Жылқының сақау ауруы
Аннотация
Вирусологиялық аурулар пәнінен Жылқының сақау ауруы, сақтандыру
шаралары тақырыбына жазылған курстық жұмыста нормативтік сілтемелер,
анықтамалар, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік
зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімі және 3 сурет, 1 кесте қамтылған.
Курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар.Түрлері мен типтері. Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1. Жылқының сақау
ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .10
2. Жылқының жұқпалы
анемиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .12
1.3 Мандам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
1.4 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою
шаралары ... ... ... ... ... 17
1.5 Жұқпалы ауруларды зертханалық жолмен анықтау
әдістері ... ... ... ... ... ... ..1 9
1.6 Малдың жұқпалы ауруға төзімділігі мен
қабылдағыштығы ... ... ... ... ... . ... ..20
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30
Анықтамалар
Осы курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылған:
Сақау - құлын мен тайдың қызуын қатты тексеріп, жіті өтетін ерекше
жұқпалы ауру. Ауруға әдетте құлын, тай шалдығады.
Цитогенетиқалық метафазалық тәсіл хромосомнын саны, үлкендігі,
пішіні және центромерлердің орналасуын анықтауға негізделген.
Гематологиялық зерттеуге күре тамырдан алынатын қанның әр миллилитріне
антикогулянт ретінде 0,02 мл есеппен 10 % этилендиаминтетраацетат сірке
қышқылын ЭДТА, яғни трилон Б қосады.
Тері лейкозы - бұл аурудың бірдең бір жазылатын түрі, негізінен 1 жастан
3 жасқа дейінгі жас малда кездеседі.
Вирусологиялық зерттеулер электрондық микроскоптың көмегімен қан
лейкоциттерінің аз мерзімді өсінінде, бірқабат торшалар өсінінде алынған
вириондарды көруге негізделген.
Серологиялық реакциялардан лейкозды балау үш диффузиялық преципитадия
реакциясы колданылады.
Диагноз – ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы
дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді
Анемия – қан аздық
Интоксикация – денені уландыру
Эмульгирленген вакциналар — иммуногенезді күшейту үшін майлы адъювант
қосылған вакциналар.
Афталар - күлдіреуіктер
Вирустың антигендік дрейфі - вирустың өзгерген түрлері, қоздырушының
өзгеруі, олардың антигендік құрылымының өзгеруі
Вирус репродукциясы - вирустың көбеюі
Адсорбция - вирустың клеткаға жабысуы
Дезинфекция – микроорганизмдерге қарсы шара
Дератизация – кеміргіштерге қарсы шара
Инактивация – вирустардың жұқпалылығын әлсірету
Иммунитет – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті
Қысқартулар мен белгілер
Осы курстық жұмыста келесі қысқартулар мен белгілер қолданылған:
% - пайыз
кг - килограмм
г - грамм
мг - миллиграмм
м-метр
л - литр
Q - жылу
КБР- комплементті байланыстыру реакциясы
ДПР – диффузды преципитация реакциясы
ИФТ – иммунды – ферментті талдау
БР – бейтараптау реакциясы
ЦПӘ - цитопатогендік әсер
РНҚ – рибонуклеин қышқылы
рН – ортаның қышқылдығы
Ф. 7. 04 – 03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
__________________________кафедрасы
___________________________________ пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________
Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2019ж.
Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні
Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні
Шымкент 2019ж.
Ф. 7. 05 – 04

______________________________кафед расы
Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2016ж.
№____Тапсырмасы
___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______
№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6
7
Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________
Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________
Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
(күні, студенттің қолы)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау
індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәттен
індеттанулық талдау аркьшы ауруға нозологиялык балау қоюмен катар
індеттанулық балау койылады. Ауруға балау қою дегеніміэ нозологиялык
балау кай ауру екенін анықтау болса мысалы, аусыл немесе топалаң,
індеттанулык балау байкалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық
сипаттама беру болып табылады.
Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін
анықтау. Бұл әдіс арқылы аурудын себептері, таралу жолдары, індет ошағының
калыптасу жағдайлары айкындалады. Осындай талдау жүргізу барысында
клиникалық, патологиялық - анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық,
серологиялық, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер
індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы
шаралар белгіленеді.
Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде,
оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-
географиялық, әлеуметтік-экономикалық шаруашылық жағдайлармен де
байланысты екенін ескеру қажет. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің
зерттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен
пайдаланады.
Індеттанудың басты әдісі - індеттанулық зерттеу. Оның мақсаттары:
Бір немесе бірнеше, қала берді барлық жұқпалы ауруларға қатысты
індеттік ахуалды зерттеу.
Нақтылы жағдайдағы ауру қоздырушысының бастауы мен таралу жолдарын
айқындау.
Індет процесінің нақтылы жағдайдағы кейбір бағыттары мен
зандылықтарын анықтау.
Індетке қарсы жүргізілетін шаралардың нәтижелерін
бағалау.
Індеттанулық зерттеу кешені төмендегідей әдістерден тұрады: а
шаруашылыктағы індеттанулық талдау мен бакылау; ә салыстырмалы тарихи
сипаттау; б салыстырмалы географиялық сипаттау; в індеттанулық
эксперимент; г математикалық моделдеу мен індеттанулық болжау.

Сақау қоздырғышы сыртқы жағдайға және дезинфекциялағыш
заттарға төзімді келеді. Іріңде және қанда бірнеше апта бойы тіршілік ете
алады. Оны күн сәулесі 6—8 сағат ішінде өлтіреді, аязда қатқан күйінде
сақталады (консервіленеді).
Сақаумен көбіне құлын мен тай, құнан және дөнен жылқылар ауырады. Сондай-
ақ сақауға есек, қашыр да шалдығады.
Сақау әдетте ауру жылқы арқылы тарайды. Сақау ауру малдан сау малға ауа
арқылы және инфекцияланған азық, су және құрал-саймандар арқылы жұғады.
Жасырын кезең 4 күннен 8 күнге дейін созылады. Ауру малдың температурасы
көтеріледі, танауынан көп болып ірің ағады. Алқым бездері бастапқыда
ұлғаяды, қатаяды, ыстық болады және мал одан ауырсынады, кейін жұмсарып
іркілдейді. Сақау клиникалық белгілер мен эпизоотологиялық мәліметтер
(белгілі бір үйірде құлын мен жас жылқының алқым және басқа сөл бездерінің
іріңдеп қабынуы — энзоотия пайда болуы) бойынша анықталады. Оны дәл анықтау
үшін ірің микроскоппен зерттеледі.
Сақауды маңқа мен мандамнан, ал ауру ұзаққа созылған жағдайда індетті
анемиядан ажырата білу керек.
Ауру эпизоотологиялық деректерге, яғни бір мезгілде қанша құлын-
тайдың ауырғаны есепке алынып отырып анықталады. Клиникалық белгілеріне
қарағанда малдың дене қызуының бірден көтерілуі және алқымының ісуі негізге
алынады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – жылқының сақау ауруы, сақтандыру шараларын
зерттеу.
1 Негізгі бөлім
1.1 Жылқының сақау ауруы

Қоздырғышы- Streptococcus egvi, сақау стрептококкі дейтін микробтар.
Бітеу жарадаң алынған іріңде, танаудан аққан су жұғындысында ұзындығы
әр түрлі тізбек түзген кокктар көрінеді.

алады.
Оны күн сәулесі 6—8 сағат ішінде өлтіреді, аязда қатқан күйінде
сақталады (консервіленеді).
Ауруға бейімділік. Сақаумен көбіне құлын мен тай, құнан және дөнен
жылқылар ауырады.
Сондай-ақ сақауға есек, қашыр да шалдығады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Сақау әдетте ауру жылқы арқылы тарайды. Сақау
ауру малдан сау малға ауа арқылы және инфекцияланған азық, су және құрал-
саймандар арқылы жұғады.
Аурудың клиникалық белгілері. Жасырын кезең 4 күннен 8 күнге дейін
созылады. Ауру малдың температурасы көтеріледі, танауынан көп болып ірің
ағады. Алқым бездері бастапқыда ұлғаяды, қатаяды, ыстық болады және мал
одан ауырсынады, кейін жұмсарып іркілдейді.
Пісіп жетілген бітеу жараларды жарып жіберсе, олардан сарғыш жасыл түсті
қою ірің ағады. Бітеу жаралар жиырылғаннан кейін малдың температурасы
төмендеп, жалпы күйі жақсарады.
Ауру асқынса, шықшыт бездері және осы маңайдағы бір жердің басқа бездері
қабынады, көп жағдайда ауысып келген микробтар шөгеді де, өкпе қабынады
(метастаз).
Қайсыбір кезде іріңдеп қабыну процесі сөл тамырларын бойлай тарайды.
Сақау асқынса мал көбіне өледі.
Ауырған малдың жоғарғы тыныс жолдарының (кеңсірік пен жұтқыншақ) кілегей
қабықтары іріңдеп, алқым бездері іріңді бітеу жараға айналатын жұқпалы
ауру.
Сақау жіті түрде өтеді. Ауруға шалдыққан малдың алқымы ісінеді, дене
қызуы бірден көтеріледі, танауынан сарысу ағады. Оған келе-келе ірің
араласады, жақ астындағы шықшыт бездері ісінеді, ол жер іріңдейді де,
кейін жарылады.
Ауру асқынбаса құлын -тай 15—30 күн ішінде жазылып кетеді. Бұл жеңіл
түрі.
Сақаудың кейде асқынып кететін жағдайы бар. Ауру асқынса малды бронхит,
бронхопневмония, плеврит ауруына ұшыратады.
Ішкі органдардың көбісінде бітеу жара пайда болады және олардың әр
жерден тесілуі мүмкін.
Аурудың осындай асқынған түрі ұзаққа созылады, мал арасында өлім-жітім
болуы да мүмкін. Сақау ауру малдан сау малға тез жұғады.
Өлекседегі өзгерістер. Өлген малды сойып көргенде жұтқыншақ пен жоғары
тыныс жолдары кілегей қабықтарының іріңдеп қабынғаны байқалады.
Зақымданған бездерден, ал сақау асқынған болса, өкпеден және басқа
органдардан үлкен-кішілі бітеу жаралар табылады. Ірің жағындысында сақау
стрептокогы кездеседі.
Жақ асты шықшыт бездері мен ішкі органдарының (сөл бездері, бүйрек,
бауыр, өкпе талақ, т. б.) іші қою іріңге толған.
Ауруды анықтау. Сақау клиникалық белгілер мен эпизоотологиялық
мәліметтер (белгілі бір үйірде құлын мен жас жылқының алқым және басқа сөл
бездерінің іріңдеп қабынуы — энзоотия пайда болуы) бойынша анықталады. Оны
дәл анықтау үшін ірің микроскоппен зерттеледі.

Ауру эпизоотологиялық деректерге, яғни бір мезгілде қанша құлын-тайдың
ауырғаны есепке алынып отырып анықталады.
Клиникалық белгілеріне қарағанда малдың дене қызуының бірден көтерілуі
және алқымының ісуі негізге алынады.
Сондай-ақ, сақауды анықтағанда бактериологиялық зерттеу әдісі де
қолданылады. Ол үшін ауырған малдың шықшыт астындағы жарылмаған бітеу
жарадан алынған іріңді бактериологиялық әдіспен тексеріп, одан
стрептококктарды табу қажет.
Емі. Арнаулы ем ретінде сақау антивирусы қолданылады. Ол зақымданған
бездердің тұсынан тері астына енгізіледі, сондай-ақ оны жарылған бітеу
жаралардың ішіне бүркіп шаяды.
Әдеттегі мөлшерде пенициллин, стрептомицин және сульфаниламид
препараттарын қолданудан жақсы нәтиже шығады.
Пісіп жетілген бітеу жаралар жарып жіберіледі де, кейін әдеттегі ашық
жара сияқты емделеді. Жараны емдеу үшін ақ стрептоцид эмульсиясын немесе
АСД қолданған тиімді.
Ауру жылқының рационына жұмсақ шырынды азықтар қосады.
Ауру құлын мен тай бөлініп алынып, таза, жылы, құрғақ қораға көшіріледі.
Оларға сапалы шөп, жоңышқа, сәбіз, беде, кебек быламығы беріледі. Алқым
жарасы жарылмаған малға компресс жасалады.
Жара әбден пісіп жетілген соң оны жарып, іріңін сылып тастау қажет.
Сонан соң зарарсыздандырғыш дәрімен шайылады.
Сақауға қарсы сақтандыру және емдеу үшін мал терісінің астына арнаулы
қан сарысуы және антивирус жіберіледі. Ол малдың тірідей салмағына
байланысты 50—100 мл мөлшерінде болады. Бұл ем дұрыс нәтиже бермесе қан
сарысуын 2 рет 2—3 күн өткен соң қайталау керек. Сақауға пенициллин мен
сульфаниламид препараттары дәрулік етеді.
Пенициллиннің судағы ерітіндісі малдың тірілей салмағының әр кг 1—2
мың мөлшерде егіледі, ол тәулігіне 2-3 рет қолданылады. Сульфаниламид
препараттары жеммен қосып беріледі.
Сақтандыру шаралары. Шаруашылықта жас малды сақауға шалдықтырмас үшін
олардың күтіп-бағу және азықтандыру жағдайларын жақсарту қажет.
Үйірлі жылқы шаруашылығында буаз биелер мен құлындар- тай отты жайылымға
жайып, косымша жем беру қажет. Жауын-шашынды, суық күндері малды ықтасынға
паналатқан жөн.
Ауырған құлын дер кезінде емделіп, оқшау қораға шығарылады. Ауру мал
тұрған қора тазаланып, дезинфекцияланады.
Ауруға шалдыкқан және күдікті жылқы бөліп алынып емделеді. Ауру шыққан
топтағы енесінен ажыратылған құлындар мен жас жылқыларға аурудан сақтану
мақсатымен сақау антивирусы енгізіледі, бұдан кейін оларды микробтан
арылтылған таза қораға ауыстырады.
Сақау шыққан шаруашылықтағы әрбір жылқы жеке ұсталады, оған азық пен су
бөлек беріледі.
Ат қора креолиннің 3—5 проценттік ыстық эмульсиясымен немесе жаңа
сөндірілген әктің 10—20 проценттік мөлдір ерітіндісімен дезинфекцияланады.
Көң биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады.
Ең соңғы мал аурудан айыққаннан кейін 15 күн өтісімен ақырғы рет
дезинфекция жасалады да, тежеу шараларын жояды [1,4,5,6,7].
1.2Жылқының жұқпалы анемиясы
Қоздырғышы— арнаулы сүзгіден өтетін вирус.
Ол көңде 30 күнге, несепте 75 күнге дейін тіршілік етеді, 60 градустық
ыстық ерітіндіде екі сағаттың ішінде, қайнатқанда сол бойда қырылып қалады.
Қызуы 25—28 градустағы күн сәулесі вирустың уытын 1—3 сағат ішінде жояды.
Ауруға бейімділік. Індетті анемиямен жылқы, қашыр, есек және түйе
ауырады. Оған шошқа да шалдығуы мүмкін, бірақ бұл түлікте осы ауруға тән
белгілер білінбейді, кейін ол шошқа вирус тасушы күйінде қалады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Вирус мал денесінен әсіресе аурудың жіті
түрінде нәжіспен, несеппен бірге сыртқа шығып отырады.
2-сурет. Жұқпалы анемияның жіті түрінде іштің ісінуі
Індет ауру мал, өлексе, сондай-ақ ауру қоздырғышы түскен жайылым, суат,
ат әбзелі, күтім кұралдары арқылы таралады.
Малға ауру азық пен су арқылы, ауру мал мен сау малдың тікелей
жанасуынан, денесін вирус жайлаған қан сорғыш насекомдар арқылы жұғады.
Белгілері. Жасырын кезеңі 10—30 күн, кейде 87—90 күн. Инфекциялық
анемияның клиникалық белгілері аурудың барысына қарай түрліше болады.
Індетті анемияның барысы көбіне малдың ауруға төтеп беру қабілетіне
байланысты.
Ал малдың бұл қасиетіне азығы мен күтімі, сондай-ақ жұмысқа жегілу
тәртібі әсер етеді. Олар неғұрлым нашар, организмі неғұрлым әлсіз болса,
ауру соғұрлым жіті өтеді, індет жылқы арасында тез тарайды.
Әдетте инфекциялық анемия өте жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын
түрде өтеді.
Ө т е ж і т і т ү р і. Оған көбіне құлын шалдығады. Кенеттен құлынның
дене қызуы көтеріледі де, жүрек соғуы әлсірейді, мең-зең болып, жалпы күйі
тым нашарлайды. Мал өледі.
Ж і т і т ү р і. Жылқы тез болдырады. Азыққа тәбеті тартса да барған
сайын арықтай береді, дене қызуы әрдайым жоғары болады. Ауыз бен танаудың,
көздің ішкі беті бозарып кетеді.
Үстіңгі және астыңғы қабақтың түйіскен жері, қызыл иектің тіссіз ернеуі,
танау желбіршегі, тілдің асты, кынаптың кілегей қабығы қанталап, олардан
қан нүктелері мен қан жолақтары табылады.
Жүректің серпіні күшейген, тамыр соғуы жиілеген, көбіне табиғи ырғағынан
айрылған.
Алқымы мен құрсағының екі жағында, аяқтарында іркілдеген ісік пайда
болады. Буаз бие көбінесе іш тастайды.
Кейде жеңіл-желпі шаншу тиіп, мал елеурейді. Ол біртіндеп әлсіреп,
жетектеген кезде аяқтарын шалыс басып, тәлтіректейді, бөксесін
бұлғаңдатады. Ауру 2—3 аптаға созылады, жылқы көбінесе өледі.
Ж і т і л е у т ү р і. Дене қызуы біресе көтеріліп, біресе төмендеп,
ауру жиі қайталап отырады. Ауру белгілері жіті түріндегідей, бірақ сәл
көмескілеу. Жітілеу анемия екі айға созылады. Одан мал көбінесе өлмейді.
С о з ы л м а л ы т ү р і. Дене қызуы біресе көтеріліп, біресе
төмендеп, ауру қайталап отырады.
Аурудың қайталауы қысқа мерзім ішінде аяқталады да, мал ұзақ уақыт
сау сияқты болып көрінеді (ремиссия).
Ауру белгілері әсіресе қайталау кезінде айқын білінеді.
Ремиссия кезінде қоңы бұрыңғы қалпына келіп, жылқы жұмысқа
жарайтын болады.
Жүрек қызметі бұрынғы қалпына келмейді, сондықтан мал денесінде қан
бөгеледі де бірден екі жакқа іркілдек ісіктер шығады, бұл әсіресе
таңертең мал өрісімен байқалады.
Ж а с ы р ы н т ү р і (белгісі жоқ). Бірнеше айға тіпті
талай жылға созылады, кей кезде ауру қыска мерзімде қайталап
отырады.
Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер. Ұлпалы (паренхиматоздық)
органдар азғынданған, кілегейлі қабықтар бозарған. Органдар мен кілегейлі
қабықтар қанталаған, олардан көптеген қан нүктелері мен кан жолақтары
табылады.
Аурудың жіті түрінде талақ едәуір ұлғайған және жұмсарған, созылмалы
түрінде — сәл ұлғайған, нығыздалып катайған, тілік беткейі түйіршіктенген.
Бауырдың азғынданып, дәнекер тканьмен жайлануы әсіресе аурудың созылмалы
түрінде айқын белгіленген.
Ауру жылқының қаны әбден сұйылған, шала ұйыған, сөл бездері қанталап
қабынған.
Ауруды анықтау. Індетті анемияны анықтағанда оның жаз аяғында, күз
басында жіті энзоотия ретінде пайда болатынын ескереді.
Ауру белгілеріне қарай анықталады, бірақ қан зерттеу нәтижелерімен
толықтырылады.
Инфекциялық анемия кезінде эритроцит шөгу реакциясы (РОЭ) өте
шапшаңдаған.
Аурудың жіті түрінде РОЭ бір сағат ішінде эритроседиометрдің 70—75
бөлігіне, созылмалы түрінде 50 бөлікке теңеледі, тіпті одан да төмендейді.
Жіті анемия кезінде эритроцит саны 1,5—2 миллионнан, созылмалы анемия
кезінде 4 миллионнан аспайды, тіпті одан да азайып кетеді.
Аурудың жіті түрінде гемоглобин 15—20 процентке, созылмалы түрінде — 30
процентке дейін азаяды, кейде одан да төмендейді.
Лейкоцит саны көп азаймайды, бірақ аурудың созылмалы түрінде лимфоцитоз
(50—70 процент) болуы ықтимал.
Қандағы өзгерістер әсіресе қайталау кезінің аяқ шенінде айқын
байқалады.
Ауруды дәлірек анықтау үшін өлгеннен кейінгі белгілер гистологиялық
зерттеу нәтижелерімен толықтырылады.
Ауруды біржолата анықтау үшін оны гемоспоридиоздардан, хирургиялық
сепсистен және дене қызуы қайталап отыратын басқа аурулардан ажырата білу
керек.
Күдік туған жағдайда 5—6 айлық құлындар биологиялық сынамадан
өткізіледі.
Емі. Мал денесін ұзақ уақыт вирус мекендеуіне, осыған орай ауру
қоздырғышы айналаға тарап кету қаупіне байланысты. Инфекциялық анемияны
емдемейді. Мал аурудан өздігінен айықпайды.
Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Инфекциялық анемия табылған
шаруашылыққа карантин жарияланады, ауру шыққан үйірдегі жылқылар үш топқа
бөлінеді.
Бірінші топқа ауру белгілері айқын білінген жылқы жатқызылады, оларды
дереу бөліп алады да, кейін құртып жібереді немесе осы індетке шалдыққан
мал топтастырылатын арнайы шаруашылыққа көшіреді.
Екінші топ — ауру белгілері көмескі білінетін, яғни ауру күдігі бар
жылқы араларындағы қабырғалары бітеу арнайы бөлмелері (бокстар) бар
изоляторға шығарылады, мұнда оларға бақылау онан әрі жүргізіле береді, күн
сайын олардың температурасы өлшенеді, осы ауруды анықтау жөніндегі нұсқауға
сәйкес әлсін-әлсін малдың қаны зерттеледі.
Анемиямен ауырғаны расталса, ондай жылқы изоляторға ауыстырылады,
зерттеуден теріс нәтиже шықса, жылқы ат қорадағы өз орнына қайтарылады.
Үшінші топқа ауру шыққан үйірдегі қалған жылқы, яғии ауру жұғуы ықтимал
жылқы жатқызылады. Олардың әрбіреуін дербес жеке бағып, күн сайын
температурасын өлшеп отырады.
Бұл жылқыны өзара топтастырады да, ауру шыққан шаруашылықтың
территориясындағы оқшау участокта ғана жұмысқа пайдаланады.
Ат қора іші күйдіргіш натрдың 2—3%-тік ыстық ерітіндісімен немесе
формалиннің 3—5%-тік ерітіндісімен дезинфекцияланады.
Ауру жылқының нәжісін өртеп жібереді немесе мал қорымына апарып көміп
тастайды.
Ауру жұғуы ықтимал деп табылған жылқының нәжісі биотермиялық әдіспен
зарарсыздандырылады.
Қан сорғыш насекомдарды өніп-өсуінің түрлі кезеңдерінде жойып жібереді.
Аурудан арылған соң үш ай өтісімен соңғы рет дезинфекция жасайды да,
карантинді жояды.
Келесі үш ай бойы тежеу шаралары қолданылады: жылқы жұмысқа әдеттегі
тәртіппен пайдаланыла береді, бірақ оларды ауру шықпаған басқа
шаруашылықтарға беруге болмайды [1,2,3].
1.3 Мандам- эпизоотиялық лимфангоит
Қоздырғышы —саңырауқұлақ.
Тіке түскен күн сәулесі 10 күн ішінде зиянсыз етеді, 65 градуска дейін
ысытқанда бір сағат бойы тірі күйінде, ал 80 градусқа дейін ысытқанда
бірнеше минуттың ішінде қырылып қалады.
Ауруға бейімділік. Мандаммен жасы мен қоңына қарамастан дара тұяқты
жануарлардың бәрі ауырады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Сөл бездеріндегі бітеу жаралар жарылады да,
олардан аққан іріңмен бірге ауру қоздырғышы сыртқа шығады.
Мандам сау малға ауру малмен жанасқан кезде, сондай-ақ ауру қоздырғышы
түсіп былғанған қора-жай, азық, суат, ат әбзелі және мал күтімінде
пайдаланылатын құрал-саймандар арқылы жұғады.
Белгілері. Жасырын кезең 15 күннен 120 күнге дейін созылады.
Аурудың алғашқы белгісі—сөл түйіндерінің криптококктар енген жері
зақымданады. Бұдан әрі терідегі қабынған сөл тамырларын бойлай заіқымданған
сөл түйіндерінің саны көбейе түседі, олар тері бетінде тасбих тәрізді болып
малдың тұла бойына, әсіресе артқы аяқтарын қаптап кетеді.
Келесі күндері мұндай түйіндер жұмсарып жарылады да, соның салдарынан
ұзақ уақыт жазылмай, зардап шектіретін солғын жаралар пайда болады. Мұндай
жаралар танау ішінде де жиі кездеседі. Ауру ұзаққа созылады, мал одан
айықпайды.
Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер . Өлексе ап-арық.
Денесінің әр жерінде теріден қабынған сөл тамырларының бойынан, сондай-ақ
екі танаудың ішінен зақымданған сөл түйіндері табылады. Ішкі органдары
жөнді зақымданбайды.
Ауруды анықтау. Мандам клиникалық белгілері бойынша анықталады. Оны дәл
анықтау үшін зақымданған сөл түйіндері мен жарадан алынған ірің
микроскоппен зерттеледі де, зерттеу нәтижелері ескеріледі.
Ауру малды дер кезінде табу үшін аллерген қолданылады. Ол жылқының
жасына қарамастан мойынның ортаңғы үштен бірінің терісіне 0,4 мл мөлшерінде
енгізіледі.
Егу нәтижесі аллерген қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес есептеледі.
Қателеспеу үшін мандамды маңқадан және метастаз беретін сақаудан ажырата
білу керек.
Маңқадан ажырату үшін малдың көзіне маллеин тамызады және оның қанын КБР
әдісіміен зерттейді.
Терінің тамырын зақымдаған терідегі сөл тамырларын зақымдаған
метастаздық сақауды ажырату үшін ірің жұғындысын микроскоп арқылы зерттейді
де, жұғындыны Грам бойынша бояп, одан стрептококк тізбегін табуға
тырысады.
Емі. Денесін жара басып кеткен жылқы өлтіріледі. Зақымданған орындар
шағын болса, зақымданған сөл тамырлары мен түйіндерді сылып тастайды. Егер
сылып тастау мүмкін болмаса, зақымданған сөл тамырларына йодтың спирттегі
10 проценттік ерітіндісін немесе фенолмен күшейтілген Хлумский сұйығын
құяды.
Сонымен бірге малдың өз қанын өзіне құяды (аутогемотерапия).
Танаудың ішкі беті мен көздің іші зақымданса, фитонцидтер
пайдаланылады, бұл үшін көздің ішіне пияз бен сарымсақ сығындысын тамызады.
Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Ауруға шалдыққан жылқыларды
бөліп алып емдейді; денесін жара басып кетсе, оларды өлтіреді. Ауру жұқты-
ау деген жылқыларды клиникалық бақылаудан өткізіп, аурудың белгілері
білінбейтін түрлерін анықтау үшін оларға аллерген енгізеді.
Олар сол шаруашылықта ғана жұмысқа пайдаланылады, басқа жылқылармен
жанастырмайды, оларға арналған жайылым да бөлек болуға тиіс.
Ауру шыққан шаруашылықтағы әрбір жылқы жеке бағылады. Ат қораны күкірт-
карбол қосындысының 10%-тік ыстық ерітіңдісімен немесе құрамында 5 процент
әсерлі хлоры бар әк ерітіндісімен дезинфекциялайды.
Ауру малдың қиын өртеп жібереді, күдікті жылқының қиын биотермикалық
әдіспен зарарсыздандырады.
Ауру жойылған соң 45 күн өтісімен ақырғы рет дезинфекция жасайды да
карантинді алып тастайды. Аурудан айыққан жылқыларды дербес топтастырып,
оқшау шығарады да, үш ай бойы бөлек бағады [1,2,5,6,7].
1.4 Жұқпалы ауру шыққан шаруашылықта ауруды жою шаралары
Аурудың көзін жою. Ауру шыққан шаруашылық аурудан таза
емес шаруашылық деп аталады, қасындағы шарушылық (дені сау малы
бар) қауіпті зона делінеді,—ауру келіп қалуы қауіп мүмкін шаруашылық
деп бөлінеді. Мал дәрігерлік уставқа сәйкес аурудан таза емес
шаруашылықта эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізеді. Шаруашылыққа
карантин салады. Карантинді бір ауылға, фермаға да салуға болады. Карантин
ережесі ауру шыққан ошақта барлық қозғалысты тоқтатады, ол оған кірте
болмайды, мал әкелуге және әкетуге рұқсат жоқ. Дезбарьер орнатып, күндіз-
түні кезекші қояды, территорияға автокөлік, ат арба т.б. кіріп шығуды
тоқтатады, ол үшін көрсеткіш белгі қойылады. Қай жақтан өтуге болатыны
көрсетіледі. Ауру шыққан малға тек күтуші адамдар ғана кіреді. Карантинді
ашу, аурудың жазылу сипаттамасына байланысты болады. Карантин біткен соң
қорытынды дизенфекция жасап, айналаны тазалап карантинді ашады.
Ауру шыққан жердегі малды клиникалық тексеруден өткізіп оны үш
топқа бөледі:
1) ауру мал 2) ауыруған күдікті мал 3) уақытша кудікті сау
мал Бірінші топтағы малды бөліп алып емдеу керек. Екінші топтағы
малды тағыда мал дэрігерлік тексеруден өткізеді. Үшінші топтағы малды
иммуниды (сывороткамен вакцинация жасайды). Ауру шыққан жердегі малдарды
союға, кастрация жасауға, қан алуға болмайды.
Ауру шыққан жердегі соңғы ауырған мал жазылған соң дәрігерлік
санитарлық шараларды іске асырады тазалайды, дезинфекция жасайды, барлық
құрал -саймандарды заласыздандырады, қора-қопсыны жөндейді, әктейді,
айналаны тазалайды
Дезинфекция - ауру тарататын микробты (ауру малдан бөлінген)
сыртқа түскен жою, кұрту, ол ауруды қайта таратпау үшін жүргізетін шара.
Ол профилактикалық ағымдағы және қортынды болып бөлінеді. Эпизотияға қарсы
шаралар - инфекциялық ауруларды жою шаралары шаруашылықта ауруды болдырмау
бағытында болуы.
Аурудың алдын алу, оны емдеуден жеңіл және арзан түседі. Сондықтан
бірінші реттен малдың жұқпалы ауруга қарсы тұратын қаблетін күшейту үшін
жұмыс істеу керек. Мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді және
бейімді болуы қажет.
Сондай ақ микробтың (ауру қоздырғыштың) әсеріне жауап беріп, оған
берілмеу керек. Сонымен қатар, мал тұратын ферманы, ауылды, жұқпалы аурудан
қорғап, аурудың келіп қалмау жолын іздестіру қажет.
Малды жұқпалы аурудан корғау үшін өте қатаң түрде зоогигиеналық
және малдәрігерлік санитарлык ережелерді сақтау керек. Оған мына
төмендегілер жатады:
1) Фермаға, шаруашылыққа келген мал 30 күн карантинде тұру керек. Оны
бөлек ұстап сол 30 күн бойы қадағалап, оны күнде тексеріп аурудың жасырын
түрін анықтау қажет.
Малды тек жұқпалы аурудан таза шаруашылықтан алу қажет. Ол
аудандық мал дәрігерлік станция дәрігері мал алатын жердің аурудан
таза екенін анықтайтын (вет.свидетельство) беру керек, алу
қажет, тек содан соң ғана малды ол жерден алуға болады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz