шөпке ботаникалық талдау жасамай кою мүмкін емес. Ауру белгілерінің әр түрлілігімен, кейбір ауруға ұқсастығына байланысты балау қойғанда абай болған дұрыс. Өйткені укекіреден уланудын көп клиникалық белгілері жылқьшын инфекииялық энцефаломиелитіне ұксас келеді.

Емі. Емдеудің жақсы нәтиже беруі оның қаншалықты тез байқалуына байланысты. Ауру басталған күннен бастап, ем қолданылған жылқылар тез жазылады. Бірінші тәулікте аштық диетасын колданады. Суды шексіз береді. Укекіре арласқан азықты рационнан алып тастайды. Шайнау бұлшық еттері салданған болса, жануарды қолдан азықтандырған жөн. Емдік шаралардан ең негізгісі танау жұтқыншақ зондымен асқазанды тазартады. Ішке ихтиол (2л суға 10г) мен күкірт қышқылды магнезия (500г) енгізеді. Жүректің жұмысын жақсарту үшін камфора мен кофеин қолданады. Көктамырға глюкоза (40%-тік ерітінді 200-400 мл) енгізген жөн.

ІІатологиялық-апатомиялық өзгерістер. Укекіреден уланып өлген жылқылардын өлекеслерін сойып зерттегенде макроскопиялық өзгерістер тек жіті түрінде ғана кездеседі. Созылмалы түрінде макроскопиялық өзгерістер байқалмайды.

Маңызы бар негізгі өлексе өзгерістеріне ішек-қарын жолының зақымдануы, кілегейлі қабыктарының геморагиялык инфильтрациясы және қатты домбығуы жатады. Бұдан басқа сөл түйіндеріне қан кұйылу, талақтың ұлғайғандығы, жүрек еті мен бауырда дегенеративтік өзгерістер, ми қабықшаларының гиперемиясы байқалады. Қаңқа бұлшық еттері босансыған, әр жерінде қан кұйылулар байқалады. Тері асты дәнекер ұлпалары сарғайған, кейбір жерлерінде инфильтрат бар. Алдын алу шаралары пішен мен жайылымды жақсылап талдауға бағытталған болуы керек. Укекіремен ластанған азықты малға беруге болмайды.

У сарғалдақ немесе сүйелшөп (чистотел, Chelidonium) Ботаникалық сипаттамасы. Усарғалдақ сабағының биіктігі 40-100 см болатын, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, бірақ кысқа, өзек тамырдан жан-жағына қосымша тамырлар тарайды. Сабағының төменгі жағында бұтақшалары болмайды, ал ұш жағында жақсы тарамдалған жапырақты бұтақшалары бар. Сабағын пышакпен кессе сары түсті, қою сөл ағады.

Гүлдері - сары түсті, 3-4 жұптанып бөлектеніп тұрады. Жемісі - ұзындығы 5-6 см болатын қауашық.

Уытты бастамасы. Өсімдіктің құрамында көптеген алкалоидтар бар - хелидонин С 20 Н 19 NO 5 , гомохелидонин С 21 Н 23 NO 5 , сангвинарин С 20 Н 19 NO 5 С 21 Н 19 NO 5 , хелеритрин С 21 Н 19 NO 5 , берберин С21H 19 NO 5 .

Бұл алкалоидтар өсімдіктің сабағынан гөрі, тамырында көбірек болады.

Токсикологиясы. Усарғалдақ алкалоидтарының әсер етуі көкиәрға біршама ұқсас. Хелидонин және гомохелидонин ОЖЖ-ін, сезімтал жүйке ұштарын, тыныс алу орталығын салдандырады, сангвинарин қаңқа бұлшык еттеріне қоздырып әсер етеді, кейіннен ол салдануға ұласады.

Клиникалық белгілері. Негізінен үй жануарлары бұл шөппен көп улапбайды. Себебі оның иісі мен дәмі өте жағымсыз болады. 0, 5 кг у сарғалдақты жеген сиырда ешкандай өзгерістер, ягни улану белгілері көрінбейді. Улану ешкі мен шошқада тіркелген.

Уланған ешкінің іші өтеді, жалпы әлсірейді, жүріс координациясы бұзылады. Шошкада жалпы әлсіреу, бұлшыкеттердің дірілі байқалады, тамыр согуы мен тыныс алуы жиі болады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Патологиялық өзгерістер негізінен ас қорыту мүшелерінде кездеседі. Қарын мен ішектің кілегейлі қабығы қабынған.

Балау. Клииикалық белгілеріне, патанатомиялық өзгерістеріне қарап қойылады.

Емі. Симптоматикалық.

Мүйіз кокнәр (Глауциум, Claucium Adans) Ботаникалық сипаттамасы. Көкнәр тұқымдастығына жататын, 2 жылдық өсімдік. Сабағы 10-30 см, бұтақталғаны, жапырақтары жіңішкерген, үші сүйір (қияк жапырақ), реттсіз орналасқен. Гүлдері ірі, кірпіш-қызыл түстес, күлте жапырақшаларында қара-көк немесе қара түсті дақтары бар.

Уытты бастамасы. Бүл алкалоидты өсімдік, онын құрамында глауцин С 21 Н 25 NO 4 , глауцеитрин С 20 Н 23 N0 4 , изокоридин С 20 Н 23 N0 4 , протопин С 20 Н 23 N0 5 бар. ТМД-нын Еуропалық бөлігінде, Кавказда және Орта Азияда сортаң, тасты жерлерде өседі.

Токсикологиясы. Глауциум наркоз тәрізді әсер етеді, жүректің қызметін әлсірстеді, көлденең жолақты бұлшық еттерді босаңсытады. Протопин аз дозада да жүрек жұмысын әлсіретіп, қан қысымын төмендетеді, тыныштандырып әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрамында эфир майлары өсімдіктермен улану себептері
Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Олардың түрлері
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
Химиялық заттардан уланулар
Оңтүстік Америка
Америка құрамы
УЛАНУ КЕЗІНДЕГИ АЛҒАШКЫ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕК
Пероральді улану жолы
Ауыр металл тұздарынан улану
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz