Улы заттардың жіктелуі


Аннотация
«Малдың уланулары» пәнінен «Уытты заттардың мал организміне енуі мен сыртқа бөлініп шығу жолдары» тақырыбы бойынша жазылған бұл курстық жұмыста улы заттардың негізгі топтары химиялық құрымы, сапасы, зерттеу әдістері, оргонолептикалық көрсеткіштері және физикалық-химиялық құрамын сараптау нәтижесі мен қауіпсіздік көрсеткіші қарастырылған курстық жұмыс 31 беттен тұрады.
Белгілер мен қысқартулар
Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
М/с-метр/секунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі
Анықтамалар
У немесе токсиндер дегеніміз: химиялық компоненттің организмге енгеннен кейінгі организмді уландыруы немесе өлімге әкеп соғуы
Химиялық токсиндер - металдар (ртут, күкірт, мышьяк, сурьма, хром, никель, кобальт, күміс, кадиний), пестицидтер- хлор және фосфорорганикалық қосылыстар және радиоизотоптар- цезий 137, стронцид-90, иод 131 жатады
Биологиялық токсиндер - бактериалды - токсиндер, интеротоксиндер, микотоксиндер- афлотоксиндер, диацетоксиндер, пенолцитририн, токсиндер- бір клеткалы және көп токсинді балдырлар
Өте жіті улану - белгілі бір аралығында өтеді (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін)
Жіті улану - өту аралығы 90 күнге дейін
Созылмалы улану - өту аралығы жылдарға созылады
Жергілікті улану бір органның улануы- көз, тыныс оргондары, өкпе, ас қорыту органы
Жалпы улану -бірнеше органдар немесе организмнің улануы
Токсикодинамика- токсиндердің шоғырлануы және әсер етуі
Физико-химиялық әсер- нерв жүйелеріне әсер
Тікелей химиялық әсер - химиялық заттардың әсерінен
Токсикокинетика- токсиндердің организмге сіңірілуі, таралуы, биотрансформациясы және шығарылуы
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 102 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплектілігі.
МЖМБС 2. 104 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 01-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі
МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу
МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері
Мазмұны
Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 9
1. 1 Улы заттар және олар туралы түсінік . . . 9
1. 2 Улы заттар және олардың классификациясы . . . 12
1. 3 Улануларды емдеу үлгісі және сақтандыру шаралары . . . 15
1. 4Улы заттардың жіктелуі . . . 17
1. 5Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі . . . 20
2 Өзіндік зерттеу . . . 26
3 Техникалық қауіпсіздік . . . 29
Қорытынды . . . 30
Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Кіріспе
Кең байтақ Қазақстан республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан малшаруашылықтарының малдардың ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен уланулары жиі кездесетін жағдай. Бұған себеп жер көлемі үлкен болғандықтан және табиғаттың әр түрлі құбылмалы әсерінен онда өсетін өсімдіктер фаунасы да неше түрлі алуан, құбылмалы болып келеді. Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Уланумен бір екі бас мал ғана емес, көптеп малдардың топ-тобымен ауруы, ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгерілмегенде уланған малдың кенеттен малға өлім жетімге ұшырауы аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы жедел көмекке емдеп жазуға жұмсалатын қаражат шығындары шаруашылықтардың, жеке қожалықтардың қаржыларына әсерін тигізері сөзсіз.
Онымен қатар ауылшаруашылық малдардың улануы олардың организміндегі улы заттары өнімдері арқылы өсі төлдерін тіпті адамдарды уландырулары мүмкін.
Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсетін көрінеді.
Уланған организмнің, әсіресе созылмалы уланулардың түрінде уланған малдарың жалпы резистенттік қабілеттілігі әлсірейді де, олардың індетті тоғышарлық көбінесе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеттілігін нашарлатады. Сондықтан ондай малдарда уланулардың басқа аурулармен қабаттасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары, күтуші, бақташы адамдар уланулардың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс диагноз қоя алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу шаралары дұрыс жүргізілмеуі де мүмкін.
Мал мамандары өз шаруашылықтарының шекарасында қандай улы өсімдіктер өсетінін біліп, оған сай карта жасап, онымен малға қатысы бар адамдарды таныстырып отырулары қажет.
Кейбір улы өсімдіктер жайлы қулықтарда, жалпы әдебиеттерде қарама-қайшы деректерде кездесіп қалады. Малдардың көк саңырауқұлақтармен жарақаттанған, ластанған азықтармен уланулары жиі кездеседі. Бұл мәселе осы күнге дейін толық зерттелмеген. Малдардың химикаттармен уланулары да толық жауабын шешпеген мәселе.
Міне осының бәрі осы күнге дейін көптеген уланулардың әлі де болса терең зерттелмей жатқанының куәсі.
Курстық жұмыстың мақсаты: уытты заттар мен уланудың классификациясын зерттеу
1 Негізгі бөлім
1. 1 Улы заттар және олар туралы түсінік
Улы заттар және олардың тірі жан-жануарларға әсері туралы адамдар өте ерте замандардан-ақ білетін еді. Улы заттар ол заманда әдетте аңға шыкқанда жабайы жануарларды өлтіру үшін немесе соғыс жағдайларында адамдарды қырып-жою мақсаттарында қолданылатын. Бірақ ол кездегі белгілі улардың саны өте аз және олардың барлығы да "табиғи" улар қатарына жататын (жылан уы, у қорғасын, т. б. ) . Ғылымның бұл саласы нак кай мезгілден бастау алатыны әлі белгісіз, сонда да болса бұл ғылым мен адамзат тарихы бірге жасасып келе жатканы даусыз. Фармация (дәрілер жасау) ғылымының алғашқы негіздері ежелгі Үндістан мен Мысырда табылған болса, токсикология да сол жерлерде бастау-қайнар бұлақ алған деп тұжырымдауға болады.
Ілгеріректе токсикология - медицина ғылымының бір бөлігін құрайтын. Көне дәуірлер мен осы заманға дейінгі фармакология мен токсикологияның даму тарихы бір екендігі даусыз. Олай дейтін себебіміз, бұл екі ғылымын зерттеу нысандары, биологиялық зерттеу тәсілдері бір арнаға тоғысып жатыр. Сонымен қатар, кез-келген дәрі көп мөлшерде у екендігі, ал керісінше, қалыпты мөлшерде емдік әсер беретіндегі дау тудырмайтын шындық.
Біздің дәуірімізге дейінгі XVI-ғасырлардағы Эберс Папирустың қолжазбаларында Египет емшілері қолданған көптеген дәрі-дәрмектердің жасалыну тәсілдері мен қолданылуы баяндалған. Бұл қолжазба ең алғашқы фармакопея деп есептелінеді. Ол дәуірінрдегі фармация мен токсикологияның тығыз байланысты болғандығы табиғи құбылыс. Себебі, ол кездерде қолданылып жүрген дәрі-дәрмектердің барлығы түгелдей табиғи заттар еді.
Мыңдаған жылдар көлемінде улы заттарды жасау мен оларды қодданудың бұлтартпас айғақтары да жеткілікті. Мысалы, Ганнибал (б. д. д. ІІ ғасыр), Демосфен (б. д. д. IV г. ) Сократ (б. д. д. V г. ) және тағы басқа да үлы адамдардың уландырылып өлтірілгендігі мәлім. Гректердің көне мифологиясы мен эпостарында да (Гомердің Одиссейі т. б. ) улағыш заттардың кен қолданылғандығын айғактайтын деректер бар.
Токсикология туралы ең алғашқы жазған біздің дәуіріміздің І-ғасырында өмір сүрген Педаний Диоскорид болды. Ол өзінің "Алексифармака" атты еңбегінде сол кезеңдегі белгілі дәрілік және улы заттар туралы толық мағлұмат берген. Ол, сонымен бірге, сол кездерде белгілі болған, жануарлардан алынатын, өсімдік тектес және минералдық дәрі-дәрмектерге өзінің "De materia medica" (Дәрілер турасында) деген еңбектер жинағында толық жүйелі анықтама берген. Шығыс елдерінде Диоскорид есімі қазірде зор құрметпен аталынады.
Диоскоридтің замандасы, "Табиғи тарих" жинағын құрастырушы, Рим жазушысы Кай Плинийдің (б. д. д. 23-79 ж. ж. ) 37 томдық еңбектерінің 12 томы медицина мен мал дәрігерлігін қамтиды.
Улар және у қайтарғыш заттар туралы тибет медицинасының көне мұрасы - "Жуд-Ши" кітабында да айтылады. Орта ғасырларда улар және уланулар жайлы зерттеулерге араб дәрігерлері Абу Али Ибн Сина /Авиценна, 980-1037ж/ және Ибн Вашияда көп үлес қосты. Ибн Вашия "Улар жайында " деп аталатын еңбегінде улануды емдеудің тәсілдері туралы мағлұмат берген. Кейбір деректерге жүгінсек, улар туралы ғылымның негізін арабтар құраған деген болжам бар.
Швейцария дәрігері, әрі химигі Филиппус Теофрасус фон Гогенгеймнің де /Парацельс, 1493-1541жж/ фармакология және токсиклогиялық зерттеулері назар аударуға тұрарлық. Оның төмендегідей бір тұжырым-дауы өте дәл айтылған: "дәрілердің барлығы да улылықтан ада емес, зат мөлшері ғана оның у немесе дәрі екендігін анықтайды"!
Тәжірибелік токсикологияның дамуына улы француз физиологі және биохимигі Клод Бернар /1813-1878жж/ өте зор үлес қосқан. Ол кураре тәріздес улардың мал ағзасына әсерін толық зерттеген, әрі оның жүйке бұлшық ет қосылысына тандамалы әсер беретіндігін анықтаған. Клод Бернардың шәкірттері орыс физиологтары И. М. Сеченев /1829-1905/ және И. Р. Тарханов /1846-1908/ болды, ал оның еңбектерін дамытушылар және тәжірибелік зерттеулеріне ден қоюшылар улы орыс физиологы И. П. Павлов /1849-1936/, фармаколог Н. Т. Кравков /1865-1924/ және токсиколог Е. В. Пеликан /1824-1884/ болған.
Улармен у басқыш заттарға ғалымдардың және өкімет басындағы адамдардың қызыққандығы соншалық, орта ғасырларда улардың әсер етуін өлім жазасына бұйырылған адамдарға да қолданып, тәжірибелер жасалынды.
Батыс елдерінде тәжірибелік токсикологияның иегізін салушы дәрігер М. Орфила /1784-1853/ еді. Ол сол кездерде кеңінен таралған соттық-медициналық токсикология тақырыбындағы еңбектің авторы. Кейініректе осы бағытта еңбектенген Р. Бэм /1844-1926/ Р. Коберт /1854-1919/, Г. Драгендорф /1836-1894/ және басқада зерттеушілердің еңбектері де айтарлықтай.
Мал дәрігерлік токсикология саласында ұзак уакыт бойы зерттеулер жүргізген француз ғалымы Шарль Корнененнің /1846-1897/ улы өсімдіктер туралы жазған еңбектері 1895 жылы орыс тіліне аударылып, басылып шықты және ол осы уакытқа дейін өзінің мәнін жоймады. Біз көп жағдайда Корневен еңбектеріне сүйенеміз, себебі оның зерттеулері жан жақты және тәжірибелік тұрғына нақты зерттеулерге ие болған еді.
Германияда токсикология ғылымының дамуына белгілі ғалымдар К. Дамман /1839-1914/ және И. Френер /1858-1940/ жүргізген зерттеулер зор үлес қосты. Е. Дамман зоогигиена ғылымының негізін қалаушылардың бірі және өзінің 2 томдык еңбектер жинағында (1866 жылы Я. М. Шмулевич орысшаға аударған) бір бөлімді тұтасымен мал дәрігерлігі токсикологиясына арнаған. И. Френер дүние жүзіне тек қана фармакология немесе токсикология есебінде ғана емес, сонымен бірге терапия, хирургия және соттық-сарапшылық ғылымдары төңірегінде де зерттеулер жүргізгендігімен және осы бағыттарда көптеген құнды еңбектер жазғандығымен белгілі ғалым.
Ресейде мал дәрігерлігі медицинамен ұзак уакыт бойы бірге оқытылып келді. Ғалымдар фармакологияны зерттей отырып, сонымен бірге, улануларға да көп көңіл бөлген. 18 ғасырдың, 70 жылдарында Батыс елдерінде мал дәрігерлік жоғары оқу орындары (Лион, \ Альорон т. б. ) құрыла бастады, ал Ресейде 19 ғасырдың басында медициналық хирургия академиясының медицина факультетінде орта дәрежелі мал дәрігерлік оқу орындары ашылды (Мәскеуде, Петерборда, Казанда, Дерпте т. б. 18 ғасырдың 50 жылдарында арнаулы оқу орындарының ашылуына байланысты мал дәрігерлігі медицинадан бөлініп, дербес бір ғылым саласына айналды. Мал дәрігерлік фармакология мен токсикологияның Кеңес өкіметіндегі ең алғашқы негізін қалаушы, Ресей ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Николай Александрович Соше-ственский болды /1876-1941/. Ол ең алғаш рет Мәскеу мал дәрігерлігі институтында фармакология кафедрасын және бүкілодақтық мал дәрігерлік тәжірибелік институтында фармакология, токсикология зертханасын құрды.
Токсикологияның дамуына профессор И. А. Гусынин /1896-1970/ зор ықпал етті. Оның ғылыми зерттеулері "Улы өсімдіктер токсикологиясы" атты монографиясына арқау болды. Токсикология саласына жемісті еңбек еткен ғалымдар арасында профессор С. В. Баженовтың да еңбегі зор. Ол Украина ауыл шаруашылығы академиясыньң фармакология және токсикология кафедрасында еңбек ете жүріп, "мал дәрігерлік токсикология" атты өте құнды оқулык жазып шықты.
Мал дерігерлік токсикологияның дамуына Мәскеу мал дәрігерлік академиясы фармакология кафедрасының меңгерушісі ВАСХНИЛ-дің академигі, профессор Мозгов Иван Ефимович те зор үлес қосты. Ол мал дәрігерлік фармакологиялық кеңестің ұйымдастырушысы, (фармакология саласындағы елеулі зерттеулердің жетекшісі, әрі кеңесшісі болған және мал дәрігерлік (фармакология саласында өте құнды оқулық жазып шыққан.
Қазақстанда малдәрігерлік токсикологияның дамуы бұрынғы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты, қазіргі Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің атымен байланысты. Бұл оқу орнында бұрындары «Фармакология және токсикология», қазіргі «Ішкі аурулар және фармакология» кафедраларында көптеген токсикологиялық және фармакологиялық ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірнеше құнды мақала-лар, монографиялар мен оқу құралдары жарық көрді. Бұл кафедраларда көптеген ғалымдар еңбек етті және әлі де еңбек етуде. Олардың қатарына ғылым докторлары, профессорлар Ә. М. Өтеновты, Н. А. Заманбековты, ғылым кандидаттары, доценттер С. А. Баратованы, СБ. Хвалибованы, В. К. Исакованы, Б. Д. Айтжановты, Е. М. Қорабаевты, Н. К. Көбдікованы, А. А. Байниязовты және тағы басқа да ардақты азаматтарды жатқызуға болады.
Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне дәуірлерден-ақ белгілі болған. Бұған дәлел осы заманға дейін сақталып келген ежелгі Греция мен Египеттің материалдық көне мәдени құралдарында адамдардың улы заттарды қолданғандығы жайлы бұлтартпас айғақтар бар. Ол заманда улар тек қана өлтіру мақсатында пайдаланылатын. Қоғамдық өмірдің дамуы мен көптеген елдердің экономикалық өркендеуі нәтижесінде улардың қолданылу аясы кеңейді. Қазіргі кезде улар ауыл шаруашылығының көптеген салаларында минералдық заттар және пестицидтер ретінде, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда да кеңінен қолданылады. Алайда, осы кезге дейін "Улар" атауға толық, ғылыми анықтама берілген жоқ. Тіптен осы заманның өзінде кейбір ғалымдар "у" деген атаудың нақтылы анықтамасы болуы мүмкін емес деп, тұжырымдайды.
Бұл ретте ұлы ғұлама-ғалымдардың "у" туралы, улы заттардың табиғаты жайында айтқан ой түсініктемелерін келтіре кетейік: "Өз табиғатында әсері өлімге соқтыратын заттардың барлығы да улар" (Әбу Әли Ибн Сина) ; "Улар - тіршіліктің құпия жақтарын черттеуге арналған нәзік құралдар"(И. Павлов) ; "Улар ірі ағзаға әсер етіп, оның қалыпты тіршілігін бұзатын, яғни уландыратын (токсикалық әсері) немесе тіршілік етуді тоқтататын заттар" (С. В. Аничиков) ; "У дегеніміз ағзадағы биохимиялық құбылыстардың қалыпты жағдайда өтуін бұзатын, сол арқылы физиологиялық қызметті әртүрлі дәрежеде тежейтін, тіптен, өлімге душар ететін табиғаты бөлек химиялық қосылыстар" (С. Н. Голиков) .
Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С. В. Баженовтың пайымдауынша удың жалпы биологиялық және токсикологиялық анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: "У дегеніміз тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат". Мысалы, ас тұзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы, ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Улану - жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у - себеп, улану -салдары.
Улы заттар ағзаға ас қорыту, тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға бөтен заттардың (ксенобиотик, xenos - бөтен) әсерінен болады.
1. 2 Улы заттар және олардың классификациясы
У немесе токсиндер дегеніміз: химиялық компоненттің организмге енгеннен кейінгі организмді уландыруы немесе өлімге әкеп соғуы. Удың әсер етуі химиялық құрамына, әсер етуіне, мөлшеріне, түрлі жолдармен енуіне, организмге әсер ету ұзақтылығына және организмнің күйіне байланысты.
Токсиндер химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Химиялық токсиндерге металдар (ртут, күкірт, мышьяк, сурьма, хром, никель, кобальт, күміс, кадиний), пестицидтер- хлор және фосфорорганикалық қосылыстар және радиоизотоптар- цезий 137, стронцид-90, иод 131 жатады.
Биологиялық токсиндерге: бактериалды - токсиндер, интеротоксиндер, микотоксиндер- афлотоксиндер, диацетоксиндер, пенолцитририн, токсиндер- бір клеткалы және көп токсинді балдырлар.
Токсиндер әсер ету ерекшелігіне қарай: нейротопты, генатотропты нефротропты, кардиотоксикалық, қандағы токсиндер болып бөлінеді.
Әсер ету ерекшелігіне қарай: аллергендер, эмбриотоксиндер, тератогендер, мутагендер, калцерогендер, иммунодепрессанттар
Улану химиялық заттардың әсер етуіне қарай: өте жіті, жіті, созылмалы
1 Өте жіті улану - белгілі бір аралығында өтеді (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін)
2 Жіті улану - өту аралығы 90 күнге дейін.
3 Созылмалы- өту аралығы жылдарға созылады. \
Патологиялық процестің өтуіне қарай: жергілікті және жалпы улану болып бөлінеді.
Жергілікті улану бір органның улануы- көз, тыныс оргондары, өкпе, ас қорыту органы.
Жалпы улану -бірнеше органдар немесе организмнің улануы.
2 Токсикодинамика- токсиндердің шоғырлануы және әсер етуі.
Уытты заттар үш түрлі әсер етеді:
1 Спецификалық рецепторлардың әсер етуімен организмдегі биохимиялық және физиологиялық өзгерістер.
2 Физико-химиялық әсер- нерв жүйелеріне әсер.
3 Тікелей химиялық әсер - химиялық заттардың әсерінен.
Токсикокинетика- токсиндердің организмге сіңірілуі, таралуы, биотрансформациясы және шығарылуы.
Организмге улы заттардың түсуінен пайда болатын аурулар уланулар деп аталады. Ондай улы заттар әр түрлі жолдармен түсуі мүмкін. Ауылшаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан өндірістің улы қалдықтарынан азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындағы улардан . Мұндай улы заттар азықтарды тамақтандыруға дұрыстап дайындамағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сақтап, дер кезінде бермегенде де пайда болуы ықтимал. Кей кезде улы заттар мал азығына дайын түрінде араласып кетуі де мүмкін. Мысал ретінде өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, дұрыс сақтамағанда олардың мал азығымен, сумен араласып, олар арқылы оргонизмге түсіп уландыруын келтіруге болады. Көп заттардың улылығы әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді оның оргонизмге түскен мөлшеріне басқа улы заттармен қоса әсер етуіне малдардың жалпы жағдайына кейбір өте күшті улы заттардың белгілі бір мөлшері емдік әсер ететіні ал оргонизмге зиянсыз кейбір заттардың көп мөлшері уландырып өлім жітімге ұшыратуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн.
Көптеген улы заттар сыртқы ортада өте жай ыдырайды да, олар топырақта, өсімдіктерде, малдардың, балықтардың аралардың оргонизмдерінде көпке дейін сақталады.
Малдар организмінің әр түрлі улардың әсеріне сезімталдығы олардың түр ерекшеліктеріне, әсіресе оргонизмнің жағжайына тікелей байланысты. Мысал ретінде белоктың, углеводтың, витамин мен минералды заттардың жетіспеушілігінің салдарынан зат алмасуы бұзылған оргонизмнің тезірек уланғыш келетінін келтіруге болады.
Улы заттардың оргонизмге тигізетін әсерінің негізі неде
Улы заттар оргонизм клеткаларымен түйілісіп оларға енгеннен кейін клетка протоплазмасымен байланысып олардың молекулалық құрылысын және қызметін бұзады. Бұл құбылыс оргонизмдердегі жалпы зат алмасу процесін өзгертіп оның негізгі-негізгі, өмірге қажетті процестерін бұзады. Улардың әсері жергілікті және жалпылай болып келеді. Олар жалпы оргонизмге рефлекс немесе қан арқылы әсер етуі мүмкін. Кейбір улар белгілі бір ағзалар мен тіндерге таңдамалы түрде әсер етулері де ықтимал. Улардың мал оргонизміне әсері негізгі бір заңдылыққа бағынады.
Клеткалар мен ағзаларға удың әлсіз әсері олардың қызметтерін қоздырады, орташа әсері- тітіркендіреді, қатты әсері - қинайды, әлсіретеді, өте қатты әсері- салдандырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz