Қысқартулар мен белгілер


Аннотация
«Вирусологиялық аурулар» пәнінен жазылған «Жылқының делбе ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары» атты курстық жұмысым 31 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін, 1 сурет және 1 кестені қамтиды.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 10
1. 1Жылқының делбе ауруы (жұқпалы энцефаломиелиті) . . . 10
1. 2Маңқа . . . …. 12
1. 3 Патологоанатомиялық союды ұйымдастыру . . . 14
1. 4Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 16
1. 5 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік . . . 19
1. 6 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары . . . 20
1. 7 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері . . . 20
2 Өзіндік зерттеу . . . 23
3Техникалық қауіпсіздік . . . 28
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Қысқартулар мен белгілер
Осы курстық жұмыста келесі қысқартулар мен белгілер қолданылған:
м 2 -шаршы метр
м 3 - метр куб, көлем
м - метр
% - пайыз
°С - градус Цельсия
мг/ м 3 - көлем
г - грамм
кг - килограмм
Ә. Б. - әсер ету бірлігі
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Ф. 7. 04 - 03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2019ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2019 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2019ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
(күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » жоғары мектебі
«» кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2019ж.
Курстық жұмысты қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жұмыс тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыс жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні2019ж.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы т. б. ) .
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2010-2011 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі - ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық министрлігінің 2008-2009 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі -мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі - ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі - осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті [1, 2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - жылқының делбе ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1. 1Жылқының делбе ауруы (жұқпалы энцефаломиелиті)
Қоздырғышы - арнаулы сүзгіден өтетін нейротроптық вирус. Кепкен күйінде вирус уытын 7, 5 жылға дейін сақтайды, қайнап жатқан суда 1-2 минут ішінде қырылып қалады.
Ауруға бейімділік. Жылқы жасы мен қоңына қарамастан делбеге шалдыға береді. Лабораториялық хайуанаттардан онымен үй қояны, мысық, ақ тышқан т. б. ауырады, бұл ауру қоздырғышының әрбір түрінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Делбе әдетте ауру жылқы арқылы жұғады. Оның етек алуына түрлі қан жұтқыш жәндіктер (гематофагтар) септігін тигізеді. Делбе сау жылқыға ауру жылқымен жанасқан кезде, сондай-ақ вирус тамған азық, суат, қора-жай және күтім құралдары арқылы жұғады.
Белгілері. Жасырын кезең 40 күнге дейін созылады. Бастапқы кезде жылқы тез болдырады, бірақ, оның қызуы әдеттегі қалыпта қалады не тіпті төмендеп кетеді, ол демігеді, азықтан бас тартады, ішектің жиырылып-созылуы баяулайды; ауыз бен танаудың, көздің кілегейлі қабықтары сарғайған, рефлекстері баяу.
Бұдан әрі есінеу, басын шалқайту, еріндерін жыбырлатып, жақ еттерін дірілдету сияқты қозу (гиперкинез) белгілері пайда болады. Аурудың аласұрған кезеңінде жылқы бой бермей, әрдайым алға қарай ұмтылады, әбден әлсіреп діңкесі құрығанша шыр айналады, не жүзу қимылдарын жасайды [2, 4] .
Күйзеліс кезеңінде жылқы мең-зең болады, оның жалпы күйі өте-мөте нашарлайды. Аурудың бұл түріне шалдыққан жылқы әдетте өледі. Делбе көбінесе аралас түрде өтеді. Бұл жағдайда мал біресе аласұрып қозады, біріесе мең-зең болып әлсірейді. Энзоотия аяқтала бергенде белгілері көмескіленіп, аурудың беті қайтады.
Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер . Барлық кілегейлі қабықтар, шел бұлшық еттері сап-сары. Ішкі органдарына нүкте тәрізденіп қан құйылған, қан дақтары әсіресе қуықта көп кездеседі. Бауырдың сыртқы беті алақ-жолақ, тілік беткейі босаңсып қопсыған. Тоқ ішек нығыз, нәжіске толы. Талақ жөнді өзгермеген. Қан кошқылданып қойылған
Ауруды анықтау. Делбе клиникалық белгілері бойынша анықталады. Бұл кезде аурудың әдетте жаздың аяқ шенінде немесе күздің басында шығатыны және оның энзоотия түрінде өтетіні ескеріледі. Белгілеріне қарай берілген анықтама зерттеу нәтижелерімен толықтырылады. Делбе болса, РОЭ баяулайды 1 сағат ішінде эритроциттер эритроседиометрдің 2-3 бөлігіне ғана шөгеді; қанда билирубин көбейеді.
Делбені дәл анықтау үшін оны құтыру, ми қарыншаларының шемені, күн өту, ыстық тию сияқты сырқаттардан, сондай-ақ өсімдік тектес және химиялық улармен уланудан ажыратып алу керек.
Емі. Ауру басталған кезде күре тамырға натр хлоридінің 10 проценттік ерітіндісі (150 мл), ал 30-60 минуттан кейін уротропиннің 10 проценттік ерітіндісі (100 мл) жіберіледі. Тері астына 20 мл камфора майы енгізіледі. Дәрі енгізу ауру малдың күйіне қарай қайталанып отырады.
Сонымен қатар, малға күніне екі рет 100 г глаубер тұзын ішкізеді. Тік ішекке жиі-жиі салқын су құйып (клизма), оны нәжістен босатады.
Ауру жылқы су ішпесе әрбір 25 минут сайын оның ауызына су тамызып отырады. Күйі тым нашар болса, жоғарыда көрсетілген дәрілерге қоса, жылқының күре тамырына Кадыков әдісімен 250-300 мл камфора ерітіндісін береді. Мал ұзақ уақыт ауруынан айықпаса, оның өз қанын өзіне құяды. Ауру жылқыға арналған рационға жұмсақ сулы шырынды азық қосады.
Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Ауру және күдікті жылқы бөлек күтіліп емделеді.
Ауру жұғуы мүмкін деп табылған жылқы жеңіл жұмысқа қосылады, күн сайын олардың дене қызуын өлшеп отырады. Оларға арналған рационда ас тұзының мөлшері екі есе көбейтіледі, жылқы түнде жайылымға шығарылмайды.
Қан сорғыш насекомдарды ұдайы қырып-жойып отырады. Ат қора күйдіргіш натрдың 2-3%-тік ыстық ерітіндісімен, формалиннің 3-5%-тік ерітіндісімен немесе креолиннің 3-5%-тік эмульсиясымен дезинфекцияланады.
Көң биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Ауруға шалдыққан малды кезінде анықтау мақсатымен үйірге үнемі клиникалық бақылау жүргізіп отырады.
Ауру жойылған соң 40 күн өтісімен ақырғы рет дезинфекция жасайды да карантинді алып тастайды [1, 2, 3] .
1. 2 Маңқа
Қоздырғышы-Streptococcus mallei.
Бактерия сыртқы жағдай мен зарарсыздандырғыш заттарға онша төзімді емес, лас, шалшық суда 15-30 күн, несепте 4 күн ішінде қырылып қалады. 70 градусқа дейін ысыған суда 5-6 минут ішінде, ал қайнап тұрған суда сол бойда қырылады.
Ауруға бейімділігі. Маңқамен жылқы, есек, қашыр, кейде мысық ауырады, лабораториялық хайуандардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады. Маңқа адамға да жұғады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Маңқа қоздырғышы ауру мал денесінен сыртқа танау суы, қақырық арқылы, сондай-ақ терідегі уытты жара арқылы шығады. Маңқа ауру малдан сау малға өзара жанасқан кезде жұғады, сондай-ақ ол микроб қонған азық арқылы, суат, қора, ат әбзелі және күтім құрал-саймандары арқылы да жұғады.
Белгілері. Жасырын кезең 2-15 күнге созылады. Белгілеріне қарай маңқа - өкпе маңқасы, кеңсірік маңқасы және тері маңқасы болып, ал барысына қарай жіті және созылмалы маңқа болып бөлінеді.
Ж і т і м а ң қ а. Мұнымен көбінесе құлын ауырады. Ауру малдың температурасы қауырт көтеріліп, жүрек соғуы күрт әлсірейді, азыққа тәбеті тартпай, жалпы күйі өте-мөте нашарлайды. Танаудың кілегейлі қабығы қызарып кетеді, желбезектің бір не екі жағында айналасы қызыл шеңбермен көмкерілген сарғыш-сұрғылт түсті қатты түйнекшелер пайда болады. Келесі күндері бұл түйнекшелер ыдырап езіледі де, бүршікті ткань шала жетілгендіктен олардың орнында ернеулері опырылып ирелендеген, әрбіреуінің түпкі жағы ет майы тәрізді, түсі тоң майдың түсі тәріздес көптеген сопақша жара пайда болады. Жаралар бірімен-бірі ұласып, тез ұлғаяды да, көбіне кеңсірікті тесіп өтеді, танау-маңдай қуысын закымдайды. Танаудың іші қан араласқан сасық іріңге толады, екі танаудан, аққан ірің танаудың айналасына жиналып кебеді де, қабыршаққа айналады. Тынысы тарылып мал пысылдайды. Алқым бездері ұлғайған, адыр-бұдырлы келеді, сипалағанда ығыспайды [2, 4] .
Өкпесі зақымданса, мал демігеді, жөтеледі. Тыңдаған кезде кейде дымқыл сырыл естіледі. Кеудесін нұқып қаққанда өкпенің кейбір жерлерінен әдеттегі дүңкілдеген ашық дыбыстың орнына тықылдаған күңгірт дыбыс естіледі.
Терісі зақымданған жағдайда, ол көбіне малдың аяқтарында кездеседі, сөл бездері мен қан тамырлары қабынады. Алғашқы кезде сөл бездері қап-қатты нығыз келеді, ал кейін жұмсарып ыдырайды, мұның нәтижесінде ойылған терең жаралар пайда болады, олардан май тәрізді жабысқақ сары сұйық зат ағып тұрады. Көптеген жағдайда дәнекер тканьінің шектен тыс қаулап өсуіне байланысты малдың зақымданған аяқтары дүмпиіп жуандайды (ұра) .
Клиникалық белгілері бірте-бірте жойылып, жіті маңқа созылмалы маңқаға айналады. Ауру асқынса, маңқаның зардабы бүкіл денеге тарайды, мұның салдарынан ауру мал әбден арып, өліп калады.
С о з ы л м а л ы м а ң қ а. Желбезекте түйнекшелер мен ойық жаралар пайда болады, алқым бездері сәл зақымданады, олар ұлғайып, нығыздалады және жөнді қозғалмайтын болып қалады. Қайсыбір жаралар жазылып кетуі мүмкін, олардың орнын дәнекер ткань басып, жұлдыз тәрізді тыртыққа айналады. Маңқа ұзаққа созылса, өкпедегі зақымдану белгілері білінбейді, оларды мал өлгеннен кейін ғана көруге болады. Терінің сөл тамырлары сәл ғана зақымданады. Ауру бірнеше айға, тіпті талай жылға созылады, әлсін-әлсін асқынып отырады. Ұзақ уақыт бойы улану салдарынан мал әбден арықтап өледі [1, 2, 3, 5] .
Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер. Желбезектің бір не екі жағынан маңқаға тән көптеген түйнекшелері мен ойық жаралар табылады. Алқым бездерінің көлемі ұлғайған, олар қабынған, олардың кей жерлерінде маңқа түйнекшелері байқалады.
Тері маңқасы болса, қабынған сөл тамырларын бойлай құрылысы өзгерген сөл түйіншелері орналасады. Оларды терең түп жағы ұшық жара басып кеткен. Ішкі органдардан және сөл бездерінен маңқа түйіндері мен одан да үлкен ошақтары табылады. Ескі түйіндердің ортасынан әк шөгіндісі табылуы мүмкін. Өкпеден жалқаяқ жиналып қабыну, бронхоэктазия, каверна (қуыс), сондай-ақ көптеген маңқа түйіндері сияқты зақымдарды байқауға болады. Осындай зақымдар бауырда, талақта, тіпті жүрек еттерінде де кездеседі, маңқа түйіндері мен паразит түйіндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Соңғылар әдетте қос қабықты болып келеді, көбінесе олардың ішінен паразиттер табылады.
Ауруды анықтау. Жіті маңқа клиникалық белгілері бойынша анықталады да, бактериологиялық зерттеу, сондай-ақ қан сары суын КБР (комплемент байлаланыстыру реакциясы) әдісімен зерттеу нәтижелеріне қарай тұжырымдалады. Маңқаның жасырын түрін анықтау үшін зерттеудің аллергиялық әдісі қолданылады, яғни маллеин көзге тамызылады немесе тері ішіне енгізіледі.
Маңқаның жіті түрін комплемент байланыстыру реакциясы бойынша анықтайды. Күдікті жағдайда Штраус реакциясын пайдалана отырып, теңіз шошқасының еркегін биологиялық сынаудан өткізеді; осы хайуанның құрсағын көмкерген көк шандырға маңқа бактериясын енгізгенде оның ені қабынып ісіп кетеді (орхит) .
Емі. Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру. Дәрі-дәрмекпен емдегеннен ешқандай нәтиже шықпайды. Жылқы өздігінен жазылып кетпейді.
Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Маңқа шыққан шаруашылықтағы жылқылар тиісті ережеге сәйкес 4 топқа бөлінеді.
Бірінші топқа маңқаның клиникалық сипаты анық білінген жылқы жатқызылады. Оларды өлтіреді де, ішін жармастан өртеп жібереді.
Екінші топ-ауру белгілері көмескі, маллеинге реакция берген жылқы; олардың қаны КБР әдісімен тексеріледі. Анық реакция берген жылқыны өлтіреді де, реакция бермеген жылқыларды «маллеиншілер» деп табады.
Үшінші топ - ауру белгілері жоқ, бірақ маллеинге реакция берген жылқылар. Олардың қаны 1, 6 және 15-ші күндері КБР әдісімен екінші рет тексеріледі. Айқын реакция берген мал маңқа деп табылады да, құртып жіберіледі.
Төртінші топ - күдікті жылқылар. Оларды мезгіл-мезгіл клиникалық бақылаудан өткізіп тұрады, барлық зерттеуден теріс нәтиже шыққанша осы топтағы жылқыларды көздеріне маллеин тамызып тексеріп отырады, басқа жылқылармен жанастырмай, бөлек бағады, сол ауру шыққан шаруашылықта ғана жұмысқа пайдаланылады.
Ат қора құрамында 3 процент белсенді хлоры бар тұндырылған (мөлдір) хлор ерітіндісімен, күйдіргіш ңатрдың 4 проценттік ыстық ерітіндісімен немесе. күкірт-карбол қосындысының 5 проценттік ерітіндісімен дезинфекцияланады. Ауру малдың көңі өртеп жіберіледі, күдікті жылқының көңі биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Ауру жойылған соң 45 күн өтісімен ақырғы рет дезинфекция жасайды да, карантинді жояды.
Маңқадан сақтану үшін барлық жылқы клиникалық бақылаудан өткізіліп, көзге маллеин тамызу әдісімен зерттеліп отырады [1, 2, 3, 4] .
1. 3 Патологоанатомиялық союды ұйымдастыру
Патологоанатомиялық сою (секция, аутопсия) курсында студенттер мал өлексесін сойып зерттеу тәсілдерін игереді, тиісті құжаттар жазу және оларды толтыру тәртібін үйренеді, мүшелер мен тканьдердегі өзгерістерді патанатомиялық диагноз түрінде тұжырымдауға, т. б. деректер негізінде малдың қандай аурудан өлгені туралы қорытынды шығаруға дағдыланады.
Малдың әр түлігінің өліктерін жарып сою әдісі. Өлікті жарып союға дейін мүмкіндігінше, аурудың себептерін ашу үшін барлық жағдайларды анықтап сұрастыру, малдың клиникалық зерттелуінің мәліметтерімен, бірге берілетін документтермен танысу қажет. Өлікті жарып сойған кезде белгілі бір методика негізге алынуы тиіс. Арқасына немесе бүйіріне жатқызып жарып союға болады. Ірі малдың өлігін бүйіріне аударып, ұсақ малдыкін - Шордың тәсілімен арқасына аударып жарып сойған қолайлы.
Жарып соймастан бұрын малдың түлігін, жынысын, түсін, тұқымын, жасын, қоңдылығын анықтайды. Өліктің өзгергені, көрінетін кілегей қабықтар мен табиғи тесіктер (зәр шығуы), жүні белгіленді. Сыртқы жыныс органдарын қарайды. Жалпы сыртын қарап өткеннен кейін терісін сыпыруға кіріседі, оның ішкі бетін, тері асты клеткасын, бұлшық еттерін, сүйегін, буындарын, тарамыстарын қарайды. Одан кейін жарып союға кіріседі [1, 2, 5, 8] .
Сойып зерттеу орнын ұйымдастыру. Ірі қара өлігін жарып сою. Жарып сойған кезде өлікті сол жақ бүйіріне аударады. Ең әуелі оң аяқтары мен сыртқы жыныс органдарын бөліп алады. Одан кейін құрсақ қабырғасына 2 кесінді жасайды: олардың біреуі ұзына бойына ақ сызықпен өтетін төс шеміршегінен шат бітігіне дейін, екіншісі - біріншіге тік бағытта, көкірек қуысының қабырға шетімен өтеді, және құрсақ қабырғасының бүкіл қалдығын алып тастайды. Құрсақ қуысын (органдардың орналасуы, жыны, құрсақ көк етінің күйі) қарайды. Бұдан кейін көкірек қуысын жарады. Осы мақсатпен омыртқаның қасындағы жұмсақ тканьдерді алып, омыртқа сабағынан шамамен 15 см қашықтықта барлық қабырғаларды шауып (арамен кесіп) тастайды, көкірек қабырғасын төске қарай ашып, оны қабырғалардың қабырға шеміршектерімен жалғасқан жерінен бөліп алады, қабырғаларды қабырға бастары омыртқа денесімен жалғасқан жерінен бір - бірлеп жұлып алуға болады. Көкірек қуысын (органдардың күйін, жынды), қабырғаның сірлі қабығын қарап тексереді.
Көкірек қуысын қарап болғаннан кейін оң жақ бүйректе алып тастайды, шарбыны кеседі, ұйқы безін тексереді, одан кейін 12 елі ішектің бастапқы бөлігін лигатурамен (жіншемен) екі жерден байлайды және оны лигатуралардың арасынан алып кеседі. Оң жақ бүйректің маңынан 12 елі ішекке лигатураның екінші парын салады және ішекті қайтадан кеседі. Осы ішек кескіні бауырмен бірге қалады. Осыдан соң өлікті оң жақ жартылай бүйіріне аударады, өңешті кеседі және алдыңғы қарынды ұлтабармен және талақпен бірге ажыратып алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz