Ағзадан удың бөлінуі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Малдың уланулары» пәнінен жазылған «Удың мал организміне әсері» тақырыбы бойынша жазылған бұл курстық жұмыс 28 беттен тұрады.

Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм

Сағ-сағат

Мм-миллиметр

Квт-киловольт

Кг-килограмм

СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат

О-градус

Мкм-микрометр

Км-километр

Т-тонна

М/с-метр/секунд

ПВС-поливинилді спирт

БӘБ- бақа әсер бірлігі

МӘБ - мысық әсер бірлігі

КӘБ -көккептер әсер бірлігі

ӘБ- әсер бірлігі

Анықтамалар

Жіті улану - құстарда немесе жануарларда клиникалық белгілердің кенеттен байқалуымен және ауыр жағдайда өтуімен сипатталады, ол көбінесе кенеттен болатын өліммен аяқалады. Жіті улану кезінде ағзаға түскен удың уыттылығы мен ағзаның жағдайынның шешуші маңызы бар.

Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.

Экзотоксиндер - сіреспе ботулизм, газы ісік және т. б анаэробты індеттердің қоздырушылары, кейбір стафилококтар мен стрептоктар түзеді.

Эндотоксиндер - бактерия клеткаларының құрамында болатын улы заттар.

Гликозидтер сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және аглюкондар түзетін, эфирге ұқсас азотсыз, оргоникалық қосылыстар.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 102 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплектілігі.

МЖМБС 2. 104 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 01-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің классификаторы (ЭҚТБӨК)

МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі

МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу

МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау

МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Нормативтік сілтемелер

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 9

1. 1Улы заттар және олардың организмге әсерлері жөнінде жалпы

түсінік . . . 9

1. 2 Удың ағзаға ену жолдары . . . 13

1. 3Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері . . . 13

1. 4Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру

жолдары . . . 14

1. 5Ағзадан удың бөлінуі . . . 14

1. 6Улануды клиникалық балау . . . 16

1. 7Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек . . . 19

2 Өзіндік зерттеу . . . 22

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 26

Қорытынды . . . 27

Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 28

Кіріспе

Халқымыздың өскелең талабын барынша қамтамасыз ету үшін көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Осындай шаралар қатарына өсімдіктер мен жануарларды әртүрлі зиянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен өсімталдығын арттыру жатады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының үлкен жетістіктерге жетуі түрлі тыңайтқыштарды, химиялық заттарды тиімді түрде қолдануына тікелей байланысты.

Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер организмінде жинақталып, жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін: топырақ - өсімдік - жануарлар - жануарлар өнімі -адам.

Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеуде токсикология ғылымының маңызы өте зор.

Онымен қатар ауылшаруашылық малдардың улануы олардың организміндегі улы заттары өнімдері арқылы өсі төлдерін тіпті адамдарды уландырулары мүмкін.

Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсетін көрінеді.

Көп жағдайларда мал мамандары, күтуші, бақташы адамдар уланулардың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс диагноз қоя алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу шаралары дұрыс жүргізілмеуі де мүмкін.

Мал мамандары өз шаруашылықтарының шекарасында қандай улы өсімдіктер өсетінін біліп, оған сай карта жасап, онымен малға қатысы бар адамдарды таныстырып отырулары қажет.

Кейбір улы өсімдіктер жайлы қулықтарда, жалпы әдебиеттерде қарама-қайшы деректерде кездесіп қалады. Малдардың көк саңырауқұлақтармен жарақаттанған, ластанған азықтармен уланулары жиі кездеседі. Бұл мәселе осы күнге дейін толық зерттелмеген. Малдардың химикаттармен уланулары да толық жауабын шешпеген мәселе.

Міне осының бәрі осы күнге дейін көптеген уланулардың әлі де болса терең зерттелмей жатқанының куәсі.

Курстық жұмыстың мақсаты: улы заттар және олардың организмге әсерлері жөнінде жалпы түсінік

1 Негізгі бөлім

1. 1Улы заттар және олардың оргонизмге әсерлері жөнінде жалпы түсінік

Организмге улы заттардың түсуінен пайда болатын аурулар уланулар деп аталады. Ондай улы заттар әр түрлі жолдармен түсуі мүмкін. Ауылшаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан өндірістің улы қалдықтарынан азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындағы улардан . Мұндай улы заттар азықтарды тамақтандыруға дұрыстап дайындамағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сақтап, дер кезінде бермегенде де пайда болуы ықтимал. Кей кезде улы заттар мал азығына дайын түрінде араласып кетуі де мүмкін. Мысал ретінде өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс сақтамағанда олардың мал азығымен, сумен араласып, олар арқылы оргонизмге түсіп уландыруын келтіруге болады. Көп заттардың улылығы әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді оның оргонизмге түскен мөлшеріне басқа улы заттармен қоса әсер етуіне малдардың жалпы жағдайына кейбір өте күшті улы заттардың белгілі бір мөлшері емдік әсер ететіні ал оргонизмге зиянсыз кейбір заттардың көп мөлшері уландырып өлім жітімге ұшыратуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн.

Көптеген улы заттар сыртқы ортада өте жай ыдырайды да, олар топырақта, өсімдіктерде, малдардың, балықтардың аралардың оргонизмдерінде көпке дейін сақталады.

Малдар оргонизмінің әр түрлі улардың әсеріне сезімталдығы олардың түр ерекшеліктеріне, әсіресе оргонизмнің жағжайына тікелей байланысты. Мысал ретінде белоктың углеводтың витамин мен минералды заттардың жетіспеушілігінің салдарынан зат алмасуы бұзылған оргонизмнің тезірек уланғыш келетінін келтіруге болады.

Улы заттардың организмге тигізетін әсерінің негізі неде

Улы заттар организм клеткаларымен түйілісіп оларға енгеннен кейін клетка протоплазмасымен байланысып олардың молекулалық құрылысын және қызметін бұзады. Бұл құбылыс оргонизмдердегі жалпы зат алмасу процесін өзгертіп оның негізгі-негізгі, өмірге қажетті процестерін бұзады. Улардың әсері жергілікті және жалпылай болып келеді. Олар жалпы оргонизмге рефлекс немесе қан арқылы әсер етуі мүмкін. Кейбір улар белгілі бір ағзалар мен тіндерге таңдамалы түрде әсер етулері де ықтимал. Улардың мал оргонизміне әсері негізгі бір заңдылыққа бағынады.

  1. Клеткалар мен ағзаларға удың әлсіз әсері олардың қызметтерін қоздырады.
  2. орташа әсері-тітіркендіреді
  3. қатты әсері -қинайды, әлсіретеді.
  4. өте қатты әсері-салдандырады.

Улардың әсері олардың ерігіштік қасиетіне тікелей байланысты. Суда жақсы еритін улар ас қорыту сөлдерінде де жақсы ериді де, ондай улардың әсері тез білінеді, әсіресе орталық нерв жүйесінің қызметіне. Сондай ақ егер малдың асқазаны асқа толы болса, онда удың әсері де, оргонизмге сіңіуі жай болады., кей кезде ондағы астың құрамына байланысты усыздану процесінің жүруі де мүмкін. өсімдіктердің улылығы олардың өсу жағдайларына даму сатысына да тікелей байланысты. Мысалы у тамырдың улылығы жазғытұрым күштірек білінеді. Кейбір өсімдіктердің улылығы күн көзінің сәулесінің әсерінен күшейе түседі.

Әр түрлі малдар улардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Орталық нерв жүйесіне әсер ететін улардың әсері әр түрлі реакция береді. Орталық нерв жүйесіне әсер ететін улардың әсері нерв жүйесінің жетілуі жоғарғы сатыдағы малдарда басымырақ. Мысалы кекіре мен жылқылар уланады, ал ірі қара малдар уланбайды. Үй жануарларын улардың әсеріне сезімталдығына қарай мынадай қатарларға түзуге болады. Өсімдік уларының негізінен орталық нерв жүйесіне әсер етуі

  1. ас қорту жүйесінің құрылысының ерекшеліктері
  2. осындай заңдылық барлық кезде бірдей сақтала береді деуге болмайды. Кей кезде тиісті дағдайларға байланысты өзгерістер болуы да мүмкін.

Уланулар жас төлдермен кәрі малдардың арасында жиі кездеседі. Ол физиологиялық өзгерістермен түсіндіреді. Мысалы, жас малдардың жиі улануын олардың нервтерінің малдың жалпы салмағына қатысы ірі алдарға қарағанда әлде қайда жоғарылығымен түсіндіруге болады. Малдардың тез улануына ас қорыту жүйесі мен бауыр аурулары өз әсенрлерін тигізеді. Сүт бездерін малдардың улануы басқа малдарға қарағанда сирек кездеседі мысалы сүт беретін малдардың өзі улануы басқа малдарға қарағанда сирек кездеседі. Мысалы сүт беретін малдардың өзі уланбай сүт арқылы төлдерінің улануы жиі кездеседі. Малдардың улы заттарға дағдыланып -үйренуін жиі бақылауға болады. Кейбір жағдайда улы заттар аз мөлшерден көп уқыт оргонизмге түскенде оған оргонизмнің дағдыланып, тіпті уланатын мөлшерде ол затты қабылдаса да уланбауы мүмкін. Мысалы жергілікті малдардың кейбір улы шөптері жесе де уланбайды. Ал ол шөптерді жеген басқа жерден алынған басқа малдардың улануы.

Улы заттар көбінесе бір мезгілде оргонизмнің көптеген жүйелері мен ағзаларына бірден әсер ететіндіктен аурудың даму процесі өте күрделі түрде жүреді. Еске алатын бір жағдай улы химикаттармен улы өсімдіктердің көбінің әсері оргонизмдегі ферменттердің қызметін әлсіретумен сипатталады. Кей кезде улы зат бір ферменттің әсерін әлсіретсе, екінші бір ферменттің әсерін керісінше күшейтуі мүмкін. Осының салдарынан оргонизмдегі зат алмасуының бұзылуының әр түрлі болуы кездеседі.

Мысалы кейбір фосфооргоникалық хлороорганикалық қосылыстар эстеразалар мен протеазалардың әсерлерін әлсіретеді. Сынаптың, мышьяктың цинктің қосылыстары тиол күкіртті сутегі бар ферменттерді істен шығарады. Фтордың қосылыстары амилазаның цианидтер мен селенаттар оксидазаның әсерлерін әлсіретсе, нитраттар метгемоглобулиндер түзеді. Көптеген заттар сынап, мыс, цинк, т. б тіндерге тікелей әсер ететін ағзаларда қабыну процесін тудырады, да, зат алмасуын бұзады.

Аурулардың себептеріне, дамуларына қарсы ем қолданғанда осындай кейбір улы заттардың ерекшеліктерін ескерген жөн.

Мал азығында және өсімдіктерде кездесетін улы заттар және олардың сипаттамасы.

Оргонизмге өте аз мөлшерде түсіп онда күрделі өзгерістер тудыратын заттарды улы заттар деп атайды. Улану процесінде негізгі әсер ететін заттарды бірнеше топқа бөлуге болады.

Олар. 1. Алкалоидтар

2. токсиндер

3. Гликозидтер

4. органикалық қышқылдар

5. эфир майы

Алколоидтар өсімдікте кездесетін мысалы құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар. Барлық негіздер сияқты қышқылдармен қосылып тұздар түзеді. Алколойд -сілті тәрізді заттар деген мағына . өсімдіктерде олар тұз ретінде кездеседі. Алколойдтардың басым көпшілігі күшті улы заттар. Олардың тұздары суда жақсы ериді және ас қорту жүйесінде жақсы сіңеді. Қазір 1000-ға тарта алколойдтар белгілі. Олардың 200-ге жуығы жақсы зерттеледі. Алколойдтар өсімдіктердің барлық бөліктерінде кездеседі, бірақ барлық бөліктерінде бірдей емес. Көптеген сімдіктердің тек белгілі бөлігі ғана улы болып келеді. Мысалы көкнардың алколойды морфин оның тұқымында, ал у тамырдың уы цикутоксин тамырында кездеседі. Бір өсімдікте бірнеше ұқсас олколойдтардың болуы жиі кездеседі. Көптеген олколойдтардың құрамында оттегі болады. Ондай олколойдтар қатты түрінде болады.

Алколойд туралы ғылыми деректерді негіздеуде акад. А. П. Орехов және оның шәкірттерінің еңбектері өте зор.

2. Токсиндер алколойдтарға құрамында азотты арганикалық негіздері бар заттар.

Бұрын токсиндерге тек патогенді токсиндердің бөліп шығаратын улы заттарды жатқызса, қазір саңырауқұлақтардың, жоғары сатыдағы өсімдіктерің түзетін токсиндері де белгілі болып отыр.

Токсиндердің алколойдтардан ерекшелігі олардың жасырын инкубациялық кезеңінің болуы. Ол уақыт оргонизмге түскен токсиннің мөлшеріне тікелей байланысты. Және де токсиндер мал оргонизмінде өздеріне қарсы денелер түзетін қасиетімен сипатталады.

Бактериялар түзетін токсиндерді экзотоксиндер және эндотоксндер деп екіге бөледі.

Экзотоксиндерді, сіреспе ботулизм, газы ісік және т. б анаэробты індеттердің қоздырушылары, кейбір стафилококтар мен стрептоктар түзеді.

Эндотоксиндер, бактерия клеткаларының құрамында болатын улы заттар. Олар тек клеткалар талқандалғанда ғана босап организмге өз әсерін тигізеді. Эндотоксиндердің улылығы экзотоксиндерге қарағанда әлсіздеу.

3. Гликозидтер сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және аглюкондар түзетін, эфирге ұқсас азотсыз, оргоникалық қосылыстар. Улылық қасиеті түзілетін аглюкондарға байланысты. Олар альдегидтер, қышқылдар, алколойдтар т. б болуы үмкін.

Глюкозиттер фермент энзимінің әсерінен суға ерігенде, белгілі бір жылулықта, механикалық әсер еткенде оңай ыдырайды. әрбір энзим глюкозидтің тек белгілі бір түрін ғана ыдырата алады. Глюкозидтерді бөлшектеу үшін олардың сілтідегі, не қышқылдағы ертіндісін қыздыру керек. әсіресе тұз қышқылымен ертіндісіне жақсы ыдырайды. Глюкозидтердің мал асқазанына жақсы ыдырауын осымен түсіндіруге болады.

Глюкозиттер құрамына қарай 3-топқа бөлінеді.

1. құрамында азоты жоқ бар глюкозиттер сапониндер, оймақ гүл гликозиттері және т. б

2. құрамында азот бар глюкозиттер а. Нитрил-глюкозидтамигдамин б. Синил қышқылын түзбейтін глюкозиттер

3. құрамында азот пен күкірт бар глюкозиттер синигрин синалбин, алиин-чеснок пен қыша майлары.

Ең көп тараған глюкозиттердің түрлері сапониндер . олар өсімдіктердің 700-ден астам түрлеріне кездеседі және оларды өсімдіктердің барлық бөліктерінен табуға болады. Судағы ертіндісі көпіршіп тұратындықтан сапонин атанған сапониндер клетка улары. Кілегей қабықтары тері рецепторларын тітіркендіреді. Қарын мен ішектердің қабыну процесінің белгілері байқалады. Құсу, іш өту, және т. б.

Сапониндер қанға түскенде қызыл қан түйіршіктерін ерітеді. Көптеген сапониндердің әсерлерін ас қорту жүйесіндегі бактерия ферменттері әлсіретеді немесе талқандап жойып жібереді.

4. Органикалық қышқылдар табиғатта көп тараған заттар. Олар өсімдіктердің құрамында тұз ретінде, кейде тіпті бос күйінде де кездеседі.

әсіресе щавель, аконит, хелиден қышқылдары малдарға улы болып келеді.

Концентрациясы жоғары болғанда кілегей қабықтарды, теріні күйдіреді, ал аздау болған жағдайда тітіркендіреді.

  1. Эфир майлары көптеген өсімдіктердің құрамында кездеседі.
  2. олар көбінесе өсімдіктердің гүлі мен ұрығында көптеп кездеседі. өсімдіктердің өздеріне тән иістері осы майларға байланысты . олардың көбі тиген жерлерін тітіркендіріп қызартады., кейде күйдіруге дейін барады., қабыну процесі пайда болады. Олар бүйректер мен өкпелер арқылы бөлінетіндіктен ол ағзаларға өз әсерін тигізеді. Қан арқылы орталық нерв жүйесін қоздырады. Мұндай әсерді жусан майынан жақсы байқауға болады. химиялық құрамы бойынша 3-топқа бөлуге болады. 1. құрамында оттегі жоқ эфир майлары немесе терпендер.
  3. 1. оларға жататын терпентинді, арша және т. б. майлар.

2. құрамында оттегі бар эфир майлары. Анис, укроп, тимин, камфара майлары.

3. құрамында күкірт бар эфир майлары. Қыша, чеснок, сарымсақ майлары жатады.

Эфир майларының кептірілген өсімдіктерде ұшып кететін қасиетіне байланысты, олардың улылық қасиеттерінің жойлуы да мүмкін.

1. 2 Удың ағзаға ену жолдары

Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда аса маңызды болып саналады. Мал дәрігерлік токсикологияда ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, карын сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мүның бәрі қарынға түскен улы заттардың физикалық-химиялық қүрылымына және уытттылығына әсер етеді. Мысалы, қүрамында алколойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын жоғалтады, ал каломель қарында уытты әсер ете алмайды, бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол әте уытты. Қүсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей қабыктардың copy қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады.

Тыныс алу (ингаляциялык) жолмен агзаға газ тәрізді улы заттар (коміртегі тотығы, күкіртті сутегі, аммиак) т. б. аэрозольдар, шаң-тозаң түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе арқылы сорылып, онда күшті тітіркенген окпе үлпалары қабынуға ұшырайды (хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанға сіңіп, ағзага резорбтивті әсер етеді.

Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бүлардың мал дәрігерлік токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі мүмкін.

1. 3Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері

Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі үлпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады

және жекеленген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері пайда болады.

Улы заттар мал ағзасына талгамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі көрінісі болып табылады.

Улы заттардың резорбтивті (қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның қан тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға тасымалдайды және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бүзылуы, қатерлі белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер, гликозидтер және алколойдтар жатады.

Ағзаға түскен улы зат үлпалармен өзара әрекеттесу барысында көптеген өзгерістерге үшырайды. Бүл өзгерістер удың физиклық-химиялық қасиеттерімен анықталады, сондай-ақ ағзаның залалсыздандыру мүмкіндігіне немесе удың бөлінуіне де байланысты болады.

1. 4Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары

Кейбір улар ағзада сорылып (сіңіріліп), үлпалар мен торшаларға таралып, олармен өзара әсерлеседі. Улы заттардың ағзада таралуы бірдей немесе кейбір мүшелерге көп мөлшерде тандамалы түрде жинақталуы мүмкін. Сондыктан да мүшелердің зақымдалуы әртүрлі бағытта болады. Әсіресе алиментарлы (азықгық) улану кезінде улы заттар бауырда көп жинақталынады. Сонымен қатар, көп жағдайда зақымданған мүшелерде у залалсызданады. Мұндай жағдайлар көбінесе созылмалы улану кезінде байқалады. Мысалы: фтор қосылыстары сүйек ұлпасында немесе хлорорганикалық қосылыстардың май үлпаларында шөгуінен "қор (депо) " пайда болады. Бұл ауыр металлдар мен басқа да көптеген улы заттарға да қатысты.

Көп жағдайда улардың ағзада әртүрлі қосындыларға айналуы қиынға түседі. Осыдан барып ағза көптеген улар үшін ыңғайлы залалсыздандыратын орын болып табылады.

Ағзада өтетін тотығу-тотықсыздану реакциялары немесе кешенді қүрылымдар түзілуі улы заттардың қүрылысын өзгертіп, концентрациясын төмендетіп, моллекулаларының ыдырауына әкеліп соқтырады. Ағзада тотығу реакциясы өте жақсы жүреді, бүл көптеген улы заттарға да әсер етеді. Нитриттердің - нитратка, альдегидтердің - қышқылдарға, бензолдың -фенолға, морфиннің - оксиморфинге айналуын атап көрсетуге болады.

Бауырда кейбір улы заттар күкіртпен кешенді қосылыс түзеді. Осының нәтижесінде фенол туындылары залалсызданады, фенильсульфаттар күкіртпен қосылады. Ескертетін нәрсе: удың залалсыздануына ағзаның әртүрлі жүйелері де әсер етеді. Бүл жағдайда ферментті жүйелер де ескеріледі. Кейбір улар фер-менттердің маңыздылығын төмеңдетеді және ағзаның улануына әкеліп соғады. Бүған мысал: фосфороргани-калық заттар холинэстеразаның ингибиторы болып табылады.

Кейбір улар ағзада тез бүзылады, керісінше біреулері біртіндеп өзгереді. Созылмалы уланулар нәтижесінде ағзаға түскен улар жинақталып, кумулятивті әсер етеді.

1. 5Ағзадан удың бөлінуі

Улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп шығады. Алиментарлы жолмен түскен улар ағзадан құсу актісі арқылы шыгуы мүмкін, ал удың сорылып болғаннан кейінгі негізгі шығу жолы бүйрек пен несеп шығару жолдары болып табылады. Көбінесе улардың ағзадан бөлінуіне ас қорыту жолы (қи, нәжіс), тыныс алу мүшелері және бездер (сүт, сілекей, тері) белсенді әсер етеді.

Улы заттар ағзадан құсу арқылы шыққанда, олар өзгермеген күйде шығады. Сондықтан, құсықты зерттеудің улануды балаудағы маңызы өте құнды болып есептеледі. Бұл соттық ветеринария жағынан да аса маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Улану
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Улы заттардың жасушаға енуі және ферменттерге әсері
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі туралы ақпарат
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі туралы мәлімет
Пестицидтердің улылығы
Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі туралы
Фтор және оның қосылыстарымен улану кезінде жүргізілген токсикалық анализ
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz