Малдың улы заттарға сезімталдығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Малдың уланулары пәнінен жазылған Токсикокинетика, токсикодинамика
тақырыбы бойынша жазылған бұл курстық жұмыс 28 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу,
техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі
қамтылды.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі

Анықтамалар

У немесе токсиндер дегеніміз: химиялық компоненттің организмге енгеннен
кейінгі организмді уландыруы немесе өлімге әкеп соғуы

Химиялық токсиндер - металдар (ртут, күкірт, мышьяк, сурьма, хром,
никель, кобальт, күміс, кадиний), пестицидтер- хлор және фосфорорганикалық
қосылыстар және радиоизотоптар- цезий 137, стронцид-90, иод 131 жатады

Биологиялық токсиндер - бактериалды - токсиндер, интеротоксиндер,
микотоксиндер- афлотоксиндер, диацетоксиндер, пенолцитририн, токсиндер- бір
клеткалы және көп токсинді балдырлар

Өте жіті улану – белгілі бір аралығында өтеді (бірнеше сағаттан бірнеше
күнге дейін)

Жіті улану - өту аралығы 90 күнге дейін

Созылмалы улану - өту аралығы жылдарға созылады

Жергілікті улану бір органның улануы- көз, тыныс оргондары, өкпе, ас
қорыту органы

Жалпы улану –бірнеше органдар немесе организмнің улануы

Токсикодинамика- токсиндердің шоғырлануы және әсер етуі

Физико-химиялық әсер- нерв жүйелеріне әсер

Тікелей химиялық әсер – химиялық заттардың әсерінен

Токсикокинетика- токсиндердің организмге сіңірілуі, таралуы,
биотрансформациясы және шығарылуы

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплектілігі.
МЖМБС 2.104 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің
классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық
қауіпсіздігі
МемСТ 26668 – 95 – Сынама алу
МемСТ 7636 – 85 – Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631–85– Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1 Уланулар туралы жалпы түсінік.Улардың ағзаға енуі және сыртқа
бөлініп шығу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 9
1.2Удың жануарлар ағзасына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3Удың ағзаға ену
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 12
1.4Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.5Улануды емдеудің жалпы
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .24
3 Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 28

Кіріспе

Қазіргі таңда токсикологияның келесі бағыттары бар: теориялық
(эксперименталдық),профилактикалық (гигиеналық) жəне клиникалық. Əр бағыты
бөлімдерге бөлінеді.
І. Теориялық токсикология (эксперименталды модельдеу),ағза мен удың
əрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын айқындау мəселесін шешіп,улардың
токсикокинетикасы мен токсикодинамикасын зерттейді,сондықтан екі бөлімге
бөлінеді: 1) токсикокинетика – улы заттың ағзадағы қозғалысын зерттейді; 2)
токсикодинамика – улы зат əсерінің механизмдерін зерттейді.
ІІ. Профилактикалық (гигиеналық) токсикология.Улы заттардың қауіптілік
деңгейін (дəрежесін) анықтап,адам ағзасын қоршаған ортадағы химиялық
заттардың əсерінен қорғау жəне уланудың алдын алу шаралары мен əдістерін
іздестіру мəселесін шешеді.Сондықтан экологиялық сипаттама болып,келесі
негізгі бөлімдерден тұрады: 1) коммуналдық; 2) өндірістік; 3)
ауылшаруашылық; 4) азықтық; 5) тұрмыстық;
ІІІ. Клиникалық токсикология – химиялық этиологиядағы ауруларды,яғни
қоршаған ортадағы химиялық заттардың улы əсерінен пайда болған адам
ауруларын зерттейді.Ол 3 бөлімге бөлінеді: 1) Жедел уланудың токсикологиясы
– химиялық заттардың улы дозасының бір мезгілдік əсерінен пайда болған
ауруларды (улануды) зерттейді; 2) созылмалы хөимиялық аурулардың (уланудың)
токсиклогиясы – ұзақ мерзімде,қайталанбалы əсер етудің салдарынан пайда
болатын ауруларды зерттейді.Наркологиялық токсикология – есірткілік
заттарға адамның əуестігінің механизмін зерттеп,күресу шараларын
іздестіреді; 3) Дəрілік токсикология – дəрілік заттардың терапевтикалық
индексінің көлемін,жанама жəне зиянды əсерін зерттеп,алдын алу жəне емдеу
əдістерін іздестіреді. Соңғы жылдары клиникалық токсикологияға адам
ағзасына енгізілетін (имплантталған) синтетикалық материалдардың
(протездер,жүректің жасанды қақпашалары,т.б.) биологиялық əсері жөніндегі
ілімді де жатқызады.
Менің қарастыратыным токсикокинетика мен токсикодинамика

1 Негізгі бөлім
1.1 Уланулар туралы жалпы түсінік.Улардың ағзаға енуі және сыртқа
бөлініп шығу жолдары.
Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты.
Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе
тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып
кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosis toxica) немесе өлімге душар болуы
(dosis letalis) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар
қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық
әдістер арқылы анықталынады.
Кәзіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі
критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LIM ас, ЛМ0
(LD0), ЛМ50 (LD50) және ЛМ100 (LD100) деген халықаралық көрсеткіштер
қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі
салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мгкг).
Егер заттың улылығы 1-2 мгкг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық
мөлшері 1000мгкг (1гркг) болса улылығы аз зат болып есептелінеді.
Улы заттар токсиметриясының негізгі критериилеріне (өлшем бірліктеріне)
сипаттама :
LIМас - (Лима атты автордың атымен байланысты) - малдарға ішке бергенде
және терісі астына еккенде, ағзада белгілі бір деңгейде функцио-налдық
өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайтын уытты
заттардың 1 мәрте еккендегі (мгкг) ең төменгі мөлшері.
ЛМ0 - 2 апталық бақылау мерзімінде, жануарлар төтеп бере алатын улы
заттардың ішке берілетін және терісі астына егілетін мөлшері. Мұнда мал
ағзасында айтарлыктай патологиялық өгерістер болғанымен, малдар өлімге
ұшырамайды.
ЛМ50 көрсеткіші - улы заттың мгкг есебінде алынған, тәжірбиеге алынған
жануарларды тері астына немесе ішке ішкізілгеннен кейін екі апта ішінде 50%
өлімге душар ететін орташа мөлшері.
LM100 көрсеткіші - жоғарыдағы айтылған жағдайда тәжірбиеге алынған
жануарлардың барлығын (100%) өліміне душар ететін уытты зат мөлшері.
ЛК50 (CL50) және ЛК100 (CL100) - бұл 20к С температурили 2 сағат ішінде
жануарларды 50% және 100% өлімге душар ететін улы заттардың 1мгм ауадағы
концентрациясы.
Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты.
Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе
тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып
кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosis toxica) немесе өлімге душар болуы
(dosis letalis) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар
қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық
әдістер арқылы анықталынады.
Кәзіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі
критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LIM ас, ЛМ0
(LD0), ЛМ50 (LD50) және ЛМ100 (LD100) деген халықаралық көрсеткіштер
қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі
салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мгкг).
Егер заттың улылығы 1-2 мгкг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық
мөлшері 1000мгкг (1гркг) болса улылығы аз зат болып есептелінеді.
Улы заттар токсиметриясының негізгі критериилеріне (өлшем бірліктеріне)
сипаттама :
LIМас - (Лима атты автордың атымен байланысты) - малдарға ішке бергенде
және терісі астына еккенде, ағзада белгілі бір деңгейде функцио-налдық
өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайтын уытты
заттардың 1 мәрте еккендегі (мгкг) ең төменгі мөлшері.
ҚБШМ - жануарлар ағзасында патологиялық өзгерістер тудырмайтын, улы
заттардың ауадағы қолдануға болатын шектеулі мөлшері.
ШАҚД- улы заттардың 1мгм ауадағы шамамен алынған қауіпсіз деңгейі.
Кез келген заттың ағзамен әсерлесуіне, оның физикалық күй-жағдайы ықпал
ететіндігі белгілі. Бүл жағдай улы заттарға да тән қасиет. Улы заттар тірі
ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде - (қатты, сұйық, газ) әсер ете береді.
Улы заттардың ағзамен әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті маңызды
міндет атқарады. Себебі, ерігіштік қасиеті неғұрлым жылдам болған сайын
оның сіңгіштігі де соғүрлым жоғары болады да, әсер етуі тез арада пайда
болады. Сонымен бірге, ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да
шапшаң. Яғни, олардың мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек
сөлдерінің де көптеген заттарды жаксы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе
ағза солдерінде ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ешбір
токсикологиялық маңыздылығы болмайды. Мысал ретінде сынап қосылыстарының
токсикологиялық жағдайын қарастырып көрейік: Сулема (HgC12) ерігіштігі өте
жоғары улы зат, ал каломель болса (HgC12) ерігіштігі жоқ, дәрі есебінде
қолданылатын зат.
Әсер ету уақыты бойынша қатты күйдегі улар сұйық уларға қарағанда
баяуырақ әсер береді. Газ және өте ұсақ дисперсті (аэрозоль) күйдегі
заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың улылығына - оның химиялык, қүрамының
да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың бейорганикалық қосылыстары (мышьякты
қышқылдар мен оның тұздары) күшті улы заттар болса, оның органикалық
қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның тұздары т.б.) улылығы өте төмен
заттар. Зат улылығы оның негізгі қосылыстарының құрылымына әртүрлі
спецификалық топтар және Радикалдар (ОН, NН2,СН3,т.б.) енушеде байланысты.
Кейбір жағдайда құрамындағы радикалдарға байланысты зат уыттылығы
төмендейді немесе керісінше жоғарылайды. Мысалы: бензол молекуласына
гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH2)-
аналинге, метил радикалы (СН3) енгізілсе – толуолға айналады. Бұл заттардың
әркайсысының улылығы әртүрлі болып қана, қоймай, олардың ағзаға әсері және
ағзаның қарсы жауап реакциясыда әр алуан болып келеді. Улылық қасиет заттың
әр химиялық реакцияларға (тотықсыздану алмасу) орын басу т.б.) түсу
ерекшеліктеріне байланысты.

1.2Удың жануарлар ағзасына әсері

Токсикодинамика – немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның негізгі
бөліп болып табылады. Ол мал ағзасына улардың улылығы әсер ету механизмін
қарастырады.
Токсикокинетика - малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы
заттардың сіңу,таралу,жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын
өарастырады.
Ағза мен улы заттардың өзара әсері екі жағдайда болады. Оның біріншісі -
контактілі (жанасу), екіншісі - ағза мен удың тәндік әрекеттесуші
қасиеттері.
Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы коптеген Факторларға
байланысты.Олар
1. Малдың уға сезімталдығы.
2. Ағзаның жағдайы.
3. Удың ағзаға ену жолдары.
4. Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.
Малдың улы заттарға сезімталдығы. Малдәрігерлік токсикология уытты
заттардың ауылшаруашылык малдары мен жабайы жануарларға, сондай-ак
құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді.Жануарларға
түрінің, уға сезімталдык дәрежесі бірдей болмайды. У түрлі мал ағзасына
әртүрлі әсер етеді. Мысалы; ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына карағанда
қоргасын косылыстарына бейім келеді. Ал жылкылар ірі қара малға қарағанда
оймақгүл гликозидтеріне қте сезімтал келеді.Иттер мен шошқалар үшін ас
тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары
жағымсыз жәие т.б.
Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы
бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер темекіге сезімтал,
бір бөлімді қарынды малдар үшін у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген
соң, малда В витаминінің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал көп
бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында
Ввитаминінің синтезіне у сасыр улы әсер корсете алмайды.
Ағзаның жағдайы. Мұнда малдың жасына ерекше мән беріледі. Неғұрлым мал
жас болса, соғүрлым ол мал уға ете сезімтал келеді. Себебі, олар улы
заттарды залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардың залалсыздандыру қабілеті
әдетте жақсы. Кейбір жағдайларда малдардың улы заттарға сезімталдығы
олардың жынысына да байланысты болады. Кейбір у түріне ұрғашы малдар еркек
малдарға қарағанда төзімдірек келеді.
Ауру малдың, әсіресе, жұқпалы аурумен ауырған малдың ағзасының улы
заттарға қарсы түру қабілеті айтарлыктай төмендейді. Уларга қарсы әсер
бірінші кезекте бауырдың улы заттарды жоятын (детоксикация) қызметіне
байланысты. Өйткені ол қандағы уытты заттардың негізгі сүзгісі болып
табылады. Ауру кезінде, әсіресе, жұқпалы аурулар кезінде, бауырдың бұл
қызметі әлсірейді және жүйке, эндокринді жүйелердің удың әсеріне
сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарға жауап беру қабілеті
томендейді.
Ағзаның уға жауап беру реакциясы көптеген клиникалық белгілер түрінде
байқалады. Дегенмен, ағзада функционалдық өзгерістер тек удың уытты және
летальді молшері әсер еткенде ғана қалыптасады. Созылмалы улану кезінде
удың зиянды әсерінің клиникалық белгісі байқалмауы да мүмкін. Бірақ, ол
залалсыздандырудың негізгі мүшесі - бауырға айтарлықтай зиянды әсерін
тигізеді. Осының нәтижесінде бауырдың басқа да зиянды факторларға карсы
түру кабілеті томендейді.
Улы заттардың ағзаға аз мөлшерде, бірақ ұзақ уақыт енуі, олардың
ағзада жинақталып, кумуляциялануына, сондай-ак, ағзаның гипо- және
гиперсенсибилизациясына әкеліп соктыруы мүмкін.

1.3Удың ағзаға ену жолдары

Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда аса
маңызды болып саналады. Мал дәрігерлік токсикологияда ағзаға удың ауыз
арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, карын
сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мүның бәрі қарынға түскен улы
заттардың физикалық-химиялық қүрылымына және уытттылығына әсер етеді.
Мысалы, қүрамында алколойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық
есебінен уыттылығын жоғалтады, ал каломель қарында уытты әсер ете алмайды,
бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол
әте уытты. Қүсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей
қабыктардың copy қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанға, қан
арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз
деңгейде болады.
Тыныс алу (ингаляциялык) жолмен агзаға газ тәрізді улы заттар (коміртегі
тотығы, күкіртті сутегі, аммиак) т.б. аэрозольдар, шаң-тозаң түсуі мүмкін.
Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе арқылы сорылып, онда күшті тітіркенген окпе
үлпалары қабынуға ұшырайды (хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанға сіңіп,
ағзага резорбтивті әсер етеді.
Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла алады.
Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық
арқылы да енеді. Бірақ, бүлардың мал дәрігерлік токсикология тәжірибесінде
маңызы шамалы.Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі мүмкін.
Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері. Улы заттар жергілікті
және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі
үлпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға
түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекеленген мүшелер жүйесін зақымдайды
да, клиникалық белгілері пайда болады.
Улы заттар мал ағзасына талгамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас қорыту
жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі көрінісі
болып табылады.
Улы заттардың резорбтивті (қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның қан
тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және
тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға тасымалдайды
және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бүзылуы, қатерлі
белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер,
гликозидтер және алколойдтар жатады.
Ағзаға түскен улы зат үлпалармен өзара әрекеттесу барысында көптеген
өзгерістерге үшырайды. Бүл өзгерістер удың физиклық-химиялық қасиеттерімен
анықталады, сондай-ақ ағзаның залалсыздандыру мүмкіндігіне немесе удың
бөлінуіне де байланысты болады.

1.4Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары

Кейбір улар ағзада сорылып (сіңіріліп), үлпалар мен торшаларға таралып,
олармен өзара әсерлеседі. Улы заттардың ағзада таралуы бірдей немесе кейбір
мүшелерге көп мөлшерде тандамалы түрде жинақталуы мүмкін. Сондыктан да
мүшелердің зақымдалуы әртүрлі бағытта болады. Әсіресе алиментарлы (азықгық)
улану кезінде улы заттар бауырда көп жинақталынады. Сонымен қатар, көп
жағдайда зақымданған мүшелерде у залалсызданады. Мұндай жағдайлар көбінесе
созылмалы улану кезінде байқалады. Мысалы: фтор қосылыстары сүйек ұлпасында
немесе хлорорганикалық қосылыстардың май үлпаларында шөгуінен "қор (депо)"
пайда болады. Бұл ауыр металлдар мен басқа да көптеген улы заттарға да
қатысты.
Көп жағдайда улардың ағзада әртүрлі қосындыларға айналуы қиынға түседі.
Осыдан барып ағза көптеген улар үшін ыңғайлы залалсыздандыратын орын болып
табылады.
Ағзада өтетін тотығу-тотықсыздану реакциялары немесе кешенді қүрылымдар
түзілуі улы заттардың қүрылысын өзгертіп, концентрациясын төмендетіп,
моллекулаларының ыдырауына әкеліп соқтырады. Ағзада тотығу реакциясы өте
жақсы жүреді, бүл көптеген улы заттарға да әсер етеді. Нитриттердің -
нитратка, альдегидтердің - қышқылдарға, бензолдың -фенолға, морфиннің -
оксиморфинге айналуын атап көрсетуге болады.
Бауырда кейбір улы заттар күкіртпен кешенді қосылыс түзеді. Осының
нәтижесінде фенол туындылары залалсызданады, фенильсульфаттар күкіртпен
қосылады. Ескертетін нәрсе: удың залалсыздануына ағзаның әртүрлі жүйелері
де әсер етеді. Бүл жағдайда ферментті жүйелер де ескеріледі. Кейбір улар
фер-менттердің маңыздылығын төмеңдетеді және ағзаның улануына әкеліп
соғады. Бүған мысал: фосфороргани-калық заттар холинэстеразаның ингибиторы
болып табылады.
Кейбір улар ағзада тез бүзылады, керісінше біреулері біртіндеп өзгереді.
Созылмалы уланулар нәтижесінде ағзаға түскен улар жинақталып, кумулятивті
әсер етеді.
Ағзадан удың бөлінуі. Улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп шығады.
Алиментарлы жолмен түскен улар ағзадан құсу актісі арқылы шыгуы мүмкін, ал
удың сорылып болғаннан кейінгі негізгі шығу жолы бүйрек пен несеп шығару
жолдары болып табылады. Көбінесе улардың ағзадан бөлінуіне ас қорыту жолы
(қи, нәжіс), тыныс алу мүшелері және бездер (сүт, сілекей, тері) белсенді
әсер етеді.
Улы заттар ағзадан құсу арқылы шыққанда, олар өзгермеген күйде шығады.
Сондықтан, құсықты зерттеудің улануды балаудағы маңызы өте құнды болып
есептеледі. Бұл соттық ветеринария жағынан да аса маңызды.
Несеп сынамаларын зерттеген кезде көп жағдайда удың өзі емес қалдықтар
табылады. Бұл атропин, стрихнин секілді заттармен уланғанда болуы мүмкін.
Несеп бөлу мүшелері арқылы суда еритін және ағзаға қан арқылы таралатын
заттар шығарылады. Несептің құрамында алколойдтар, нитраттар, эфир
майлары, метал қосылыстары болады. Жіті және созылмалы улануларда несепті
зерттеудің улануды балауда маңызы зор. Құсу актісі тән емес барлық малдарда
улы заттар нәжіспен шығарылады. Бұл негізінен ірі қара малы мен жылқыларға
қатысты. Дегенмен, құсу актісі тән болса да, улы заттың бір бөлігі нәжіс
арқылы шығарылады. Бұл көбінесе, удың ішекте нашар ыдырап. қанның құрамына
енбеген жағдайда болады. Осындай жолмен ағзадан алколойдтар, металл
қосындылары, кейбір улы заттар өзгермеген қалпында бөлініп шығады.
Мал дәрігерлік токсикологияда улы заттардың деммен (тыныс алу)
бөлінуінің маңызы да айтарлықтай. Мысалы: шыққан ауадан сарымсақтың иісі
шықса, онда ол мышьяк қосылыстарымен уланғандығын көрсетеді.
Сонымен қатар, кейбір уытты заттар едәуір мөлшерде сүтпен бөлінеді.
Әсіресе, сүттің құрамындағы хлорорганикалық қосылыстардың (ДДҮ, гексахлоран
т.б.), болуы, жас төлдер мен адамдарға қауіп төндіреді. Тірі кезіндегі
созылмалы улануды анықтау үшін, экскретті зерттеу құнды болып табылады
(зәр, нәжіс, құсық массасы).
Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік. Улану деп жануар ағзасына
улы заттар енгенде болатын патологиялық өзгерістерді айтамыз. Улану уақыты
жіті және созылмалы болып бөлінеді.
1.Жіті улану — құстарда немесе жануарларда клиникалық белгілердің
кенеттен байқалуымен және ауыр жағдайда өтуімен сипатталады, ол көбінесе
кенеттен болатын өліммен аяқалады. Жіті улану кезінде ағзаға түскен удың
уыттылығы мен ағзаның жағдайынның шешуші маңызы бар.
2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен
және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады. Ағзаға
ұзақ уақыт ішінде, улы заттардың аз мөлшерінің енуі, созылмалы уланудың
негізгі себебі болып табылады. Созылмалы улану, жануарлардың өлуіне әкеп
сақтырмайды, бірақ олардың өнімділігін айтар-лықтай төмендетеді. Бұдан
бөлек, мұндай жануарларды союға мәжбүр болған жағдайда, олардың етінде у
қалдығының аздаған мөлшерінің кездесуі мүмкін екенін ескере отырып, олардан
алынған етке сақтықпен қараған жөн. Бұл, әсіресе, паренхиматозды мүшелерге
және бірінші кезекте, бауырға тән.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығындағы пестицидтердің кең таралып, нығаюына
байланысты, улы заттардың өсімдіктерден адам ағзасына жануарлар арқылы енуі
маңызды мәселе болып отыр. Медици-налық токсикология бұл проблемаға ертеден-
ақ үлкен қөңіл бөлуде. Бұл мәселеге ветеринарлық токсикологияның да
қызығушылығы жоғалған жоқ.
Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі. Экзогенді улармен
уланудың барлық түрінде улану себебі айқын болғанымен, улы заттардың ағзаға
енуі кезіндегі оның жағдайы мен шарттарын әртүрлі болады. Сондықтан,
уланудың жағдайы мен себебін анықтағанда, төмендегідей сұрақтар шешімін
тапқаны дұрыс болар еді.
Біріншіден, шаруашылықта улы химикаттар түріндегі кездесетін улы заттар
бар ма немесе кездесе ме, соны анықтап алу керек. Улы химикаттарға - фтор,
барий, мышьяк, сынап, мырыш және басқа заттар, сондай-ақ, инсектицидтер,
гербицидтер, фунгицидтер, дефолианттар және т.б. жатады. Бұл категорияға
кейбір минералды тыңайтқыштарды да жатқызуга болады. Қәзіргі уакытта,
мұндай пестицидтерді қолданбайтын бірде-бір шаруашылық жоқ. Сондықтан да,
олардың тек қана номенклатурасын, санын, әр препараттың қасиетін, пайдалану
туралы сипаттамасын ғана емес, сонымен бірге, шаруашылықтағы жануарлар мен
ұштасу мүмкіндігін есте ұстап, білу керек.
Уланудың себебін анықтағанда, су көздерінің (бұлақ, бастау, көл, өзен)
жағдайына да көңіл аудару керек. Себебі, ашық ағын сулар химиялық заттармен
ластануы мүмкін, әсіресе олар, зауыт, фабрика және басқа да мекемелерге
жақын орналасса.
Жануарлардың химикаттармен улануы, жайылымдарды ауыл шаруашылық
зиянкестерінен жою барысында пестицидтермен кездейсоқ ластанғанда, басқа да
химиялық заттарға дұрыс көңіл аудармай, оларды әрқилы пайдалануға
байланысты. Құстарға, сондай-ақ, жануарларға өте қауіпті болып келетін,
деротизация жасауға арналған препараттарды қолдану ерекше сақтықты қажет
етеді.
Жануарлар минералдық ашығу кезінде улы химикаттарға жататын минеральды
тыңайтқыштармен азықтанып қойса, уланатынын ескеру керек.
Соңғы кездерде ауыл шаруашылығында аммиактық қосылыстарды (несеп нәрі
(мочевина) т.б.) қолдану кең таралған. Оларды дұрыс пайдаланбау да
малдардың улануына әкеліп соқтырады.
Шөп қоректі жануарлар көбінесе, улы өсімдіктермен ерте көктем айларында,
бір орындағы күтіп бағудан шыққаннан кейін, көк шөптермен қоректенгенде
анағұрлым көп уланады.
Құрғақшылық жылдары, улы өсімдіктердің басым болуына байланысты, жер
отының сапасы өзгергенде, жапылым малдарының жаппай уланатыны белгілі
жағдай;
Улануды клиникалық балау
Жануарлардың улануының басқа аурулардан айырмашылығы, оның өзіне тән өту
сатысы және ерекшелік сипаттары бар.
Олардың негізгілері болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Улану
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Азықтық заттардан улануы
Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі туралы
Уланған құс етін ветеринариялық-санитариялық сараптау
Удың жануарлар ағзасына әсері
Уланған малдың сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Удың ағзаға ену жолдары
Қорғасын қосындыларынан улану
Пәндер