Удың ағзаға ену жолдары


Аннотация
«Малдың уланулары» пәнінен жазылған «Уланудың пайда болуы (шығу тегі) және себебі» тақырыбы бойынша жазылған бұл курстық жұмыс 28 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.
Белгілер мен қысқартулар
Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
М/с-метр/секунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі
Анықтамалар
У немесе токсиндер дегеніміз: химиялық компоненттің организмге енгеннен кейінгі организмді уландыруы немесе өлімге әкеп соғуы
Химиялық токсиндер - металдар (ртут, күкірт, мышьяк, сурьма, хром, никель, кобальт, күміс, кадиний), пестицидтер- хлор және фосфорорганикалық қосылыстар және радиоизотоптар- цезий 137, стронцид-90, иод 131 жатады
Биологиялық токсиндер - бактериалды - токсиндер, интеротоксиндер, микотоксиндер- афлотоксиндер, диацетоксиндер, пенолцитририн, токсиндер- бір клеткалы және көп токсинді балдырлар
Өте жіті улану - белгілі бір аралығында өтеді (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін)
Жіті улану - өту аралығы 90 күнге дейін
Созылмалы улану - өту аралығы жылдарға созылады
Жергілікті улану бір органның улануы- көз, тыныс оргондары, өкпе, ас қорыту органы
Жалпы улану -бірнеше органдар немесе организмнің улануы
Токсикодинамика- токсиндердің шоғырлануы және әсер етуі
Физико-химиялық әсер- нерв жүйелеріне әсер
Тікелей химиялық әсер - химиялық заттардың әсерінен
Токсикокинетика- токсиндердің организмге сіңірілуі, таралуы, биотрансформациясы және шығарылуы
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 102 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплектілігі.
МЖМБС 2. 104 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 01-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі
МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу
МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері
Мазмұны
Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 9
1. 1 Уланулар туралы жалпы түсінік. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары . . . 9
1. 2Удың жануарлар ағзасына әсері . . . 11
1. 3Удың ағзаға ену жолдары . . . 12
1. 4Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары . . . 13
1. 5Улануды емдеудің жалпы принциптері . . . 18
2 Өзіндік зерттеу . . . 24
3 Техникалық қауіпсіздік . . . 26
Қорытынды . . . 27
Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Кең байтақ Қазақстан республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан малшаруашылықтарының малдардың ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен уланулары жиі кездесетін жағдай. Бұған себеп жер көлемі үлкен болғандықтан және табиғаттың әр түрлі құбылмалы әсерінен онда өсетін өсімдіктер фаунасы да неше түрлі алуан, құбылмалы болып келеді. Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Уланумен бір екі бас мал ғана емес, көптеп малдардың топ-тобымен ауруы, ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгерілмегенде уланған малдың кенеттен малға өлім жетімге ұшырауы аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы жедел көмекке емдеп жазуға жұмсалатын қаражат шығындары шаруашылықтардың, жеке қожалықтардың қаржыларына әсерін тигізері сөзсіз.
Онымен қатар ауылшаруашылық малдардың улануы олардың организміндегі улы заттары өнімдері арқылы өсі төлдерін тіпті адамдарды уландырулары мүмкін.
Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсетін көрінеді.
Уланған оргонизмнің, әсіресе созылмалы уланулардың түрінде уланған малдарың жалпы резистенттік қабілеттілігі әлсірейді де, олардың індетті тоғышарлық көбінесе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеттілігін нашарлатады. Сондықтан ондай малдарда уланулардың басқа аурулармен қабаттасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары, күтуші, бақташы адамдар уланулардың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс диагноз қоя алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу шаралары дұрыс жүргізілмеуі де мүмкін.
Мал мамандары өз шаруашылықтарының шекарасында қандай улы өсімдіктер өсетінін біліп, оған сай карта жасап, онымен малға қатысы бар адамдарды таныстырып отырулары қажет.
Кейбір улы өсімдіктер жайлы қулықтарда, жалпы әдебиеттерде қарама-қайшы деректерде кездесіп қалады. Малдардың көк саңырауқұлақтармен жарақаттанған, ластанған азықтармен уланулары жиі кездеседі. Бұл мәселе осы күнге дейін толық зерттелмеген. Малдардың химикаттармен уланулары да толық жауабын шешпеген мәселе.
Міне осының бәрі осы күнге дейін көптеген уланулардың әлі де болса терең зерттелмей жатқанының куәсі.
Курстық жұмыстың мақсаты-уларды және улануды меңгеру.
1 Негізгі бөлім
1. 1 Уланулар туралы жалпы түсінік. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары
Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosis toxica) немесе өлімге душар болуы (dosis letalis) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер арқылы анықталынады.
Улы заттардың ағзамен әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті маңызды міндет атқарады. Себебі, ерігіштік қасиеті неғұрлым жылдам болған сайын оның сіңгіштігі де соғүрлым жоғары болады да, әсер етуі тез арада пайда болады. Сонымен бірге, ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да шапшаң. Яғни, олардың мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек сөлдерінің де көптеген заттарды жаксы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе ағза солдерінде ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ешбір токсикологиялық маңыздылығы болмайды. Мысал ретінде сынап қосылыстарының токсикологиялық жағдайын қарастырып көрейік: Сулема (HgC 12 ) ерігіштігі өте жоғары улы зат, ал каломель болса (HgC 12 ) ерігіштігі жоқ, дәрі есебінде қолданылатын зат.
Әсер ету уақыты бойынша қатты күйдегі улар сұйық уларға қарағанда баяуырақ әсер береді. Газ және өте ұсақ дисперсті (аэрозоль) күйдегі заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың улылығына - оның химиялык, қүрамының да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың бейорганикалық қосылыстары (мышьякты қышқылдар мен оның тұздары) күшті улы заттар болса, оның органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның тұздары т. б. ) улылығы өте төмен заттар. Зат улылығы оның негізгі қосылыстарының құрылымына әртүрлі спецификалық топтар және Радикалдар (ОН, NН 2 , СН 3 , т. б. ) енушеде байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы радикалдарға байланысты зат уыттылығы төмендейді немесе керісінше жоғарылайды. Мысалы: бензол молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH 2 ) -аналинге, метил радикалы (СН 3 ) енгізілсе - толуолға айналады. Бұл заттардың әркайсысының улылығы әртүрлі болып қана, қоймай, олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап реакциясыда әр алуан болып келеді. Улылық қ асиет заттды әр «химиялық реакцияларға (тотықсыздану алмасу) орын басу т. б. ) түсу ерекшеліктеріне байланысты.
Кәзіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LIM ас, ЛМ 0 (LD 0 ), ЛМ 50 (LD 50 ) және ЛМ 100 (LD 100 ) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг/кг) . Егер заттың улылығы 1-2 мг/кг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері 1000мг/кг (1гр/кг) болса улылығы аз зат болып есептелінеді.
Улы заттар токсиметриясының негізгі критериилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :
LIМас - (Лима атты автордың атымен байланысты) - малдарға ішке бергенде және терісі астына еккенде, ағзада белгілі бір деңгейде функцио-налдық өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайтын уытты заттардың 1 мәрте еккендегі (мг/кг) ең төменгі мөлшері.
ЛМ 0 - 2 апталық бақылау мерзімінде, жануарлар төтеп бере алатын улы заттардың ішке берілетін және терісі астына егілетін мөлшері. Мұнда мал ағзасында айтарлыктай патологиялық өгерістер болғанымен, малдар өлімге ұшырамайды.
ЛМ 50 көрсеткіші - улы заттың мг/кг есебінде алынған, тәжірбиеге алынған жануарларды тері астына немесе ішке ішкізілгеннен кейін екі апта ішінде 50% өлімге душар ететін орташа мөлшері.
LM 100 көрсеткіші - жоғарыдағы айтылған жағдайда тәжірбиеге алынған жануарлардың барлығын (100%) өліміне душар ететін уытты зат мөлшері.
ЛК 50 (CL 50 ) және ЛК 100 (CL 100 ) - бұл 20к С температурили 2 сағат ішінде жануарларды 50% және 100% өлімге душар ететін улы заттардың 1мг/м ауадағы концентрациясы.
Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosis toxica) немесе өлімге душар болуы (dosis letalis) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер арқылы анықталынады.
Кәзіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LIM ас, ЛМ 0 (LD 0 ), ЛМ 50 (LD 50 ) және ЛМ 100 (LD 100 ) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг/кг) . Егер заттың улылығы 1-2 мг/кг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері 1000мг/кг (1гр/кг) болса улылығы аз зат болып есептелінеді.
Улы заттар токсиметриясының негізгі критериилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :
LIМас - (Лима атты автордың атымен байланысты) - малдарға ішке бергенде және терісі астына еккенде, ағзада белгілі бір деңгейде функцио-налдық өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайтын уытты заттардың 1 мәрте еккендегі (мг/кг) ең төменгі мөлшері.
ҚБШМ - жануарлар ағзасында патологиялық өзгерістер тудырмайтын, улы заттардың ауадағы қолдануға болатын шектеулі мөлшері.
ШАҚД- улы заттардың 1мг/м ауадағы шамамен алынған қауіпсіз деңгейі.
Кез келген заттың ағзамен әсерлесуіне, оның физикалық күй-жағдайы ықпал ететіндігі белгілі. Бүл жағдай улы заттарға да тән қасиет. Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде - (қатты, сұйық, газ) әсер ете береді.
1. 2Удың жануарлар ағзасына әсері
Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның негізгі бөліп болып табылады. Ол мал ағзасына улардың улылығы әсер ету механизмін қарастырады.
Токсикокинетика - малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы заттардың сіңу, таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын өарастырады.
Ағза мен улы заттардың өзара әсері екі жағдайда болады. Оның біріншісі - контактілі (жанасу), екіншісі - ағза мен удың тәндік әрекеттесуші қасиеттері.
Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы коптеген Факторларға байланысты. Олар
1. Малдың уға сезімталдығы.
2. Ағзаның жағдайы.
3. Удың ағзаға ену жолдары.
4. Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.
Малдың улы заттарға сезімталдығы. Малдәрігерлік токсикология уытты заттардың ауылшаруашылык малдары мен жабайы жануарларға, сондай-ак құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді. Жануарларға түрінің, уға сезімталдык дәрежесі бірдей болмайды. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер етеді. Мысалы; ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына карағанда қоргасын косылыстарына бейім келеді. Ал жылкылар ірі қара малға қарағанда оймақгүл гликозидтеріне қте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз жәие т. б.
Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарынды малдар үшін у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминінің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында «В»витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер корсете алмайды.
Ағзаның жағдайы. Мұнда малдың жасына ерекше мән беріледі. Неғұрлым мал жас болса, соғүрлым ол мал уға ете сезімтал келеді. Себебі, олар улы заттарды залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардың залалсыздандыру қабілеті әдетте жақсы. Кейбір жағдайларда малдардың улы заттарға сезімталдығы олардың жынысына да байланысты болады. Кейбір у түріне ұрғашы малдар еркек малдарға қарағанда төзімдірек келеді.
Ауру малдың, әсіресе, жұқпалы аурумен ауырған малдың ағзасының улы заттарға қарсы түру қабілеті айтарлыктай төмендейді. Уларга қарсы әсер бірінші кезекте бауырдың улы заттарды жоятын (детоксикация) қызметіне байланысты. Өйткені ол қандағы уытты заттардың негізгі сүзгісі болып табылады. Ауру кезінде, әсіресе, жұқпалы аурулар кезінде, бауырдың бұл қызметі әлсірейді және жүйке, эндокринді жүйелердің удың әсеріне сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарға жауап беру қабілеті томендейді.
Ағзаның уға жауап беру реакциясы көптеген клиникалық белгілер түрінде байқалады. Дегенмен, ағзада функционалдық өзгерістер тек удың уытты және летальді молшері әсер еткенде ғана қалыптасады. Созылмалы улану кезінде удың зиянды әсерінің клиникалық белгісі байқалмауы да мүмкін. Бірақ, ол залалсыздандырудың негізгі мүшесі - бауырға айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде бауырдың басқа да зиянды факторларға карсы түру кабілеті томендейді.
Улы заттардың ағзаға аз мөлшерде, бірақ ұзақ уақыт енуі, олардың ағзада жинақталып, кумуляциялануына, сондай-ак, ағзаның гипо- және әкеліп соктыруы мүмкін.
1. 3 Удың ағзаға ену жолдары
Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда аса маңызды болып саналады. Мал дәрігерлік токсикологияда ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, карын сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мүның бәрі қарынға түскен улы заттардың физикалық-химиялық қүрылымына және уытттылығына әсер етеді. Мысалы, қүрамында алколойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын жоғалтады, ал каломель қарында уытты әсер ете алмайды, бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол әте уытты. Қүсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей қабыктардың copy қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады.
Тыныс алу (ингаляциялык) жолмен агзаға газ тәрізді улы заттар (коміртегі тотығы, күкіртті сутегі, аммиак) т. б. аэрозольдар, шаң-тозаң түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе арқылы сорылып, онда күшті тітіркенген окпе үлпалары қабынуға ұшырайды (хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанға сіңіп, ағзага резорбтивті әсер етеді.
Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бүлардың мал дәрігерлік токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі мүмкін.
Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері. Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі үлпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекеленген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері пайда болады.
Улы заттар мал ағзасына талгамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі көрінісі болып табылады.
Улы заттардың резорбтивті (қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның қан тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға тасымалдайды және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бүзылуы, қатерлі белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер, гликозидтер және алколойдтар жатады.
Ағзаға түскен улы зат үлпалармен өзара әрекеттесу барысында көптеген өзгерістерге үшырайды. Бүл өзгерістер удың физиклық-химиялық қасиеттерімен анықталады, сондай-ақ ағзаның залалсыздандыру мүмкіндігіне немесе удың бөлінуіне де байланысты болады.
1. 4Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары
Кейбір улар ағзада сорылып (сіңіріліп), үлпалар мен торшаларға таралып, олармен өзара әсерлеседі. Улы заттардың ағзада таралуы бірдей немесе кейбір мүшелерге көп мөлшерде тандамалы түрде жинақталуы мүмкін. Сондыктан да мүшелердің зақымдалуы әртүрлі бағытта болады. Әсіресе алиментарлы (азықгық) улану кезінде улы заттар бауырда көп жинақталынады. Сонымен қатар, көп жағдайда зақымданған мүшелерде у залалсызданады. Мұндай жағдайлар көбінесе созылмалы улану кезінде байқалады. Мысалы: фтор қосылыстары сүйек ұлпасында немесе хлорорганикалық қосылыстардың май үлпаларында шөгуінен "қор (депо) " пайда болады. Бұл ауыр металлдар мен басқа да көптеген улы заттарға да қатысты.
Көп жағдайда улардың ағзада әртүрлі қосындыларға айналуы қиынға түседі. Осыдан барып ағза көптеген улар үшін ыңғайлы залалсыздандыратын орын болып табылады.
Ағзада өтетін тотығу-тотықсыздану реакциялары немесе кешенді қүрылымдар түзілуі улы заттардың қүрылысын өзгертіп, концентрациясын төмендетіп, моллекулаларының ыдырауына әкеліп соқтырады. Ағзада тотығу реакциясы өте жақсы жүреді, бүл көптеген улы заттарға да әсер етеді. Нитриттердің - нитратка, альдегидтердің - қышқылдарға, бензолдың -фенолға, морфиннің - оксиморфинге айналуын атап көрсетуге болады.
Бауырда кейбір улы заттар күкіртпен кешенді қосылыс түзеді. Осының нәтижесінде фенол туындылары залалсызданады, фенильсульфаттар күкіртпен қосылады. Ескертетін нәрсе: удың залалсыздануына ағзаның әртүрлі жүйелері де әсер етеді. Бүл жағдайда ферментті жүйелер де ескеріледі. Кейбір улар фер-менттердің маңыздылығын төмеңдетеді және ағзаның улануына әкеліп соғады. Бүған мысал: фосфороргани-калық заттар холинэстеразаның ингибиторы болып табылады.
Кейбір улар ағзада тез бүзылады, керісінше біреулері біртіндеп өзгереді. Созылмалы уланулар нәтижесінде ағзаға түскен улар жинақталып, кумулятивті әсер етеді.
Ағзадан удың бөлінуі. Улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп шығады. Алиментарлы жолмен түскен улар ағзадан құсу актісі арқылы шыгуы мүмкін, ал удың сорылып болғаннан кейінгі негізгі шығу жолы бүйрек пен несеп шығару жолдары болып табылады. Көбінесе улардың ағзадан бөлінуіне ас қорыту жолы (қи, нәжіс), тыныс алу мүшелері және бездер (сүт, сілекей, тері) белсенді әсер етеді.
Улы заттар ағзадан құсу арқылы шыққанда, олар өзгермеген күйде шығады. Сондықтан, құсықты зерттеудің улануды балаудағы маңызы өте құнды болып есептеледі. Бұл соттық ветеринария жағынан да аса маңызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz