Шәйқурайдың барлық түрі көпжылдық өсімдіктер
Аннотация
Малдың уланулары пәнінен жазылған Фотосенсибилизациялаушы
өсімдіктермен улану себептері, клиникалық белгілері, сақтандыру шаралары
тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлімі, өзіндік зерттеу,
техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі
қамтылды.
Анықтамалар
Сары түйежоңышқа - екіжылдық өсімдік. Бұрындары арамшөп ретінде
танылған, ал қазір мәдени өсімдіктер тобына енгізілді. Түйе жоңышқаны
азықтық зат ретінде қолданады.
Дикумарин (немесе дикумарол) - кристаллы зат, құрамында қанды ұйытатын
зат болады және антикоагулянт болып табылады.
Алкалоидтар - өсімдіктерде кездесетін мысалы құрамында азотты
органикалық негіздері бар заттар.
Гликозидтер - сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және аглюкондар түзетін,
эфирге ұқсас азотсыз, органикалық қосылыстар
Беде (клевер луговой,Тгіfоlіum pratense) - бұршак тұқымдасына жататын,
көпжылдық өсімдік. Азықтық зат ретінде қолданады.
Сарбасқурай - биіктігі 40-тан 75 см дейін жететін, сабағы бу тақтанған,
үлпілдек-сарғыш, шөптесін өсімдік. Жапырақтары екі және үш рет қанат
тәрізді тармақталған, майда сызықты бөліктерден тұрады.
Шәйқурай (Зверобой, hypericum perforatum) - кәдімгі шәйқурай шәйқурай
туысына жататын, биіктігі 40 — 60 см, шөптесін өсімдік. Тамыры қалың
тармақты, сол тамыр тармақтарынан жыл сайын бірнеше өсімдік сабағы өсіп
шығады.
Белгілер мен қысқартулар
Г - грамм
Сағ - сағат
Мм - миллиметр
Квт - киловольт
Кг - килограмм
СКЖЗ - синтетикалық кір жуғыш зат
О - градус
Мкм - микрометр
Км - километр
Т - тонна
Мс - метрсекунд
ПВС -поливинилді спирт
Ә.б. – әсер бірлігі
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер
жасалған:
МЖМБС 2.102 -68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплектілігі.
МЖМБС 2.104 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің
классификаторы (ЭҚТБӨК)
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық
қауіпсіздігі
МемСТ 26668 – 95 – Сынама алу
МемСТ 7636 – 85 – Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631–85– Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері
Мазмұны
Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1Сарбасқурай (Гулявник, Sisymbrium son
hia) ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2Шәйқурай (Зверобой, hypericum
perforatum) ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3Беде (клевер луговой,Тгіfоlіum
pratense) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 10
1.4Түйежоңышқа (Донник,
Melilotus) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 12
1.5Бөрібұршақ (Люпин,
Lupinus) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...13
1.6Егістік қышасы (горчица полевая, Sinapis
arvensis) ... ... ... ... ... ... .. ... ...15
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .21
3 Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 30
Кіріспе
Қазақстан Республикасының аумағында мал шаруашылығының жануарлары
әртүрлі жем-шөптерде улы заттармен уландыратын заттарға жиі ұшырайды. Бұл
өсімдіктің әртүрлі табиғи түрлерінің әсерінен өсетін өсімдіктің жер және
өсімдіктің үлкен мөлшеріне байланысты. Жануарлардың улануы шаруашылыққа
үлкен зиян келтіреді. Уланумен бір екі бас мал ғана емес , көптеп малдардың
топ-тобымен ауруы, маңызды көмек болмаған жағдайда, мал басын жоғалту мал
шаруашылығының өнімділігін төмендетеді, ал малдың жұмыссыздық деңгейі шаруа
қожалықтары мен жеке қожалықтардың қаржыларына әсер етеді.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылық жануарларының улануы, малдардың ағзасындағы
улы заттар түрлі өнімдер арқылы төлдеріне, тіпті адамдарды улы заттармен
уландырылуы мүмкін.
Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін
шығындардан да асып түсетін көрінеді.
Уақыт сайын уланулардан болатын шығын жұқпалы аурулардың шығынынан асып
кетуі мүмкін.
Дененің улануына, әсіресе созылмалы улануында ағзаның жалпы
резистенттілік қабілеті әлсірейді және олардың инфекциялық емес ауруларға
төтеп беру қабілетін бұзады. Сондықтан, басқа аурулармен қатар мұндай
малдарда түрлі уланудың асқынуы жиі кездеседі. Көптеген жағдайларда мал
дәрігерлері, мейірбикелер мен шопандар уланудың табиғатын дұрыс анықтай
алмай қалуы мүмкін. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу шаралары
дұрыс жүргізілмеуі де мүмкін.
Ветеринариялық мамандар өздерінің шаруашылықтарының шекарасында қандай
улы өсімдіктер өсетінін біліп, карта жасайды және онымен байланысты
адамдарды таныстырады.
Кейбір уытты өсімдіктер жайлы оқулықтарда, әдетте әдебиеттерде, қарама-
қарсы деректерде кездеседі. Жануарлар көбінесе көк саңырауқұлақ тудырған
ластанған тағаммен уландырылады. Бұл жағдай толығымен зерттелмеген.
Жануарлардың химикаттармен улануы - бұл толықтай шешілмеген мәселе.
Көптеген уланулар әлі күнге дейін толық зерттелмеген екенін
куәландырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Фотосенсибилизациялаушы өсімдіктермен улануды
зерттеу
1 Негізгі бөлім
1. Сарбасқурай (Гулявник немесе Софьи, Sisymbrium son hia). Ботаникалық
сипаттамасы.
Сарбасқурайдың жергілікті атауы: шырша, кудрявец, червячник.

тәрізді тармақталған, майда сызықты бөліктерден тұрады. Гүлдері ұсақ,
сұрғылт-сарғыш түсті. Тұқымы қабықты дән, ұрығы өте майда, ұзынша болып
келген жұмыр, пішіні көбінесе, бидай дәнін еске салады, түсі жирен.
Сарбасқурай – бұл барлық жерлерде өсетін арамшөп. Оның көптеген түрлері
бар. Көбінесе күздік егістіктерде, жол жиегінде, арамшөпті жерлерде
кездеседі. Сыртқы экологиялық әсерлерге өте төзімді.. Көп мөлшерде ұрық
салып, жаздың барлық уақытында гүлдейді. Тұқымы арқылы көбейеді.
Сарымсақты сарбасқурай (Sisymbrium alliaria) - көлеңкелі, арамшөпті
жерлерде өсетін, екіжылдық өсімдік. Барлық жерлерде кездеседі.
Жапырақтарынан сарымсақтың иісі қатты шығып тұрады.
Оқжапырақты сарбасқурай (sisymbrium toxo phyllum) — ТМД-ның оңтүстік
және оңтүстік-батыс аймақтарында кездесетін, көпжылдық өсімдік. Сортаң,
көлеңкелі жерлерде өседі.
Токсикологиясы. Сарбасқурайдың барлық түрлері улы немесе зиянды болып
саналады. Сарымсақты сарбасқурай сүттің дәмін бұзатын өсімдік ретінде
танылады. Ал оқжапырақты сарбасқурай өте кең зерттелген. Жылқылардың бұл
өсімдіктен улануын М.А. Гусынин зерттеген. Сарбасқурайдың улы бастамасы
туралы мәліметтер нақты емес. Тек қана олардың ұрықтары, пішен улы болып
келетіндігі ғана белгілі.
Ауылшаруашылық малдарының сарбасқурайға сезімталды туралы мәліметтер де
өте аз. Тек 1937жылы жылқылардың жас пай улануын зерттеген М.А. Гусинин,
жылқылардың ата өсімдікке айтарлықтай сезімтал екендігін айтады. Ал ба
жануарлардың бұл өсімдіктен улануы әлі белгісіз.
Клиникалық белгілері. Жылқылардың сарбасқурайдан ула нуы жіті түрде
өтеді және алғашқы белгілері шөппен азықтан дырғаннан кейінгі 4-5 сағаттан
соң бліне бастайды. Уланудың негізгі белгілері: тынышсыздану (бүйіріне,
қарнына қарай беру, аяқтарының шалынысуы), сілекейдің көп бөлінуі, нәжісі
ал ғашында ылғалды, кейін жартылай сұйықтануы, жалпы жағ дайының күйзелуі,
иық, арқа, бас бұлшықеттерінің тартылуы секілді белгілер көрінеді.
Сондай-ақ қимыл-қозғалысының бұзылғандығы анық байқа лады. Жылқы бір
орнынан, әсіресе артқа қарай қиын қозғалады, аяқтарын жай бүгіп, қиналып
жүреді, қадам басуы қысқарады, денесінің артқы бөлігі бір жағына қарай
қисайады, буындары сықырлайды. Табанын тексергенде кезде кейде ауырсынады.
Барлық осындай қимыл - қозғалыстарының бұзылуы тұяқтың ревматикалық
қабынулары кезіндегіндей клиникалық көрініс береді. Одан ары қарай
басталғаннан кейінгі 4-5 сағатта) ты ныс алуы қатты бұзылады, ол жиілеп
(минутына 80-ге дейін) құрсақтық дем алу түрінде білінеді. Демігудің пайда
болыуна байланысты дене температурасы 39,5-40,5°С-ге дейін көтеріледі,
танау тесігі қатты кеңейіп, кілегейлі қабығы көкшіл түстеніп кетеді. Тамыр
соғысы төмендеп (минутына 60-70-дейін), тыныс алу ырғағы азаяды.
Сонымен қатар, жиі есінейді, астынғы ерiнi салбырайды, кі сiней береді,
зәрі аз бөлінеді, дене қызуы жоғарылайды.
Ауыр түрдегі улану 5-7 күнге дейін созылады. Бұл кезде жа нуарлар жатып
қалады, ал температурасы жоғары күйінде сақ талады. Жеңіл түрде уланған мал
2-3 күнде жазылып кетеді (И.А. Гусинин).
Балау. Бұл уланудың тұяқтың ревматикалық қабынуы ке зіндегі белгілермен
сәйкес келетіндігін міндетті түрде ескеру қажет.
Емі. Симптоматикалық.
Алдын алу шаралары. Сарбасқураймен 1%-дан аса ластанған Пішенді азық
рационынан алып тастау, тұқымы піскеннен кейін малдың өсімдікті тамырымен
қоса жеп қоюын болдырмау сияк Ты шараларды ескеру қажет.
1.2. Шәйқурай (Зверобой, hypericum perforatum)
Ботаникалық сипаттамасы. Кәдәмгі шәйқурай шәйқурай туысына жататын,
биіктігі 40 — 60 см, шөптесін өсімдік. Тамыры қалың тармақты, сол тамыр
тармақтарынан жыл сайын бірнеше өсімдік сабағы өсіп шығады. Сабағы жалаңаш,
тік, жоғары жағы қалың сабақшалардан тұрады. Жапырақтарының жиегі біртегіс,
ұзынша келген. Гүлдері 5 жапырақты, жылтыр сары түсті, қара дақтары бар.
Жергілікті атаулары: қаншөп, қоянқан. Шәйқурайдың барлық түрі көпжылдық
өсімдіктер. Еуропаның барлық бөлігінде, Қазақстанда кеңінен тараған. Ашық
алқаптарда, бұта арасында өседі.
Шәйқурайдың уытты бастамасына эфир майлары: терпендер мен секвитерпендер
(пинен және цинеол) жатады. Олар шөп құрамында 0,1%-ға дейін болады.
Сонымен қатар, өсімдік құрамында май қышқылдары, өсімдіктің тамырынан басқа
бөліктерінің бәрінде бояғыш (гиперицин (CHO) және псевдогиперицин (CHO))
заттар кездеседі. Олардың жарықты сезу (фотосенсибилизациялаушы) әсері бұл
күнде толық дәлелденген деп саналады. Шәйқурайдың уыттылығы — құрамындағы
эфир майларына байланысты.
Өсімдікті кептіргенде оның уыттылығы едәуір төмендейді. Шәйқурайдың
барлық бөліктері уытты, бірақ қай бөлігінің уыттылығы жоғары немесе төмен
екендігі белгісіз.
Шәйқурайдың құрамындағы уытты заттарының токсикодинамикасы жақсы
зерттелмеген. Шетел әдебиеттерінде жануарлардың шайқураймен улануы көп
жазылған.
Клиникалық белгілері. Шөпті көп мөлшерде жегенде және жеке
сезімталдығының жоғарылығына байланысты байқалады. Улану жіті түрде өтеді.
Алғашқы белгілері өсімдікті жегеннен кейін байқалып, 12-14 сағат бойы
білінеді. Содан кейін жаЗыла бастайды. Кейбір кездері уланудың аяғы өліммен
аяқталуы мүмкін. Терінің пигменттелмеген бөліктерінің күн сәулесі әсерінен
зақымдалынуы шәйқурайдан уланудың негізгі белгілерінің бірі. Бұл жағдайда
жануарлардың түріне қарамастан жүндерінің ақ жерлерінде (өзіне тән
дерматит), қабыршақтану, эритема байқалады.
Шәйқураймен уланғанда тәбеттің төмендеуі, сілекей ағу, у куысының
кілегейлі қабатының қабынуы (стоматит) секілді белгілер байқалады. Терідегі
өзгерістер аяқтың пигменттелмеген жерлерінде де кездеседі. Қабынған жер
қышиды, зақымдалған жерлерді жануарлар үйкелей береді.
К.Л.Романенко сиырлардың шайқурайдан улануы жеңіл және ауыр түрде
өтетінін айтады. Жеңіл түрінде (дене қызуы қалыпТы, тамыр соғуы жиілейді)
алғаш қозу, мазасыздану белгілері байқалып, ол тежелуге ұласады, Ауыр
түрінде кілегейлі қабықтардың қанталауы, мұрнынан сұйық бөліну, бұлшықеттің
құрысуы, тыныс алудың ауырлауы, іш өту байқалады.
Улану белгілері (мазасыздану) күн сәулесінің әсерінен күшейе түседі.
Терідегі өзгерістер (пигменттелмеген жерлерінің қызаруы, жоғары сезімталдық
және аздаған ісінулер) алғашқы Клиникалық белгілері байқалғаннан кейін,
яғни тәуліктің аяғына қарай көріне бастайды. Уланудың әлсіз түрінде,
теріндегі қабыну белгілері 2-3 күннен кейін қайта бастайды. Ауыр түрінде
терінің зақымданған жерлері өліеттенеді.
Балау. Шәйқурайдан улану белгілері фагопиризм мен бедеден улануға қатты
ұқсайтын болғандықтан, балауды нақтылау үшін анамнез деректеріне назар
аударып, жайылымды зерттейді.
Болжам. Көбінесе уланған мал жазылып кетеді.
Емі. Ішек-қарын жолдарын іш өткізгіш заттармен тазалаған дұрыс. Терінің
зақымдалған жерлерін хирургиялық жолмен емдейді.
Алдын алу шаралары. Алдын алу үшін ақ (альбинос) жануарларды басқа
жайылымға ауыстыру немесе оларды тікелей күн сәулесінің түсіуінен қорғау
ұсынылады. Осылай жасағанда ауру белгілері тез жойылып, тіпті ауру
белгілері байқалмай кетеді.
1.3 Беде (клевер луговой,Тгіfоlіum pratense)
Беде (клевер луговой,Тгіfоlіum pratense) Бұршак тұқымдасына жататын,
көпжылдық өсімдік. Азықтық зат ретінде қолданады. Бірақ, үсік жүрген
жылдары, куаңшылық болғанда бойына циангликозидтері көптеп жиналып, уытты
әсер көрсетеді. Сабағында және жапырақтарында 0,44%-дан жоғары синиль
қышқылы болады.
Зығыр (лен обыкновенный, Linum usitatissimum) Биіктігі 1м-ге дейін
жететін, бір жылдық өсімдік. Сабағы тік, ұшы сыпырғы секілді, бұталанған.
Жапырағы ұсак, саусақ тәрізді. 5-жапырақшалы, көкшіл түсті гүлі бар. Жемісі
іші жылтыр, жалпақ ұрыктарға толған қорапша.
Өсімдік гүлдегеннен кейін құрамындағы гликозид линамарин, линаза
ферментінің әсерінен гидролизденіп, уытты зат синиль қышқылын түзеді. Бұл
процесс қуаңшылық немесе үсік жүрген жылдары жиі байқалады. Малдар балауса
өсімдікті және зығыр күнжарасын аса көп жегенде уланады.
Құмайшөп (сорго, Sorqhum) Көп жылдық астық тұқымдас, шөптесін өсімдік.
Жапырағы жалпақ, ұзынша келген, кейбір әдебиеттерде судан шөп деп те
аталады. Орта Азияда, Қазақстанда кеңінен тараған, қуаңшылыққа өте төзімді,
азықты зат. Үсік шалу, қуаңшылық, көп сугару және әр түрлі жәндіктердің
әсерінен өсімдік бойына гликозид дуррин жиналып, уытты әсер
көрсетеді.Сонымен қатар, азоттық тыңайтқыштар, түске дейінгі, яғни ыстық
күн сәулесі өсімдік құрамындағы дуррин мөлшерін арттырады.
Құмай шөптің азықтық зат ретінде төмендегідей түрлері қолданылады:
кәдімгі кұмай шөп (сорго обыкновенное, S. Vulgare); судан (суданская трава,
S. Sudencnse); дурра (S. Durra); бал кұмай шөп (сорго поникшее, S. Cernuum
); шай құмай шөп (сорго техническое, S. Technicum); алеп құмай шөбі (сорго
алепское, S. Halepense).
Миядән (Манник водяной, Glyceria aquatica) Биіктігі 2м болатын, көп
жылдық шөптесін өсімдік. Жоғарғы бөлігі қалың сабақшалы, жуан, тік сабағы
бар, жапырағы лента тәрізді ұзын, сабағына оралып өседі. Гүлдері көп
масақты. Еуропаның сазды жерлерінде өседі.
Бұл өсімдіктерден басқа, құрамында циан гликохидтері бар - Вика (Vicia
sativa), бухарник (Holcus lanatus), бобовник (Amyqdalis nana), үштік
(Triglochin) секілді түрлері кездеседі.
Патогенезі. Құрамында циангликозидтері бар өсімдіктерден малдардың
улануы жиі кездеседі. Тікелей өсімдік құрамында немесе қарында түзілген
синиль қьшқылы (HCN) қанға тез сіңіп, торшалардын тыныс алуын реттейтін
фермент - цитохромоксида-заның жұмысын тежейді. Сонын нәтижесінде ұлпа-
ларға өттегі жетіспей, гипоксия қалыптасады, орталық жүйке жүйесінің жұмысы
бұзылады. Синиль қышқылының малдарға өлтіре әсер ететін мөлшері 0,1-0,5
грамм.
Клиникалық, белгілері. Улану синиль қышқылының организмге түсуіне
байланыты жіті, жітілеу және созылмалы түрле өтеді. Алғашқы белгілері 15-30
минуттан кейін байқалады. Мал тынышсыздаyады, қоркақ келеді, аузынан
сілекей, көзінен жас ағады, әлсірейді. Көзге көрінетін кілегейлі қабаттары
қызарып кетеді, өлер алдында кома жагдайына көшіп, сезімталдыктың бәрі
жойылады.
Созылмалы түрінде аузьшан, мұрнынан сұйык ағып тұрады, көзі қызарып
кетеді, өнімділігі төмендейді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ішкі мүшелердің (өкпе, перикрд,
куык, бүйрек) кілегейлі қабаттары қанталайды. Жіті түрінде бауырдың ақ
заттық және майлы дистрофиясы байқалады. Лажсыз сою кезінде тамырдағы қан
ашық-қызыл болып кетеді, ұюы нашарлайды. Егер мал арам өлмесе, еті жеуге
жарамды.
Емі. Қолданған ем нәтижелі болу үшін, көмекті дер кезінде көрсету керек.
Венаға 30-50 мл, 8-10%-ды натрий тиосульфатын егеді. Осының нәтижесінде
синиль кышкылының уытты әсері жойылады. Сонымен қатар, венаға 0,5-1 % -ды
50-100 мл метилен көгін, 500- 1000мл, 10%-ды глюкоза егуге болады.\
1.4Түйежоңышқа (Донник, Melilotus)
Түйежоңышқа да беде сияқты бұршақ тұқымдас-тарына (Legumenosae) жататын
өсімдік. Кейде бұл өсімдікті буркун, тәтті беде және тағы басқа деп атайды.
Түйежоңышқаның бірнеше түрлері белгілі. Кейбір түрлері азықтық өсімдіктер
ретінде қолданылса, ал басқа түрлері арамшөптерге жатады. Ішіндегі ең
маңыздысы - сары түйежоңышқа. Бұл өте биік шөптесін өсімдік, сабағының
биіктігі 1м және одан да жоғары болуы мүмкін.

азықтық зат ретінде қолданады. Түйежоңышқа барлық жерлерге кең таралған,
бірақ негізінен ылғалды жерлерде көп кездеседі.
Түйежоңышқа пішенімен азықтандыру кезінде ірі қаралардың улану
жағдайлары кездескен. Әсіресе бұл жағдайда зенденген шөптер өте қауіпті
келеді.
Түйежоңышқаның уытты бастамасы - дикумарин. Ол өсімдіктің шіруі кезінде
оның барлық бөліктерінде түзіледі. Түйежоңышқаның құрамында кумаринді
лактон қышқылы деген зиянсыз зат кездеседі, оны кумарин деп атайды. Ол
зеңденудің әсерінен улы дикумаринге айналады. Қазіргі уақытта дикумарин
бұзылған түйежоңышқадан бөлініп қана қоймай, биогидрооксикумаринді деген
атпен синтез-делініп те алынады.
Дикумарин (немесе дикумарол) - кристаллы зат, құрамында қанды үйытатын
зат болады және антикоагулянт болып табылады. Табиғатта дикумарин тек қана
бұзылған күйінде, яғни түйежоңышканың зенденген пішенінен ғана табылған.
Жалпы балауса пішеннің құрамында тек қана кумарин болады (құргақ салмақта
0,0026%). Американдық зерттеушілердің айтуынша, бұзылган пішенде кумарин
мөлшері жогарылап, оның өте аз бөлігі құрғақ салмақтың тек қана 0,003%
құрайтын дикумаринге айналады. Мұндай айналу зенді саңырауқұлақтардың
әсерінен болады деген көзкарас бар (Г.В. Андреенко). Дикумарин, сонымен
қатар, құрамында түйе жоңышқасы бар сүрлемде де болуы мүмкін.
Дикумарин қандагы коагуляцияны және прогромбиндердің түзілуін азайтады.
Нәтижесінде қан тоқтату өте қиынға түседі. Сондықтан, ағзадағы қан үюлардың
(гематома) кездесуі жонышқадан уланудың бірден бір белгісі болып саналыды.
Түйежоңышқаға ірі қаралар өте сезімтал келеді, ал қойлар мен жылқыларда
түйе жоңышкадан улану өте сирек кездеседі.
Клиникалық белгілері. Түйежонышқа ауруынын негізгі белгісі қанның ұюы
және де басқа белгілері, малды түйежоңышқамен азықтандыруды бастағаннан
кейін 2-3 аптадан соң біліне бастайды.
Ірі қара. Улану жалпы әлсіздікпен, шайқалып жүрумен, кейде аксаумен
ерекшелінеді. Денесінің барлық жерлерінде, әсіресе мойын, арқа аумағында
(кейде денесінің артқы бөлігінде) гематома байқалады. Танауынан қанды көбік
ағады, сүтіне қан араласады. Тәбеті қалыпты жагдайда сақталады, дене
температурасы физиологиялық деңгейден төмендейді. Дірілдейді, көз
қарашықтары кеңейеді, алдыңғы қарын атонияға ұшырайды және басқада белгілер
кездеседі. Ересек жануарларға қараганда бұзаулардың түйежо-ңышқадан улануы
жиі кездеседі. Операция жасар алдында (піштіру және т.б.) түйе жоңышкамен
азықтандыру өте қауіпті. Өйткені кесу кезінде аққан қанды тоқтату
мүмкіндігі болмайды.
Жылкы және койлардың улануы ірі қаралардың улануы кезіндегідей өтеді,
бірак өте сирек кездеседі.
Балау. Анамнез мәліметтері және клиникалық белгілері бұл ауруды нақты
балау үшін жеткілікті.
Емі. Құрамында түйежоңышқасы бар азықнен азықтандыруды бірден тоқтату
керек. Ары қарай кілегейлі заттарды тағайындап, симптоматикалық ем
жүргізеді. Түйежоңышкамен улану кезінде улануга қарсы викасол өте тиімді
препарат болып табылады. Ол әртүрлі қан құйылулар кезінде өте тиімді әсер
ететін зат. Викасолды дециграммен мөлшерлейді, ірі қараға мөлшері: ішке 0,1-
0,3-ке дейін. (И.Е. Мозгов, 1961).
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Тері астының әр жерлерінде қан көп
мөлшерде жинақталған сұйық гематомалар пайда болған. Гематома артқы
аяқтарының бұлшық еттерінің арасында, арқасында кездеседі. Бұл жерлерде
қанның жиналуы 2-3 кг дейін жетеді. Мұндай қан құйылулар жүректе, сүйек
миында да кездесуі мүмкін. Алайда олар бауыр, бүйрек және көкбауырда
кездеспейді. Сирек жағдайда миға қан құйылуы мүмкін.
Алдын алу шаралары. Уланудың алдын алу үшін:
1)рациондағы түйе жоңышқаның мөлшерін біртіндеп көбейту;
2)түйежоңышқаның зенденген пішенімен азықтандырмау;
3)буаз малдарды және жас төлдерді түйежоңышқамен өте аз мөлшерде және
мұқияттылыкпен азықтандыру;
4)2-3 апта азықтандырғаннан кейін уақытша (1-1,5 апта) түйежоңышқаны
азық рационынан алып тастау керек.
1.5Бөрібұршақ (Люпин, Lupinus).
Бөрібұршақ (Люпин, Lupinus) - бұршақ тұқымдастарына Fabaceae жататын
біржылдық және көп-жылдық шөптесін өсімдік. 200-ге жуық түрі белгілі. ТМД
елдерінде тек қана мәдени түрлері кездеседі. Биіктігі 100-150 см. сабағы
тік, тамыр жүйесі өзектенген, тарамдалған, топыраққа терең еніп тұрады.
Жапырақтары кезектесіп орналасып, жіңішке келіп, сабаққа бекінген. Гүлдері
әртүрлі түсті, тік тұрған шошаққа жиналған. Тұқымы 3-5 ұрықтан тұратын,
көлемдері, пішіні әртүрлі бұршақ. Тұқыммен көбейеді.
Улы бастамасы. Өсімдіктердің барлық бөліктерінде температурасы тұрақты
және суда жақсы еритін уытты люпинин, люпанин, люпинидин, спартеин,
гидроксилюпанин, ангустофолин алкалоидтары кездеседі. Алкалоидтардың ең көп
жинақталатын жері ұрығында, сондықтан олар жануарларға, әсіресе, піскен
кезінде және піскеннен кейін өте қауіпті. Бөрібұршақтың дәніне қарағанда
жасыл бөлігінде алкалоидтар шамамен 5-10 есе аз, ал сабанда жасыл бөлігіне
қарағанда 4-5 есе көп.
Токсикологиялық мәні және мөлшері. Бұршақ тұқымдас тылардың ішінен Люпин
азотфиксацияға (азотты өзіне жинау) бейімділігімен ерекшеленеді.
Вегетативті бөліну кезінде ол өз бойына 1 га-ға шаққанда 150-200 кг дейін
азот, фосфор, калий және т. б. заттарды жинайды. Сонымен қатар, люпин
ақзатқа бай келеді. Жасыл массасының құрамында протеин 20%, ал дәнінде 40%
құрайды. Люпиндерді тұқымындағы алкалоидтардың мөл шеріне байланысты
алкалоидсыз (0,025%-ға дейін), аз алка лоидты (0,025% - дан 0,1%-ға дейін)
және алкалоидты немесе ащы (0,1%-дан көп) деп бөледі. Азықтық мақсатта тек
қана ал калоидсыз және аз алкалоидты түрлерін қолданады. Жануарлар үшін
люпиннің дәндері, жасыл массасы, пішендемесі, сүрлем, сонымен қатар оларды
астық жиналғаннан кейін сол жерге жаю (әсіресе шаруашылықта сортын төрт
жылға дейін жаңартпаған жағдайда) өте қауіпті. Ірі қара малдар үшін
алкалоидтардың уытты мөлшерін 20 мгкг, ал өлтіретін мөлшері- 30 мгкг
дейін. Тұқымындағы және сабағындағы алкалоидтардың қауіпсіз дәрежесі 0,06%
дейін. Алайда люпин жануарлардың негізгі азығы болғандықтан және оны
жануарлар жақсы жейтіндіктен, олардың жаппай улану жағдайлары да жиі
кездеседі.
Патогенезі. Люпин алкалоидтары орталық және шеткі жүйке жүйесіне уытты
әсер етіп, қысқа уақытта негізгі орталықтар ды қоздырып, соның ішінде,
тыныс алу және қозғалтқыш жүйкелердің холинорецепторларын салдандырады.
Сиырларда және бұзауларда жиі кетоз дамиды. Созылмалы улану кезінде
(люпиноз) мырыштың жетіспеуінен және селен мен мыстың кумуляциясы күшеюінен
бауыр зақымданады. Уланып жазылған жануарларда люпинге сезімталдығы
жоғарылайды, ол бір жылға сақталады.
Клиникалық белгілері. Жіті улану кезінде жануарларда қысқа уақытты
мазасыздану және қозудан кейін терең күйзеліс пайда болады. Олар бастарын
салбыратып, кейде астауға немесе қабырғаға сүйеніп ұзақ тұрады. Уланған
күннен бастап жанулардың тәбеті жойылады. Нәжіс бөлінуі бұзылады. Алғашында
іші қатып, содан кейін іші өтеді. Бірте-бірте жүрек және тыныс алу қызметі
бұзылады. Дене температурасы жоғарылайды. Ен негізгі белгісі кілегейлі
қабықтардың сарғаюы. Мал арықтайды Уланудың 2-5-ші күнінде уланған мал
асфиксиядан өлімге ұшырайды. Созылмалы улану жануарлардың тәбетінің
төмендеуімен, жалпы қатты күйзелумен, кілегейлі қабықтарының сарғаюымен,
сиырлардың сүт өнімділігінің төмендеуімен, жазда күнге шыққанда тері
астында ісіктердің пайда болып, соңы некроз ошақтарына айналуымен
сипатталады. Ақырындап жануар арықтап, жүдейді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жануарларды сойғанда ең біріншіден
көзге түсетіні кілегейлі қабықтардың және ішкі мүшелердің сарғаюы. Бауыры
ұлғайған, солған, майлану және белокты дистрофиясы көрінеді. Созылмалы
жағдайда көлемі ұлғайған, тығыз, беті тегіс емес (цирроз). Бүйректері және
бүйректің беткі қабығы майлану дистрофиясына ұшыраған, жүрек бұлшықеттері
солған, өкпесі ошақты ісінген. Ішек-қарын жолдарының және қуықтың кілегейлі
қабықтары геморрагиялык қабынған.
Балау - қиындық тудырмайды. Қорытынды балау анамнез, ауру жануарлардың
клиникалық белгілері және патологиялык анатомиялық өзгерістер, зертханалық
жағдайда люпин алкалоидтарын табу нәтижелерінде қойылады.
Емі. Қарындағы алкалоидтарды сірке және тұз қышқылның қоспасын беру
арқылы ерімейтін тұздарға айналдырады. Сілті ерітінділерін қолдануға
болмайды. Іш өткізгіш ретінде үлпілмәлік майын (кастор) қолданады. Жүрек
және тыныс қызметін жақсарту үшін, тері астына кофеин натрий – бензоатын,
тамырға глюкозаны және 30% натрий тиосульфаты ерітіндісін егеді. Созылмалы
улану кезінде рационнан люпинді алып тастап, симптоматикалық ем жүргізген
жөн.
Алдын алу. Құрамында 5% жоғары алкалоиды бар дәндерді себуге жол
берілмейді. Шаруашылықта кем дегенде төрт жылда бір рет өсімдіктің сұрыпын
жаңарту қажет. Азық рационында люпиннің жасыл массасының 30%-дан жоғары
болмағаны абзал. Астық, сабан және сүрлемнің құрамындағы алкалоидтарды
анықтағаннан кейін ғана олармен азықтандыру керек. Сондай ақ, егінді
жинағаннан кейін, ол жерге малды жоюға, люпинозбен ауырған жануарларға 2
жылға дейін люпинді азықтарды жеуге жол бермеген жөн.
1.6Егістік қышасы (горчица полевая, Sinapis arvensis)
Егістік қышасы (горчица полевая, Sinapis arvensis) Ботаникалық
сипаттамасы. Егістік қышасының жергілікті атаулары: горчец, сурепица,
свирип. Егістік қышасы шөптесін өсімдік. Сабағы тік, қатты қылшықтармен
жабылған, биіктігі 30-60см. Гүлдері сары түсті, ірілеу келген, иіссіз.
Жемісі сабақты, жұмсақ, цилиндр тәрізді. Ұрығы шар тәрізді, түсі әлсіз
жылтыр, қоңыр-қызылдан қара-қоңыр түске дейін. Жапырақтары біртегіс емес,
тісшелі. Егістік қышасы бір жылдық өсімдік, арам шөп сияқты ТМД-ның барлық
территорияларында кездеседі. Тұқыммен көбейеді. Егістік қышасы жылдың
барлық уақытында гүлдей береді.
Токсикологиясы. Егістік қышасының уытты бастамасы құрамында азоты бар
гликозидті заттар.
Ыдырауы кезінде олар өткір иісімен ерекшелі-нетін қосылыстар түзеді. Бұл
заттар бұрыннан эфирлі-қыша немесе аллилді-қыша майы деп те аталады. Олар
өсімдіктің түріне байланысты бір-бірінен өзгеше болғанымен, организмге әсер
етуі бірдей. Қара қышаның және егістік қышаларының тұқымдарында синигрин
кездеседі. Ол ақ түсті, кристаллы, суда оңай, спиртте нашар, ал эфир және
хлороформда ерімейтін, иіссіз, ашы дәмі бар зат. Формуласы С10 Н16 NS2KО9.
Ол алғашында мирондық қышқылды калий деп аталған. Себебі, бұл қосылыстың
құрамында белгісіз бір қышқылдың калий тұзы болған, оны Миронов деген
автордың табуына байланысты осылай атаған.
Мирозин ферменттінің әсерінен синигрин аллилді-қыша майы
сульфоцианаллил, декстрозға және қышқыл күкірт қышқылды калийге ыдырайды.
Құрамында қыша майы бар өсімдіктер және егістік қышасы гүлдеп, ұрық
түзгеннен кейін улы болып келеді. Көптеген авторлардың (Ш. Корневен, А.Х.
Раллов жэне т.б.) айтуынша гүлдегенге дейін бүл өсімдіктер зиянсыз.
Кептіру олардың уыттылыгын өзгертпейді, ал ұзақ уақыт сақтау
төмендетеді. Жоғарғы температура-(қаинату) фермой ітерді жойып, аллилді-
кыша майының ыдыратуып болдырмайды.
Аллилді-кыша майы сурепка арам шөбі немесе осы топка жататын басқада
өсімдіктер сияқты ұлпалар және кілегей қабықтарға тікелей тітіркендіріп
әсер етеді. Зақымданбаған терінің өзін ол қатты тітіркен-діріп, қабыну
процесімен қатар эритема, өліеттену әртүрлі көпіршіктер пайда болады.
Көрсетілген өзгерістер қатты ауырсынулармен қатар жүреді. Егістік қышасын
жеу кезіндегі қабыну процесстері барлық ішек-қарын жолдарында жүреді.
Сыртқа бөлінерде бүйрек арқылы бөлініп, осы мүшелердің паренхимасын
зақымдап, нефрит қалыптастырады. Аллилді-кыша майының жалпы әсері жүйке
жүйесінің күйзелуімсн, сезімталдықтың төмендсуімен, жалпы әлсіздікпен және
кейбір жағдайларда тырысып-бүрісулермен білінеді. Аллилді-қыша майы тыныс
алу мүшелерінің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп, өкпе арқылы бөлінгенде,
мал асфиксияга ұшырайды.
Одан басқа шаршы гүлдері тұқымдастығына жататын өсімдіктердің 1кг
ұрығында ұрықта 8-10г дейін антитиреоидты заттар кездеседі (1,5 винил-2-
тиооксазолидон). Бұл зат қалканша безіне әсер етіп, төлдің қалыпты өсуіне
кедергі жасайды, соның ішінде құстарға өте уытты әсер етеді.
Ауылшаруашылық малдарының ішінен жылқылар, жас малдар немесе төлдер қыша
майларына сезімтал келеді. Басқа да жануарлар кұрамында көп мөлшерде кыша
дәні бар күнжаралармен азықтандыру кезінде уланады. Малдардың улануы мидың
закымдануы құбылыстарымен байқалады (алға қозғалуға ұмтылу, айналып
қозғалу, бір заттың үстіне құлау және т.б.). Барлық жануарларда
гастроэнтрит белгілері анық байқалуы мүмкін. Өсімдіктің өзін жеу кезінде де
(ұрықсыз) жылқыларда уланулар кездескен.
Алайда интоксикацияны тудыру үшін ұрықтың қанша мөлшері және қанша
күнжара керек екені әлі анықталмаған.
Клиникалық белгілері. Құрамында қыша майы бар егістік қышасын және басқа
да қыша туыстас өсімдіктерді гүлдеу уақытында және гүлденгеннен кейін жеу,
жануарларда жіті улануды тудырады. Ал созылмалы уланулар байқалмаған.
Ірі қара мал. Шаршы гүлдері тұқымдастығына жататын өсімдіктерді
тәуліктік азыққа көп мөлшерде (40-50кг) қолданған кезде, ірі қара малында
өзіне тән улану белгілері байқалған. Азықтандыруды бастағаннан кейін 2-3
аптадан соң, ол гемоглобинуриялы анемия түрінде біліне бастайды.
Эритроциттер мөлшері 6-7-ден 1,5-8 млн-ға дейін азаяды. Жануарлар арықтап,
сүті азаяды, тәлтіректеп жүреді, мес қарынның кебуі, тыныс алудың қиындауы,
сілекейдің көп мөлшерде бөлінуі, жіті жағдайларда - күйіс қайырудың
тоқтауы, жануарлар жалпы күйзеліс жағдайында болуы, өте ауыр, қиындыөпен
козғалуы, көп жату секілді белгілер байқалады. Балауса шөпті көп мөлшерде
жеген кезде жануарларда өкпесінің ісінуі мүмкін, мұндай құбылыс кезінде
оларды союға мәжбүр болады.
Өкпедегі қабыну процестері сияқты, жүрек-қан тамырлар жүйесінде де
өзгерістер байқалады. Дене температурасы көтеріледі. Мұрын және ауыз
қуыстарынан сарғыш түсті көбікті сұйықтық бөлінеді.
Кейде күйіс қайыратын жануарларда қышамен азықтандыру кезінде, ас қорыту
жолдарының қызметі бұзылады.
Жүйке жүйелерінің зақымдану белгілері ретінде соқырлықты және қатты
қозуды байқауға болады. Зәрінде көбік пайда болып, құрамынан қанды көруге
болады. Ағзада қанның азаюы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz