Күйістілердің кебенек ауруы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Вирусологиялық аурулар» пәнінен жазылған «Күйістілердің кебенегі ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары» атты курстық жұмысым 29 беттен тұрады.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартулар мен белгілер

Кіріспе . . . 8

1 Негізгі бөлім . . . 10

1. 1 Күйістілердің кебенек ауруы . . . 10

1. 1. 1Күйістілер кебенек ауруының індеттік ерекшеліктері . . . 10

1. 1. 2Күйістілер кебенек ауруымен дерттенуі . . . 11

1. 1. 3Күйістілер кебенек ауруының өтуі мен симптомдары . . . 11

1. 1. 4Күйістілер кебенек ауруындағы өлекседегі өзгерістер . . . 11

1. 1. 5Күйістілер кебенек ауруын балау . . . 12

1. 1. 6Күйістілер кебенек ауруын ажыратып балау . . . 12

1. 1. 7Күйістілер кебенек ауруының емі . . . 12

1. 1. 8 Күйістілер кебенек ауруының иммунитеті . . . 13

1. 1. 9 Күйістілер кебенек ауруын дауалау және күресу шаралары . . . 13

1. 2 Патологоанатомиялық союды ұйымдастыру . . . 13

1. 3Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау . . . 15

1. 4 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік . . . 18

1. 5 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары . . . 19

1. 6 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері . . . 19

2 Өзіндік зерттеу . . . 22

3Техникалық қауіпсіздік . . . 25

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Қысқартулар мен белгілер

Осы курстық жұмыста келесі қысқартулар мен белгілер қолданылған:

м 2 -шаршы метр

м 3 - метр куб, көлем

м - метр

% - пайыз

°С - градус Цельсия

мг/ м 3 - көлем

г - грамм

кг - килограмм

Ә. Б. - әсер ету бірлігі

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Ф. 7. 04 - 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2019ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2019ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2019ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 7
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

(күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

« » жоғары мектебі

«» кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2019ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2019ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы т. б. ) .

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.

Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі - осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.

Кебенек немесе ешкінің жұқпалы плевропневмониясы - дененің қызынып, плевропневмония ретінде байқалатын жіті өтетін аса жұғымтал ауру.

Қазақстанда бұл ауру өте ерте заманнан белгілі. Әр түлік малдың ең қатерлі індеті ретінде сиырда - қарасан, қойда - топалаң, жылқыда - жамандат, түйеде - ақшелек, ешкіде - кебенек ең қауіпті ауру болып есептелінеді. Бұл жағдай халықтың әдеби мұраларында, психологиялық стереотиптерінде көрініс тапқан. Осындай көне аурудың зерттелуі мардымсыз дәрежеде болып келді.

Ғылымда бұл ауруды 1873 ж. Том Алжирде ашты деп есептелінеді. Қоздырушысының микоплазма екендігін тек 1940 ж. Ленгли дәлелдеді. 1954 ж. Эдвард бұл микробты Mycoplama mycoides түрінің cаpri вариантына жатқызды.

Кебенек Жерорта теңізі аймағында, Таяу Шығыста ертеден бері кең тараған. Греция, Ливан, Иран, Үндістанда байқалып тұрады. Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда да кең тараған. Ресми түрде 1952 жылдан бері біздің елде байқалмайды деп есептелінеді.

Қоздырушысы - Mycoplama mycoides түрінің cаpri варианты - морфологиясы, қоректік ортада өсуі сиырдың жұқпалы плевропневмониясының қоздыруышысына ұқсас, одан тек антигендік құрамы арқылы ерекшеленеді. Микоплазманы жаңадан алынған патматериалдан сұйық және тығыз қоректік орталарда өсіру арқылы оңай бөліп алуға болады.

Тығыз ортада шық сияқты мөлдір, ортасы батыңқы, формасы түймеге ұқсас өсін береді. Өсінділері екі түрлі S және R формалы болып келеді. Сұйық орта сәл ғана лайланып бетінде нәзік қабыршық түзіледі [1, 2] .

Курстық жұмыстың мақсаты - күйістілердің кебенек ауруының диагностикасы мен сауықтыру шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Күйістілердің кебенек ауруы

Кебенек немесе ешкінің жұқпалы плевропневмониясы - дененің қызынып, плевропневмония ретінде байқалатын жіті өтетін аса жұғымтал ауру.

Тарихи деректер. Қазақстанда бұл ауру өте ерте заманнан белгілі. Әр түлік малдың ең қатерлі індеті ретінде сиырда - қарасан, қойда - топалаң, жылқыда - жамандат, түйеде - ақшелек, ешкіде - кебенек ең қауіпті ауру болып есептелінеді. Бұл жағдай халықтың әдеби мұраларында, психологиялық стереотиптерінде көрініс тапқан. Осындай көне аурудың зерттелуі мардымсыз дәрежеде болып келді.

Ғылымда бұл ауруды 1873 ж. Том Алжирде ашты деп есептелінеді. Қоздырушысының микоплазма екендігін тек 1940 ж. Ленгли дәлелдеді. 1954 ж. Эдвард бұл микробты Mycoplama mycoides түрінің cаpri вариантына жатқызды.

Кебенек Жерорта теңізі аймағында, Таяу Шығыста ертеден бері кең тараған. Греция, Ливан, Иран, Үндістанда байқалып тұрады. Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда да кең тараған. Ресми түрде 1952 жылдан бері біздің елде байқалмайды деп есептелінеді.

Қоздырушысы - Mycoplama mycoides түрінің cаpri варианты - морфологиясы, қоректік ортада өсуі сиырдың жұқпалы плевропневмониясының қоздыруышысына ұқсас, одан тек антигендік құрамы арқылы ерекшеленеді. Микоплазманы жаңадан алынған патматериалдан сұйық және тығыз қоректік орталарда өсіру арқылы оңай бөліп алуға болады.

Тығыз ортада шық сияқты мөлдір, ортасы батыңқы, формасы түймеге ұқсас өсін береді. Өсінділері екі түрлі S және R формалы болып келеді. Сұйық орта сәл ғана лайланып бетінде нәзік қабыршық түзіледі.

Микоплазма сыртқы ортаның әсеріне төзімсіз, 55-56ºС оны 40 мин өлтіреді. 1 % креолин ерітіндісі 5 мин, 0, 25 % фенол 2 сағатта өлтіреді. 50 % глицерин ерітіндісіне салғанда қоздырушының уыттылығы үй температурасында 27 күн, ал 10-12ºС-та қараңғы жерде 50 күн сақталады.

Шіріген материалда белсенділігін 3 күн, ал минус 1-ден 2ºС-ге дейінгі аралықта уыттылығын 2 айға дейін сақтайды.

1. 1. 1Күйістілер кебенек ауруының індеттік ерекшеліктері

Ауруға тек қана ешкі шалдығады. Қолдан қойға жұқтыруға болады, бірақ барлық жағдайда емес. Табиғи жағдайда 3 жасқа дейінгі ешкілер ауырады. Одан ересек ешкілер мен еметін лактар сирек шалдығады. Ауру коздырушысының. бастауы ауру және ауырып жазылған ешкілер. Олар микоплазманы жөтелгенде, танаудан аққан сорамен және несеппен бөліп шығарады. Қоздырушысы аэрогендік жолмен жұғады. Шыққан ауру сол ағымдағы жергілікті індет ретінде тұтанып, індет ошағындағы ешкінің барлығы дерлік шалдығады. Өлім көрсеткіші 90-100 %-ға жетеді.

1. 1. 2Күйістілер кебенек ауруымен дерттенуі

Кебенектің микоплазмасы өкпеге енген соң бронхалар арқылы бронхоаралық ұлпаға өтіп, онда тез өсіп-өнеді, қабыну процесін тудырады. Алдымен алвеолалар зақымданады да, бастапқы пневмония ошақтары пайда болады. Олар ірі ошақтарға бірігеді де, сырты қабыршақтанып, өліеттенген телімдерге айналады. Бұның нәтижесінде өкпедегі ауа алмасуы бұзылады. Пневмония одан әрі өршігенде экссудативті процесстер басым болып, плевраны да қамтиды. Дерт асқынғанда екі өкпеніде зақымдайды. Қабынған өкпе ұлпасы қызыл гепатизация, кейде сұрғылт гепатизация сатысында болады. Зақымданған қан және сөл тамырлары тромбамен бітеледі де, өкпе ұлпасының өліеттеніп, шіріп, секвестрлер пайда болуына әкеліп соғады. Бұдан барып дерттің бүкіл денеге жайылып, өлітию байқалады.

1. 1. 3Күйістілер кебенек ауруының -туі мен симптомдары

Жасырын кезеңі 1-3 апта. Ауру әдетте жіті, кейде созылмалы өтеді.

Жіті өткенде жануардың ыстығы бірден 41-42ºС-қа көтеріледі, жүруі қиындайды, жем-шөпке қарамайды. Ауру мал шөлдеп, жөтеледі. Бастапқыда құрғақ, қатты жөтеледі, кейіннен экссудативті плеврит байқалғанда жөтел дымқылданады. Танаудан бастапқыда сұйық, кейіннен қоймалжың іріңді экссудат ағады.

Өкпені тыңдағанда бастапқыда везикулярлық, кейіннен бронхалық тыныс естіледі, сырыл пайда болады. Қабырғаларының арасын басқанда жануар ауырсынады.

Ауру өршіген сайын жүректің қызметі бұзылып, жүрек соғысы жиілейді. Тынысы тарылып, демігеді. Кей жағдайда ауырған малдың қабақтары ісініп, көзінен ірің ағады. Буаз ешкі іш тастайды. Өлер алдында іші өтеді, 7-10 күнге созылады. Өліммен аяқталады.

Созылмалы өткенде аурудың белгілері бәсең байқалады, дененің ыстығы өзгермелі, негізінен созылмалы пневмонияның белгілері байқалады. Малдың күтімі нашар болса ауру асқынып кетеді. Ауру жануар тірі қалса да, толық жазылып кетпейді, ұзақ уақыт сақталады.

1. 1. 4Күйістілер кебенек ауруындағы өлекседегі өзгерістер

Ауру жіті өткенде көкірек қуысында 1-2 л қызғылт-сары түсті лайланған экссудат жиналады. Өкпе тұтастай немесе жеке бөліктері бауырланудың әртүрлі сатысында, ал тіліп көргенде «мәрмәр» түсті болады. Плеврада ұйыған фибрин жіп тәрізді немесе жұқа қабыршақ болып жабысып тұрады. Бронх төңірегіндегі және өкпе аралық сөл түйіндері ұлғайып, суланады.

Кебенек созылмалы өткенде өкпе өліеттеніп, өліеттенген телімдердің айналасы қабықтанады. Өкпенің ұлпасы іріңдеп, ыдырайды.

1. 1. 5Күйістілер кебенек ауруын балау

Ауруды балағанда індеттанулық деректер: оның тез таралып, өлім көрсеткішінің жоғары болуы, тек қана ешкінің ауыратыны ескеріледі. Клиникалық ерекшеліктері: тұрақты жоғары температура, жөтел, плевропневмония, малдың тез жүдеуі.

Осы ауруға тән өлекседегі өзгерістер: өкпенің жаппай бауырлануы, тіліп қарағанда «мәрмәр» түсті болуы. Нақты диагноз қою үшін қоректік ортада өсіріп, қоздырушысын бөліп аламыз. Алынған өсінді КБР және ДПР арқылы анықтайды. Ауру созылмалы өткенде балау қиындық туғызады (КБР-мен анықтайды) .

Балау қиындық туғызып жатса, лақтарға биосынама қояды.

1. 1. 6Күйістілер кебенек ауруын ажыратып балау

Кебенектің кейбір белгілері пастереллезге ұқсайды. Пастереллез кезінде ешкілермен қатар, қойлар да ауырады. Сонымен қатар бактериологиялық тексеруде айқын нәтиже береді. Пастерелламен зертханалық жануарлар оңай жұқтырылады.

1. 1. 7Күйістілер кебенек ауруының емі

Кебенекпен ауырған ешкілерді емдеу үшін новосальварсан немесе оның туындысы новарсенол қолданылады. Новосальварсанның дозасы ересек ешкіге - 0, 5 г, лаққа 0, 3 г. Оны 5 мл дистилденген суға ерітіп, көктамырға баяу, өте мұқият 1-2 мин бойы жібереді. Ерітіндінің тері астына болмашы мөлшері кетіп қалса, асептикалық қабыну процесін тудырады.

Новарсенолды малдың әр кг массасына 0, 01 г мөлшерде 2% судағы ерітіндісін көктамырға жібереді. Бұл дәрілерді бергеннен кейін мал жазыла қоймаса 5-6 күннен кейін емдік процедураны қайталайды.

Сонымен қатар осарсолмен емдеуге болады. Жануардың 1 кг. массасына 0, 01 г мөлшерде 2% сода ерітіндісіне езіп, күніне 1 реттен 5 күн бойы ішкізеді. Бұдан басқа тетрациклин тобындағы антибиотиктерді: биомицин, тетрациклин немесе окситетрациклинді пайдалануға болады.

1. 1. 8 Күйістілер кебенек ауруының иммунитеті

Кебенекпен ауырып жазылған ешкіде ұзақ уақытқа берік иммунитет қалыптасады. Өкпенің зақымданған ұлпасының эмульсиясынан формолвакцина дайындалған пайдаланылады.

1. 1. 9 Күйістілер кебенек ауруын дауалау және күресу шаралары

Кебенек шыққан шаруашылыққа карантин қойылады. Барлық ешкілер күн сайын тексеріліп, термометрияланады. Күдікті ешкіні бөліп алып, емдейді. Ауруларын сойып, етін шартты жарамды ет ретінде пайдаланады. Қалған ешкілерді оқшаулайды.

Қораны тазалап, 2% күйдіргіш натрийдің қыздырылған 70ºС ерітіндісімен, 2% формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды.

Карантин ең соңғы ауру ешкі сойылған немесе өлгеннен кейін 2 айдан соң алынады [1, 2, 3, 4] .

1. 2 Патологоанатомиялық союды ұйымдастыру

Патологоанатомиялық сою (секция, аутопсия) курсында студенттер мал өлексесін сойып зерттеу тәсілдерін игереді, тиісті құжаттар жазу және оларды толтыру тәртібін үйренеді, мүшелер мен тканьдердегі өзгерістерді патанатомиялық диагноз түрінде тұжырымдауға, т. б. деректер негізінде малдың қандай аурудан өлгені туралы қорытынды шығаруға дағдыланады.

Малдың әр түлігінің өліктерін жарып сою әдісі. Өлікті жарып союға дейін мүмкіндігінше, аурудың себептерін ашу үшін барлық жағдайларды анықтап сұрастыру, малдың клиникалық зерттелуінің мәліметтерімен, бірге берілетін документтермен танысу қажет. Өлікті жарып сойған кезде белгілі бір методика негізге алынуы тиіс. Арқасына немесе бүйіріне жатқызып жарып союға болады. Ірі малдың өлігін бүйіріне аударып, ұсақ малдыкін - Шордың тәсілімен арқасына аударып жарып сойған қолайлы.

Жарып соймастан бұрын малдың түлігін, жынысын, түсін, тұқымын, жасын, қоңдылығын анықтайды. Өліктің өзгергені, көрінетін кілегей қабықтар мен табиғи тесіктер (зәр шығуы), жүні белгіленді. Сыртқы жыныс органдарын қарайды. Жалпы сыртын қарап өткеннен кейін терісін сыпыруға кіріседі, оның ішкі бетін, тері асты клеткасын, бұлшық еттерін, сүйегін, буындарын, тарамыстарын қарайды. Одан кейін жарып союға кіріседі [1, 2, 5, 8] .

Сойып зерттеу орнын ұйымдастыру. Ірі қара өлігін жарып сою. Жарып сойған кезде өлікті сол жақ бүйіріне аударады. Ең әуелі оң аяқтары мен сыртқы жыныс органдарын бөліп алады. Одан кейін құрсақ қабырғасына 2 кесінді жасайды: олардың біреуі ұзына бойына ақ сызықпен өтетін төс шеміршегінен шат бітігіне дейін, екіншісі - біріншіге тік бағытта, көкірек қуысының қабырға шетімен өтеді, және құрсақ қабырғасының бүкіл қалдығын алып тастайды. Құрсақ қуысын (органдардың орналасуы, жыны, құрсақ көк етінің күйі) қарайды. Бұдан кейін көкірек қуысын жарады. Осы мақсатпен омыртқаның қасындағы жұмсақ тканьдерді алып, омыртқа сабағынан шамамен 15 см қашықтықта барлық қабырғаларды шауып (арамен кесіп) тастайды, көкірек қабырғасын төске қарай ашып, оны қабырғалардың қабырға шеміршектерімен жалғасқан жерінен бөліп алады, қабырғаларды қабырға бастары омыртқа денесімен жалғасқан жерінен бір - бірлеп жұлып алуға болады. Көкірек қуысын (органдардың күйін, жынды), қабырғаның сірлі қабығын қарап тексереді.

Көкірек қуысын қарап болғаннан кейін оң жақ бүйректе алып тастайды, шарбыны кеседі, ұйқы безін тексереді, одан кейін 12 елі ішектің бастапқы бөлігін лигатурамен (жіншемен) екі жерден байлайды және оны лигатуралардың арасынан алып кеседі. Оң жақ бүйректің маңынан 12 елі ішекке лигатураның екінші парын салады және ішекті қайтадан кеседі. Осы ішек кескіні бауырмен бірге қалады. Осыдан соң өлікті оң жақ жартылай бүйіріне аударады, өңешті кеседі және алдыңғы қарынды ұлтабармен және талақпен бірге ажыратып алады.

Бұдан кейін бүкіл ішекті, қуықты (жатырды) шығарып алады. Жамбас органдарын шығару үшін шонданай сүйегі мен шат сүйегін екі жағынан шат бөлігінен алып шабады (арамен кеседі) . Одан соң сол жақ бүйректі алады, талақты үлкен қарынмен бірге, ал бауырды - көкірек қуысының органдарымен бірге шығарады.

Көкірек қуысының органдарын ауыз, жұтқыншақ және мойын органдарымен бірге шығарады, оның үшін астыңғы жақтың тармақтарының арасынан екі терең кесінді жасайды, тілді шығарады, оны сыртқа қарай тартып тұрып, жұмсақ таңдайды кеседі және екі жағынан бірдей көмей сүйектің тармақтарын буындар бойымен кесіп алады. Одан кейін маңындағы тканьдерден мойын органдарын бөліп, бүтіндей, тілден бастап көкірек қуысының органдары мен бауырды шығарып алады. Көкірек қуысының органдарын шығармастан бұрын перикардты (үлпершекті) жарып қарау керек.

Басын бөліп алып, одан бұлшық етті шығарғаннан кейін бас сүйек қуысын жарып қарайды. Қуысты жарып қарау үшін 4 кескін жасайды, бір көлденең кескін, ол қабақ үстінен 5 см жоғары; мүйіз астынан екі бүйір кескін, ол көлденең кескіннің шеттерін желке сүйек тесігімен жалғастырады және бір ұзына бойғы кескін, ол мүйіздердің арасынан өтеді және көлденең кескінді желке сүйек тесігімен жалғастырады. Осылайша кескіндеу салдарынан бас сүйек қақпағының екі жартылай жармасы пайда болады, бұларды мүйіздердің ішкі бетінен балғамен (балтаның желкесімен) соғып бөледі. Тексергеннен кейін және қатты ми қабығын бөліп алған соң, жұмсақ қабықты қарайды, бұдан соң миды шығарып алады. Оның үшін скальпельдің (пинцеттің) сабын мидың маңдай бөлігіне тіреп, мидың иіс баданасын бас сүйек негізінен ығыстырады. Бұдан кейін көру нервілерін айқыш - ұйқыш қиып, миды бүтіндей шығарып алады, бас сүйек қорабының түбінде тек гипофиз (мидың қосымша бөлігі) ғана қалады.

Кеңсірікті жарып қарау үшін үш кескін жасайды. Бірінші, кеңсірік сүйектерін ұзына бойына кескіндегенде, кеңсірік желбезегін бұзып алмау үшін, бас сүйектің ортаңғы сызығынан қашықтау етіп алады. Екінші кескінді біріншіге көлденең етіп, сүйекке жасайды. Үшінші кескінді де осы сүйекке жасайды, ол алдыңғыны кеңсірікпен жалғастырады. Соңғы кесіндіі аяқтағаннан кейін үшбұрыш тәрізді ет негізін бөліп алып, бір жағының кеуілжірін қарайды, ал кеңсірік желбезегін алып тастағаннан кейін кеңсіріктің екінші жағының кеуілжірін зерттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Қой гемонхозын балау
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат
Вирустар туралы мәлімет
Вирустардың жіктелу принциптері,олардың наменклатурасы
Ас тұзының қаныққан ерітіндісін қолдана флотациялау әдісі
Күйіс қайыратын жануарлардың хабертиозының балау
Бұзауларды оқшаулап бағу
Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы орыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz