Мыс қосылыстарымен улану


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Малдың уланулары» пәнінен «Химиялық токсикоздар себептері, белгілері, патанатомиялық өзгерістері мен сақтандыру шаралары» тақырыбы бойынша жазылған бұл курстық жұмыста аталған химиялық заттардың қасиеті, организнің улануы, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу шаралары қарастырылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм

Сағ-сағат

Мм-миллиметр

Квт-киловольт

Кг-килограмм

СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат

О-градус

Мкм-микрометр

Км-километр

Т-тонна

М/с-метр/секунд

ПВС-поливинилді спирт

БӘБ- бақа әсер бірлігі

МӘБ - мысық әсер бірлігі

КӘБ -көккептер әсер бірлігі

ӘБ- әсер бірлігі

Анықтамалар

ФОҚ - Фосфорорганикалық қосылыстар

ХОҚ - Хлорорганикалық қосылыстар

СОҚ- Сынапорганикалық қосылыстар

Пиретроидтар - құрамында циклопропан карбон қышқылының цинерин, пиретрин секілді әсер етуші туындылары бар күрделі эфир.

Авермектиндер - streptomyces avermitilis санырауқұлағынан алынатын өнім.

Ивермектиндер - авермектиндердің химиялық дереваты (ыдырау өнімі) .

Фтор (Fluorum) F - қалыпты жағдайда өзіне тән иісі пар, ақшыл сарғыш газ, галоген тобына жатады

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 102 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплектілігі.

МЖМБС 2. 104 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 01-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің классификаторы (ЭҚТБӨК)

МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі

МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу

МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау

МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Нормативтік сілтемелер

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 9

1. 1 Фосфорорганикалық қосылыстармен улану . . . 9

1. 2 Хлорорганикалық қосылыстармен улану . . . 10

1. 3 Сынапорганикалық қосылыстармен улану . . . 12

1. 4 Мышьяктың қосылыстарымен улану . . . 13

1. 5 Мыс қосылыстарымен улану . . . 15

1. 6 Циан қосылыстарымен улану . . . 16

1. 7Жасанды пиретроидтар . . . 17

1. 8Авермектиндер және ивермектиндер . . . 19

1. 9Фтор және оның қосындылары . . . 20

2 Өзіндік зерттеу . . . 25

3Техникалық қауіпсіздік . . . 27

Қорытынды . . . 28

Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Халқымыздың өскелең талабын барынша қамтамасыз ету үшін көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Осындай шаралар қатарына өсімдіктер мен жануарларды әртүрлі зиянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен өсімталдығын арттыру жатады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының үлкен жетістіктерге жетуі түрлі тыңайтқыштарды, химиялық заттарды тиімді түрде қолдануына тікелей байланысты.

Химиялық затттарды жүйелі түрде дұрыс қолдана білмесе, олар өсімдіктер мен жануарларға және жалпы сыртқы ортаға уытты әсер етіп, айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді. Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер организмінде жинақталып, жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін: топырақ - өсімдік - жануарлар - жануарлар өнімі -адам.

Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеуде токсикология ғылымының маңызы өте зор.

Токсикология - улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар, өсімдіктер, т. б. ) тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ілім улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан-жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудын ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудын негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар уланудың алдын-алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.

Ғылымның дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып-оркендеуі нәтижесінде тірі ағзаға зиянды ( әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті. Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте күрделілене түсуде. Көптеген улы заттардың ауыл шаруашылығында кең қолданылуы токсикологияның салалық бөлінуін қажет етті. Қазіргі замандық өндірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтыну "өндірістік токсикологияны" құруға негіз болды. Бұл саланың маңыздылығы сол, ол улы заттардың адам ағзасына зияндылығын, жұмыс істеу шарттарын белгілейді.

Ол үшін, ауыл шаруашылығы өндірісін мейлінше жеделдету шараларын өндірістік механикаландыруды, кең көлемді химияландыруды дамыту қажет. Соның ішінде, өсімдіктің өсіп-жетілуін тездететін, өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттарды өндіру, оларды мейлінше кең қолдану ерекше талап етілетін жұмыс. Кең көлемді химияландыру жағдайында мал дәрігерлігі токсикологиясының маңыздылығы ерекше артып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты: химиялық токсикоздарды зерттеу

1 Негізгі бөлім

1. 1Фосфороорганикалық қосылыстармен уланулар ( ФОҚ )

Фосфорорганикалық қосылыстар ( ФОҚ) ауылшаруашылығында өсімдіктердің жауларымен, қансорғаш қосқанаттылармен ( шыбын - шіркейлермен), тоғышар жәндіктермен күресуде пестицидтер ретінде жиі қолданылады. ФОҚ қолданып өңделген өсімдіктерде оның улылығы 3-5 күнге дейін сақталады.

Жалпы ФОҚ препараттары екі топқа бөлінеді: организмдерге бірден түйісу ( контакт ) арқылы және организмнің белгілі бір жүйесіне әсер ету арқылы уландыру топтары. Бірінші топқа карбофос, хлорофос, метафос, метилнитрофостар, ал екінші топқа октаметия, метилмеркаптофос, фосфамид, бутифостар жатады. Екінші топтағы қосылыстар өсімдіктердің барлық бөліктерінде болады да 1-2 айға дейін улылығын сақтайды. Улы заттар малдардың ас қорыту, дем алу жолдары арқылы және терісі арқылы организмге түсіп уландырады. ФОҚ-ның организмде жинақталу, шоғырлану қасиеті бар. Олар әсіресе бауырда, өкпелерде, бұректерде, бұлшық еттерде және қанда жинақталады. Организмде олардың кейбіреулерінің улылығы жойылуы, ал кейбіреулерінің улылығы керісінше күшейе түсуі мүмкін. ФОҚ малдың сүті арқылы бөлінеді, әр түрлі тіндерде сақталады. Сондықтан адамдар, малдың төлдері уланған малдың сүті, еті арқылы да уланулары мүмкін.

Улы заттар негізінен жүйке жүйесіне әсер ету арқылы организмді салдандырады. Нерв жүйесінің ферменті холинэстеразаға әсер етіп организмде ацетилхолиннің шоғырланып жинақталуы арқылы уландырады. Әрбір ФОҚ-ның организмді уландыруы, белгілі бір жағдайға байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы октаметил, метафос, метилмеркаптофос - күшті; хлорметафос, карбофос, фосфамид, бутифос - орташа; хлорофос, метилнитрофос - әлсіз әсер ету арқылы уландырады. Бұл препараттарға жылқы, шошқа, құстардан гөрі күйіс қайыратын малдардың сезімталдықтары жоғары болып келеді.

Өлекседегі өзгерістер. Кілегей қабықтары көгерген, ми қабының тамырлары қанға толы, қанталаған, ісінген, өкпелар қанмен кернелген, эндокардтың, эпикардтың асты, ұйқы, қалқан бездері қанталаған. Көкбауыр қанға толы, бауыр ұлғайған. Жаңа сойылған өлекседен фоффор қосылыстарының иісі сезіледі. Созылмалы түрінде өлексе сарғайған. Ішкі ағзаларда да сарғайған бөліктері байқалады. Гистологиялық тексеруде паренхиматозды ағзаларда асқынған дистрофиялық өзгерістер болады. [4] .

Клиникалық белгілері. Малдардың улануы өте жіті, жіті және созылмалы түрлерінде кездеседі. Өте жіті түрінде орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылады, әсіресе вегетативті бөлігі көбірек өзгеріске ұшырайды. Аузынан сілеке ағады, бұлшық еттері тартылады, тұншығудың белгілері пайда болады. Ауру мал тұншығып бір-екі сағаттың ішінде өліп кетуі мүмкін.

Жіті түрінің басында мал тынышсызданып, қозғандығы байқалады, артынан қозғалысы бағытсыз, шатқаяқтап, бұлшық еттері тартылып ауру малдар әлсірейді. Демікпе пайда болады, жөтеледі, кілегей қабықтары көгереді, тұншығудың белгілері пайда болады. Көздің қарашығы тарылады, шошқалар мен иттер құсады. Ішектердің жиырылуы үдейді, іші өтеді, жиі-жиі зәр бөлінеді. Жылқылар терлейді, шаншудың белгілері білінеді. Аузынан сілекей, көзінен жас ағады. Құлақтарының ұшы мен құйрықтары суиды. Ол ауру малдың өлерінің белгісі.

Созылмалы түрінде жіті түріндегі белгілері көмескілеу болып бөлінеді. Кілегей қабықтары мен тері сарғаяды, мал әлсіреп арықтайды.

Қанның құрамында өзгерістер байқалады. Холинэстеразаның белсенділігі төмендейді. Сиырлар сүт беруді тоқтатады. Сүтпен ( қайта қалпына келгенде ) ФОҚ бөлінеді. Ондай сүтті ішуге болмайды.

Емі. Аурудың басында еттің ішіне атропин немесе платифилин жібереді. Антидот ретінде еттің ішіне фосфолитинді жіберуге болады. Оны ТМБ-4 препаратымен қосып жібергеннің нәтижесі жақсы. 75 % фомфолитіннің судағы ертіндісі мен 20 % ТМБ - 4 ертіндісінен жұмыс ертіндісін жасап ірі малдарға 12-15 мл., ұсақ малдар мен шошқаларға 1-1, 25 мл. мөлшерінде еттің ішіне жібереді.

Венаға 20 % глюкоза ертіндісін және 10 % хлорлы кальций ертіндісін жіберуге болады. Терінің астына кофеин және басқа да жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер қолданылады. [3] .

Уланудың созылмалы түрінде салданып, арықтанған малдарды витаминмен емдеген дұрыс. В 1 витаминіне аскорбин қышқылын қосып тері астына жібереді.

Сақтандыру шаралары.

1. Фосфорорганикалық препараттар қолданылған жерге малдарды 6 күн өтпей жаймау;

2. Дәнді дақылдарды оларды жинауға дейін 6 жұма бұрын ФОҚ- мен өңдеуді жүргізуге болатынын ескеру керек;

3. Қалыптан тыс мөлшерде ФОҚ-сы бар жемді малға бермеу;

4. Сулардың, жайдымдардың, жалпы мал фермаларының маңайының ФОҚ-мен ластануын болдырмау;

5. Суды, мал азықтарын мезгіл-мізгіл ФОҚ-ның бар-жоғына тексеріп отыру керек.

6. Малдарды ФОҚ-мен емдегенде ( хлорофос) мал мамандары жеке бастың гигиенасын қатаң сақтауды естен шығармағандары дұрыс.

1. 2 Хлороорганикалық қосылыстармен уланулар ( ХОҚ )

Хлорорганикалық қосылыстар инсектицидтер, акарицидтер ретінде кеңінен қолданылады. Бұл қосылыстардың ерекшеліктері - олардың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі. Мысалы, олар топырақта да ХОҚ-лар топырақта, суда біртіндеп жинала беруі де адамдаржың, малдардың өмірлріне қатер туғызады. Бұл препараттардың осы қасиеттерін ескере отырып, өте төзімді ХОҚ-ны ( ДДТ, альдрин және т. б. ) қолдануға соңғы кезде тиым

Ауылшаруашылығында жиі қолданылатын ХОҚ-ға гексахлоран, полихлорпинен, полихлоркамфен, гептахлор және т. б. жатады. ХОҚ-лар ұзақ уақыт аз мөлшерде түскенде де улану болуы мүмкін. Мұндай улану арық малдарда жиі кездеседі. Майлы тіндердің улы заттарды ұстап қалатын қасиеті бар. Төлдердің аналық малдың сүті арқылы да уланулары мүмкін.

Тәжірибе жүзінде малдардың улануы оларды осындай препараттармен өңделген азықтармен қоректендіргенде болады.

Даму процесінде улы заттардың майлы тіндерде шоғырлануы өз ерекшелігін білдіреді. Сондықтан да олар көбінесе нерв жүйесіне әеср етеді де уланған малдарда қозу, салдану, жүрек жұмысының бұзылуы байқалады.

Жалпы барлық ХОҚ-ты препараттар жан-жақты әсер ететін улар. Олардың көптеген әсерлері әлі толық зерттелмеген. [5] .

Өлекседегі өзгерістер. Бірден көзге түсетін өзгеріс ас қорыту жүйесінің ағзаларының кілегей қабығының қабынуының белгілері де жиі байқалады: шелдің қанталауы, кеңірдектің, бронхылардың, плевраның кілегей қабықтарының қанталануы, өкпенің шоғырлануы, бауыр мен бүйректердің үлкеюі.

Созылмалы түрінде бауырда, бүйректерде майлы дегенерация, көкбауырда атрофия.

Клиникалық белгілері. Малдардың түрлерінен, сезімталдығына, әсер ететін ХОҚ-тың улылығына байланысты уланудың клинакалық белгілері де әр түрлі болып келеді. Улылығы күшті препараттармен уланғанда малдардың тынышсызданғаны, қорқақтығы, көп қозғалысының бағытсыздығы, бұлшық еттердің тартылуы, дем алыс пен жүрек соғысының жиілеуі байқалады. Жылқыларда сілекей ағу, жиі-жиі зәр шығару, терлеу, аз-аздан нәжіс бөлу байқалады. Ірі қара малдардың күйіс қайыруының әлсіреуін, алдыңғы қарншақтардың жиырылуының әлсіреп тоқтауын, месқарынның түсін сипаттағанда аурысынғандықтың байқалуын анықтауға болады. Ішектердің жиырылуы үдейтін көрінеді.

Емі. Рационнан ХОҚ-лар бар-ау деген азықтарды алып тастау керек. Одан кейін ас қорыту жүйесін тазалайды. Ол үшін іш өткізетін тұзды қосылыстарды қолданған жөн. Өсімдік майларын қолданбайды, олар ХОҚ-ны ерітіп, олардың әсерін керісінше үдете түседі.

Бұлшық еттердің тартылуына қарсы дәрілер қолдану керек. Ол үшін натрий барбитуратын қолданған жөн.

Глюкоза мен кальцийдің борглюконат ертіндісін венаның ішіне жібергеннің нәтижесі жақсы. Күйіс қайыратын малдарға ауыз қуысы арқылы спирт, басқа малдарға венасына хлоралгидрат жібереді. Сондай-ақ аурудың белгілеріне қарсы емдік шараларды қолдану керек.

Сақтандыру шаралары. Қалыптан артық ХОҚ-сы бар азықтарды рационнан алу. Бордақта тұрған малдарға құрамында ХОҚ-лар бар азықтарды беруді бордақылау аяқталғанға 1, 5-2 ай қалғанда тоқтату, ХОҚ - мен өңделген жерлерге малдарды жаюға қатал тиым салу, ондай жерлерден белгілі бір уақыт өтпей мал азығын дайындамау мәселелерін дұрыс шешу керек.

1. 3Сынапорганикалық қосылыстармен уланулар ( СОҚ )

Күшті фунгицидтік және бактерицидтік қасиеттері бар сынапорганикалық қосылыстар дәнді дақылдардың дәндерін өңдеу шін кеңінен қолданылады. Олардың ішінде гранозан маен меркуранды жиі қолданады.

Гранозан 2-2, 5 % этилмеркурхлорид пен тальктен тұратын қосылыс. Тальк толықтырушы заттың қызметін атқарады. Дәндерді құрғақтай өңдеу үшін қолданылады. Ондай дәннің улылығы көпке дейін сақталады, тіпті сумен жуғанда да кетпейді, себебі оның басқа препараттарға қарағанда фунгицидтік әсерінің күштілігі.

Меркуран 2 % этилмеркурхлорид пен 12 % гексахлораннан тұратын қосылыс. Толықтырушы зат ретінде ақбалшық пен тальк қолданылады. Мұнда гранозан мен гексахлоранның әсерлері қатарласа жүреді де, арам шөптерді өсірмеуге жақсы әсер етеді.

Сынаптың барлық қосылыстары малдар шін өте улы болып келеді және организмде жинақталу ( кумулятивті ) қасиеттері бар. Организмге түскен СОҚ-тар жаргілікті және жалпы әсер етеді. Сынап клеткалардың протоплазмасындағы белоктармен қосылып альбуминаттар түзеді. Олар өз концентрациясына байланысты қатты тітіркендіру, күйдіру, байланстыру арқылы әсер етеді.

СОҚ организсмде әр түрлі ағзалар мен тіндерде шоғырланады, әсіресе қанда, бауырда, бас мида көбірек мөлшерде кездеседі. СОҚ-мен уланғанда бас ми мн жұлын, бауыр мен бүйректер жарақаттанады. Жалпы әсері - бауыр мен бүйректерде дегенеративті өзгерістер болады, қанда эритроциттер азаяды.

СОҚ организмнен зәр, сілекей, өт және басқа да ас қорыту жүйесінің бездерінің секреттері арқылы өте жай бөлінеді. Мысалы сүт беретін малдардың организмдерінен 2-3 жұмада бөлінеді, ал бауырда бірнеше ай сақаталуы мүмкін. [4] .

Ауылшаруашылық малдарының ішінде СОҚ-ға күйіс қайыратын малдар өте сезімтал келеді. Шошқалар мен құстардың ішінде СОҚ-ның тін белоктарындағы сульфгидриль топтарын істен шығарады, әсіресе тиол ферменттері - гексокиназалар, дегидралазалар, фосфатглюкомутазалар, липазалар, уреазалар, кофермент А және басқалары өз қызметтерін ақтара алмайды да, организмде зат алмасуы бұзылады.

Өлекседегі өзгерістер. Ұлтабардың кілегей қабығында қызарған нүктелер және ісінгендігі байқалады. Ащы ішек қан-сөлсіз, кілегей қабықтары домыққан, қалыңдаған. Бүйен ішекте қабынудың ауыр түрі: қанталаған, өлі еттенген. Бауырда қан азайған, көлемі үлкен. Бүйректерде нефроз, нефросклероз. Жүрек еті майланған. Қан қошқыл түсті, ұйуы нашар. Кейде барлық ағзалардың да қанталағаны байқалады. [2] .

Құстардың қабақтары, көздің маңайындағы терілері ісінген, жемсаудың тұсында, кейде төс сүйегіне дейін тері асты серозды инфильтраты. Безді асқазан мен 12 тұтам ішіктің кілегей қабықтары қабынған, қанталаған. Әсіресе ащы ішекте. Аналық жыныс безі мен жатыр түтігі қатты қабынған. Кей кезде сары уызды перитонит.

Клиникалық белгілері. Клиникалық белгілері организмге СОҚ-лар түскеннен кейін біраз уақыттан кейін барып білінеді. Алғшқы белгілері жүйке, ас қорыту, жүрек қан тамырлары жүйелерінің жұмыстарының бұзылыуымен сипатталады. Уланған мал әлсіз, жабырқау, дірілдеп-қалшылдап ( тремор), аяғы салдануға апарып соғады. Тамаққа қарамайды, сілекей ағу молая түседі, шошқалар құсады. Дем алысы қиындайды, тамыр соғысы жиілейді. Ішектер жиі, қатты жирылады, іші өтеді, нәжіс жиі-жиі бөлінеді. А дегенде зәр көп бөлінеді де артынан азайтып, тіпті бөлінбей қалуы да мүмкін ( анурия) . Зәрдің түсі қошқыл. Онда белок, қан, бүйрек эпителий клеткалары, цилиндрлер болады.

Созылмалы түрінде мал арықтайды, терілері жарақаттанады, қышыма пайда болады, қозғалысы бағытсыз, бұлшық еттері тартылып, салдану байқалады.

Барысы жіті және созылмалы түрде болады. Жіті түрінде мал 10-15 тәулікте өліп кетуі мүмкін. Созылмалы түрінде бірнеше жұма, айлар аурыған мал арықтап барып өледі.

Анықтау. ауру мал туралы деректерге, клиникалық белгілеріне, өлекседегі өзгерістерге көңіл аударады. Малға берлген жемдегі, асқазанның жынысындағы, бауыр мен бүйректердің тіндеріндгі сынаптың бар жоғын лабораториялық зерттеудің нәтижесі жақсы. [5] .

Емі. Ең әуелі асқазанды тазалап жуу керек. Жуатын суға көмірді, күйдірілген магнезийді қосып жіберсе тіпті жақсы. Ауыз қуысы арқылы сүт, жұмыртқа, кілегейлі қайнатпалар береді. Антидоттар береді. 40 % глюкозаны, 10 % хлорлы кальций ертінділерін қолданады. Жүрек дәрілерінен кофеин, коразол т. б. жібереді. Терінің астында 5 % унитол ертіндісін 10-20 мг/кг мөлшерінде жібереді. Ауыз қуысы арқылы натрий тиосульфитін бергеннің нәтижесі жақсы. Венаға мыс және тері астына атропин жібереді, ауыз қуысы арқылы 0, 5 % - ті танин ерітіндісін ( 2-3 л) береді.

Сақтандыру шаралары. Ұсыныстар мен нұсқаулардың дұрыс орындауларын қатал қадағалау керек. Малдар мен құстарға СОҚ-мен өңделген жемді беруге тиым салынады. Өңделген дәндер салынған ыдыстар ( қаптар) белгіленулері керек. Артынан ол ыдыстар сода ертіндісінде қайнату арқылы залалсыздандырылады. Жалпы құрамында сынап бар пестицидтерді сақтау ережесін бұлжытпай орындау керек. [2] .

Құрамында сынап бар дәрілерді емдік ретінде малдәрігерлерінің рұқсаты бойынша ғана қолдану керек.

1. 4Мышьяк қосылыстармен уланулар ( МҚ )

Мышьяктың қосылыстары ауылшаруашылығында шыбын-шіркейлерге, кемірушілерге қарсы кеңінен қолданылады. Олардың ішінде жиі қолданылатындары мышьяк ангидриді мен арсенаттар.

Дамуы. Малдардың уланулары улы зат ас қорыту жүйесіне түскенде, тіпті теріге тигенде де болуы мүмкін. Ол қосылыстар тері арқылы жақсы сіңеді. Организмге түскен МҚ-нан мышьяк ( мышьяковистая) қышқылы ( H 2 ASO 3 ) түзіледі. Ол жақсы ериді де, жақсы сіңеді. Улы зат тиген жеріне жергілікті және қан арқылы жалпы әсер етеді. Жергілікті тиген жерінің кілгей қабығының капиллярларын салдандырады. Олар кеңейіп, өткізгіштік қабілеті артады. Кілегей қабықтары қанталап, өлі еттеніп кей жерлерінде жара пайда болады. Артынан жалпы ас қорыту түтігінде қабыну процесі дамиды.

Қанға сіңген мышьяк бауырда бүйректерде, бұлшық еттерде, жүрек етінде және теріде шоғырланады. Оның организмге әсері фермент жүйесіндегі сульфгидриль тобын істен шығару арқылы тіндердегі тотығу процесін бұзумен сипатталады. Осының салдарынан тіндерде дистрофия процесі дамып, аяғы өлі еттенуге ( некроз ) дейін барады. Нерв элементтеріне жткен мышьяк жеке нейрондарды, нерв талшықтарын талқандайды, салдану пайда болады. Нерв жүйесіне ерекше әсері аз мөлшерде симпатикалық жүйені қаозыдыры, көп мөлшерде оны салдандырыуында. МҚ-мен уланудың «жасырын» уақыты бар. Ол қосылыстардың организмде еруінің жылдамдылығына байланысты болып келеді.

Өлекседегі өзгерістер. Ас қорыту жүйесінің ағзаларында қанталаған қабыну процесінің белгілері. Асқазан мен ішектерде кейде жаралар пайда болады. Паренхималы ағзаларда да әр түрлі-нүктелі, жолақты қанталағандық байқалады. Бауыр, бүйректер, жүрек еттері сарғыш түсті, клеткалары өзгерген. Кейде бауырдың көлемі кішірейеді. Құрсақ қуысында қанды сарысу.

Клиникалық белгілері. Улану жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрі өте ауыр болады. Оның екі түрін ажыратады: асқазанды және салдану. Ауыздан сілекейдің ағуы мол, құсатын малдар құсады, жұтыну қиындайды, күйіс қайыратын малдардың месқарыны кебеді, іш жағын сипалағанда ауырсынғандық байқалады. Еттері дірілдеп, қозғалыстары өзгереді, шаншу, еттердің тартылуы, салдануы білінеді. Басында нәжіс қатып қалады да артынан барып іші өтеді. Нәжісте кілегей, қан аралас болады. Зәрдің бөлінуі жиілейді, онда белок, қан элементтері кездеседі.

Жүректің жеткіліксіздігі үдей түседі: тамыр соғысы әлсіз, жиі, қанның қысымы төмен, демікпе анық білінеді, құлақтары, аяқтары суиды. Қан қоюланып ондағы гемлглобин мен эпитроциттер көбейген болып көрінеді. Уланған мал толықсып ( коллапс) 4-10 сағаттың ішінде өліп кетуі мүмкін. [4] .

Салдану түрінде ( ол әсіресе мышьяк тері арқылы сіңгенде байқалады ) нерв жүйесінің қызыметінің өзгергені анықталады. Уланаған мал әлсірейді, көбінесе жата береді, тұра алмайды. Ауық-ауық бұлшық еттердің тартылып, салдануы байқалады. Жалпы салданудың мал 3-7 күнде өліп кетуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыр металл тұздарынан улану
Жануарларды мыс қосылыстарымен улануы
Элементтің аты
Жануарлардың қорғасын қосылыстарымен улануы
Мышьяк қосылыстарымен интоксикацияны емдеу
Уларды клинкикалық балау
Ветеринарлық-санитарлы экспертиза
Қорғасын қосындыларынан улану
Фтор және оның қосылыстарымен улану кезінде жүргізілген токсикалық анализ
Химиялық заттардан уланулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz