Жылқының індетті анемиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Вирусологиялық аурулар» пәнінен «Жылқының індеттік анемия ауруы, індеттік ерекшеліктері мен диагностикасы» тақырыбына жазылған курстық жұмыста нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 1кесте, 1қосымша қамтылған.

Курстық жұмыс 32 беттен тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Қысқартулар мен белгілер

Анықтамалар

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . 10

1. 1Жылқының індетті анемиясы . . . 10

1. 2 Жылқының індетті анемиясының эпизоотологиясы . . . 12

1. 3 Жылқының індетті анемиясының патогенезі . . . 13

1. 4 Жылқының індетті анемиясының клиникалық белгілері . . . 16

1. 5Жылқының індетті анемиясының патологиялық-анатомиялық өзгерістері . . . 17

1. 6 Жылқы індетті анемиясының алдын алу шаралары . . . 18

1. 7 Жылқының індетті анемиясы ауруын диагностикалау . . . 19

1. 8 Жылқының індетті анемиясы ауруын дауалау, індет ошағынан арылу шаралары . . . 20

1. 9 Жұқпалы ауруларды дауалау шаралары . . . 21

2 Өзіндік зерттеу . . . 23

3Техникалық қауіпсіздік . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Қосымша А Жітіден төмен өткен індетті анемия кезінде үпек тұсының домбығуы . . . 31

Анықтамалар

Осы курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылған:

Цитогенетикалық /метафазалық/ тәсіл хромосомнын саны, үлкендігі, пішіні және центромерлердің орналасуын анықтауға негізделген.

Гематологиялық зерттеуге күре тамырдан алынатын қанның әр миллилитріне антикогулянт ретінде 0, 02мл есеппен 10% сірке қышқылын /ЭДТА, яғни трилон Б/ қосады.

Вирусологиялық зерттеулер электрондық микроскоптың көмегімен қан лейкоциттерінің аз мерзімді өсінінде, бірқабат торшалар өсінінде алынған вириондарды көруге негізделген.

Серологиялық реакциялардан лейкозды балау үш диффузиялық преципитадия реакциясы колданылады.

Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік

Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Анемия - қан аздық

Интоксикация - денені уландыру

Эмульгирленген вакциналар - иммуногенезді күшейту үшін майлы адъювант қосылған вакциналар.

Афталар - күлдіреуіктер

Вирустың антигендік «дрейфі» - вирустың өзгерген түрлері, қоздырушының өзгеруі, олардың антигендік құрылымының өзгеруі

Вирус репродукциясы - вирустың көбеюі

Адсорбция - вирустың клеткаға жабысуы

Дезинфекция - микроорганизмдерге қарсы шара

Дератизация - кеміргіштерге қарсы шара

Инактивация - вирустардың жұқпалылығын әлсірету

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті

Қысқартулар мен белгілер

Осы курстық жұмыста келесі қысқартулар мен белгілер қолданылған:

% - пайыз

кг - килограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

м-метр

л - литр

Q - жылу

КБР- комплементті байланыстыру реакциясы

ДПР - диффузды преципитация реакциясы

ИФТ - иммунды - ферментті талдау

БР - бейтараптау реакциясы

ЦПӘ - цитопатогендік әсер

РНҚ - рибонуклеин қышқылы

рН - ортаның қышқылдығы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәттен індеттанулық талдау аркьшы ауруға нозологиялык балау коюмен катар індеттанулык балау койылады. Ауруға балау қою дегеніміз /нозологиялык балау/ кай ауру екенін анықтау болса /мысалы аусыл, немесе топалаң/, індеттанулык балау байкалған жұкпалы ауруға індеттану тұрғысынан толык сипатгама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағыньщ ерекшеліктерін аныктау. Бұл әдіс аркылы аурудын себептері; таралу жоддары, індет ошағының калыптасу жағдайлары айкындалады. Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық-анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.

Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық /шаруашылық/ жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зерттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады.

Індеттанудың басты әдісі - індеттанулық зерттеу. Оның мақсаттары:

Бір немесе бірнеше, қала берді барлық жұқпалы ауруларға қатысты індеттік ахуалды зерттеу.

Нақтылы жағдайдағы ауру қоздырушысының бастауы мен таралу жолдарын айқындау.

Індет процесінің нақтылы жағдайдағы кейбір бағыттары мен зандылықтарын анықтау.

Індетке қарсы жүргізілетін шаралардың нәтижелерін бағалау.

Індеттанулық зерттеу кешені төмендегідей әдістерден тұрады: а/ шаруашылыктағы шдеттанулық талдау мен бакылау; ә/ салыстырмалы тарихи сипаттау; б/ салыстырмалы географиялық сипаттау; в/ індеттанулық эксперимент; г/ математикалық моделдеу мен індеттанулық болжау.

Індеттанудың тарихы мен жетістіктеріне қысқаша шолу. Жануарлар арасында байқалатын жұкпалы ауруларра адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады.

Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырулары ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы андарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.

Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу зандылықтарына көніл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір аурып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурумен ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанда ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы /мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе сонғысының дертке шалдыруы, т. б. / бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын /микробиология, иммунология т. б. / тудыруға түрткі болады.

Жылқының жұқпалы анемиясы /инфекционная анемия лошадей/ - қан мүшелерінің зақымдануы салдарынан қаназдыққа ұшырап дененің қызуы тұрақты немесе аумалы-төкпелі көтеріліп, кызынған кезде кілегейлі қабықтардың қанталап, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметінің бұзылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Індетті қан аздық (Аnеmіа іnfесtiоsа еquоrum) - жіті және созылмалы түрде өтетін жұмыр тұяқтылар ауруы. Оған шалдыққан жылқы денесінің ыстығы біркелкі көтеріліп немесе ол бір көтеріліп бір төмендеп, айтарлықтай қаны азайып, жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысы бұзылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - жылқының індеттік анемия ауруының індеттік ерекшеліктері мен диагностикасын зерттеу [1, 2] .

1 Негізгі бөлім

1. 1 Жылқының індетті анемиясы

Жылқының жұқпалы анемиясы /инфекционная анемия лошадей/ - қан мүшелерінің зақымдануы салдарынан қаназдыққа ұшырап дененің қызуы тұрақты немесе аумалы-төкпелі көтеріліп, кызынған кезде кілегейлі қабықтардың қанталап, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметінің бұзылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Індетті қан аздық (Аnеmіа іnfесtiоsа еquоrum) - жіті және созылмалы түрде өтетін жұмыр тұяқтылар ауруы. Оған шалдыққан жылқы денесінің ыстығы біркелкі көтеріліп немесе ол бір көтеріліп бір төмендеп, айтарлықтай қаны азайып, жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысы бұзылады.

Жылқының жұқпалы қан аздығы жіті және созылмалы түрде өтетін жұп тұяқтылардың вирусты індеті. Оған шалдыққан жылқы денесінің кызуы кетеріліп, қан азаю белгілері білінеді, сонымен қатар ауруға шалдыққан малдың жүрек, қан айналу жүйесінің қызметі нашарлап, әлсірейді,

Тарихи деректер. Індетті қан аздық туралы алғашқы деректер 1841-43 жылдары) Франциядағы Альфорт мал дәрігерлік мектебінің бір жылдық есебінен табылған. Аурудың қоздырғышын 1904-1906 жылдары француз ғалымдары А. Карре мен А. Валле ашқан Россияда бұл індетті М. И. Потудин (1910), А. В. Васильев (1920), И. В. Поддубский, Б. Г. Иванов, Я. Е. Қоляков (1932) және т. б. зерттеген.

Жұқпалы анемияны алғаш рет 1841ж. Францияда Линье сипаттады. Оның қоздырушысының вирус екенін Карре мен Валле /1904/ дәлелдеді. Ауру 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында көптеген Европа, Азия, Америка елдерінде бар екендігі анықталды, ал 1 дүниежүзілік соғыс кезінде Франция, Германия, Ресей сияқты мемлекеттерде етек алды. Ол кездегі армиядағы жылқының маңыздылығына сәйкес бұрынғы Кеңестер Одағының қызыл әскерін аурудан сау жылқымен қамтамасыз ету үшін жан-жақты ғылыми зерттеулер жүргізіліп, оны Я. Е. Коляков басқарып, ғылымның бұл саласына зор үлес қосты. Соңғы жылдары анемия Батыс Европа, Оңтүстік Америка елдерінде, АҚШ, Канада, Жапонияда тіркелді. Ауру қоздырғышын 1904-1906 жылдары А. Валле мен А. Карре зерттеп, оның қоздырғышының вирус екендігін аныктады. Біздің елімізде бірінші рет М. Потудин (1910 жылы), И. В. Поддубский (1929 жылы) тағы басқалар тапқан. Қейінгі жылдары Калинин облысының жылқы шаруашылықтарынан табылған. Қазіргі уақытта жұкпалы қан аздық індеті дүние жүзінің 28 елінде, соның ішінде Америкада, Канадада, Жапонияда, Францияда, ФРГ-де, ГДР-де, Чехословакияда, Польшада, Румынияда, Норвегияда бар. Ал біздін. елімізде өте сирек кездеседі.

Қоздырғышы. Қоздырушысы - Tquine infectious anemia retrovirus аталатын Lentivirinae тұқымдастығының Retroviridae тұқымдас тармағына жататын РНҚ геномды вирус. Оның басты ерекшеліктері кері транскриптаза белсенділігі және организмге енген соң бастапқы 4-6 сағат ішінде ДНҚ түзілуін тежеуші себепкерлерге сезімталдығы /бұл кезде провирустың екі орамды ДНҚ-сы түзіледі/.

Вирус трипсиннің, РНҚ- және ДНҚ- азалардың әсеріне термолабильді, 60ºС-та уыттылығын 30 мин. ішінде қайнатқанда 1-2 мин., күн сәулесі әсерінен 1-3 сағат ішінде белсенділігін жоғалтады. 0 минус 2ºС-та 2 жылға дейін, глицеринде 7 ай, несеп пен садырада 2, 5 айға дейін сақталады. Зардаптанған шөп пен жайылым 9 айдан соң қауіпсіз болады. Күз-қыс мезгілінде сұлыдағы вирус 8, 5 ай өткен соң ғана зардаптылығын жоғалтады. Қоздырушы кептіру мен шіруге төзімді [1, 2, 3, 4] .

РНК-дан тұратын күрделі вирус. Оның тұрқы домалақ, ұзындығы 90-140 нм (нанометр) құрамында транскриптаза ферменті және қанының қызыл түйіршіктерін өзара желімдейтін қасиеті бар. Сондай-ақ жылқының қан аздық вирусы өзінің физикалық-химиялық және биологиялық қасиеті жөнінен ретровирустар туысына жақын. Көбінесе вирус қоздырғышы жылқының қанында, нәжісінде, сүтінде кездеседі. Сондай-ақ ол эфирге, трипсинге сезімтал келеді. Тікелей түскен күн сәулесінде 1-3 сағат, ағын суда 219 күн түзеді. Вирус 10-15 градус ыстықта 120 күннің, ал 18-20 градус суықта 98 күннің ішінде тіршілігін жояды. 4 процентті формалин ерітіндісі 5 минутта, 2 процентті күйдіргіш натр 20 минутта, 3 процентті креолин 30 минутта, хлорлы әк 3 сағат ішінде, ал 70 процентті спирт бір минутта вирус қоздырғышының жұқпалылық қасиетін жояды. Суды қайнатса бірден қырылып қалады.

Жапон ғалымдары Кобаяси мен Қононың тұңғыш рет жұқпалы қан аздық вирусының ұлпалар себіндісінде өсіп-өнетіндігін анықтаған. Олардың зерттеулері бойынша вирус қоздырғышы сүйек майында және қанның ақ түйіршіктерінде (лейкоциттер) жақсы өсіп көбейетіндігі белгілі болған. Ал вирусты тауық ұрығында қолдан өсіруге болады.

Көптеген ғалымдардың тұжырымдауы бойынша вирус қоздырғышы жылкы эмбрионында өседі және осы әдіспен көп мөлшерде вирус жинап алуға болады. Осы вирусты ұлпалар себіндісінде өсіру әдісі кеңінен қолданылып, вирустың жұқпалылық қасиетін анықтауда зор көмек көрсетеді.

Вирус ыстыққа аса төзімді емес. Ол 60 градустық ыстықта 1 сағат ішінде ауру қоздырғыштық күшін жояды. Суда қайнатқанда 2 минут, күн сәулесіне (20-28°С) 1-3 сағат тезеді. 0-2°С суықтықта вирус 2 жылға дейін сақталады. Қиды биотермиялық әдіспен өңдегенде вирус 30 күн ішінде жойылады, несеп пен садырада 2, 5 ай сақталады. Күйдіргіш натрдың 2% ерітіндісі вирусты 20 ми-нутта, ал 3% креолин 30 минутта зарарсыздандырады.

Табиғи жағдайда ауру көбінесе жылқыда кездеседі, сирегірек есек пен қашыр ауырады. Індеттің таралуы жылқының жасына, жынысына, тұқымына байланысты емес. Індет аз көлемде және энзоотия көлемінде өтеді, өте сирек жағдайда эпизоотия көлемінде қамтылуы мүмкін. Жұқпалы қан аздық ауруына ұзақ уақыт 10-15 жыл бойы вирус тасығыштык тән. Індеттің көзі - ауру немес вирус тасығыш жылқы. Ауруға бейімді малға вирус тері, кілегей қабық және асқазан жолдары арқылы енеді. Шағылыстыру арқылы да жұғуы мүмкін. Ауру қоздырғышымен ластанған жем, су, қи індеттің таралуына себепші болады. Індет жыл бойы кездескенмен, кепшілік жағдайда жазғы-күзгі маусымда байқалады (июль-сентябрь), осының езі ауруды сона, маса, шыбын-шіркей сияқты насекомдардың да тасымалдайтынын дәлелдейді. Бұл індет көбінесе қаңсорғыш насекомдардың тіршілігіне қолайлы ағашты, шалшықты, қышқыл топырақты аймақтарда жиірек кездеседі. Асептика және антисептика ережелерін бұзып, операция жасағанда / қан алғанда, т. б. жағдайларда да індет жұғуы мүмкін [1, 3, 4, 5] .

Індетті қаназдық барлық Европа елдерінде, Индияда, АҚШ-та, Африкада және Австралияда кездеседі. Оның жіті түрінде ауырған жылқының 60-80 проценті өлім-жітімге ұшырауы мүмкін. Біздің елімізде індет 30- 40 жылдары көбірек кездесті. Қазір жұқпалы қан аздық бірен-саран ғана кездеседі.

Қ о з д ы р ғ ы ш ы - арнаулы сүзгіден өтетін вирус. Ол ауру жылқының қанында, ішкі органдары мен тканьдерінде, несебінде, сілекейінде, сүтінде, қиында кездеседі. Электрондық микроскоппен қарағанда оның пішіні шар тәрізді, ұзындығы 18-50 нанометр. Вирусты тауық ұрығында қолдан өсіруге болмайды.

Вирус ыстыққа аса төзімді емес. Ол 60 градустық ыстықта 1 сағат ішінде ауру қоздырғыштық күшін жояды. Суда қайнатқанда 2 минут, күн сәулесіне (20-28°С) 1-3 сағат тезеді. 0-2°С суықтықта вирус 2 жылға дейін сақталады. Қиды биотермиялық әдіспен өңдегенде вирус 30 күн ішінде жойылады, несеп пен садырада 2, 5 ай сақталады. Күйдіргіш натрдың 2% ерітіндісі вирусты 20 минутта, ал 3% креолин 30 минутта зарарсыздандырады.

1. 2 Жылқының індетті анемиясының эпизоотологиясы

Табиғи жағдайда ауру көбінесе жылқыда кездеседі, сирегірек есек пен қашыр ауырады. Індеттің таралуы жылқының жасына, жынысына, тұқымына байланысты емес. Індет аз көлемде және энзоотия көлемінде өтеді, өте сирек жағдайда эпизоотия көлемінде қамтылуы мүмкін. Жұқпалы қан аздық ауруына ұзақ уақыт - 10-15 жыл бойы вирус тасығыштық тән. Індеттің көзі - ауру немес вирус тасығыш жылқы. Ауруға бейімді малға вирус тері, кілегей қабық және асқазан жолдары арқылы енеді. Шағылыстыру арқылы да жұғуы мүмкін. Ауру қоздырғышымен ластанған жем, су, қи індеттің таралуына себепші болады. Індет жыл бойы кездескенмен, кепшілік жағдайда жазғы-күзгі маусымда байқалады (июль-сентябрь), осының өзі ауруды сона, маса, шыбын-шіркей сияқты насекомдардың да тасымалдайтынын дәлелдейді. Бұл індет көбінесе қаң-сорғыш насекомдардың тіршілігіне қолайлы ағашты, шалшықты, қышқыл топырақты аймақтарда жиірек кездеседі. Асептика және антисептика ережелерін бұзып, операция жасағанда /қан алғанда, т. б. жағдайларда да індет жұғуы мүмкін.

Табиғи жағдайда жұқпалы анемиямен жылқы жасына, тұқымына қарамай ауырады. Ауруға шалдыққан құлындар көбінесе өліп қалады. Сонымен қатар пони, есек пен қашыр шалдығады. Есек пен қашыр жылқы мен пониға қарағанда төзімдірек келеді де, әдетте жітіден төмен немесе созылмалы түрде ауырады. Ауру малдан сау малға вирус әдетте кан сорушы жәңдік арқылы беріледі. Вирустың берілуі бірқатар себептерге байланысты. Ауру жіті өткен жағдайда жануардың қанындағы вирустың титрі өте жоғары болады. Мұндай малдың қанын мл мөлшерде тері астына немесе көк тамырға жіберсе жиі әсіресе құлын жұқпалы анемияға шалдығады. Ремиссия кезіккенде вирустың титрі өте төмен болады немесе болмайды.

Ауру қоздырушысының негізгі тасьшалдаушысы сона болып есептеледі. Бұл жәндік вирустың механикалық тасымалдауына жатады. Маса мен шіркейдің анемия вирусын тасудағы маңызы оншама емес.

Жұқпалы анмияның жіті өткен кезеңінде вирус сырт ортаға жануарлардың әртүрлі экскременттерімен бөлінеді. Сондықтан ауру және сау жылқыларды бірге ұстағанда су қажалған немесе сызаттанған тері арқылы жұғуы әйтседе аурудың жанасу арқылы берілу қаупі оншама емес.

Жұқпалы анемия негізінен жаздың күні қан сорғыш жәндіктер шаққан мезгілде байқалады. Ал аурудың кыста байқалуы созылмалы өткен дерттің асқынуынан немесе құю, вакцина егу сияқты әрекеттердің нәтижесінде болады. індет көбінесе тұрақтанған инфекция ретінде балшықты, жерлерде, орманды далаларда, өзенді, нулы, кан сорғыш жәндіктері көп алқаптарда кездеседі. Бастапқыда бірер малда ғана байқалған ауру біраздан кейін жаппай білінуі мүмкін. Әдетте індет басталған соң 20-30 күннен кейін ауруға шалдығу көрсеткіші ең жоғарғы деңгейге жетеді. Жұқпалы анемияның таралу қарқыны жоғары да, өршуі баяу өтеді.

Далалы және шөлейт аймақтарда жұқпалы анемия өте кең тарамайды. Мұндай жерде індеттің шығуы ауру жылқыны әкелуден болады. Жылқылардың арасында симптомсыз анемия вирусын алып жүру кең тараған. Ондай жануарлардың қанынан биопрепараттар /гипериммуды қан сарысуы, буаз биенің сарысуы/ даярлап, пайдалану індетті таратуға себеп болады.

1. 3 Жылқының індетті анемиясының патогенезі

Вирус көбінесе, организмге ішек-қарыннан басқа жолдар арқылы енеді. Органдар мен тканьге енген вирус көбейіп өсіп-өнеді. Әсіресе сүйек майы мен қанға енген вирус жылдам көбейіп, дененің ыстығын көтереді. Ал аурудың жітілеу және созылмалы түрінде вирустың ішкі органдар мен қанға енуі - малдың ыстығын мезгіл-мезгіл көтеріп, сол кездерде көптеген кызыл қан түйіршіктерінің жойылуына себеп болады. Сүйек майының қызметі бұзылып, аурудың негізгі белгісі - қан аздық пайда болады.

Денеге енген инан вирусы макрофаг торшаларында көбейеді де көп мөлшерде вириондар вирустың антигендері түзіледі. Оған жауап ретінде антиденелер пайда болады. Дерт процесі нәтижесінде макрофаггар және бірқатар басқа да торшалар закымданады. Вирустың тікелей торшаға әсер ететін цитолиздік белсенділігі төмен, закымдану қан айналымында ұзақ уақыт болатын антиген антидене иммундық кешенінің әсерінен болады. Эритроциттерге жабысқан вируспен антиденелер қосылып, бұл иммундық кешендер комплемент жүйесін іске қосып, гемолизге әкеп соқтырады. Нәтижесінде аурудың негізгі клиникалық көрінісі анемия пайда болады. Анемияның бұдан басқа да себебі бар. Ол дене қызуының салдарынан және макрофагтарда вирустың көбеюіне байланысты гемопоэздің бәсеңдеуі.

Сүйек майының гипофункциясы сонымен қатар темірдің жетімсіздігінен де туындайды. Сонымен бұл инфекция кезіндегі анемия тамырдың ішіндегі және сыртындағы эритроциттердің гемолизге ұшырауының және сүйек майының қан түзу қызметінің нашарлауынын салдары [1, 2, 5, 6] .

Негізінен вирустың шоғырланып өніп-өсетін ортасы - сүйек майы. Соның салдарынан жылқыда қан айналымы бұзылады: қандағы қызыл түйіршіктер (эритроциттер) ыдырап, бірнеше тәуліктің ішінде қан құрамындағы олардың мөлшері мүлдем азаяды. Сол себептен осы аурудың ең бір өзіне тән ерекше клиникалық белгісі - қан аздығы өршиді. Мал организміне енген вирус қан клеткаларында, паренхиматоздық органдарында өсіп-жетіледі.

Аурудың жасырын кезеңі орта есеппен 5 күннен 93 күнге дейін созылады. Сыртқы белгілеріне қарай өте жіті, жіті, созылмалы және жасырын түрде өтеді. Әрине, ол жылқы организмінің ауруға қарсы күресуіне, вирустың жұқпалылық қасиетіне және сыртқы орта жағдайларына байланысты болады. Індеттің өте жіті түрі барысында жылқы денесінің қызуы көтеріліп, күйзеледі, жүрек, қан тамыр жұмысы әлсіреп, көзге оңай шалынатын кілегейлі қабықтарының түсі сарғыш тартады. Сонымен қатар ауру малдың артқы аяқтары параличке ұшырап, жүре алмай жатып қалады. Ауру аскынған кезде мал еледі.

Індет жіті түрінде өршігенде ауруға шалдыққан мал денесінің қызуы аяқ астынан көтеріліп, 40-41 градусқа дейін жетеді. Қөзінің, аузының, танауының кілегейлі қабықтары бозарып, түссізденеді, яғни мал денесінде қан азаю белгілері білінеді. Індетке шалдыққан жылқы тәлтіректеп, әрең жүреді. Орталық нерв жүйесінің жұмысы бұзылады. Ауру басталған соң біраз уақыт өткеннен кейін жемшөптен қалады, сөйтіп әбден арықтайды. Қейде осы аурудың жіті түріне жаңа туған құлындар да шалдығады. Ауру биелер бірте-бірте әлсіреп, 20 шақты күннің ішінде өкпесінің қабынуы салдарынан өледі. Қанның қызыл түйіршіктерінің тұнбаға шөгуі шапшаңдайды, ал гемоглобин 20-30 проценттей азаяды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқының жұқпалы анемиясы ауруын зерттеу
Жылқының жұқпалы анемиясы
Жылқының сақау ауруы
Жылқының ринопневмониясы, дауалау шаралары
Жылқылардың инфекциялық анемиясының шаруашылыққа тигізетін зияны
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Сиырларда қансырау анемиясы
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Жылқының инфекциалық анемиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz