Фосфорорганикалық қосылыстардан улану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Малдың уланулары пәнінен Фосфорорганикалық қосылыстардан улану
себептері, белгілері патанатомиялық өзгерістері мен сақтандыру
шараларыатанатомиялық өзгерістері мен сақтандыру шаралары тақырыбы бойынша
жазылған бұл курстық жұмыста аталған химиялық заттардың қасиеті,
организнің улануы, клиникалық белгілері, патанатомиялық өзгерістері, емдеу
және алдын алу шаралары қарастырылған курстық жұмыс 28 беттен тұрады.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі

Анықтамалар

ФОҚ - Фосфорорганикалық қосылыстар

ХОҚ - Хлорорганикалық қосылыстар

СОҚ- Сынапорганикалық қосылыстар

Пиретроидтар - құрамында циклопропан карбон қышқылының цинерин, пиретрин
секілді әсер етуші туындылары бар күрделі эфир

Авермектиндер - streptomyces avermitilis санырауқұлағынан алынатын өнім.

Ивермектиндер - авермектиндердің химиялық дереваты (ыдырау өнімі).

Фтор (Fluorum) F - қалыпты жағдайда өзіне тән иісі пар, ақшыл сарғыш
газ, галоген тобына жатады

Карбофос - азықтық, заттарың зиянды жәндіктер мен кенелерден,
жануарларды әртүрлі жәндіктертерден қорғауға арналған инсектоакарицид

Тиофос(паратион) – күңгір-қоңыр сарымсақ секілді, қою майлы сұйық түсті,
сарғыш-жасыл түсті эмульсия

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплектілігі.
МЖМБС 2.104 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің
классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық
қауіпсіздігі
МемСТ 26668 – 95 – Сынама алу
МемСТ 7636 – 85 – Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631–85– Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1Фосфорорганикалық қосылыстардан
улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 9
1.2ФОҚ-дың жанаса әсер ететін
препараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін
препарататтары ... ... ... ... ... . ... ... ... 12
1.4Фосфорорганикалық заттармен уланудың алдын алу шаралары ... ... ... .
16
1.5Фосфороорганикалық қосылыстармен улануларды анықтау ( ФОҚ ) ... ..16
1.6Улануды клиникалық
балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...18
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .23
3Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 28

Кіріспе

Халқымыздың өскелең талабын барынша қамтамасыз ету үшін көптеген шаралар
жүргізіліп жатыр. Осындай шаралар қатарына өсімдіктер мен жануарларды
әртүрлі зиянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен өсімталдығын
арттыру жатады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының үлкен жетістіктерге жетуі
түрлі тыңайтқыштарды, химиялық заттарды тиімді түрде қолдануына тікелей
байланысты.
Химиялық затттарды жүйелі түрде дұрыс қолдана білмесе, олар өсімдіктер
мен жануарларға және жалпы сыртқы ортаға уытты әсер етіп, айтарлықтай
зиянды әсерін тигізеді. Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер
организмінде жинақталып, жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша
өтуі мүмкін: топырақ - өсімдік - жануарлар - жануарлар өнімі -адам.
Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеуде токсикология ғылымының
маңызы өте зор.
Токсикология - улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар,
өсімдіктер, т. б.) тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ілім улы заттардың
табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан-жануарлардың улы заттарға деген
сезімталдығын, уланудын ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен
салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудын негізгі
клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар
уланудың алдын-алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік
тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.
Токсикология - гректің toxicon - жебе уы және logos - ілім, деген
сөзінен шыққан.
Ғылымның дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып-оркендеуі нәтижесінде
тірі ағзаға зиянды ( әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті.
Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте
күрделілене түсуде. Көптеген улы заттардың ауыл шаруашылығында кең
қолданылуы токсикологияның салалық бөлінуін қажет етті. Қазіргі замандық
өндірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтыну "өндірістік
токсикологияны" құруға негіз болды. Бұл саланың маңыздылығы сол, ол улы
заттардың адам ағзасына зияндылығын, жұмыс істеу шарттарын
белгілейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: пестицидтер әсерінен туындайтын улануларды
зерттеу

1 Негізгі бөлім
1.1Фосфорорганикалық қосылыстардан улану

Фосфорорганикалық қосылыстар (фОҚ) - фосфор қышқылының (фосфорлық,
пирофосфорлық, фосфорлы, фосфондық, фосфиндік, тио және дитио-фосфорлық
тиофосфорлы) күкірттік немесе азоттық туындылары. Олар инсектицидті,
акарицидті және фумигатты әсер етеді.
Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында ФОҚ-дың жанаса және жүйелі
түрде әсер ететін 25-тен аса түрлері бар.
ФОҚ- дың жанаса әсер ететі препараттары: хлорофос, ДДВФ, метафос, дифос,
этафос, циодрин, карбофос, диазинон, дурсбан, үшхлорлыметафос жүйелі түрде
әсер ететін препараттары: гардона, силикрон, токутион, фозалон, бутифос,
неоцидол, золон және жанаса-жүйелі әсер ететіндер: антио, фосфамид,
фталофос, гетерофос.
Көптеген фосфоорганикалық пестицидтер ағзаға терілік-резорбтивті (қанға
сіңу) әсер етеді. Мұндай препараттар: метилмеркаптофос, бутифос, циодрин,
тиодан.
ФОҚ-тар көбінесе мида, жұлында, өкпеде, жүректе, бауырда, бүйректе,
бұлшық еттерде жинақталады. Тотығу процестерінің әсерінен тиофос
фосфаколға, карбофос имидоксонға, диазинон диазоконға, антиофосфомидке,
метилнитрофоскаранитрокрезолға айналып, өздерінен де аса уытты қосылыстар
(метаболлиттер) түзеді.
Фосфоорганикалық қосылыстар өндірісте сұйық (органикалық ерітінділердегі
және судағы ерітінділері) және ұнтақ (дуст) түрінде шығарылып, қолданылады.
Жануарлар ФОҚ-дан ас қорыту және тыныс алу жолдары, тері арқылы уланады.
Сонымен қатар, уытты заттармен ластанған азықтарды, мал өнімдерін қолдану,
уланудың негізгі көзі.
Өсімдіктерді жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ-мен өндегенде, олар
өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырақтары арқылы барлық ұлпаларына
тарап, 30 күннен 60 күнге дейін өсімдік құрамында уытты әсерін сақтайды.
Өңделген өсімдіктерді осы уақыт ішінде қолдану ауыл шаруашылық малдары мен
жәндіктерге аса уытты. Ал жанаса әсер ететін препараттармен өнделген
өсімдіктерді 6 күнге дейін қолдануға болмайды. Бұл препараттар жанасу
нәтижесінде жәндіктердің хитин және балауыз қабықтары арқылы тез өтіп,
жаппай өлімге ұшыратады. ФОҚ жүйке жүйесін салдандырып әсер етеді. Яғни
жүйке жүйесі ферменті-холинэстеразаға тікелей, әлсірете әсер етіп,
нәтижесінде ағзада ацетилхолин шамадан тыс көп мөлшерде жинақталып, өзінің
уытты әсерін көрсетеді. Онымен қатар фосфорорганикалық қосылыстар стераза,
протеаза және пероксидаза секідді басқа да ферменттердің қызметін
әлсіретіп, қаталазаның белсенділігін күшейтеді. Кейбір ФОК тек М-
холинореактивті жүйеге әсер етсе, басқалары М-холинреактивті жүйеге ғана
емес, Н-холинореактивті жүйеге де әсер етеді.
Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне қарай
фосфорорганикалық қосылыстарды үш топқа бөледі:
Мускарин тәрізді ФОК-тармен уланғанда көрінетін клиникалық белгілер - миоз
(көз қарашығының тарылуы), бронхоспазма, сілекей ағу, шектен тыс терлеу,
ішектің жиырылуының күшеюі жәнс іш өту секілді белгілерімсн сипатталынады.
Никотин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - уланғанда қаңқа бұлшық етінің
треморы, аяқтардың дірілі, қан қысымының жоғарылауы, орталық жүйке
жүйесінің қозуы және салдануы сияқты белгілер көрсететіндер.
3 Кураре тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық еттерінің, соның
ішінде мойын, кеуде бұлшык еттері тонусының әлсіреуі сияқты белгі-лерімен
ерекшелінеді.
Көптеген фосфорорганикалық косылыстардың өткір, жағымсыз иісі
болады. Олар суда нашар, органикалық ерітінділерде (бензол, спирт, эфир
т.б.) жақы ериді. Судағы ерітінділерін сулы эмульсия
түрінде, белсенді жуғыш заттар ретінде қолданылады. ФОҚ-ға сезімтал
жануарлар: мүйізді ірі қара мал, қой-ешкі, сезімталдығы төмен: жылқы,
шошқа, тауықтар және үйректер.

1.2ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары

Дифос (биотион, абат, темефос, нимитокс) – ақ түсті кристаллы зат. Суда
нашар, толуолда жақсы ериді. Жылы қанды жануарларға уытты әсері әлсіз. ЛД12
тышқандар үшін 2000-2300 мгкг, қояндарға 970-1930мгкг. Шыбын-шіркей
личинкаларына, әртүрлі жәндіктерге қарсы қолданылады. Өсімдіктердің өсу
процессіне зиянын тигізетін жәндіктерге де айтарлықтай күшті.
Хлорофос (диптерекс, дилокс, тугон, негувон, рицифон) - ақ түсті, суда
және көптеген органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды ұнтақ. Мал
шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылатын, уытты әсері
төмен препарат. Мақтаның, күнбағыстың, жүгерінің, картоптың, қызылшаның
және т.б. дәнді-дақылдардың зиянкестеріне, онымен қатар жануарлардың
эктопаразиттеріне, оқыраға (оқалақ) қарсы пестицидтер ретінде қолданылады.
Жануарларға елтіре әсер ететін мөлшері: 300-500 мгкг, организмде жинакталу
дәрежесі (кумулятивтілігі) төмен. Ауыз арқылы енгізілген хлорофос, қанда 1-
3 сағаттан кейін байқалып, 3-5 сағаттан кейін несеп арқылы сыртка бөлінеді.
Тері арқылы әсер еткен хлорофостың, ауыз арқылы енгізілген түріне
қарағандағы уыттылығы төмен. Ашық жерде (далада) хлорофостың әсері 3-5 күн,
бөлме жағдайында 2 аптаға дейін сақталады.
Карбофос (мелатион, фостион, сумитокс) сұрғылт түсті, органикалық
ерітінділерде жақсы еритін, иісі шіріген тұрып (редька) иісі секілді,
жағымыз, қоюлау сұйықтық. Сумен нашар әрекеттеседі (еру дәрежесі жобамен
150мгл). Жануарлар үшін уыттылығы орташа. Кумулятивті әсер етеді, сілтілер
әсерінен құрамын бұзады. Малдардың жасына, түріне және жынысына қарай бұл
препаратқа сезімталдығы әртүрлі. Мысалы, карбофостың бұзауға уытты мөлшері
10-20мгкг болса, ірі малдар үшін 50-100мгкг. Өлтіре әсер ететін мөлшері
мүйізді ірі қара үшін 200мгкг болса, қойлар үшін 150мгкг. Карбофостың
100мгкг мөлшері балапандардың бұлшық еттерін әлсіздендіріп, 3 апталық
балапандарға өлтіре әсер етеді. Мөлшері (ЛД50) 200-400 мгкг, ал ересек
құстарға 150-200мгкг. Препараттың 1%-ды ерітіндісімен бұзауларды бүрку
(опрыскивание) оларды өлімге ұшыратса, ал құстарды карбофостың 1,25 %
ерітіндісімен немесе 4 % ұнтағымен (дустымен) шомылдырудың ешқандай зияны
жок. Карбофоспен өнделген шабындықтарда, оның иісі 25 күнге дейін
сақталынады.
Карбофос - азықтық, заттарың зиянды жәндіктер мен кенелерден,
жануарларды әртүрлі жәндіктертерден қорғауға арналған инсектоакарицид.
Тиофос (паратион) – күңгір-қоңыр
сарымсақ секілді, қою майлы сұйық түсті, сарғыш-жасыл түсті эмульсия. Сумен
қайнатқан кезде уыттылығы жоғарылайды. Малдар үшін уытты. Өлтіре әсер
ететін мөлшері 13-25мгкг. Тиофоспен өнделген жайылымдарға малдарды 20-25
күннен ерте шығаруға тиым салынады. Көкөніс зиянкестеріне қарсы
қолданылады.
Жануарлар ФОҚ-дан ас қорыту және тыныс алу жолдары, тері арқылы уланады.
Сонымен қатар, уытты заттармен ластанған азықтарды, мал өнімдерін қолдану,
уланудың негізгі көзі.
Өсімдіктерді жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ-мен өндегенде, олар
өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырақтары арқылы барлық ұлпаларына
тарап, 30 күннен 60 күнге дейін өсімдік құрамында уытты әсерін сақтайды.
Өңделген өсімдіктерді осы уақыт ішінде қолдану ауыл шаруашылық малдары мен
жәндіктерге аса уытты. Ал жанаса әсер ететін препараттармен өнделген
өсімдіктерді 6 күнге дейін қолдануға болмайды. Бұл препараттар жанасу
нәтижесінде жәндіктердің хитин және балауыз қабықтары арқылы тез өтіп,
жаппай өлімге ұшыратады. ФОҚ жүйке жүйесін салдандырып әсер етеді. Яғни
жүйке жүйесі ферменті-холинэстеразаға тікелей, әлсірете әсер етіп,
нәтижесінде ағзада ацетилхолин шамадан тыс көп мөлшерде жинақталып, өзінің
уытты әсерін көрсетеді. Онымен қатар фосфорорганикалық қосылыстар стераза,
протеаза және пероксидаза секідді басқа да ферменттердің қызметін
әлсіретіп, қаталазаның белсенділігін күшейтеді. Кейбір ФОК тек М-
холинореактивті жүйеге әсер етсе, басқалары М-холинреактивті жүйеге ғана
емес, Н-холинореактивті жүйеге де әсер етеді.
Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне қарай
фосфорорганикалық қосылыстарды үш топқа бөледі:
Мускарин тәрізді ФОК-тармен уланғанда көрінетін клиникалық белгілер - миоз
(көз қарашығының тарылуы), бронхоспазма, сілекей ағу, шектен тыс терлеу,
ішектің жиырылуының күшеюі жәнс іш өту секілді белгілерімсн сипатталынады.
Никотин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - уланғанда қаңқа бұлшық етінің
треморы, аяқтардың дірілі, қан қысымының жоғарылауы, орталық жүйке
жүйесінің қозуы және салдануы сияқты белгілер көрсететіндер.
3 Кураре тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық еттерінің, соның
ішінде мойын, кеуде бұлшык еттері тонусының әлсіреуі сияқты белгі-лерімен
ерекшелінеді.
Көптеген фосфоорганикалық косылыстардың өткір, жағымсыз иісі
болады. Олар суда нашар, органикалық ерітінділерде (бензол, спирт, эфир
т.б.) жақы ериді. Судағы ерітінділерін сулы эмульсия
түрінде, белсенді жуғыш заттар ретінде қолданылады. ФОҚ-ға сезімтал
жануарлар: мүйізді ірі қара мал, қой-ешкі, сезімталдығы төмен: жылқы,
шошқа, тауықтар және үйректер.

1.3ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін препарататтары

Гардона (тетрахлорвинфос, винфос, рабон, аппекс)- ақ түсті, суда нашар,
органикалық ерітінділерде жаксы еритін кристалды зат. Тышқандарға уытты
әсері төмен (ЛД5О-1900-5000мгкг), араларға орташа уытты әсер етеді.
Мақтаның және көкөністердің кеміргіш жәндіктеріне қарсы қолданылады.
Селекрон (профенос, куракрон ) - органикалық ерітінділерде жақсы еритін,
сумен әрекеттесуі нашар (еру дәрежесі 20мгл), ашық-сары түсті сұйық.
Тышқандарға орташа уытты - ЛД50 388мгкг, араларға және т.б пайдалы
жәндіктерге уытты әсер етпейтін, мақтаны, жүгеріні әртүрлі сорғыш, кеміргіш
жәндіктерден қорғау үшін қолданылады.
Токутион (протиофос) - толуол және циклогексанмен жақсы әрекеттесетін,
ал сумен әрекеттесу дәрежесі 1,7 мгл, ашық түсті, майлы сұйықтық.
Тышқандарға орташа уытты (ЛД50 925-966мгкг), араларға және жәндіктерге
уытты әсер етеді. Мақтаны зиянды жәндіктерден қорғау үшін қолданылады.
Трихлорметафос (фенхлорфос, тролен, роннел, нанкор) - хош иісті
көмірсуларда жақсы еритін, әлсіз-жағымсыз иісі бар, 30-50% эмульсия түрінде
шығатын, химиялық таза препарат. Бүрге, бит және кене секілді малдың
эктопаразиттеріне қарсы қолдануға ұсынылған инсектицид. Өсімдік
шаруашылығында фитоцид ретінде жиі қолданылады.
Бутифос (фолекс, мерфос) - суда жартылай, органикалық ерітінділерде
жақсы еритін, жағымсыз иісі бар, ашық-сары түсті сұйық. Мақта алқабына 1-2
кғга мөлшерінде қолданылатын, топыраққа сіңу жылдамдығы 2 аптаға созылатын
дефолиант. Малдар үшін орташа уытты. 40-60% эмульсия түрінде шығарылады.
Диазинон (базудин, эксодин) - түссіз, органикалық ерітінділерде жаксы
еритін, сумен нашар әрекеттесетін (еру дәрежесі 40 мгл) сұйык зат. Өте
уытты. Уыттылығына орай мүйізді ірі қараға қолдануға болмайды.
Қойлардың қотырына қолданылатын инсектицид.
Фосфамид (диметоат) - Би-58 деген атпен белгілі. Суда жәнс органикалық
еріткіштерде (ацетон, хлороформ және т.б.) жақсы еритін ақ түсті кристалл.
Өсімдіктерді зиянды жәндіктерден және кенелерден қорғау үшін препараттың
0,05-0,2% сулы эмульсиясын 0,5-2,5 мга мөлшерінде бүркіп қолданады.
Уыттылығы төмен инсектицид. ЛМ50 - ақ тышқандар үшін 140-220 мгкг.
Малдарға фосфамидтің төменгі мөлшерін (1,0 мгкг) қолданғанда ешқандай
улану белгілері байқалмайды. Бірақ препарат мөлшерін шамадан тыс
жоғарылатып қолданса (25-50 мгкг) өлім-жітімге ұшыратады. Азық құрамында,
жайылымдарда өзінің әсерін 30-40 күнге сақтайды. Азық құрамындағы шектеулі
мөлшері 2 мгкг.
Жоғарыда аталған ФОҚ- препараттарымен қатар, зиянды жәндіктерге қарсы
қазіргі уақытта төмендегі препараттар қолданылады: Актеллик (Фосбецид),
Лейбацид, Сумитион, Дурсбан (Дарсбан, Пиринекс, Сайрен), және тағы
басқалар.
Бұл препараттардың барлығы да жүйелі түрде әсер етеді. Әмбебап
пестицидтер ретінде фитоверм, агравертин, неорон секілді препараттарды
қолдануға болады.
Клиникалық белгілері. Фосфорорганикалық қарсылыстармен улану - өте жіті,
жіті және созылмалы түрде өтуі мүмкін.
Өте жіті түрінде орталық жүйке жүйесі зақымданып, тілдің салдануы,
сілекей ағу, миоз, экзофтальмия, бронхоспазм, дірілдеу, шектен тыс терлеу,
тремор және қан қысымының жоғарылауы секілді белгілермен сипатталынады.
Сонымен қатар, малдың аяқтары салданып, жүріс-түрысы өзгереді, жиі-жиі зәр
бөледі, есінен танып (кома), құлап қалады. Ауа жетпей тұншығу (асфиксия)
нәтижесінде 1-2 сағат ішінде мал өледі. Мысалы, хлорофос ерітіндісін дұрыс
қолданбау, яғни ыстық суда (90°С-градуста) ерітіп, 12-16 сағат өтпей тұрып
қолдану барысында болған улану іс жүзінде тіркелген. Бұл жағдайда хлорофос
өзінен 5-6 есе улы ДДВФ-қа айналып, малдар қолданылған жерді тілімен жалауы
арқылы уланады (оз терісін немесе екінші бір малды жалау арқылы). Улану
белгілері 15-20 мин кейін білінеді.
Жіті уланудының белгілері: мал тынысызданады, тітіркендіруге (дауысқа
немесе жары) қарсы реакциясы әлсірейді, терінің ауруға сезімталдығы
жойылады, қозғалыс координациясы бұзылып, мал жығылып қалады.
Жылқыларда ішектің түйілуі (колик), шектен тыс терлеу, тілдің астынғы
ерінінің салдануы иттер мен шошқаларда құсу сияқты белгілер байқалады.
Сауын малдарында кенеттен сүті тоқтап қалады, құстарда аяқтары, қанаты
салданып, айдары және сырғалығы көгеріп кетеді. Ауа жетпеу және орталық
жүйке жүйсінің салдануы нәтижесінде 24-28 caғат ішінде мал өледі.
Фосфамид (диметоат) - Би-58 деген атпен белгілі. Суда жәнс органикалық
еріткіштерде (ацетон, хлороформ және т.б.) жақсы еритін ақ түсті кристалл.
Өсімдіктерді зиянды жәндіктерден және кенелерден қорғау үшін препараттың
0,05-0,2% сулы эмульсиясын 0,5-2,5 мга мөлшерінде бүркіп қолданады.
Уыттылығы төмен инсектицид. ЛМ50 - ақ тышқандар үшін 140-220 мгкг.
Малдарға фосфамидтің төменгі мөлшерін (1,0 мгкг) қолданғанда ешқандай
улану белгілері байқалмайды. Бірақ препарат мөлшерін шамадан тыс
жоғарылатып қолданса (25-50 мгкг) өлім-жітімге ұшыратады. Азық құрамында,
жайылымдарда өзінің әсерін 30-40 күнге сақтайды. Азық құрамындағы шектеулі
мөлшері 2 мгкг.
Жоғарыда аталған ФОҚ- препараттарымен қатар, зиянды жәндіктерге қарсы
қазіргі уақытта төмендегі препараттар қолданылады: Актеллик (Фосбецид),
Лейбацид, Сумитион, Дурсбан (Дарсбан, Пиринекс, Сайрен), және тағы
басқалар.
Бұл препараттардың барлығы да жүйелі түрде әсер етеді. Әмбебап
пестицидтер ретінде фитоверм, агравертин, неорон секілді препараттарды
қолдануға болады.
Клиникалық белгілері. Фосфорорганикалық қарсылыстармен улану - өте жіті,
жіті және созылмалы түрде өтуі мүмкін.
Өте жіті түрінде орталық жүйке жүйесі зақымданып, тілдің салдануы,
сілекей ағу, миоз, экзофтальмия, бронхоспазм, дірілдеу, шектен тыс терлеу,
тремор және қан қысымының жоғарылауы секілді белгілермен сипатталынады.
Сонымен қатар, малдың аяқтары салданып, жүріс-түрысы өзгереді, жиі-жиі зәр
бөледі, есінен танып (кома), құлап қалады. Ауа жетпей тұншығу (асфиксия)
нәтижесінде 1-2 сағат ішінде мал өледі. Мысалы, хлорофос ерітіндісін дұрыс
қолданбау, яғни ыстық суда (90°С-градуста) ерітіп, 12-16 сағат өтпей тұрып
қолдану барысында болған улану іс жүзінде тіркелген. Бұл жағдайда хлорофос
өзінен 5-6 есе улы ДДВФ-қа айналып, малдар қолданылған жерді тілімен жалауы
арқылы уланады (оз терісін немесе екінші бір малды жалау арқылы). Улану
белгілері 15-20 мин кейін білінеді.
Уланудың созылмалы түрінде азыққа тәбеті жойылады, мал күйзеледі, бұлшық
еттерден тонусы әлсіреп, жүріс-тұрысы өзгереді, малдың салмағы төмендейді,
6-7 ай өткен соң, қойлардың аяқтары мен мойнының бұлшық еттері тартылып,
мойын бір жағына қисайып калады. Дене температурасы төмендеп, арықтау
нәтижесінде мал өледі.
Көптеген авторлардың айтуынша (А.В.Акулов, Г.П.Ясновой, 1966; Ф.П.Кохток
1970) уланудан өлген малды сойып зерттегенде, тіршілікке қажетті мүшелерде,
соның ішінде бауырда, бүйректе, өкпеде, жүректе, қалқанша және үйқы
бездерінде қан толулар байқалады. Сонымен катар, осы мүшелерде түйіршікті
дистрофия қалыптасады. Көкбауырда гемаглобин мөлшері көбейіп, бауыр
ұлпаларында гликоген азаяды. Осы корсеткіш-тердің барлығы ФОҚ-мен уланғанда
орталық жүйке жүйесі мен қан тамырларының закымдалынатынын білдіреді.
Химиялық-аналитикалық зерттеулер нәтижесі ФОҚ-дың мида және
паренхиматозды мүшелерде, лифа түйіндерінде және қойдың құйрық майында көп
мөлшерде, қанқа бұлшық етінде шамалы ғана жиналатындыгын көрсетеді
(Конюхов, 1980).
жүйке жүйесінін салдануының клиникалық белгілеріне, патологиялық-
анатомиялық сою нәтижесіне, ішек-қарындағы азық қалдықтарынан, май
үлпаларынан, мидан, бауыр және бүйректен, сонымен қатар, азық құрамынан
химиялық-токсикологиялық зерттеу барысында ФОҚ-ды табу арқылы баланады.
Зертханалық жағдайда тірі және өлген малдардың қан мен үлпалардағы
холинэстераза ферментінің белсеңділігін анықтау, салыстыру арқылы да
фосфорорганикалық косылыстарды балауға болады. ФОҚ-мен улануды сіреспе,
құтырық, Аусски ауруы, энцефалит секілді аурулардың клиникалық белгілерінен
айыруда жұқа қабатты және газды хромотография әдістерінің маңызы зор.
Емдеу. Фосфорорганикалық қосылыстармен уланғанда, алғашқы күндері
атропин сульфатының және платифилин препараттарының емдік әсері нәтижелі.
Антидот (у қайтарғыш) ретінде фосфолитин жеке түрінде немесе ТМБ-4
препараттарымен бірге колданылады. Жекеленген түрде ТМБ-4 препараттары ФОҚ-
дан уланған малдарға емдік қасиет көрсете алмайды, бірак фосфолитиннің
фосфорға қарсы белсенділігін арттырады, уланған малдың тез жазылуына
септігін тигізеді. Антидоттың емдік қасиеті оның уақытында қолданылуына,
малдың улану дәрежесіне байланысты.
Тропацин - синтетикалық атропин сияқты зат. Холиномиметикалық және
спазмолитикалық әсер етеді. М-холинорактивті жүйені әлсіретеді, көздің
қарашығын кеңейтеді, кеңірдектің, ішкі мүшелердің каң тамырларының бірыңғай
жолақты бұлшық еттерін босаңсытады. Сілекей, кеңірдек және ас қорыту жүиесі
бездерінің секрециясын баяулатады. Бұлшық етке еккендегі мөлшері: жылқыға
және ірі қараға - 1 мгкг.
Атропин сульфаты - перифериялық әсері басым холинолитикалық препарат.
Бұлшық етке еккендегі мөлшері: жылқыға- 1 мгкг, ірі қараға-0,5 мгкг.
Дипроксим (ТМБ-4) - холиноэстераза ферментін реактивизациялайды. Бұлшық
етке еккендегі мөлшері: жылқы, шошқа және қойға - 10 мгкг, ірі қараға - 2
мгкг.
Фосфолитин - сарғыш түсті, коймалжың түсті зат, 75 %- ды ерітіндісі
қолданылады. Бұлшық етке еккендегі мөлшері: жылқыға - 12,0 мл, ірі қараға
-10,0, қой мен ешкіге - 0,5 мл.
Бұл көрсетілген дәрілік заттардан басқа венаға 20 %-ды глюкоза
ерітіндісін Імгкг, 10 % кальций хлоридін мүйізді ірі қараға 150-200мл, қой-
ешкіге, шошқаға, иттерге тәулігіне 1-2 рет 15-20 мл мөлшерінде 2-3 күн
қатарынан егеді.
В, витаминнің 0,1 мгкг мөлшерін 1 мгкг аскорбин қышқылымен немесе 5
мгкг глюкозамен араластырып, ерітінді түрінде тері астына, қаңка бұлшық
етінің салдануын және әлсіздігін жою үшін егеді.
Ағза жоғалткан сұйықтықтың орнын толтыру үшін 1000 мл изотониялық ас
тұзы ерітіндісінен, 400 мг кальций хлоридінен, 400 мг калий хлоридінен, 80
мг тиамин бромидінен (В! витамині) және 1000 мг аскорбин қышқылынан тұратын
қоспа дайындап, мүйізді ірі қарага 2000 мл, бұзауларға 1000, кой-ешкілерге
500 мл беру жақсы нәтиже береді.
Жүрек жұмысын жақсарту үшін тері астына 20 %-ды кофеин натрий бензоат
ерітіндісін, мүйізді ірі қараға және жылқыға 3 г, кой-ешкіге 1 г егеді
1.4Фосфорорганикалық заттармен уланудың алдын алу шаралары

ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтердің қолдану, тасымалдау және
сақталу ережелерін қатаң сақтау шарт.
жанаса әсер ететін препараттармен өнделген азықтармен малдарды 6 тәуліктен
кейін азықтандыру және жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ препараттарымен
өңделген жайылымдарда 45 тәулік өтпейінше малдарды жаймау керек.
төмендегі препараттар азық құрамында көрсетілген қалдық мөлшерден аспау
керек - сүтті малдар мен жұмырткалағыш тауықтар үшін антио 2 мгкг,
бутифос 3 мгкг, дурсбан 0,2 мгкг, карбофос 2 мгкг. Ал бұл малдарға
берілетін азықтарды метафоспен өндеуге тиым салынады, тек семіртуге
арналған малдарға азыққа метафос мөлшері 0,5 мгкг, метилмеркаптофос 1
млкг, фосфомит 2мгкг, хлорофос 1 млкг мөлшерінде қосылып, беріледі.
Метилнитрофос және фталофос мөлшері семіртуге арналған малдардың азық
рационында 2 млкг-нан, сауын малдарға 1 млмг-нан аспау керек. - мал
суарылатын суларда ФОҚ-дын болмауы тиіс және мұндай жерлерде пестицидтерді
шашатын құрал-саймандарды жууға тиым салынады.
Жануарлардан алынатын шикізаттарды ветеринарлық-санитарлық, сараптау.
Фосфорорганикалық пестицидтермен өнделген азық-түліктерді, соның ішінде,
етке өткізілетін тауықтарды, 25 күн өтпейінше союға болмайды.
Пестицидтердің ең жогарғы калдық мөлшері (жкм): етте - абат (дифос)
1мгкг, амидофос (руэлен) және тролен 0,3мгкг, бойтекс 0,2мгкг; дурбсон
0,1 мгкг; жұмыртқада - абат 1мгкг болуы тиіс. Бұл азықтарда ДДВФ және
хлорофостын болмауы қажет. Жоғарыда аталған пестицидтердің ешкайсысының сүт
лоне сүт өнімдерінде кездесуіне тиым салынады.
Фосфорорганикалық пестицидтердің қалдық мөлшері 2-5 caғ. қайнатылған
еттің құрамында өз күшін жоймай, зертханалық жануарларға уытты әсер етеді.

1.5Фосфороорганикалық қосылыстармен улануларды анықтау ( ФОҚ )

Фосфорорганикалық қосылыстар ( ФОҚ) ауылшаруашылығында өсімдіктердің
жауларымен, қансорғаш қосқанаттылармен ( шыбын – шіркейлермен), тоғышар
жәндіктермен күресуде пестицидтер ретінде жиі қолданылады. ФОҚ қолданып
өңделген өсімдіктерде оның улылығы 3-5 күнге дейін сақталады.
Жалпы ФОҚ препараттары екі топқа бөлінеді: организмдерге бірден түйісу (
контакт ) арқылы және организмнің белгілі бір жүйесіне әсер ету арқылы
уландыру топтары.Бірінші топқа карбофос, хлорофос, метафос,
метилнитрофостар, ал екінші топқа октаметия,метилмеркаптофос, фосфамид,
бутифостар жатады. Екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФОҚ биохимиялық қасиеттері
Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылатын, уытты әсері төмен препарат
Улануды клиникалық балау
Мыс қосылыстарымен улану
Қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан улануының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Улануды емдеудің жалпы принциптері. Уланудың алдын алу
Малдардың улануы
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Пәндер