Мочевина туындыларымен улану


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Малдың уланулары» пәнінен «Зооцидтерден улану себептері, белгілері, патанатомиялық өзгерістері мен сақтандыру шаралары» тақырыбы бойынша жазылған бұл курстық жұмыста аталған химиялық заттардың қасиеті, организнің улануы, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу шаралары қарастырылған курстық жұмыс 24 беттен тұрады.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм

Сағ-сағат

Мм-миллиметр

Квт-киловольт

Кг-килограмм

СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат

О-градус

Мкм-микрометр

Км-километр

Т-тонна

М/с-метр/секунд

ПВС-поливинилді спирт

БӘБ- бақа әсер бірлігі

МӘБ - мысық әсер бірлігі

КӘБ -көккептер әсер бірлігі

ӘБ- әсер бірлігі

Анықтамалар

Карбамид немесе синтетикалы мочевина [(NH 2 ) 2, Со] -суда жақсы еритін, құрамында 46 % -тей азот бар, қышқыл дәмді, иіссіз зат.

Азот - (Nitrogenium), N - жер шары атмосферасын құрайтын газ тәрізді заттардың ішінде бірінші орын алатын газ (75. 5%) .

Гербицидтер арам шөптерді жою үшін қолданылатын жеке дара улы химикаттар тобына жатады.

Пиретроидтар - құрамында циклопропан карбон қышқылының цинерин, пиретрин секілді әсер етуші туындылары бар күрделі эфир.

Авермектиндер - streptomyces avermitilis санырауқұлағынан алынатын өнім.

Ивермектиндер - авермектиндердің химиялық дереваты (ыдырау өнімі) .

Фтор (Fluorum) F - қалыпты жағдайда өзіне тән иісі пар, ақшыл сарғыш газ, галоген тобына жатады

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 102 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплектілігі.

МЖМБС 2. 104 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 01-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің классификаторы (ЭҚТБӨК)

МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі

МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу

МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау

МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Мазмұны

Аннотация

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Нормативтік сілтемелер

Кіріспе . . . 7

1Негізгі бөлім . . . 8

1. 1Зооцидтермен улану . . . 8

1. 2Мочевина туындыларымен улану . . . 12

1. 3Хлораттармен улану . . . 13

1. 4Фенол туындыларымен улану . . . 14

1. 5Азықтың құрамындағы нитратпен улану . . . 17

2 Өзіндік зерттеу . . . 19

3Техникалық қауіпсіздік . . . 24

Қорытынды . . . 25

Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 26

Кіріспе

Зооцидтер- қора жайылымдарда, қамбаларда және егістіктерде тышқан тәрізді кеміргіштерге қарсы қолданылатын препараттар. Зооцидтер химиялық құрамына байланысты 2ге бөлінеді: Органикалық зооцидтерге- зоокумарин, ратиндан, бактокумарин, крисыд, глифтор және т. б жатады. Бейорганикалық зооцидтерге- барий карбанаты, мырыш фосфиті және т. б. Олардың ішінде зоокумарин, бактокумарин, ратиндан, мырыш фосфиті кеңінен таралған. Олардан улану көбінесе шошқалармен құстарда жиі кездеседі, сонымен қатар уланған кеміргіш өлекселерді жеген ит- мысықтар кездеседі.

Зоокумарин - ақ түсті, иіссіз, дәмсіз, суда нашар ериді, спиртте, ацетонда жақсы ериді, ұзақ сақталатын ұнтақ . Өте уытты. Зоокумарин -кумулятивті антикоагулянт, өсімдіктерге ұқсас, қанның ұюын төмендетеді.

Бактокумарин- құрамында зоокумариннің натрилі тұзы және сүзек ауруының бактериалды культураларымен өңделген дәндерден тұратын кешенді препарат, зооцид ретінде жиі қолданылады, ауыл шаруашылық малдары үшін қауіптілігі онша емес.

Қанның ұюын нашарлатады, ақ түсті, иіссіз, кристальды ұнтақ, уытты әсері бар. Күшті әсер ететін кумулятивті зооцит. Әсер етуі мен емі зоокумаринге ұқсас.

1 Негізгі бөлім

  1. Зооцидтермен улану

Қора-жайларда, қамбаларда және егістіктсрде тышқан тәрізді кеміргіштерді жою үшін көптеген химиялық препараттар қолданылады. Олардың ішінде көмірқышқылды барий, зоокумарин, бактумарин, ратиндан, мырыш фосфиді кеңінен тараған. Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда жиі кездеседі, сонымен қатар, ит-мысықтар кеміргіштермен уланған өлекселерді жегенде кездеседі.

Көмірқышқылды барий, барий карбонаты, ВаСО-сумен спиртте нашар еритін, дәмі жоқ және иіссіз ақ түсті ұнтақ коөірқышқылды барийдің зооцид ретінде уыттылығы жоғары емес дегенмен, көмірқышқылды барий кей кездерде малдарда улану туғызуы мүмкін.

Оның құстар үшін уытты мөлшері 0, 4-0, 7 г, ал тышқандар үшін 0, 12-0, 2 г. Көмірқышқылды барийдің тұз қышқылымен әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді өте уытты. Ірі қара мал үшін өте уытты мөлшері 15-30г болса, ал қой мен шошқалар үшін 5-15г.

ІІатогенезі. Қарында барии карбонаты мен тұз қышқылының әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді кілегейлі қабық арқылы қанға тез сінеді.

Барий иондары ішкі мүшелердің бірінғай саласы бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, ал жүрекке оймақ гүл тәрізді әсер етеді. Осыған байланысты жүрек-қан тамыр, ас қорыту жүйесі қызметі бұзылады.

Клиникалық белгілері. Әртүрлі малдарда көп жағдайда бірдей белгілері байқалады. Яғни, үрейлену, кілекей ағу, құрсақ қуыстарында ауырсынулар, жалпы қозу, іш өту, жұтынудың қиындауы, бұлшық еттердің дірілі, тыныс алудың бұзылуы, талықсулар байқалады. Өте жіті түрінде жүректің салдануынан аяқ асты өлім тууы мүмкін, ал құстарда уланулардың ешқандай белгілері байқалмайды, өлімге ұшырау аз кездеседі.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Негізігі ішектің, қуыктың және жүректің систола кезінде омырылуымен сипатталады. Кілегейлі қабықта нүктелі қанталаулар кездеседі. Сонымен қатар, өте созылмалы түрінде ішкі мүшелердін дистрофиялық өзгерулерін байқауға болады.

Балау - қиын. Шешуші мәліметті химико-аналитикалық тексеруден кейін алуға болады.

Емі. Антидот ретінде қолданылатын натрий немесе магний сульфатының 1 %-ды ертіндісімен қарынды тазалап алып, артынан көп мөлшерде сумен араластырып ішке береді. Сонымен ішке мүмкіндігінше 5-10%-ды натрий сульфаты ерітіндісін ішкізіледі. Улануды жылдам емдеу мақсатында кілегейлі заттар мен сүт берген жөн.

Зоокумарин (варфарин) - ақ түсті, иіссіз, дәмсіз, суда нашар, спиртте, ацетонда жақсы еритін, ұзақ сақталынатын ұнтақ. Зоокумарин - өте уытты. Оның 6 мг/кг мөлшері итті, 50 мг/кг - күйіс қайтаратын малдарды, 1-1, 2 мг/кг шошқаларды өлімге ұшыратады.

Зоокумарин - кумулятивті антикоагулянт, әсіресе өсімдіктерге ұқсас, қанның ұюын төмендетеді. Патогенезі, клиникалық белгілері патологиялық-анатомиялық өзгерістері, емі түйежоңышқамен уланғанға ұксас.

Бактокумарин - құрамында зоокумариінің натрилі тұзы және сүзек ауруының бактериалды кулътураларымен өнделген дәндерден тұратын кешенді препарат, ретінде жиі қолданылады, ауыл шаруашылық малдары үшін қауіптілігі онша емес.

Қанның ұюын нашарлататын препараттар қатарына ақ түсті, иіссіз, кристаллы түйіршікті ұнтақ дифиназинді де жатқызуға болады. Олар 0, 5% немесе 0, 18%-ды ұнтақ түрінде шығарылады. Өте уытты әсер етеді. Тышқандар үшін ЛД-63, 4 мг/кг. Күшті әсер ететін кумулятивті зооцид. Әсер етуі мен емі зоокумаринге ұқсас.

Басқа топ қосындылары Бромды метил (бромды метил) - инсектицид немесе зооцид ретінде қолданылады. Ұшпалы түссіз, органикалық қосындыларда еритін, ал суда ерімейтін сұйықтық. Ыстық температурада бромды сутегіне онай айналады. Сонымен бірге тұқымдық дәндерді, элева-торды, кемелерді фумигациялау үшін қолданылады.

Бромды метил өте уытты заттар қатарына жатады. Жануарлардың ағзасына түскен бромды метил орталық жүйке жүйесін белсендіріп, бауыр, бүйрек, өкпе жұмысын жақсартады.

Токсикологияда бромды метилдің рөлін метаболизма заттар атқарады (құмырсқа қышқылы, метанол, формальдегид, бромид.

Бромды метилдің әсерінен ақзаттардың функционалды топтарының белсенді метилдердің болуы. (сульфгидрильді, амидті) жануарлар организміне негізінен тыныс алу мүшелері арқылы келеді. Орта өлімді көпцинтрацил тышқандар үшін 30 минутта-6, 6 г/м, антилман үшін 11 г/м, қояндар үшін 29 г/м.

Уланудың патогенезінде маңызды рөлді қышқылды қайта қалпына келтіру және организмнің нейтроэндрокринді регуляциясының бұзылуы алады. Бромды метил негізінен ақзаттардың функционалды топтары мен ферменттерді метилдейді. Бұл уытты концентрациялы препарат (бос сульфгидриль және карбон) қан мен бауырда бос сульфгидриль және карбоксил топтарының мөлшері төмендейді.

Клиникалық белгілеріне келетін болсақ, малдың күйі төмендеп, тәлтіректеп жүреді, талықсу мен жүрек жұмысы әлсіреп, көздің кілегейлі қабығының қабынуы мен тыныс алу мүшелерінің қабынуы байқалады.

Сойып зерттеу кезінде өкпе торшаларының гиперемиясы мен қанға толған ошақтарды көруге болады. Бауыр, бүйрек, мидың қан тамырларының қанға толуын байқаймыз.

Уды қайтару мақсатында цистеин қолданылады. Бұл амин қышқылы ақзаттардың құрамының бұзылуынан қорғайтын бромды метилдің функционалды топтарынан тұрады. Цистеин ұнтақ түрінде қатты тығындалған 10г пробирка мен флаконда шығарылады.

Ерітіндіні қолданар алдында дайындайды. Тәуліктік дозасы малдың ішіне 1, 0-10 кг. Күніне 2-3 рет 100 кт- 0, 3-0, 5 г

Натрий үшхлорацетаты - суда жақсы еритін, сары кристалл. Гербицид ретінде картоп, қырыққабат қызылша өсетін жерлерге қолданылады. Жерге арналған мөлшері 23-50 кг/га, мақта үшін 100-200 кг/га. Бұл препарат уытты әсері төмен пестицидтер қатарына жатады. ЛД атжалман үшін 3-5 г/кг. Жергілікті жерге әсер ету қабілеті бар. Малдардың улануы жайылымды өңдегеннен кейін байқалады. өндірістік пириден активті гербицид ретінде кеңінен танымал. Оның ішінде практикалық маңыздыларына жататындар реглон мен гиракват. Гиракват уыттылығына байланысты біздің елде қолданалмайды. Реглон - ақ түсті, сумен спиртте жақсы еритін кристаллды зат. Ол жоғары токсикалық пестицидтердің тобына жатады. Күшті электрант. Арамшөптермен күрес үшін 5-15-кг/га, қант қызылшасын егетін жерді тыңайту үшін қолданылады. Орташа улану дозасы тышқандар үшін-80 мг/кг, теңіз шошқасы үшін 124, қояндар үшін 228, атжалмандар үшін 282 мг/кг. Бұл препарат теріге резорбтивті уытты әсер етеді. Топырақта 2 кун сақталады.

Десикацияны күріш, соя, мақта, картошқа, күнбағысты егер алдында жүргізеді.

Реглон ферментті у болып табылады. Мал организміне түскенде каталаздық белсенділігін өзгертеді, сонымен бірге периксидаза мен коферменттерін, қыш-қыддану процестерін бұзады.

Реглонның комулятивті және канцерогенді қабілеті болмайды. Организмнен ішек пен бүйрек арқылы бөлінеді.

Клиникалық белгілері. Жаппай мазасыздану, азыққа тәбеті болмайды, арықтаған, іші өтуі байқалады. Қанда эритроциттердің, лейкоциттердің, және бос сульфгидрильді топтардың мөлшері көбейеді. Сойып-зерттеу кезіндс қарын мен ішектің кілегейлі қабаты қабынып, қанға толған, бауыр мен өкпе көлемі ұлғайған. Қуықтолы, жүрек бұлшықеті солған, ми қан тамырлары қанға толған.

Антидотты емі жоқ.

Күкіртті ангидрид - газ тәрізді тұңшықтырғыш иісті, суда жақсы еритін ұнтақ. Қоймаларды, бау-бақшаларды өңдеу үшін қолданылады. Малдардың организміне тыныс алу мүшелері арқылы енеді, өлімге ұшырататын концентрациясы барлық малдар үшін (0, 1-0, 3 мг/кг)

Патогенезі. Күкіртті антигидрид патогенезінде өкпе уланады және тыныс алу органдарының кілегейлі қабығының қабынуымен сипатталады, сонымен бірге қышқылды альбуминат, күкіртті және күкірт қышқылының әртүрлі сульфаттарының түзілуі және кокарбоксилаза ферменттерінің тежелуі байқалады.

Клиникалык белгілері. Конъюктивт, ларингит, тұңшығу, жүрісі бұзылады, кілегейлі қабықтың цианозы, талықсу байқалады. Патоморфологиясы тыныс алу мүшелерінің зақымдануымен сипатталады.

Емі. Симптоматикалық. Жергілікті жерге натрий гидрокарбонаты қолданылады.

Формальдегид. (40% формалиннің ертіндісі) спороцид, бактерицид, фугицидтерге қарсы дезинфекциялық зат ретінде қолданылады. Формалин өткір иісті. Ерітінді құрамы метанол мен ацетоннан тұрады. Қораларды дезинфекциялау үшін қолданылады. Орташа уытты пестицидтерге жатады. ЛМ 50 тышқандарға -38-2, 24 мг/кг, ауылшаруашылық малдары үшін жоғары уытты: ЛМ 50 -60 мг/кг.

Патогенезі. Торша протоплазмасы ақзатының коогуляциясы процесі байқалады. Сонымен қатар, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, тыныс алудың рефлекторының токтауы және бүйрек салдануымен сипатталады.

Клиникалық белгілері. Кілегейлі қабаттардың қабынуы, іш өту, жөтел, тұңшығу, талықсу, гемотурексия, анурия байқалады.

Уланған жануарларға емдік мақсатта ішке әлсіз амиак ерітіндісін (0, 5-1%), ішкізеді, осының әсерінен формалин ауысады.

Анабазин сульфат - суда жақсы еритін, ашық сұйықтық. Техникалық препараты қоңыр түсті 30% анабазин қосындыларынан тұрады. Активті инсекто-акарицид. Өте уытты әсер ететін дозасы ЛМ 50 тышқандарға 4, 4мг/кг.

Патогенезінде ең алғаш анабизин орталық жүйке жүйесіне әсері етеді. Сонымен бірге аденозинүш-фосфор қышқылының синтезі жинақталып, эритроциттердің мөлшері төмендеп, қандағы қан сарысуы мен калийдің мөлшері артады.

Анабизиннің төменгі дозасы орталық жүйке жүйесі мен тыныс орталығын қоздырып, соңынан салдандырады. Вегетативті ганглийдегі жүйке импульстарының берілуін тежейді. Эсер ету механизіміне қарай никотин, цитизин, лобелинге жақын. Емі ретінде ішке тұздың әлсіз ерітіндісі және талықсуға қарсы препараттар қолданады. Сонымен қатар емен қайнатпалары қолданылады.

Никотин сульфат - темекі иісіндей, қоңыр түсті сұйықтық. Органикалық ерітінділерде жақсы ериді, сумен оңай араласады. Инсектоакарацид ретінде қолданылады.

Ауылшаруашылық малдары үшін өте уытты. Орталық және мен вегетативті жүйке жүйелерін зақымдайды. Төменгі дозасы қоздырып, ал үлкен дозасы жүйке ганлийларының функциясын тежейді.

Клиникалық белгілері. Жүйкелік бұзылулар (бұлшық тітіркеніп, талу байқалады) саливация, тұңшығу, жүректік ақдулар, тер көп мөлшерде бөлініп, іші өтеді, дене температурасы көтеріледі, соңынан тыныс алу тоқтайды.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Күйіс қайыратын малдардың қатпаршағының қалдықтармен толуы, трахея, бронх, өкпеде қан аралас сұйықтық толуымен сипатталады.

Емі. Никотинмен уланған малды емдеуді бірден жүргізу керек. Егер де никотин-сульфатының аз мөлшері қарын мен ішектен қанға өтпеген жағдайда, тез арада ірі қараға 0, 5% танин ертіндісін 1л мөлшерде және басқа препараттар қолданылады. Сонымен қатар калий перманганатының 0, 1-0, 2% ерітіндісі ірі қараға - 25-40 мл қолданылады. Сонымен қатар адсорбенттер, әлсіз тұздар, барбитураттар, бромидтер қолданылады.

1. 2Мочевина туындыларымен улану

Бау-бақша өнімдерін және мақта, картоп, қант қызылшасы, дәнді бұршақ еккен кезде химиялық өңдеу үшін және өнделмеген жердегі арамшөпті жою үшін пайдаланылады. Бұларға арезин, гербан, дикуран, диурон, дихлораль мочевина (ДХМ), дезанекс, поротан, линурон, патфан, тепсин-м, тенфан, феурон, метурин, монурон, небурон тәрізді гербиц-идтер жатады. Олардың бәрі ұнтактар, суда наашар, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Сыртқы ортада екі жылға дейін сақталады. Жануарлар үшін уьптылығы томен, бірақ кумулятивті әсері күшті, кейбіреуі тітіркеңдіріп әсер етеді.

Патогенезі. Ішке түскенде асқазанның кілеигейлі қабықтарын тітіркендіруі мүмкін. Қанға сіңгеіннен кейін, қалқанша безінің қызметін бұзады. Алдымен ОЖЖ қоздырып, кейіннен тежейді. Гемодинамикалық ауытқулар болады (кілегейлі қабықтар мен террінің көгеруі) . Мочевина туындылары ақуыз қүрылысын бұзатын (дихлоральмочевина, диурон, которан, т. б. ), денатурациялаушы агенттерге жатады. Бұл толптың гербинидтері ыдыраған кезінде агзаға уытты әсер ететін бауырда метаболиттер түзеді де, ағзаға улы әсер етеді. Мысалы: хлоранилин кқан морфологиясын бұзады, диурон - қандағы эритроцидтердің санын азайтады. Дихлормочевина әсерінен қанның формалық элементтері азаяды, эритроцидтердің шөгу жылдамдығы жылдамдайды.

Құрамында фтор қосылыстары бар которанның ыдыруынан көмірсу алмасуы бұзылып, фторлимон қышқылы түзілуі әсерінен Кребс циклінің бірден-бір маңызды ферменті-аконитаза блокадаланылады. Оған қоса, жүректің биоэлектрлік белсенділігі өзгереді. Ағзаға метуриннің көп түсуі нәтижесінде витаминдер алмасуы бұзылады. Мысалы: бауыр, бүйректе асқорбин қышқылы 50%-ға кемиді. Гемоглобин, эритроцит санының кемуі салдарынан таяқша және сегментядролы лейкоциттер саны көбейеді. Монурон әсерінен бауырдағы гликолиз бұзылып, гексогиназа және фосфор фруктогиназа белсенділігі төмендейді. Бауыр митохондриясында никотин-амид коферменттеріннің саны азайып, гликолиздің бұзылуына әкеп соғады. Фенурон ағзаның өсіп-өну функциясын бұзады.

Клиникалық белгілері. Алдымен жануарлар қозады, содан кейін тынышталады. Тәбеті төмендейді. Аз қозғалып, өсіп-дамуы баяулайды. Күйістілер ирасындағы буаз малдар іш тастауы мүмкін. Мочевина туындыларына әсіресе, тауық сезімтал, олар әлсіреп, қанаты салбырап, әрең қозғалады. Қояндарға линуронды бір рет пайдаланғанда 1000 мг/кг жабығу, демікпе, жүрек қызметінің өзгеруі білінеді. 10 күн бойы пайдаланса, жүдеу, диарея, қозғалыс координациясының бұзылуы байқалады. Тауықтарда 3000-5000мг/кг жалпы күйдің тез нашарлауы, демігу, айдары мен сырғалығының көгеруі, өлім-жетім болады. 250мг/кг мөлшердегі линуронды 30-күн бойы азықпен бергенде, олар арықтап және жұмыртқа беруі тоқтағаны байқалган. Линуронның әсерінен (30-күн бойы 100мг/кг мөлшерде) қойлардың қандагы лейкоцидтің саны көбейіп, 250мг/кг линурон мөлшерінің әсерінен жалпы күйдің төмендеуі, бұлшық ет дірілі, жүрістің бұзылуы, кейіннен бұлшық ет тонусы әлсіреп, қабықгың сарғаюы мен гематурия болады.

Патолологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ішкі мүшелер қанға толған, мидың преваскулярлы және перицеллюларлы, домбығуы білініп, қалқанша без канға толады. Фолликулярлы эпителий проферацияға ұшыраған. Бауыр, өкпе зақымданған. Ленурон, фенурон және тағы басқа препараттардың әсерінен бауыр, бүйрек, кілегейлі қабықтар, талақ зақымдалып, өкпе, эндокард пен перикардтың қанга толганын көруге болады. Текоранмен уланса, тері және шажырақай қан тамырлары қанға толып, миокард дистрофияланады. Тоқ ішек және аш ішектердегі қатаралды қабыну білінеді. Дихлормочевина әсерінен уланган өлексені сойып көргенде бауырдың майлы дистрофиялануы байқалады. Қалқанша без ашық қызыл түсті және көлемінің ұлғайғанын байқауға болады.

Балау. Анамнездік деректер жинап, клиникалық және патанатомиялық белгілерге коңіл боліп, азықты химиялық-токсикологиялық талдаудан өткізеді.

Емдеу және алдын-алу. Синтетикалық мочевина туындыларын пайдалану барысында техникалық кауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаған жөн. Емдік мақсатта мочевинаның ыдырау өнімдерін бейтараптау үшін формалин ерітіндісін пайдаланады. Ми және өкпедегі домбыққан ісікті кетіру үшін, қалыпты мөлшердегі кальций хлоридін пайдаланады. Сонымен қатар, аскорбин қышқылы мен глюкозаны да пайдалануға болады. Алдын-алу үшін мочевина препараттары арнайы, қауіпсіз орындарда сақталынып, өз керегінше қолданылуы керек. Которонның мөлшері азықта 4 мг/кг-нан аспауы керек.

1. 3Хлораттармен улану

Әсері күшті дефолиант ретінде магний хлоратын, калций хлоратын, кальций хлорат-хлоридін, натрий хлоратын қолданады. Мақта, соя, картоп, қант қызылшасы, қарасора, жүзім алқаптарында қолданылады (7-35кг/га) . Магний хлораты - ақ түсті кристалл ұнтақ, суда жақсы ериді. Құрамында 60% магний гидраты, магний хлориді бар. Уытты мөлшері тышқандарға ЛД 50 -620мг/кг, теңіз тышқанына-1000мг/кг-нан асады. Кумулятивті әсері әлсіз байқалады. Мал қанындағы магнийдің орташа мөлшері - сиыр қанында 2-Змг/% (болады, ал 3, 2мг%-дан асып кетсе, гипермагнемия қалыптасады. Магний ионының антогонисі - кальций ионы. Кальций хлораты - ақтүсті, кристаллды ұнтақ, суда жақсы ериді, зертханалық жануарларға уыттылығы төмен. Тышқандарға лм 50 -1112 мг/кг.

Кальций хлорат-хлориді - ақ түсті, өте ұсақ, женіл, жұмсақ ұнтақ, суда оңай ериді. Белсенді дефолиант. Уыттылығы төмен пестицид. Құрамындағы кальций хлораты мен кальций хлоридінің ара қатынасы 1:2. Натрий хлораты - ақ түсті, майда, жұмсақ ұнтақ зат, суда жақсы ериді, жарылғыш зат. Химиялық өндеу үшін қолданылады.

Патогенезі. Ағзаға сіңгеннен кейін торшалық және субторшалық деңгейде зат алмасуға әсер етеді. Қалқанша безінің ингибиторы (тежегіші), натрий, калий, магний, кальций иондары биологиялық мем-бранадан ешқандай қиындықсыз өтіп, торшадағы зат алмасудың соңғы өнімдерін сыртқа шығаратыны белгілі. Сөйтіп, натрий-калий алмасуы бұзылуы ағзаға елеулі әсерін тигізеді. Хлораттар жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді. Магний хлораты әсерінен баурдың ақзат түзу қызметі, көмірсу, май алмасу, ұйқы безі ферменттерінің (трипеин, симпаза, липаза) белсенділігі бұзылады. Нәтижесінде, адинамия, тыныс алудан бұзылуы, гематоэнцефалиялық және басқа да барьерлердің өткізгіштігі өзгереді, гемоглобин мөлшері кемиді. Лейкоциттердің фагоцидтік белсенділігі төмендеп, өсіп-өну функциясы, бүйрек қызметі тежеледі (бүйректен қан кету) . Өлексені сойып зерттегенде кілегейлі қабыөтардың зақымданғанын, ішектің қатаралды қабынғаның, ас қорту жолының кілегей ас қабығының домбығуы мен инфильтрациясын байқауға болады. Ішкі ағзалар қанға толып, дистросфиялық өзгерістер пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Молибден қосылыстарынан улану
Психиатрия және наркологиядағы ургенттік жағдайлар
Уларды клинкикалық балау
Улану түрлері
Дәрілік заттардан жедел улану (бөлім: журек-тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардан улану). Оқу әдістемелік құрал
Жедел бүйрек жетіспеушілігі
Дәрілік заттардың биотрансформациясы
Зәрдің физикалық қасиеті
Химиялық заттардан уланулар
Азықтың құрамындағы нитратпен улану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz