Улануды клиникалық балау


Аннотация
«Малдың уланулары» пәнінен «Фосфорорганикалық қосылыстардан улану себептері, белгілері патанатомиялық өзгерістері мен сақтандыру шаралары атанатомиялық өзгерістері мен сақтандыру шаралары» тақырыбы бойынша жазылған бұл курстық жұмыста аталған химиялық заттардың қасиеті, организнің улануы, клиникалық белгілері, патанатомиялық өзгерістері, емдеу және алдын алу шаралары қарастырылған курстық жұмыс 27 беттен тұрады.
Белгілер мен қысқартулар
Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғыш зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
М/с-метр/секунд
ПВС-поливинилді спирт
БӘБ- бақа әсер бірлігі
МӘБ - мысық әсер бірлігі
КӘБ -көккептер әсер бірлігі
ӘБ- әсер бірлігі
Анықтамалар
ФОҚ - Фосфорорганикалық қосылыстар
ХОҚ - Хлорорганикалық қосылыстар
СОҚ- Сынапорганикалық қосылыстар
Пиретроидтар - құрамында циклопропан карбон қышқылының цинерин, пиретрин секілді әсер етуші туындылары бар күрделі эфир
Авермектиндер - streptomyces avermitilis санырауқұлағынан алынатын өнім.
Ивермектиндер - авермектиндердің химиялық дереваты (ыдырау өнімі) .
Фтор (Fluorum) F - қалыпты жағдайда өзіне тән иісі пар, ақшыл сарғыш газ, галоген тобына жатады
Карбофос - азықтық, заттарың зиянды жәндіктер мен кенелерден, жануарларды әртүрлі жәндіктертерден қорғауға арналған инсектоакарицид
Тиофос(паратион) - күңгір-қоңыр сарымсақ секілді, қою майлы сұйық түсті, сарғыш-жасыл түсті эмульсия
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 102 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплектілігі.
МЖМБС 2. 104 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 01-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі
МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу
МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері
Мазмұны
Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе . . . 7
1Негізгі бөлім . . . 8
1. 1Фосфорорганикалық қосылыстардан улану . . . 8
1. 2ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары . . . 9
1. 3ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін препарататтары . . . 11
1. 4Фосфорорганикалық заттармен уланудың алдын алу шаралары . . . 15
1. 5Фосфороорганикалық қосылыстармен улануларды анықтау ( ФОҚ ) . . . 15
1. 6Улануды клиникалық балау . . . 17
2 Өзіндік зерттеу . . . 22
3Техникалық қауіпсіздік . . . 33
Қорытынды . . . 34
Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы өндірісін жаппай жеделдету кезеңінде мал дәрігерлік токсикологиясы ең маңызды міндет атқарады. Ол міндеттерге мыналрды жатқыза аламыз:
а) әр түрлі улы химикаттардың, минералдық тыңайтқыштардың, улы өсімдіктердің, азықтық қоспалардың мал ағзасы үшін уыттылығын, олардың мал ағзасындағы кумулятивтік әсерін зерттеу.
ә) улы заттардың уытты әсерінің биохимиялық және молекулярлық механизмін, жануалар ағзасындағы улар метоболизмі мен биотасмалдануын зерттеу, сонымен бірге, әр түрлі токсиндердің эмбриоуттық, бластомогендік, тератогендік, аллергендік, мутагендік және канцерогендік әсерлеріне талдау жасау.
б) улы заттардың мал ағзалары мен жекелеген ұлпаларында сіңірілуін, таралуын және жинақталуын, мал ағзасынан шығу динамикасына зерттеу жүргізу.
Тыңайтқыштарды жүйелі түрде дұрыс қолдана білмесе, олар өсімдіктер мен жануарларға және жалпы қоршаған ортаға уытты әсер етіп, айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді. Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер организмінде жинақталып, жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін: топырақ - өсімдік - жануарлар - жануарлар өнімі -адам.
Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеуде токсикология ғылымының маңызы өте зор.
Уланудың алдын алу үшін төмендегідей жағдайларға аса көңіл бөлген жөн:
Улы химикаттарды сақтағанда, тасмлдағанда және қолданғанда қауіпсіздік шараларын және санитарлық ережелерді сақтау керек
Құрама жем шығаратын зауттарда жемнің сапасына дұрыс бақылау жүргізу
Жайылымдар мен шабындық жерлерді дұрыс бақылап, қадағалау.
Егін мен мал шаруашылығының мамандары бір бірімен байланыста болу
Өсімдіктерді әр түрлі зиянкестерден қорғау кезінде қолданылатын химиялық заттарды дұрыс қолдана білу
Егін және мал шаруашылығы мамандарының улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар, улы өсімдіктер туралы білімі болу керек.
Токсикология - улы заттар және олардың тірі организмдерге (жануарлар, өсімдіктер, т. б. ) тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ғылым улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан-жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудын ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудын негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді;
Токсикология - гректің toxicon - жебе уы және logos - ілім, деген сөзінен шыққан.
Курстық жұмыстың мақсаты: пестицидтер әсерінен туындайтын улануларды зерттеу
1 Негізгі бөлім
1. 1Фосфорорганикалық қосылыстардан улану
Фосфорорганикалық қосылыстар (фОҚ) - фосфор қышқылының (фосфорлық, пирофосфорлық, фосфорлы, фосфондық, фосфиндік, тио және дитио-фосфорлық тиофосфорлы) күкірттік немесе азоттық туындылары. Олар инсектицидті, акарицидті және фумигатты әсер етеді.
Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында ФОҚ-дың жанаса және жүйелі түрде әсер ететін 25-тен аса түрлері бар.
ФОҚ- дың жанаса әсер ететі препараттары : хлорофос, ДДВФ, метафос, дифос, этафос, циодрин, карбофос, диазинон, дурсбан, үшхлорлыметафос жүйелі түрде әсер ететін препараттары : гардона, силикрон, токутион, фозалон, бутифос, неоцидол, золон және жанаса-жүйелі әсер ететіндер: антио, фосфамид, фталофос, гетерофос.
Көптеген фосфоорганикалық пестицидтер ағзаға терілік-резорбтивті (қанға сіңу) әсер етеді. Мұндай препараттар: метилмеркаптофос, бутифос, циодрин, тиодан.
ФОҚ-тар көбінесе мида, жұлында, өкпеде, жүректе, бауырда, бүйректе, бұлшық еттерде жинақталады. Тотығу процестерінің әсерінен тиофос фосфаколға, карбофос имидоксонға, диазинон диазоконға, антиофосфомидке, айналып, өздерінен де аса уытты қосылыстар (метаболлиттер) түзеді.
Фосфоорганикалық қосылыстар өндірісте сұйық (органикалық ерітінділердегі және судағы ерітінділері) және ұнтақ (дуст) түрінде шығарылып, қолданылады.
Жануарлар ФОҚ-дан ас қорыту және тыныс алу жолдары, тері арқылы уланады. Сонымен қатар, уытты заттармен ластанған азықтарды, мал өнімдерін қолдану, уланудың негізгі көзі.
Өсімдіктерді жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ-мен өндегенде, олар өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырақтары арқылы барлық ұлпаларына тарап, 30 күннен 60 күнге дейін өсімдік құрамында уытты әсерін сақтайды. Өңделген өсімдіктерді осы уақыт ішінде қолдану ауыл шаруашылық малдары мен жәндіктерге аса уытты. Ал жанаса әсер ететін препараттармен өнделген өсімдіктерді 6 күнге дейін қолдануға болмайды. Бұл препараттар жанасу нәтижесінде жәндіктердің хитин және балауыз қабықтары арқылы тез өтіп, жаппай өлімге ұшыратады. ФОҚ жүйке жүйесін салдандырып әсер етеді. Яғни жүйке жүйесі ферменті-холинэстеразаға тікелей, әлсірете әсер етіп, нәтижесінде ағзада ацетилхолин шамадан тыс көп мөлшерде жинақталып, өзінің уытты әсерін көрсетеді. Онымен қатар фосфорорганикалық қосылыстар стераза, протеаза және пероксидаза секідді басқа да ферменттердің қызметін әлсіретіп, қаталазаның белсенділігін күшейтеді. Кейбір ФОК тек М-холинореактивті жүйеге әсер етсе, басқалары М-холинреактивті жүйеге ғана емес, Н-холинореактивті жүйеге де әсер етеді.
Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне қарай фосфорорганикалық қосылыстарды үш топқа бөледі:
- Мускарин тәрізді ФОК-тармен уланғанда көрінетін клиникалық белгілер - миоз (көз қарашығының тарылуы), бронхоспазма, сілекей ағу, шектен тыс терлеу, ішектің жиырылуының күшеюі жәнс іш өту секілді белгілерімсн сипатталынады.
- Никотин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - уланғанда қаңқа бұлшық етінің треморы, аяқтардың дірілі, қан қысымының жоғарылауы, орталық жүйке жүйесінің қозуы және салдануы сияқты белгілер көрсететіндер.
3 Кураре тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық еттерінің, соның ішінде мойын, кеуде бұлшык еттері тонусының әлсіреуі сияқты белгі-лерімен ерекшелінеді.
Көптеген фосфорорганикалық косылыстардың өткір, жағымсыз иісі болады. Олар суда нашар, органикалық ерітінділерде (бензол, спирт, эфир т. б. ) жақы ериді. Судағы ерітінділерін сулы эмульсия
түрінде, белсенді жуғыш заттар ретінде қолданылады. ФОҚ-ға сезімтал жануарлар: мүйізді ірі қара мал, қой-ешкі, сезімталдығы төмен: жылқы, шошқа, тауықтар және үйректер.
1. 2ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары
Дифос (биотион, абат, темефос, нимитокс) - ақ түсті кристаллы зат. Суда нашар, толуолда жақсы ериді. Жылы қанды жануарларға уытты әсері әлсіз. ЛД 12 тышқандар үшін 2000-2300 мг/кг, қояндарға 970-1930мг/кг. Шыбын-шіркей личинкаларына, әртүрлі жәндіктерге қарсы қолданылады. Өсімдіктердің өсу процессіне зиянын тигізетін жәндіктерге де айтарлықтай күшті.
Хлорофос (диптерекс, дилокс, тугон, негувон, рицифон) - ақ түсті, суда және көптеген органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды ұнтақ. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылатын, уытты әсері төмен препарат. Мақтаның, күнбағыстың, жүгерінің, картоптың, қызылшаның және т. б. дәнді-дақылдардың зиянкестеріне, онымен қатар жануарлардың эктопаразиттеріне, оқыраға (оқалақ) қарсы пестицидтер ретінде қолданылады. Жануарларға елтіре әсер ететін мөлшері: 300-500 мг/кг, организмде жинакталу дәрежесі (кумулятивтілігі) төмен. Ауыз арқылы енгізілген хлорофос, қанда 1-3 сағаттан кейін байқалып, 3-5 сағаттан кейін несеп арқылы сыртка бөлінеді. Тері арқылы әсер еткен хлорофостың, ауыз арқылы енгізілген түріне қарағандағы уыттылығы төмен. Ашық жерде (далада) хлорофостың әсері 3-5 күн, бөлме жағдайында 2 аптаға дейін сақталады.
Карбофос (мелатион, фостион, сумитокс) сұрғылт түсті, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, иісі шіріген тұрып (редька) иісі секілді, жағымыз, қоюлау сұйықтық. Сумен нашар әрекеттеседі (еру дәрежесі жобамен 150мг/л) . Жануарлар үшін уыттылығы орташа. Кумулятивті әсер етеді, сілтілер әсерінен құрамын бұзады. Малдардың жасына, түріне және жынысына қарай бұл препаратқа сезімталдығы әртүрлі. Мысалы, карбофостың бұзауға уытты мөлшері 10-20мг/кг болса, ірі малдар үшін 50-100мг/кг. Өлтіре әсер ететін мөлшері мүйізді ірі қара үшін 200мг/кг болса, қойлар үшін 150мг/кг. Карбофостың 100мг/кг мөлшері балапандардың бұлшық еттерін әлсіздендіріп, 3 апталық балапандарға өлтіре әсер етеді. Мөлшері (ЛД 50 ) 200-400 мг/кг, ал ересек құстарға 150-200мг/кг. Препараттың 1%-ды ерітіндісімен бұзауларды бүрку (опрыскивание) оларды өлімге ұшыратса, ал құстарды карбофостың 1, 25 % ерітіндісімен немесе 4 % ұнтағымен (дустымен) шомылдырудың ешқандай зияны жок. Карбофоспен өнделген шабындықтарда, оның иісі 25 күнге дейін сақталынады.
Карбофос - азықтық, заттарың зиянды жәндіктер мен кенелерден, жануарларды әр түрлі жәндіктерден қорғауға арналған инсектоакарицид.
Тиофос (паратион) - күңгір - қоңыр сарымсақ секілді, қою майлы сұйық түсті, сарғыш - жасыл түсті эмульсия. Сумен қайнатқан кезде уыттылығы жоғарылайды. Малдар үшін уытты. Өлтіре әсер ететін мөлшері 13-25мг/ кг. Тиофоспен өнделген жайылымдарға малдарды 20-25 күннен ерте шығаруға тиым салынады. Көкөніс зиянкестеріне қарсы қолданылады.
Жануарлар ФОҚ-дан ас қорыту және тыныс алу жолдары, тері арқылы уланады. Сонымен қатар, уытты заттармен ластанған азықтарды, мал өнімдерін қолдану, уланудың негізгі көзі.
Өсімдіктерді жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ-мен өндегенде, олар өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырақтары арқылы барлық ұлпаларына тарап, 30 күннен 60 күнге дейін өсімдік құрамында уытты әсерін сақтайды. Өңделген өсімдіктерді осы уақыт ішінде қолдану ауыл шаруашылық малдары мен жәндіктерге аса уытты. Ал жанаса әсер ететін препараттармен өнделген өсімдіктерді 6 күнге дейін қолдануға болмайды. Бұл препараттар жанасу нәтижесінде жәндіктердің хитин және балауыз қабықтары арқылы тез өтіп, жаппай өлімге ұшыратады. ФОҚ жүйке жүйесін салдандырып әсер етеді. Яғни жүйке жүйесі ферменті-холинэстеразаға тікелей, әлсірете әсер етіп, нәтижесінде ағзада ацетилхолин шамадан тыс көп мөлшерде жинақталып, өзінің уытты әсерін көрсетеді. Онымен қатар фосфорорганикалық қосылыстар стераза, протеаза және пероксидаза секідді басқа да ферменттердің қызметін әлсіретіп, қаталазаның белсенділігін күшейтеді. Кейбір ФОК тек М-холинореактивті жүйеге әсер етсе, басқалары М-холинреактивті жүйеге ғана емес, Н-холинореактивті жүйеге де әсер етеді.
Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне қарай фосфорорганикалық қосылыстарды үш топқа бөледі:
1) Мускарин тәрізді ФОК-тармен уланғанда көрінетін клиникалық белгілер - миоз (көз қарашығының тарылуы), бронхоспазма, сілекей ағу, шектен тыс терлеу, ішектің жиырылуының күшеюі жәнс іш өту секілді белгілерімсн сипатталынады.
2) Никотин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - уланғанда қаңқа бұлшық етінің треморы, аяқтардың дірілі, қан қысымының жоғарылауы, орталық жүйке жүйесінің қозуы және салдануы сияқты белгілер көрсететіндер.
3) Кураре тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық еттерінің, соның ішінде мойын, кеуде бұлшык еттері тонусының әлсіреуі сияқты белгі-лерімен ерекшелінеді.
Көптеген фосфоорганикалық косылыстардың өткір, жағымсыз иісі болады. Олар суда нашар, органикалық ерітінділерде (бензол, спирт, эфир т. б. ) жақы ериді. Судағы ерітінділерін сулы эмульсия
түрінде, белсенді жуғыш заттар ретінде қолданылады. ФОҚ-ға сезімтал жануарлар: мүйізді ірі қара мал, қой-ешкі, сезімталдығы төмен: жылқы, шошқа, тауықтар және үйректер.
1. 3ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін препарататтары
Гардона (тетрахлорвинфос, винфос, рабон, аппекс) - ақ түсті, суда нашар, органикалық ерітінділерде жаксы еритін кристалды зат. Тышқандарға уытты әсері төмен (ЛД 5О -1900-5000мг/кг), араларға орташа уытты әсер етеді. Мақтаның және көкөністердің кеміргіш жәндіктеріне қарсы қолданылады.
Селекрон (профенос, куракрон ) - органикалық ерітінділерде жақсы еритін, сумен әрекеттесуі нашар (еру дәрежесі 20мг/л), ашық-сары түсті сұйық. Тышқандарға орташа уытты - ЛД 50 388мг/кг, араларға және т. б пайдалы жәндіктерге уытты әсер етпейтін, мақтаны, жүгеріні әртүрлі сорғыш, кеміргіш жәндіктерден қорғау үшін қолданылады.
Токутион (протиофос) - толуол және циклогексанмен жақсы әрекеттесетін, ал сумен әрекеттесу дәрежесі 1, 7 мг/л, ашық түсті, майлы сұйықтық. Тышқандарға орташа уытты (ЛД 50 925-966мг/кг), араларға және жәндіктерге уытты әсер етеді. Мақтаны зиянды жәндіктерден қорғау үшін қолданылады.
Трихлорметафос (фенхлорфос, тролен, роннел, нанкор) - хош иісті көмірсуларда жақсы еритін, әлсіз-жағымсыз иісі бар, 30-50% эмульсия түрінде шығатын, химиялық таза препарат. Бүрге, бит және кене секілді малдың эктопаразиттеріне қарсы қолдануға ұсынылған инсектицид. Өсімдік шаруашылығында фитоцид ретінде жиі қолданылады.
Бутифос (фолекс, мерфос) - суда жартылай, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, жағымсыз иісі бар, ашық-сары түсті сұйық. Мақта алқабына 1-2 кғ/га мөлшерінде қолданылатын, топыраққа сіңу жылдамдығы 2 аптаға созылатын дефолиант. Малдар үшін орташа уытты. 40-60% эмульсия түрінде шығарылады.
Диазинон (базудин, эксодин) - түссіз, органикалық ерітінділерде жаксы еритін, сумен нашар әрекеттесетін (еру дәрежесі 40 мг/л) сұйык зат. Өте уытты. Уыттылығына орай мүйізді ірі қараға қолдануға болмайды. Қойлардың қотырына қолданылатын инсектицид.
Фосфамид (диметоат) - Би-58 деген атпен белгілі. Суда жәнс органикалық еріткіштерде (ацетон, хлороформ және т. б. ) жақсы еритін ақ түсті кристалл. Өсімдіктерді зиянды жәндіктерден және кенелерден қорғау үшін препараттың 0, 05-0, 2% сулы эмульсиясын 0, 5-2, 5 м/га мөлшерінде бүркіп қолданады. Уыттылығы төмен инсектицид. ЛМ50 - ақ тышқандар үшін 140-220 мг/кг. Малдарға фосфамидтің төменгі мөлшерін (1, 0 мг/кг) қолданғанда ешқандай улану белгілері байқалмайды. Бірақ препарат мөлшерін шамадан тыс жоғарылатып қолданса (25-50 мг/кг) өлім-жітімге ұшыратады. Азық құрамында, жайылымдарда өзінің әсерін 30-40 күнге сақтайды. Азық құрамындағы шектеулі мөлшері 2 мг/кг.
Жоғарыда аталған ФОҚ- препараттарымен қатар, зиянды жәндіктерге қарсы қазіргі уақытта төмендегі препараттар қолданылады: Актеллик (Фосбецид), Лейбацид, Сумитион, Дурсбан (Дарсбан, Пиринекс, Сайрен), және тағы басқалар.
Бұл препараттардың барлығы да жүйелі түрде әсер етеді. Әмбебап пестицидтер ретінде фитоверм, агравертин, неорон секілді препараттарды қолдануға болады.
Клиникалық белгілері. Фосфорорганикалық қарсылыстармен улану - өте жіті, жіті және созылмалы түрде өтуі мүмкін.
Өте жіті түрінде орталық жүйке жүйесі зақымданып, тілдің салдануы, сілекей ағу, миоз, экзофтальмия, бронхоспазм, дірілдеу, шектен тыс терлеу, тремор және қан қысымының жоғарылауы секілді белгілермен сипатталынады. Сонымен қатар, малдың аяқтары салданып, жүріс-түрысы өзгереді, жиі-жиі зәр бөледі, есінен танып (кома), құлап қалады. Ауа жетпей тұншығу (асфиксия) нәтижесінде 1-2 сағат ішінде мал өледі. Мысалы, хлорофос ерітіндісін дұрыс қолданбау, яғни ыстық суда (90°С-градуста) ерітіп, 12-16 сағат өтпей тұрып қолдану барысында болған улану іс жүзінде тіркелген. Бұл жағдайда хлорофос өзінен 5-6 есе улы ДДВФ-қа айналып, малдар қолданылған жерді тілімен жалауы арқылы уланады (оз терісін немесе екінші бір малды жалау арқылы) . Улану белгілері 15-20 мин кейін білінеді.
Жіті уланудының белгілері: мал тынысызданады, тітіркендіруге (дауысқа немесе жары) қарсы реакциясы әлсірейді, терінің ауруға сезімталдығы жойылады, қозғалыс координациясы бұзылып , мал жығылып қалады.
Жылқыларда ішектің түйілуі (колик), шектен тыс терлеу, тілдің астынғы ерінінің салдануы иттер мен шошқаларда құсу сияқты белгілер байқалады. Сауын малдарында кенеттен сүті тоқтап қалады, құстарда аяқтары, қанаты салданып, айдары және сырғалығы көгеріп кетеді. Ауа жетпеу және орталық жүйке жүйсінің салдануы нәтижесінде 24-28 caғат ішінде мал өледі.
Фосфамид (диметоат) - Би-58 деген атпен белгілі. Суда жәнс органикалық еріткіштерде (ацетон, хлороформ және т. б. ) жақсы еритін ақ түсті кристалл. Өсімдіктерді зиянды жәндіктерден және кенелерден қорғау үшін препараттың 0, 05-0, 2% сулы эмульсиясын 0, 5-2, 5 м/га мөлшерінде бүркіп қолданады. Уыттылығы төмен инсектицид. ЛМ50 - ақ тышқандар үшін 140-220 мг/кг. Малдарға фосфамидтің төменгі мөлшерін (1, 0 мг/кг) қолданғанда ешқандай улану белгілері байқалмайды. Бірақ препарат мөлшерін шамадан тыс жоғарылатып қолданса (25-50 мг/кг) өлім-жітімге ұшыратады. Азық құрамында, жайылымдарда өзінің әсерін 30-40 күнге сақтайды. Азық құрамындағы шектеулі мөлшері 2 мг/кг.
Жоғарыда аталған ФОҚ- препараттарымен қатар, зиянды жәндіктерге қарсы қазіргі уақытта төмендегі препараттар қолданылады: Актеллик (Фосбецид), Лейбацид, Сумитион, Дурсбан (Дарсбан, Пиринекс, Сайрен), және тағы басқалар.
Бұл препараттардың барлығы да жүйелі түрде әсер етеді. Әмбебап пестицидтер ретінде фитоверм, агравертин, неорон секілді препараттарды қолдануға болады.
Клиникалық белгілері. Фосфорорганикалық қарсылыстармен улану - өте жіті, жіті және созылмалы түрде өтуі мүмкін.
Өте жіті түрінде орталық жүйке жүйесі зақымданып, тілдің салдануы, сілекей ағу, миоз, экзофтальмия, бронхоспазм, дірілдеу, шектен тыс терлеу, тремор және қан қысымының жоғарылауы секілді белгілермен сипатталынады. Сонымен қатар, малдың аяқтары салданып, жүріс-түрысы өзгереді, жиі-жиі зәр бөледі, есінен танып (кома), құлап қалады. Ауа жетпей тұншығу (асфиксия) нәтижесінде 1-2 сағат ішінде мал өледі. Мысалы, хлорофос ерітіндісін дұрыс қолданбау, яғни ыстық суда (90°С-градуста) ерітіп, 12-16 сағат өтпей тұрып қолдану барысында болған улану іс жүзінде тіркелген. Бұл жағдайда хлорофос өзінен 5-6 есе улы ДДВФ-қа айналып, малдар қолданылған жерді тілімен жалауы арқылы уланады (оз терісін немесе екінші бір малды жалау арқылы) . Улану белгілері 15-20 мин кейін білінеді.
Уланудың созылмалы түрінде азыққа тәбеті жойылады, мал күйзеледі, бұлшық еттерден тонусы әлсіреп, жүріс-тұрысы өзгереді, малдың салмағы төмендейді, 6-7 ай өткен соң, қойлардың аяқтары мен мойнының бұлшық еттері тартылып, мойын бір жағына қисайып калады. Дене температурасы төмендеп, арықтау нәтижесінде мал өледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz